БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
20__ жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
20__ жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
20__ жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
20__ жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
20__ жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
20__ жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
20__ жылғы "___" ___________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 941 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Теңiзде жүзу кiтапшасының үлгiсiн, оны ресiмдеу және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 156 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10661 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңiзде жүзу кiтапшасын ресiмдеу және беру қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 1. Жалпы ережелер";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 2. Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу тәртібі";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 3. Теңізде жүзу кітапшасын беру тәртібі";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Теңізде жүзу кітапшасын алу үшін өтініш беруші Порттың теңіз әкімшілігіне:
өтінішті;
жеке басты куәландыратын құжатты;
мынадай құжаттардың біреуін:
өтініш беруші мен кеме иесінің арасында жасасқан еңбек шарты;
жарамды кәсіби диплом, кәсіптік дайындық деңгейіне сәйкестігін растайтын теңіз көлігінің мамандарын даярлау куәлігі, сондай-ақ өтініш берушінің денсаулық жағдайының түзетулермен Теңізшілерді даярлау және диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы конвенциямен белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды;
мемлекеттік баж сомаларын бюджетке төлеу туралы растайтын құжатты ұсынады.
Құжаттармен бір уақытта екі фотосурет ұсынылады. Фотосуреттер қара-ала немесе түрлі түсті 30х40 милиметр өлшемінде болуы және ашық фонда күңгірт қағазда жасалуы қажет. Фотосуретте теңізде жүзу кітапшасының иесі бас киімсіз бейнеленеді.".
2. "Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 1. Жалпы ережелер";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Теңіз портына кіру (шығу), оның акваториясында жүзу және тұру кезінде теңіз кемелерінен теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтері үшін алым алынады, оның тізбесі "Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10906 болып тіркелген) бекітілген.
Теңіз портының иесімен (теңіз терминалының операторымен) онымен айқындалған шарттарда және тәртіпте осы портта тіркелген кемелерге және халықаралық тасымалдар жүргізетін кемелер үшін кеменің теңізде автономдық жұмысының мерзімінен асып тұруына байланысты жүк тасымалдаудан тыс қызметтерге (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе басқа мәжбүр еткен қажеттілік) теңіз портының міндетті түрде көрсетілетін қызметтеріне мемлекетпен реттелмейтін жеңілдіктер беріледі.";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 2. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу тәртiбi";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Арнайы жұмыстар жасап тұрған кемеге жақындаған кезде онымен алдын ала ультрақысқа толқынды радиобайланыстар (бұдан әрі - УҚТ) бойынша байланыс орнатылады және қауіпсіз өту келісіледі, одан әрі КҚАХЕ-72 сәйкес әрекет жасай отырып, бұл ретте қауіпсіз қашықтықты және жылдамдығын КҚАХЕ-72 сәйкес сақтайды.".
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кемелер қозғалысын басқару жүйесі (бұдан әрі - КҚБЖ) арқылы навигациялық орталықпен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
"33-1. Акватория күйі, навигациялық жағдайы және КҚБЖ қолданылатын аудандағы кеме туралы ақпараттарды алуды қамтамасыз ететін КҚБЖ-нің техникалық құралдарын негізі түрлері:
кемелермен дауысты ультрақысқа толқынды радио байланыс құралдары;
жағалаудағы радиолокациялық станциялар;
автоматты ақпараттық (сәйкестендіру) жүйесі;
теледидарлық бақылау жүйесі,
ультрақысқа толқынды радиопеленгаторлар;
метеорологиялық және гидрологиялық аспаптар болып табылады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. КҚБЖ әрекетінің аймағында кеме қозғалысы (аймаққа кіру, зәкірге қою, айлаққа келу және арқандап байлау және одан кету, қайта арқандап байлау және басқа) теңіз порты капитанының бұйрығымен әр теңіз порты үшін навигациялық орталықтың ұсынымына сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2-тармақтармен толықтырылсын:
"36-1. Навигациялық орталықтың қызметі теңіз портының міндетті қызметтер құрамына кіреді (навигациялық қызмет) және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген тәртіпте тиісті салалық уәкілетті органымен бекітілетін бағалары бойынша көрсетіледі.
