Учаскелік комиссиялар туралы ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 117 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 мамырда № 3336 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 07.08.2023 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.03.2020 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5562 нөмірімен тіркелген "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес учаскелік комиссиялар туралы ережесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.03.2020 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
2014 жылғы " 25 " сәуірдегі
Г. Пинчук

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2014 жылғы "25" сәуірдегі
№ 117 қаулысына 1-қосымша

Учаскелік комиссиялар туралы ереже

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.03.2020 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмір 19808 болып тіркелген) және "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 716 бұйрығына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

      2. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      уәкілетті орган – облыстық маңызы бар ауданның, қаланың, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.

      Сондай-ақ, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, ал учаскелік комиссия әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.

      3. Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі - Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.

      4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшем шарттарын басшылыққа алады.

2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары

      5. Комиссиялардың негізгі міндеті уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе жергілікті өкілетті органдар бекітетін әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.

      6. Комиссияның негізгі функцияларына:

      1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);

      2) қажетіне қарай атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрату жіберу;

      3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;

      4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшем шарттарын ескере отырып Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Уәкілетті орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.

      8. Комиссия құрамына жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жай (пәтер) иелері кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының, құқық қорғау органдары қызметшілерінің өкілдері кіре алады.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауы тиіс.

      9. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      10. Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      11. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.

      12. Комиссия:

      жұмыспен қамту орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;

      құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының жоқтығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.

      13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

      14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

      15. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.

      16. Өтініш беруші Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануына болады.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2014 жылғы "25" сәуірдегі
№ 117 қаулысына 2-қосымша

Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары

      Ескерту. Қаулы 2 - қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.03.2020 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

      1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары:

      1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтығы, оралман, босқын, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам мәртебесінің бар болуы;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығымен немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен расталған мәліметтердің бар болуы;

      3) учаскелік комиссиямен әзірленген өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындының болуы болып табылады.

      Өтініш берушіге және (немесе) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беруге қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссиямен қорытынды шығаруға келесі өлшемшарттардың бірі негіз болып табылады:

      1) жалпы тиімді көлемі отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден аспайтын барлық тұрғын үйлерді, сонымен қатар тиісті актілермен расталатын авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда оның (олардың) жеке меншік иелігіндегі біреуден аса тұрғын үйдің бар болуы;

      2) оның (олардың) жеке меншігінде, иелігінде және (немесе) қолданысында тұрақты тұрудан басқа табыс алу үшін мақсаттарда қолданылатын жеке жайдың болуы;

      3) жергілікті атқарушы органдармен жеке меншікке жер телімін ақысыз түрде беру жағдайын қоспағанда, оның (олардың) жеке меншік тұрғын үйінің бар болуы кезінде оның (олардың) сатып алған жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншікте жер телімінің бар болуы;

      4) көпбалалы отбасыларды және мүгедек балалар, бірінші және екінші топ мүгедектері бар отбасыларды қоспағанда оның (олардың) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында біреуден астам жеңіл автокөлігі бар болуы;

      5) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында техникалық жарамды жағдайда ауыл шаруашылық техникасы және (немесе) автобустың және (немесе) микроавтобустың және (немесе) жүк автокөлігінің және (немесе) троллейбустың және (немесе) арнайы бейімделген және (немесе) арнаулы автомобильдердің және (немесе) теңіз және (немесе) ішкі су және (немесе) әуе көліктерінің бар болуы.