Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы №87 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 маусымда № 3856 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Жанкеге жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы "14" мамырдағы
№ 87 қаулысына 1 – қосымша

"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16628 болып тіркелген) бекiтiлген "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      2. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрі -портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Туроператорлық қызметке лицензия алу, лицензияны қайта рәсімдеу, лицензия телнұсқасын қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, қажет болған жағдайда, басып шығарылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастаудың негізі көрсетілетін қызметті алушының немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілінің құжаттары немесе көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9 тармағына сәйкес электрондық сұранымы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы келіп түскен құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның ұсынуы бойынша қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде бұрыштамасын толтырып, жауапты орындаушыға қайта жолдайды;

      3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу шарттарына қойылған талаптарға сәйкестігін (лицензияны беру – 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей, лицензияны қайта ресiмдеу – 2 (екі) жұмыс күні ішінде) қарастырады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 2 (екі) жұмыс күні ішінде белгілі бір себептерге байланысты мемлекеттік қызметтің көрсетілмейтіні туралы дәлелді жауап әзірленеді. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделіп, электрондық құжат басшының қарауына жолданады.

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне өзінің ЭЦҚ қояды, содан кейін көрсетілетін қызметтін нәтижесін немесе дәлелді бас тарту туралы автоматты түрде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" және www.elicense.kz порталына орналастырылады.

3. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

      7. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерімен 15 (он бес) минут ішінде порталға келіп түскен, Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылған құжаттардың тіркелуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына бағытталуы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде қарастырып, бұрыштама қою және жауапты орындаушыға жіберу;

      3) жауапты орындаушымен көрсетілетін қызметті алушының құжаттары лицензия беру, қайта рәсімдеу шарттарына қойылған талапқа сәйкестігі қарастырылуы (лицензия беру – 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей, қайта рәсімдеу – 2 (екі) жұмыс күні ішінде) немесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартуы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қоюға жолданылуы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттік қызмет көрсетілу нәтижесіне ЭЦҚ қойылуы, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау.

      8. Көрсетілетін қызметті алушысының сұранысын өңдеу ұзақтығы мен Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртіптерінің сипаттамасы:

      көрсетілетін қызметті алушы қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметіне тіркеу жүргізілген орнына сәйкес жүгінеді:

      1-үдеріс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін "Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесіне логинді және парольді енгізуі;

      2-үдеріс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішке қол қойған жеке тұлғаны сәйкестендіруі;

      3-үдеріс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдап, осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      4-үдеріс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкімет шлюзі арқылы сұранысты жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді жолдауы;

      1-шарт – жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің бар екендігін тексеру;

      5-үдеріс – жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің жоқтығына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабар қалыптастыру;

      6-үдеріс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға жазбаша келісімін алуы, егер өзге шарттар Қазақстан Республикасы Заңдарымен көзделмесе;

      2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі тізімге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;

      7-үдеріс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі;

      8-үдеріс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар тізімін Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесіне енгізуі, құжаттарды сканерлеуі, сұраныс нысанына оларды тіркеуі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті алушының жазбаша түрде берілген келісімінің негізінде, қызметтік мақсатта қолдану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен электрондық құжаттар нысанындағы құжаттардың түп нұсқасын (көшірмесін), көрсетілетін қызметті алушының сұранысын тіркеуі;

      9-үдеріс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі иеленген штрих-кодпен қолхат беруі;

      10-үдеріс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті берушіге электрондық нысандағы құжаттар көшірмесін қызметтік мақсатта қолдану үшін оған берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттар топтамасын электрондық үкімет шлюзі арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттандыру жүйесіне олардың рұқсаттама беру талаптары мен шарттарына сәйкестігін қарастыру үшін жолдауы.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге қажетті ақпараттар және құжаттар тізімі стандарттың 9 тармағында көрсетілген.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет ету диаграммасы осы регламенттің 1 – қосымшасында көрсетілген.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) жүйеліліктері мен жүгіну тәртіптерінің сипаттамасы:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) жүйелілік сипаттамасы:

      1-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттандыру жүйесіне логинді және парольді енгізуі;

      1-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттандыру жүйесінде тіркелгендігі туралы деректердің дұрыстығын логині және паролі арқылы тексеруі;

      2-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде қателіктің болуына байланысты бас тарту туралы "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттандыру жүйесінде хабарламаның қалыптасуы;

      3-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      4-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің электрондық үкімет шлюзы арқылы сұранысты жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер базасына мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді жолдауы;

      2-шарт – жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер базасында көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің бар екендігін тексеруі;

      5-үдеріс – жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер базасында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің жоқтығына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабар қалыптастыруы;

      6-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қағаз жүзінде құжаттардың барлығы туралы сұранымның бөлігін толтырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеп, сұраным нысанына бекітуі;

      7-үдеріс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттандыру жүйесінде сұранымды тіркеп, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттандыру жүйесінде қызметтерді өңдеуі;

      8-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру талаптарына және шарттарына сәйкестігін тексеруі;

      9-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін алуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) жүйеліліктері мен жүгіну тәртіптерінің сипаттамасы:

      1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Порталда логинді және парольді енгізуі;

      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелгендігі туралы деректердің дұрыстығын логині (жеке сәйкестендіру нөмері немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі) және паролі арқылы тексеруі;

      2-үдеріс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде қателіктің болуына байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

      3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының сұраным нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеп, нысандардың (деректерді енгізу) құрылымдары мен форматтық талаптарын ескере отырып, оны толтыруы;

      4-үдеріс – сұраным куәлігі (жазылуы) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен тіркеу куәлігін таңдауы;

      5-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге сұраным нысандарын (деректер енгізудің) толтырудың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуы (жазылуы);

      6-үдеріс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттанды- ру жүйесінде электрондық құжатты тіркеуі (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұранымы) және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттандыру жүйесінде сұранымды өндеуі;

      7-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру талаптарына және шарттарына сәйкестігін тексеруі;

      8-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін алуы.

      Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылған ақпараттық жүйелерінің функционалдық өзара іс-қимылы графикалық диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Қорытынды ережелер

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік корпорацияларымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3 – қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы Жамбыл облысы әкімінің сайтында www.zhambyl.gov.kz орналастырылады.

  "Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет ету диаграммасы

     


Шартты белгілер:

     


  "Туристік операторлық
қызметті (туроператорлық
қызмет) жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылған ақпараттық жүйелерін функционалдық өзара іс-қимылы графикалық нысанының диаграммасы

     


Шартты белгілер:

     


  "Туристік операторлық
қызметті (туроператорлық
қызмет) жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Шартты белгілер:

     


  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы "14" мамырдағы
№ 87 қаулысына 2 – қосымша

"Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16628 болып тіркелген) бекітілген "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру.

      Мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастаудың негізі көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші болып табылады (бұдан әрі - өтініш).

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету (іс-әрекеттің) процесінің рәсімі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде оны тіркейді және қызмет берушінің басшысына жолдайды;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде бұрыштамасын толтырып, жауапты орындаушыға жолдайды;

      3) жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындап, қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      4) қызмет берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және кеңсеге жолдайды;

      5) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және қызмет алушыға жолдайды.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;

      2) қызмет беруші басшысының бұрыштамасы;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті рәсімдеу және қызмет беруші басшысына қол қоюға жолдау;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою, оны тіркеу үшін кеңсеге жолдау;

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеу, оны қызметті алушыға жолдау.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді алуға қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Өтініштің қабылдағанын растау өтінішті қабылдау күні, қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні және әкесінің аты (ол болған жағдайды), көрсетілген талонды беру болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      9. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініштің түскен сәтінен бастап 20 (жиырма) минут ішінде тіркейді және қызмет берушінің басшысына қарастыруға береді;

      2) қызмет берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде қызмет алушының өтінішін қарастырады және жауапты орындаушыға жолдайды;

      3) жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      4) қызмет берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды, әрі қарай кеңсеге жолдайды;

      5) қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді, әрі қарай қызмет алушыға жолдайды.

4. Қорытынды ережелер

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  Туристік ақпаратты, оның
ішінде туристік әлеует, туризм
обьектілері және туристік
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы туристік
ақпарат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету регламентіне
1- қосымша

"Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуінің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Шартты белгілер:

     


  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы "14" мамырдағы
№ 87 қаулысына 3-қосымша

"Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16628 болып тіркелген) бекітілген "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

      Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді.

      Мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастаудың негізі көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші болып табылады (бұдан әрі - өтініш).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен басқасы қарастырылмаса, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді алуға қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Өтініштің қабылданғанын растау өтінішті қабылдау күні, қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні және әкесінің аты (ол болған жағдайда), көрсетілген талонды беру болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасые ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде оны тіркейді және қызмет берушінің басшысына жолдайды;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде бұрыштамасын толтырып, жауапты орындаушыға жолдайды;

      3) жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды, әрі қарай кеңсеге жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді, әрі қарай мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      6. Келесі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-әрекеттердің) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны қызметті берушінің басшысына беру;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою, оны тіркеу үшін кеңсеге жолдау;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеу, оны қызметті алушыға жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету поцесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) жауапты орындаушысы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің дәйектілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініштің түскен сәтінен бастап 20 (жиырма) минут ішінде тіркейді және оны қызмет берушінің басшысына қарастыруға береді;

      2) қызмет берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде қызмет алушының өтінішін қарастырады және оны жауапты орындаушыға жолдайды;

      3) жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (мемлекеттік тізілімінен үзінді) дайындайды және қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      4) қызмет берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды, әрі қарай кеңсеге жолдайды;

      5) қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді, әрі қарай қызмет алушыға жолдайды.

4. Қорытынды ережелер

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Туристік маршруттар мен
соқпақтардың мемлекеттік
тізілімінен үзінді" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1- қосымша

"Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Шартты белгілер:

     


  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы "14" мамырдағы
№ 87 қаулысына 4 – қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 194 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2758 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған).

      2. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2978 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 сәуірде жарияланған).

      3. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 86 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3048 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 мамырда жарияланған).

      4. "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2949 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған).