Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18071 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы" автомобиль жолының Астана – Теміртау 1291 + 335 километр (бұдан әрі – км) – 1425 + 422 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;

      2) баламалы жол: Астана – Қабанбай батыра – Энтузиаст – Киевка – Темiртау республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуда мүмкін;

      3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 1291 + 335 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 1425 + 422 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;

      ақы алу пункттері орындарында автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,00 метр;

      ақы алу пункттері орындарында жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені – кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;

      автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 134 км 87 метр;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2 – қосымшаға сәйкес айқындалады;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3 – қосымшаға сәйкес;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы 24
желтоқсандағы
№ 902 бұйрығына
1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Аршалы ауданы

1294 км + 220

42 Разъезд ауылы

1306 км + 110

Бабатай кенті

1330 км + 100

Ижевский ауылы

1340 км + 100

Аршалы кенті

Осакаровка ауданы

1356 км + 240

Ералы ауылы

1366 км + 190

Озерное ауылы

1370 км + 270

Осакаровка кенті

1400 км + 400

Ақпан ауылы

1404 км + 650

Шоқай ауылы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 902 бұйрығына
2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Астана – Теміртау 1291 + 335 км – 1425 + 422 км учаскесі:

  теңге

Р/с №

Аймақ тар

жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомо бильдері

32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орын нан асатын автобустар және автопоездардың жүк көтергіштігі 10 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 10 тн-дан 15 тн-ға дейінгі жүк автомо бильде рі

Жүк көтергіштігі 15 тн-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар

Жергілікті көлік

Алдын ала төлем бойын ша транзит

Қолма-қол ақшамен, төлеген де транзит

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Арша лы 1291+335-1327+920 км (36,585 км)

50

50

100

190

370

550

740

910

2

Анар 1327+920+-1354+700 км (26,780 км)

40

40

80

140

270

400

540

670

3

Оша ғанды 1354+700-1402+685 км (47,985 км)

60

60

120

240

480

700

960

1200

4

Темір тау 1402+685-1425+422 км (22,737 км)

50

50

100

130

230

350

460

570


Бір бағыт тағы бар лық марш рут бойынша жиы ны (134,087 км)

200

200

400

700

1350

2000

2700

3350

      Ескертпе:

      1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;

      2) алдын ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;

      3) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;

      4) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде қамтылмаған;

      5) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму
  министрінің
  2018 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 902 бұйрығына
  3-қосымша

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі.

Р/с №

Елді мекеннің атауы

Аршалы ауданы

1

Жібек Жол кенті

2

42 Разъезд ауылы

3

Жалтыркөл ауылы

4

Бабатай кенті

5

Ижевский ауылы

6

Ақбұлақ ауылы

7

Аршалы кенті

8

Берсуат ауылы

9

Түрген ауылы

10

Анар ауылы

Осакаровка ауданы

11

Ералы ауылы

12

Озерное ауылы

13

Батпақ ауылы

14

Ақпан ауылы

15

Ошағанды ауылы

16

Шоқай ауылы

Бұхар-Жырау ауданы

17

Баймырза кенті