"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты "Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы", Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы автомобиль жолының "Астана – Теміртау" 1291 + 335 километр (бұдан әрі – км) – 1425 + 422 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Астана – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Темiртау" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 1291 + 335 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 1425 + 422 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
ақы алу пункттері орындарында автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,00 метр;
ақы алу пункттері орындарында жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені – кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 134 км 87 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2 – қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3 – қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 548 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2018 жылғы "___" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2018 жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902 бұйрығына 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Аршалы ауданы | |
1294 км + 220 | 42 Разъезд ауылы |
1306 км + 110 | Бабатай кенті |
1330 км + 100 | Ижевский ауылы |
1340 км + 100 | Аршалы кенті |
Осакаровка ауданы | |
1356 км + 240 | Ералы ауылы |
1366 км + 190 | Озерное ауылы |
1370 км + 270 | Осакаровка кенті |
1400 км + 400 | Ақпан ауылы |
1404 км + 650 | Шоқай ауылы |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
І-а санатты "Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының "Астана – Теміртау" 1291 + 335 км – 1425 + 422 км учаскесі:
теңге
Р/с № | Аймақтар | жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар | ||
Жергілікті көлік | Алдын-ала төлем бойынша транзиттік көлік | Қолма-қол ақшамен, төлеген де транзиттік көлік | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Аршалы 1291+335-1327+920 км (36,585 км) | 50 | 50 | 100 | 190 | 370 | 550 | 740 | 910 |
2 | Анар 1327+920+-1354+700 км (26,780 км) | 40 | 40 | 80 | 140 | 270 | 400 | 540 | 670 |
3 | Ошағанды 1354+700-1402+685 км (47,985 км) | 60 | 60 | 120 | 240 | 480 | 700 | 960 | 1200 |
4 | Теміртау 1402+685-1425+422 км (22,737 км) | 50 | 50 | 100 | 130 | 230 | 350 | 460 | 570 |
5 | Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (134,087 км) | 200 | 200 | 400 | 700 | 1350 | 2000 | 2700 | 3350 |
1) абонемент – бір ақылы учаске шегінде орын ауыстырған кезде республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес, әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыс ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген белгілі бір уақыт кезеңіне автомобиль жолдарының ақылы учаскелері бойынша автокөлік құралдарының өтуі үшін ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланушыларды ақы төлеудің тіркелген құнын енгізу құқығын беруге ынталандыру;
2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді. Абонементтердің мынадай түрлері көзделеді:
бір айға:
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 Айлық есептік көрсеткіштер | 4 Айлық есептік көрсеткіштер | 6 Айлық есептік көрсеткіштер | 8 Айлық есептік көрсеткіштер | 10 Айлық есептік көрсеткіштер |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1000 теңге | 20 Айлық есептік көрсеткіштер | 40 Айлық есептік көрсеткіштер | 60 Айлық есептік көрсеткіштер | 80 Айлық есептік көрсеткіштер | 100 Айлық есептік көрсеткіштер |
3) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігіне және түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолдарындағы (учаскедегі) жол кесіндісі;
4) алдын – ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;
5) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы;
6) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ көлік құралы.
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің | |
2018 жылғы 24 желтоқсандағы | |
№ 902 бұйрығына | |
3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі.
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Аршалы ауданы | |
1 | Жібек Жол кенті |
2 | 42 Разъезд ауылы |
3 | Жалтыркөл ауылы |
4 | Бабатай кенті |
5 | Ижевский ауылы |
6 | Ақбұлақ ауылы |
7 | Аршалы кенті |
8 | Берсуат ауылы |
9 | Түрген ауылы |
10 | Анар ауылы |
Осакаровка ауданы | |
11 | Ералы ауылы |
12 | Озерное ауылы |
13 | Батпақ ауылы |
14 | Ақпан ауылы |
15 | Ошағанды ауылы |
16 | Шоқай ауылы |
Бұхар-Жырау ауданы | |
17 | Баймырза кенті |