Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 26.10.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2838 болып тіркелген, 2015 жылдың 5 желтоқсанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидия нормасын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидия нормасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мырзахметов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы "29" қарашадағы № 241 қаулысына қосымша |
|
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы "16" қарашадағы № 274 қаулысына қосымша |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидия нормасы
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылы | Бюджеттік субсидияның 1 тоннаға нормасы, теңге |
1. | Қант қызылшасы | 12 000 |