Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 244 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қазанда № 4781 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 17.11.2021 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2) өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

      3) басым дақылдардың субсидиялар нормалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жамбыл облысының әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидия нормаcын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2838 тіркелген, 2015 жылдың 5 желтоқсанында "Ақжол" газетінде жарияланған);

      "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 241 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4013 тіркелген, 2018 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 26 қазандағы № 244
қаулысына 1 қосымша

Басым дақылдар тізбесі

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1

Қант қызылшасы

2

Жүгері

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 26 қазандағы № 244
қаулысына 2 қосымша

Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

Облыс атауы

Бюджеттік субсидияның көлемі, теңге

1

Жамбыл облысы

1 500 000 000,0


Барлығы

1 500 000 000,0

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 26 қазандағы № 244
қаулысына 3 қосымша

Басым дақылдардың субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге

1

Қант қызылшасы

12 000,0

2

Жүгері

6 000,0