Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10030 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Жұмабаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Назар |
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2018 жылғы 10 желтоқсан | |
№32/341 шешіміне қосымша |
Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Нысан атауы | Есептеу бірлігі | Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормасы /текше метр/ |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,72 |
2 | Қонақ үйлері, шипажайлар, демалыс үйлері | 1 орын | 2,19 |
3 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,27 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,935 |
5 | Емханалар | 1 қабылдау/тәулігіне | 0,17 |
6 | Ауруханалар, шипажайлар, өзге де емдеу – сауықтыру мекемелер | 1 төсек – орын | 1,24 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,655 |
8 | Мейрамханалар, кафе, қоғамдық тамақтандыру мекемелері | 1 орын | 0,685 |
9 | Азық – түлік дүкендері | 1 шаршы метр сауда алаңы | 0,745 |
10 | Өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | 1 шаршы метр сауда алаңы | 0,455 |
11 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер | 1 шаршы метр сауда алаңы | 0,495 |
12 | Вокзалдар, автовокзалдар | 1 шаршы метр жалпы ауданы | 1,24 |
13 | Дәріханалар | 1 шаршы метр сауда алаңы | 0,235 |
14 | Автотұрақтар, автожуу орталықтары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина – орын | 1,585 |
15 | Автошеберханалар | 1 жұмысшы | 1,665 |
16 | Шаштараз, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,19 |
17 | Моншалар, сауналар | 1 шаршы метр жалпы ауданы | 0,33 |