Бұл ретте навигациялық орталықтың қызметі үшін әскери кемелерден және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-Теңіз Күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, сондай-ақ мемлекеттік органдармен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және (немесе) жою бойынша шараларды қабылдау, оларға дайындықты арттыру (оқытулар, жаттығулар) бойынша іс-шараларға қатысу үшін қатыстыратын кемелерінен төлем алынбайды.
36-2. КҚБЖ жұмысын ұйымдастыру және оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету КҚБЖ операторларымен және инженерлік-техникалық қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
КҚБЖ қызметкерлерінің тиісті біліктілігін қолдау үшін навигациялық орталықпен техникалық, жаттығу, тілдік және басқа да дайындықтың түрлері ұйымдастырылады.";
мынадай мазмұндағы 45-1, 45-2 және 45-3-тармақтармен толықтырылсын:
"45-1. Экипажы орыс тілінде сөйлемейтін, шетелдік тумен жүзетін кемелермен радиотелефон байланысы үшін А.918 (22) бұрыштамасымен мақұлданған Теңіз радиобайланысы үшін Халықаралық теңіз ұйымының стандарттық сөйлемді қолданумен (IMO Standart Marine Communication Phrases) ағылшын тілінде қолданылады.
45-2. Кемелерден навигациялық орталыққа жіберілетін хабарламалардың форматы мүмкіндігінше Халықаралық теңіз ұйымының А.851 (20) "Кеме қатынастары жүйесінің жалпы қағидаттары және кеме қатынастарына қойылатын талаптар" қарарына сәйкес болуы қажет.
45-3. Навигациялық орталықпен кемеге жіберілген хабарлама ақпарат, ескерту, ұсыныс немесе нұсқау ретінде анық жіктеледі және тиісті сөзбен сүйемелденеді.
Навигациялық орталықтан ақпарат, ескерту, ұсыныс немесе нұсқау алған кемелер олардың алынғанын, сондай-ақ алынған нұсқауларды орындауға дайындығын растайды.
Кемемен навигациялық орталықтың ұсынысын және нұсқауын орындау кезінде кемені басқарудың тәртібі мен тәсілдері кеме капитанымен айқындалады.
Қауіпсіздік мақсатында навигациялық орталықтың нұсқауларын орындау мүмкін емес болған жағдайда, кеме капитаны дереу ол туралы навигациялық орталықты хабардар етеді және ол туралы вахталық журналында жазба жазылады.";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 3. Кемелердiң портқа кiруi және порттан шығу тәртiбi";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Кеменiң портқа келуi Порттың теңiз әкiмшiлiгiнде шекаралық, кедендiк, санитарлық және карантин талаптарын сақтай отырып келген сәтiнен бастап 24 сағат iшiнде ресiмделедi.
Кеменiң келуi жалпы декларация, кеме рөлi мен жолаушылар тiзiмi ұсынылуы бойынша ресiмделедi. Порттың теңіз әкімшілігімен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ресімделетін кемелердің кіруі мен шығуын есепке алу журналында кемелердің келу есебі жүргізіледі.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Кеменiң рейске шығуын ресiмдеудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi кемелердің кіруі мен шығуын есепке алу журналына тиісті жазу енгізумен жүзеге асырады. Ресiмдеу кемеде Кеме қатынасының тіркелімі немесе басқа бiлiктiлiк қоғамы берген құжаттары кеменiң жарамды техникалық және теңiзде жүзу жай-күйiн растайтын құжаттары бар болған, сондай-ақ өрттен қорғау және санитарлық-карантиндiк бақылау тарапынан кедергi болмаған кезде ғана жүргiзiледi.";
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 4. Кемелердiң портта тұру тәртiбi";
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 5. Кемелер жүзген және тұрған кезде порт акваториясындағы құрылыстардың қауiпсiздiгi және сақталуы";
осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
3. "Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10649 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 1. Жалпы ережелер";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 2. Кеме журналын жүргізу тәртiбi";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кеме журналын жүргізу түзетулермен 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (бұдан әрі - СОЛАС 74/78) Теңiзде адам өмiрiн қорғау туралы 1974 жылғы халықаралық конвенцияға және Заңға сәйкес жүзеге асырады.".
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 3. Кеме рөлiн жүргiзу тәртiбi";
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 4. Радиожурналды жүргiзу тәртібі (eгeр кемеде кеме станциясы болса)";
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 5. Машина журналын жүргізу тәртібі (механикалық қозғалтқышы бар кемелер үшiн)";
6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 6. Сарқынды сулармен операция журналын жүргізу тәртібі";
пункт 62 изложить в следующей редакции:
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Сарқынды сулармен операция журналын жүргiзу (бұдан әрі - Журнал) түзетулермен 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (бұдан әрі - МАРПОЛ 73/78) Кемелерден ластануды болдырмау жөнiндегi 1973 халықаралық конвенцияға және Заңға сәйкес жүзеге асырады.".
7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 7. Қоқыспен операция журналын жүргізу тәртібі";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Капитан жағадағы қабылдау құрылыстарының операторынан немесе қоқысты қабылдаған басқа кеменiң капитанынан берiлген қоқыстың бағаланған мөлшерiн нақтылайтын растайтын құжат алуы тиiс. Растайтын құжат Журналмен бiрге кеменiң бортында екi жыл бойы сақталады. Екі жыл өткеннен кейін растайтын құжаттар және Журнал кеме иесіне әрі қарай сақтау және архивтеу үшін тапсырылады.".
8-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 8. Мұнай операциясы журналын жүргiзу тәртібі";
9-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 9. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операциялары журналын жүргiзу тәртібі";
10-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 10. Жүк операциялары журналын жүргізу тәртібі";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме құжаттарына қойылатын талаптарда:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кемедегі барлық журналдар нөмiрленуi, тiгiлуi және кеме журналдың тiркеу теңiз портының капитаны растауы тиiс.
Теңіз портының капитаны кеме иесімен берілген күннен бастап 3 күн ішінде журналдарды растайды.".
4. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 11125 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 1. Жалпы ережелер";
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде (бұдан әрі - Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi), Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде (бұдан әрі - халықаралық кеме тізілімі) және бербоут-чартер тізілімінде кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы теңіз кемелерінің тізілімдері (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн) жүргiзудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi электрондық жеткізгіште осы бұйрықтың 1-1-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша жүзеге асырады.";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 2. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртібі";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 3. Кемелер мен оларға құқықтарды Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу";
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 4. Бербоут-чартер тізілімінде кемелерді мемлекеттік тіркеу";
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 5. Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу";
6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 6. Кемені Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен, халықаралық кеме тізілімінен немесе бербоут-чартер тiзiлiмiнен шығару";
7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 7. Кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру";
8-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарау 8. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу тәртібі";
осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
5. "Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 519 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 13904 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Бақылау органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы паромдардың өткенін ресімдегеннен кейін паромдардан вагондарды порт аумағына шығару жүзеге асырылады.
Вагондар паромнан шығарылып, порттың кірме жолдарына берілгеннен кейін (бос вагондар мен қауіпті жүктері бар вагондардан басқа) вагондарға коммерциялық тексеріп қарау жүргізіледі.
Жүк алушы (порт экспедиторы) жүк құжаттарын, оның ішінде бақылау органдарында ресімдеуді "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) сәйкес белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
Порт аумағынан вагондарды шығару тасымалдаушының тепловоздарымен жүргізіледі.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Кемелер айлаққа жақын келгенде және айлақтан кеткен кезде тіркеп сүйреуіштерді пайдалану кеменің тіркелімдік сыйымдылығына және порттың жергілікті (географиялық, гидрологиялық және басқа) ерекшеліктерімен байланысты теңіз портының режимімен регламенттеледі.
Тіркелген порт акваториясында жүзу кезіндегі сүйрегіш қызметін қолдану Қазақстан Республикасының Халықаралық кеме тіркелімінде тіркелген және халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын кемелер үшін (бортында қауіпті жүктер бар кемелерден басқа), оларда маневр операцияларын өздігінен жасауға мүмкіндік беретін рульдеу құралының бар болған жағдайында және осы порттың акваториясында кеме капитанның жүзу тәжірибесі 12 айдан кем емес болса және капитанның сұратуы бойынша осы порттың әкімшілігімен (теңіз терминалының операторы) келісімі бойынша жүзеге асырылады.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Қауіпті құймалы жүктерді (шикі мұнай мен мұнай өнімдері, сұйық химиялық заттар) ауыстырып тиеу қауіпті жүктің түріне, физика-химиялық қасиеттеріне және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға төндіретін қауіптілік дәрежесімен байланысты қауіпті жүктің әрбір класы үшін айлақты пайдаланатын ұйым теңіз портымен келісім бойынша әзірлеген технологияға сәйкес, мамандандырылған айлақтарда жүзеге асырылады.
