"Зеренді және Аршалы аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № А-13/399 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 4С-3-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № А-6/265 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 6С-21-11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 6713 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Зеренді және Аршалы аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № А-13/399 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 4С-3-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3239 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 қаңтарда "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газетерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      орыс тіліндегі 2-тармаққа өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Қ.Сұлтанов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин