"Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 900 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18019 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін;

      2. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 384 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 554-бабының 7-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сертификаттаудың жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің филиалдары (өкілдері) бар болған жағдайда, осы Қағидалардың 14-тармағымен көзделген сертификаттық тексеру жүргізу мерзімі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есептеледі.";

      9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сертификаттаудан өту үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты алуға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) филиалдарына өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Мемлекеттік корпорацияда өтініш пен ұсынылған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізіліп, одан кейін олар уәкілетті органға жолданады.

      10. Уәкілетті орган өтініш және құжаттар келіп түскен күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда шешім шыққан күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      Персоналды құрам, қызмет түрлері (кіші түрлері) және нақты қолдану саласында сертификаттық тексеруді жүргізу мерзімі және комиссия тексеретін аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің филиалдары (өкілдері) уәкілетті орган басшысының бұйрығымен айқындалады.

      Бірінші сертификаттық тексеру үшін уәкілетті орган басшысының бұйрығын шығару шешім шығарған күннен кейінгі екінші жұмыс күні, ал одан кейінгі сертификаттық тексерулер үшін – алдыңғы сертификаттық тексерудің сертификаттық тексеру актісіне қол қойған күннен бастап екінші жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Комиссияның лауазымдық құрамына мемлекеттік авиация инспекторлары енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Сертификаттық тексеру аяқталғанға дейін өтініш беруші мынадай жағдайда аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификат сұралған, сертификаттауға жататын барлық аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) түзетулер енгізеді:

      1) әуеайлақтың мәлімдеген санатын өзгерту;

      2) ҰРТҚ мен байланыс құралдарын орналастыру орнын өзгерту."

      19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Түзету іс-қимылдарының жоспарын уәкілетті орган бекіткен күннен бастап сертификаттау мерзімін есептеу анықталған сәйкес келмеушіліктер жойылғанға дейін тоқталады.

      Түзету іс-қимылдарының жоспарында белгіленген мерзімде сәйкес келмеушіліктер жойылғаннан кейін өтініш беруші уәкілетті органға растайтын құжаттамамен қоса оларды жою туралы еркін нысандағы анықтама ұсынады.

      20. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмеушіліктер болмаған не бірінші санатқа сәйкес келмеушіліктер болған жағдайда уәкілетті орган өтініш беруші қол қойған актіні ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты ресімдейді және оны көрсетілген сертификатты өтініш берушіге беретін мемлекеттік корпорацияға береді.

      21. Актіде көрсетілген екінші санаттағы сәйкес келмеушіліктер болған кезде уәкілетті орган өтініш беруші осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген анықтаманы және растаушы құжаттаманы ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды тексереді және ескертулер болмаған жағдайда, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты ресімдейді және оны көрсетілген сертификатты өтініш берушіге беретін мемлекеттік корпорацияға береді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сертификат беруден бас тарту үшін мыналар:

      1) құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін немесе толық болмауын анықтау;

      2) өтініш берушіге қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) осы Қағидалардың 16-тармағымен көзделген 3-санатты сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыру үшін өтініш беруші мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәлімделген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде құжаттарды жолдайды.

      Бұл ретте, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші қосымша сертификаттау үшін Салық кодексінің 554-бабының 7-тармағының 9) тармақшасымен белгіленген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттауға жарнасынан алынатын алым 10% көлемде алым төлейді.

      Сертификаттауды жүргізу тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленеді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      2018 жылғы " " _____________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
28 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
1-қосымша

"Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) филиалдары арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күн.

      Аэронавигациялық қызметті көрсетуді берушінің филиалдары (өкілдіктері) болған жағдайда сертификаттық тексеру мерзімі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ұлғаяды.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сертификаттау қағидалары) 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тәртіпте және мөлшерде алым алынады.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санатына байланысты:

      1) 201 адам және одан көп – алым төленетін күні қолданыстағы 12 600 айлық есептік көрсеткішті;

      2) 101 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 324 айлық есептік көрсеткішті;

      3) 51 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 313 айлық есептік көрсеткішті;

      4) 21 адамнан 50 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 302 айлық есептік көрсеткішті;

      5) 11 адамнан 20 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 190 айлық есептік көрсеткішті;

      6) 10 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 180 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Ескертпе: сертификаттың қолданылу аясын кеңейту кезінде – сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінен 10%.

      Сертификаттау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз негізде жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "Азаматтық авиация субъектілерінің қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ұсынылатын ақпараттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 718 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8747 болып тіркелген) ұсынылатын нысан бойынша соңғы жылғы қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;

      3) сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талабына сәйкес сақтандыру міндеттемелері бойынша мәліметтер;

      4) персоналдың техникалық оқу және біліктілігін арттыру курстарын жоспарлау, өткізуді растайтын құжаттама;

      5) ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқау (егер шарттық негізде ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі ұқсас қызмет көрсету түрін ұсынатын басқа аэронавигациялық қызметті берушінің бақылауында болса – шарттың қосымшасымен осындай қызмет көрсетушінің ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқауы);

      6) сертификаттауды жүргізгені үшін мемлекеттік алымды төлеу фактісін растайтын құжат (құжатты қабылдаған кезде мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттың көшірмелерін салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);

      7) диспетчердің, оператордың жұмыс технологияларының көшірмелері (сертификаттауға өтініш берген әрбір бөлімше үшін);

      8) соңғы жылдағы әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданында) ұшу қозғалысының қарқындылығы және әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) секторларының (аймақтарының) өткізу қабілеті туралы анықтама;

      9) радиотехникалық жабдықтарды және радиобайланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдықтарының (құралдарының) жиынтық тізбесі;

      10) ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайтын құжаттар:

      ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарына жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерүсті тексеру жүргізу туралы ақпарат;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезінде тексеру жүргізу туралы ақпарат;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарының "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы ақпарат;

      11) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

      бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;

      шығыс аэронавигациялық ақпарат берушілердің қолданыстағы тізбесі;

      ААБ қызметінің бекітілген құрылымы;

      12) метеорологиялық жабдықтың құрамы мен орналастыру схемасы;

      13) әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

      14) метеорологиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтары;

      15) авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігіне бағалау жүргізуді растайтын құжаттар:

      құзыреттілікке бағалау жүргізудің бекітілген әдістемесі;

      соңғы жүргізілген құзыреттілікті бағалау жөніндегі анықтама;

      16) Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаты;

      17) іздестіру және құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

      бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;

      бекітілген жұмыс технологиясы.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертфикатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыру үшін өтініш беруші мемлекеттік корпорация арқылы осы стандартқа 2-қосымшаның нысаны бойынша өтініш пен осы тармаққа сәйкес мәлімделген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде осы тармаққа сәйкес мәлімделген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде осы тармаққа сәйкес құжаттарды жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін немесе толық болмауын анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімнің (үкімнің) болуы;

      3) Сертификаттау қағидаларымен белгіленген 3-санатты сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдары мен Мемлекеттік корпорация және оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, не 010000, Нұр – Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, телефон: 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы пошта бойынша жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған тұлғаның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын жүгіну туралы ақпарат қол жетімді болады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау туралы дәлелді жауап пошта бойынша "электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорациясының басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолмақол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсетушінің мекен жайы:

      1) қызметті көрсетушінің интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алыстан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты ала алады.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің телефондары бойынша немесе Министрліктің 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89 телефондары бойынша алуға болады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіге сертификат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

Филиалдар (өкілдіктер) санын ескере отырып аэронавигациялық қызметті көрсетуді берушіні сертификаттау мерзімі

Филиалдар (өкілдер) саны

Сертификаттауға тексеру жүргізуге берілген жұмыс күндерінің саны

1

5

2

10

3

15

4

20

5

25

6

30

7

35

8

40

9

45

10

50

11

55

12

60

13

65

14

70

15

75

16

80

17

85

18

90

19

95

20

100

21

105

22

110

23

115

25

120

  "Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіге сертификат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатын алуға өтініш

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

                              (өтініш берушінің толық атауы, БСН)

      мақсатында

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

                              (сертификат алу)

      Сертификаттау жүргізуіңізді сұраймын

      Аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрі (кіші түрі):

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Өтініш беруші:

      1. Сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      2. Қойылатын сертификаттық талаптарға жауап беруге;

      3. Өтініш беруші әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің

      талаптарын мойындайды және оларды орындауға, азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті органның аэронавигациялық қызмет көрсетуге бақылау жүргізуді жүзеге

      асыруына мүмкіндік беруге міндеттенеді.

      _______________ ____________________________________________

      (лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), күні)

      М.О.

      Қосымша:

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
2-қосымша
  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру
қағидаларына 2-қосымша

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификат алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі

      1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

      2. Қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат.

      3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі және (немесе) іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы және (немесе) метеорологиялық орган және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің (мәлімделетін қызмет түріне байланысты) штаттық кестесі және персоналмен жасақталуы туралы мәліметтер.

      4. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі және (немесе) іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы және (немесе) метеорологиялық орган және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (мәлімделетін қызмет түріне байланысты) туралы ережелер.

      5. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі және (немесе) іздестіру мен құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы және (немесе) метеорологиялық орган және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (мәлімделетін қызмет түріне байланысты) кіретін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің басшылық құрамы туралы мәлімет, басшылық құрамның білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы тиісті құжаттардың көшірмесі;

      6. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің (құрамында бес және одан көп филиалы (өкілдігі) бар ұйымдар үшін) кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген даму жоспары.

      7. Сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талабына сәйкес сақтандыру міндеттемелері бойынша мәліметтер.

      8. Персоналдың техникалық оқу және біліктілігін арттыру курстарын жоспарлау, өткізуді растайтын құжаттама.

      9. Ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқау (егер шарттық негізде ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі ұқсас қызмет көрсету түрін ұсынатын басқа аэронавигациялық қызметті берушінің бақылауында болса – шарттың қосымшасымен осындай қызмет көрсетушінің ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқауы).

      10. Салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып сертификаттау жүргізуге мемлекеттік алым төлемі фактісін растайтын төлем тапсырмасы нұсқасының көшірмелері.

      11. Диспетчердің, оператордың жұмыс технологияларының көшірмелері (сертификаттауға өтініш берген әрбір бөлімше үшін).

      12. Соңғы жылдағы әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданында) ұшу қозғалысының қарқындылығы және әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) секторларының (аймақтарының) өткізу қабілеті туралы анықтама.

      13. Радиотехникалық жабдықтарды және радиобайланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдықтарының (құралдарының) жиынтық тізбесі.

      14. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайтын құжаттар:

      ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарына жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі;

      ҰРТҚ және авиациялық электр байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге аэронавигациялық ұйымның басқа ұйымдармен жасасқан келісімдердің көшірмелері;

      өлшеу және бақылау құралдарын есепке алу бойынша ақпарат;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерүсті тексеру жүргізу туралы ақпарат;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезінде тексеру жүргізу туралы ақпарат;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарының "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 41-39) тармақшасына сәйкес бекітілген азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы ақпарат.

      15. Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

      бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;

      шығыс аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) берушілер мен ААБ қызметі арасында жасалған келісімдер;

      ААБ қызметінің ішкі бөлімдері арасында өзара іс-қимыл жасау рәсімдері;

      шығыс аэронавигациялық ақпарат берушілердің қолданыстағы тізбесі;

      ААБ қызметінің бекітілген құрылымы;

      сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.

      16. Метеорологиялық жабдықтың құрамы мен орналастыру схемасы.