Қауіпті жүктерді қайта ауыстырып тиеу Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияда түзетулермен 1974 жылғы талаптары, өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитариялық талаптары сақталған жағдайда мамандандырылмаған айлақтарда жүзеге асырылады.".
Кемелердің кіруі мен шығуын есепке алу журналы
Порт ____________
(порттың атауы)
Кірудің реттік нөмірі | күні | уақыты | Кеменің атауы | Кеменің түрі | Кеменің туы | Тіркеу порты | Тірк.тонна сыйымдылығы | дедвейт | |
жалпы | таза |
кестенің жалғысы
Кеменің шөгуі | экипаж | жолаушы | Жөнелту порты | жүк | Айлақтың атауы және нөмірі | ||||||||||
атауы | саны | ||||||||||||||
Шығудың реттік нөмірі | күні | уақыты | Кеменің атауы | Кеменің түрі | Кеменің туы | Тіркеу порты | Тірк.тонна сыйымдылығы | дедвейт | |||||||
жалпы | таза |
кестенің жалғысы
Кеменің шөгуі | экипаж | жолаушы | Баратын порты | жүк | Айлақтың атауы және нөмірі | |
атауы | саны |
Қазақстан Республикасы теңіз кемелерінің тізілімдері
Нысан |
Теңіз кемелерінің Мемлекеттік кемелер тізілімі
Кесте басталуы |
Р/с | Кеме тізіліміне енгізілген күні және тіркелген реттік нөмірі | Кеменің атауы | Меншік иесінің атауы және оның мекен-жайы | Кеме иесінің атауы және оның мекен - жайы | Кеменің бұрынғы атауы (егер ол бұрын шетел туын көтеріп жүзген болса флагом) | Алдынғы тіркелген порты (орны) және оның жойылған күні (егер мұндайлар болса) | Кеменің түрі және мақсаты | Шақыру белгісі |
Кестенің жалғасы |
Халықаларық теңіз ұйымы нөмірі | кеменіңЖүзу ауданы | Кеменің жасалған жылы және орны, кеме зауытының атауы, жоба № | Корпус материалы | Кеме ұзындығы (метрмен) | Кеме ені (метрмен) | Шөгу жүкпен (метрмен) | Шөгу жүксіз / (метрмен) | Су үстіндегі борттың биіктігі (метрмен) / |
Кестенің жалғасы |
Басты қозғалтқыштардың қуаты (түрі және саны, бас қозғалтқыштың жасалған орны, жанармай түрі) | Жүк көтерімділігі | Жолаушылар орындықтарының саны (адам) / | Жалпы сыйымдылығы | Таза сыйымдылығы | Қозғағыш түрі | Құтқару шлюпклары (саны, жалпы сыйымдылығы) | Жүрістің ең жоғары жылдамдығы (тораптарда) жүкпен | Жүрістің ең жоғары жылдамдығы (тораптарда) жүксіз |
Кестенің жалғасы |
Сыныптық ұйым шығарған куәлік (кімнен берілгені, күні) | Лафеттердің саны мен қуаты | Танк сыйымдылығы (жанармай, балласт, тұщы су) | Жүк трюмдарының саны (танк) Шарщы өлшемі / | Ескерту | Өзгерістер туралы белгілер | Сенімді басқарушының атуы жәе мекен-жайы |
Кестенің соңы |
Кемені сенімді басқаруға бергені туралы меншік иесінің немесе уәкілнтті органның келісімі туралы құжаттың деректемелері | Кеменің немесе жасалынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктік № және берілген күні | Ипотеканы епілге берушінің аты және мекен-жайы | Ипотеканы кепілге ұстаушының аты және мекен -жайы немесе оның ұсынушыға белгіленгені туралы мәліметтер | Ипотека мен қамтамысыз етілген міндеттемелердің ең жоғары мөлері | Кеме ипотекасының аяқталу мерзімі | Кеме ипотекасының мерзімінен бұрын аяқалу күні | Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді тоқтатуға негіз болған құжаттадың атауы мен |
Нысан |
Қазақстан Республикасының Халықаралық кемелер тізілімі
Кесте басталуы |
Р/с | ҚР халықаралық кеме тізіліміне енгізілген күні және тіркелген реттік нөмірі | Кеме атауы | Меншік иесінің атауы және оның мекен-жайы | Кеме иесінің атауы және оның мекен - жайы | Кеменің бұрынғы атауы (егер ол бұрын шетел туын көтеріп жүзген болса | Алдынғы тіркелген порты (орны) және оның жойылған күні (егер мұндайлар болса) | Кеменің түрі және мақсаты | Шақыру белгісі |
Кестенің жалғасы |
Халықаларық теңіз ұйымы нөмірі | Жүзу ауданы | Кеменің жасалған жылы және орны, кеме зауытының атауы, жоба № | Корпус материалы | Кеме ұзындығы (метрмен) | Кеме ені (метрмен) | Шөгу жүкпен (метрмен) | Шөгу жүксіз (метрмен) | Су үстіндегі борттың биіктігі (метрмен |
Кестенің жалғасы |
Басты қозғалтқыштардың қуаты (түрі және саны, жасалған орны, жанармай түрі) | Жүк көтерімділігі | Жолаушылар орындықтарының саны (адам) | Жалпы сыйымдылығы | Таза сыйымдылығы | Қозғағыш түрі | Құтқару шлюпклары (саны, жалпы сыйымдылығы) | Жүрістің ең жоғары жылдамдығы (тораптарда) жүкпен | Сыныптық куәлік (кімнен берілгені, күні) |
Кестенің жалғасы |
Лафеттердің саны мен қуаты | Жүрістің ең жоғары жылдамдығы (тораптарда) жүксіз | Танк сыйымдылығы (жанармай, балласт, тұщы су) | Жүктердің саны (танк) шарщы өлшемі | Ескерту | Өзгерістер туралы белгілер | Сенімді басқарушының атуы жәе мекен-жайы | Кемені сенімді басқаруға бергені туралы меншік иесінің немесе уәкілнтті органның келісімі туралы құжаттың деректемелері |
Кестенің соңы |
Кеменің немесе жасалынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктік № және берілген күні | Ипотеканы епілге берушінің аты және мекен-жайы | Ипотеканы кепілге ұстаушының аты және мекен -жайы немесе оның ұсынушыға белгіленгені туралы мәліметтер | Ипотека мен қамтамысыз етілген міндеттемелердің ең жоғары мөлері | Кеме ипотекасының аяқталу мерзімі | Кеме ипотекасының мерзімінен бұрын аяқалу күні | Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді тоқтатуға негіз болған құжаттадың атауы мен деректемелері |
Нысан |
Бербоут-чартерлік кемелер тізілімі
Кесте басталуы |
Р/с | Тізілімге енгізілген күні және тіркелген реттік нөмірі және ҚР Мемлекеттік ту астында жүзу құқығына берілген рұқсаттың жарамдылық мерзімі | Кеменің атауы | Меншік иесінің атауы және оның мекен-жайы | Кеме жалдаушының атауы және оның мекен-жайы | Негізгі тіркелген порты | Жалданған уақыттағы кеменің тіркелген порты | Кеменің түрі және мақсаты | шақыру белгісі |
Кестенің жалғасы |
Халықаларық теңіз ұйымы нөмірі | Жүзу ауданы | Кеменің жасалған жылы және орны | Корпус материалы | Кеме (метрмен) ұзындығы | Кеме (метрмен) ені | Шөгу (метрмен) жүкпен | Шөгу (метрмен) жүксіз | Су үстіндегі борттың биіктігі (метрмен) |
Кестенің жалғасы |
Басты қозғалтқыштардың қуаты (түрі және саны, бас қозғалтқыштың жасалған орны, жанармай түрі) | Жүк көтерілімділігі | Жолаушылар орындықтарының саны (адам) | Жалпы сыйымдылығы | Таза сыйымдылығы | Қозғағыш түрі |
Соңғы кесте |
Жүрістің ең жоғары жылдамдығы жүкпен (тораптарда) |
Жүрістің ең жоғары жылдамдығы жүксіз | Лафеттердің саны мен қуаты | Сыныптық ұйым шығарған куәлік (кімнен берілгені, күні) | Танк сыйымдылығы (жанармай, балласт, тұщы су) | Жүк трюмдарының саны (танк) шарщы өлшемі | Ескерту | Өзгерістер туралы белгілер |