Зеренді және Аршалы аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N А-13/399 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 4С-3-7 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 17 қаңтарда N 3239 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" деген сөздер "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Зеренді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 қазандағы № 19 және Зеренді аудандық мәслихатының 2007 жылғы 10 қазандағы N 3-13 шешіміне, Аршалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 қазандағы N А-687, 2007 жылғы 1 қазандағы № А-688, 2007 жылғы 1 қазандағы № А-689, 2007 жылғы 1 қазандағы № А-690 қаулыларына және Аршалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 8 қазандағы № 2/4, 2007 жылғы 8 қазандағы N 2/5, 2007 жылғы 8 қазандағы N 2/6, 2007 жылғы 8 қазандағы № 2/7 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 26 қарашадағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Зеренді ауданы бойынша:

      1) Бұлақ ауылдық округінің Пахарь ауылы Қарлыкөл ауылына;

      2) Қазоты ауылдық округінің Линеевка ауылы Теректі ауылына;

      3) Викторовка ауылдық округінің Лосевка ауылы Бөгенбай би ауылына өзгертілсін.

      2. Аршалы ауданы бойынша:

      1) Ақбұлақ ауылдық округінің Мичурино ауылы Ақбұлақ ауылына;

      2) Бірсуат ауылдық округінің Раздольное ауылы Бірсуат ауылына;

      3) Красноозерный ауылдық округі Түрген ауылдық округіне және Тургеневка ауылы Түрген ауылына өзгертілсін;

      4) Вячеслав ауылдық округі Арнасай ауылдық округіне және Вячеславка ауылы Арнасай ауылына өзгертілсін.

      Ескерту. 2-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы әкімдігінің 14.06.2018 № А-6/265 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 14.06.2018 № 6С-21-11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі