"Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 2949 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 14.05.2018 № 87 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Жанкеге жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы "26" қаңтардағы
№ 30 қаулысымен бекітілген

"Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1110 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12841 болып тіркелген) бекітілген "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді.

      Мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастаудың негізі көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті алу үшін стандарт қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші болып табылады (бұдан әрі - өтініш).

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде оны тіркейді және қызмет берушінің басшысына жолдайды;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде бұрыштамасын толтырып, қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 20 (жиырма) минут ішінде бұрыштамасын толтырып, бөлім басшысына жолдайды;

      4) бөлім басшысы 20 (жиырма) минут ішінде бұрыштамасын толтырып, жауапты орындаушыға жолдайды.

      5) жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды, әрі қарай кеңсеге жолдайды;

      7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді, әрі қарай мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      6. Келесі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-әрекеттердің) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны қызметті берушінің басшысына беру;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының бұрыштамасы;

      4) бөлім басшысының бұрыштамасы;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою, оны тіркеу үшін кеңсеге жолдау;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеу, оны қызметті алушыға жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету поцесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;

      4) құрылымдық бөлім басшысы;

      5) жауапты орындаушысы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің дәйектілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініштің түскен сәтінен бастап 20 (жиырма) минут ішінде тіркейді және оны қызмет берушінің басшысына қарастыруға береді;

      2) қызмет берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде қызмет алушының өтінішін қарастырады және оны қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;

      3) қызмет беруші басшысының орынбасары 20 (жиырма) минут ішінде өтінішті қарастырады және оны бөлім басшысына жолдайды;

      4) бөлім басшысы 20 (жиырма) минут ішінде өтінішті қарастырады, әрі жауапты орындаушыға жолдайды;

      5) жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (мемлекеттік тізілімінен үзінді) дайындайды және қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      6) қызмет берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды, әрі қарай кеңсеге жолдайды;

      7) қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді, әрі қарай қызмет алушыға жолдайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайданалу тәртібін сипаттау

      9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету қарастырылмаған.

      10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процессіне ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында – www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналасқан.

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылға "27" қаңтардағы
№ 30 қаулысымен бекітілген
"Туристік маршруттар мен
соқпақтардың мемлекеттік
тізілімінен үзінді" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Шартты белгілер: