Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда № 4944 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 6С-56/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.02.2020 № 6С-56/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 05.12.2019 № 6С-50/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2015 жылдың 4 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
XLIV (кезектен тыс)
сессиясының төрағасы
Т.Жалмағамбетов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

      24 шілде 2015 жыл

  Бурабай аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2
шешіміне қосымша

Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Бурабай ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Ескерту. 1-тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 05.12.2019 № 6С-50/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Бурабай аудандық бөлімі және/немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 10.10.2018 № 6C-33/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган болып "Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды (әрі қарай – уәкілетті орган).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 05.12.2019 № 6С-50/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы өтініш білдірушілердің дербес шоттырына аудару жолымен жүзеге асырады. Коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін төлеу коммуналдық қызметтер жеткізушілеріне қаражат аудару арқылы жасалады. Телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін, жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйде тұратын, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығындар үшін өтемақы және тұрғын үйді күрделі жөндеу шығындарына өтемақы өтініш берушілердің екінші деңгейлі банктердегі жеке шоттарына аударылады.

      6. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда уәкілетті орган тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға жүгінеді.

      7. Уәкілетті органға заңсыз немесе аса көтерілген тұрғын үй көмегін тағайындалуына апарып соқтыратын көрінеу күмәнді мәлімет ұсынған кезде, меншік иесі (жалға алушы) заңсыз алынған соманы өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібі арқылы қайтарады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      8. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 6 ақпанда № 7412 болып тіркелген) бұйрығы негізінде тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 13.10.2017 № 6C-20/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалданушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, тұрғынжайлардың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайларды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын алғанда отбасының жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі орташа айлық жиынтық кірісіне 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      10. Тұрғын үй көмегi ақы төлеу сомасы мен осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      11. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуы шығыстары белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауы тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 05.12.2019 № 6С-50/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 100 (жүз) киловаттан аспайтындай белгіленеді.

      13. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтер көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесі негізінде жүргізіледі.

      14. Тұрғын үй көмегі Бурабай ауданында тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шығынындарын өтеуге ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      15. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.

      16. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 05.12.2019 № 6С-50/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау негіздемелеріне сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін ұсынудан бас тартады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 05.12.2019 № 6С-50/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үй-жайларда тұратын, табысы кедейлік
деңгейінен төмен аз қамтылған етілген отбасыларға (азаматтарға) қатты отын
сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу бойынша тұрғын үй көмегін ұсынудың
тәртібі мен мөлшері

      18. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу бойынша тұрғын үй иесіне, жалға алушыларға беріледі (тұрғын үйді жалға алғандығы туралы шарты болса).

      19. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды есептеу үшін, әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес отын шығыны бір шаршы метрге жүз жиырма бес килограмм мөлшерінде есепке алынады, бірақ жылына бір отбасына бес тоннадан аспауы керек.

      20. Коммуналдық қызметтерді тұтыну мен жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйде тұратын, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу, нақты пайдаланылған қызмет негізінде, бірақ белгіленген нормалардан артық болмайтындай белгіленеді.

      21. Қатты отын құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдынғы тоқсанның соңғы айындағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) жағдай бойынша аудандық ақпарат және статистика бөлімі ұсынған аудан бойынша орташа бағасы пайдаланылады.

      22. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау үшін 1 қазаннан бастап 1 мамырға дейінгі кезең есептеледі.

      23. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының орташа табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.

      24. Сумен, газбен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар өтініш берілген тоқсанның алдыңдағы нақты тұтынылған тоқсанға қарай төлегені жөніндегі қоса ұсынылатын түбіртектерге сәйкес орта мөлшерде белгілен.