Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6С-34/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қарашада № 6873 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің косымшасындағы 4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган болып "Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды (әрі қарай – уәкілетті орган).".

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХХХІV (кезектен тыс)
сессиясының төрағасы
Ж.Бектұров
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов

      16 қараша 2018 жыл