Әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 31 шілдеде № 5-10-148 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26, 49-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Жарма аудандық мәслихатының кейбір шешімідері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес күштері жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы К. Тулеубаева
      Мәслихат хатшысы А. Сахметжанова

  Жарма аудандық мәслихатының
2018 жылғы 10 шілдедегі
№ 23/207-VI шешіміне
1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      1-1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жарма аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Жарма ауданының жергілікті атқарушы органдары мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Осы Қағидалар Жарма ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      4. Адамға (отбасына) әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді көрсетіледі.

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеудің тәртібі

      6. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер:

      1) жетімдерге;

      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлықты;

      3-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінен шектелгендерге;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылғандарға;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршіліктен шектелгендерге;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтындарға;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке шалдыққандарға;

      9) баспанасыз қалғандарға (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;

      11) пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін;

      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болу негіздері бойынша қиын өмірлік жағдайға түскен мұқтаж тұлғаларға (отбасыларға);

      13) белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі.

      7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінде белгіленсін.

      8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектін шекті мөлшері 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      9. Түберкүлезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға табыстарын есептеусіз ай сайынғы әлеуметтік көмек (жол жүрулеріне және қосымша азықтарына) – айына 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш беріледі.

      10. Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алушы жалғызілікті қарттарға (мүгедектерге) табыстарын есептеусіз ай сайынғы (санитарлық-гигиеналық іс шаралар өткізуге) – айына 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек беріледі.

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      төрт және де одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-дағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215 (екі жүз он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қайтыс болған Ұлы Отан соғыс мүгедектерiнiң қайталап некеге отырмаған әйелдерiне – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының, сондай-ақ зардап шеккен адамдарға – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      12. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Жарма ауданының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.

      13. Төлемді ай сайынғы әлеуметтік көмек "Шар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның және "Жарма аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның түберкүлезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға бірінші басшыларымен бекітілген тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Төлемді ай сайынғы әлеуметтік көмек "Жарма ауданының жұмеспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысымен бекітілген тізім бойынша үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алушы жалғызілікті қарттарға (мүгедектерге) көрсетіледі.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

      3) осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) тұлғаның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаралдың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Қала, кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      20. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      23. Уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 19 және 20 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      24. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      25. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Жарма ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпте қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына 1-қосымша
  Отбасыны тiркеу нөмiрi ____________

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      _________________________                    ________________________

      (Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)                    (үйiнiң мекенжайы, тел.)

Р/с №

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Туған жылы

































      Өтiнiш берушiнiң қолы __________________ Күнi ______________

      Отбасының құрамы туралы

      мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi

      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________

                                                                                             (қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына 2-қосымша

Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТIСI

      20__ ж. "___" _____________________________________

                                                              (елдi мекен)

      1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ____________________________________

      2. Тұратын мекенжайы__________________________________________

      3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай

      _____________________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi) ______

      адам, оныңiшiнде:

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күнi

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орыны)

Жұмыспен қамтылмау себебi

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайтадаярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер

Өмiрлiк қиын жағдай









      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi ____адам.

      Балалардың саны:______________________________________________

      Жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ______адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер,туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):___________________________________________________________________

      Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар: _____________________отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә.

Табыс түрi

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы жәнеқұсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер

тоқсанға

орта есеппен айына







      6. Мыналардың: автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)

      _________________________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып

      жатқаннан бөлек өзгеде тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)

      7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi): __________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi): _________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етiлуi ____

      10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы

      Комиссия төрағасы: _____________________ ____________________________

      Комиссия мүшелерi:

      __________________________________________________

      __________________________________________________

      __________________________________________________

      __________________________________________________

      (қолдары)                                                                   (Т.А.Ә.)

      Жасалған актiмен таныстым: _______________________

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы_______________________

      Тексеружүргiзiлуден бас тартамын ______________________

      Өтiнiш берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы, күнi _______________________________________________________

      (өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына 3-қосымша

Учаскелiк комиссияның № ______ қорытындысы

  20__ ж. "___" ______

      Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн
белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)

      __________________________________________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)

      өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде

      __________________________________________________________________________

      (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты

      әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелерi: __________________ _______________________

                                          __________________ _______________________

                                          __________________ _______________________

                                          __________________ _______________________

                                                   (қолдары)                          (Т.А.Ә.)

      Қорытындық

      Қоса берiлген құжаттармен ___ данада

      20__ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң немесе

      уәкiлеттi орган қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

  Жарма аудандық мәслихатының
2018 жылғы 10 шілдедегі
№ 23/207-VI шешіміне
2 қосымша

Жарма аудандық мәслихатының күштері жойылды деп танылған кейбір шешімідерінің тізбесі

      1) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/185-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3447 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 тамыздағы "Қалба тынысы" газетінде жарияланған);

      2) ""Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/185-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 35/288-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4361 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі 2016 жылғы 5 наурыздағы, 2016 жылғы 17 наурыздағы "Қалба тынысы" газетінде жарияланған);

      3) ""Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/185-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 10/81-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4948 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі 2017 жылғы 27 сәуірдегі, 2017 жылғы 29 сәуірдегі "Қалба тынысы" газетінде жарияланған);

      4) ""Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/185-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 20/183-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-10-135 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі 2018 жылғы 25 сәуірдегі, 2018 жылғы 27 сәуірдегі "Қалба тынысы" газетінде жарияланған).