      17. Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық.

      18. Метеорологиялық жабдыққа соңғы тексеру жүргізу туралы ақпарат.

      19. Метеорологиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтары.

      20. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігіне бағалау жүргізуді растайтын құжаттар:

      құзыреттілікке бағалау жүргізудің бекітілген әдістемесі;

      соңғы жүргізілген құзыреттілікті бағалау жөніндегі анықтама.

      21. Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.

      22. Іздестіру және құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

      бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;

      бекітілген жұмыс технологиясы.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
3-қосымша
  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификат сұралған, сертификаттауға жататын барлық аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері (кіші түрлері)

Қызмет көрсету

Қызмет көрсету түрі

Қызмет көрсетудің кіші түрі

Ескертпе *

1

2

3

4

Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ATS)

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (ATS)

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету

---

Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету

---

Әуеайлақты диспетчерлік қызмет көрсету

---


Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (FIS)

OFIS деректерін тарату

---

Консультациялар мен ақпараттарды ұсыну

Дауыстық деректерді қолдануға негіздеген (дауыстық ATIS), әуеайлақ маңында ақпаратты автоматты тарату қызметі

---

Әуеайлақ ауданында ақпаратты деректерді тарату желісі (D – ATIS) арқылы автоматты тарату қызметі

---

VOLMET радиохабарларын тарату

---

Авариялық хабар беру (AL)

---

---

Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету AFIS)

---

---

Әуе кеңістігінің дизайнын, әуе трассаларын және әуеайлақтық сызбаларды талдайтын қосалқы қызмет көрсету

------

-----

 
Байланыс, навигация және бақылау жүйесін беру (CNS)

Байланыс (С)

Авиациялық радиобайланыс (әуе-жер байланысы)

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету үшін

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Авиациялық жұмыстарды орындау үшін

Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған авариялық радиобайланыс үшін

Авиациялық электр байланысы (жер-жер байланысы)

ӘҚҚҚ органдарының өзара іс- қимылын қамтамасыз ету үшін

Әуежай ішіндегі электр байланысы үшін

Тіркелген авиациялық электр байланыс желісі үшін

Навигация (N)

Әуе кеңстігінде NDB дабылын қамтамасыз ету

-----

Әуе кеңістігінде VOR дабылын қамтамасыз ету

------

Әуе кеңістігінде DME дабылын қамтамасыз ету

-------

Әуе кеңістігінде ILS дабылын қамтамасыз ету

I санат

II санат

III санат

III A санаты

III B санаты

III C санаты

Әуе кеңістігінде GBAS дабылын қамтамасыз ету

-------

Бақылау (S)

Бір жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну

-------

Екі жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну

Mode A/C

Mode S

ADS-B деректерін ұсыну

------

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӘҚБ АЖ)

------

Әуе қозғалысын автоматты басқару құралдары

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӘҚБ АЖ)

Әуе қозғалысын басқарудың құралдарын автоматтандырылған құралдар кешені (ӘҚБ АҚК)

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жұмыс орны
(ӘҚБ АЖО)

Байланыс, навигация және бақылау жүйесін беру (жалпы қызметтері)

Радиолокациялық ақпаратты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды тұлғалардың сөйлесулерін құжаттау жабдығы

Бақылау құралдарының ақпаратын құжаттау жабдығы

Диспетчерлік қызметтердің, операторлар мен ұшуды қамтамасыз етуші тұлғалардың сөйлесулерін құжаттау жабдығы

 
Басқа қызмет көрсетулер

Аэронавигациялық ақпарат беру

Аэронавигациялық ақпарат жинағын шығару

------

NOTAM шығару

------

Автоматтандырылмаған ұшу алды ақпарат бюллетеньдерін шығару (PIB)

------

Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету

Әуеайлақтық метеорологиялық ұйым

Метеорологиялық қамтамасыз ету 4
(А, Б, В) немесе
2, 3 (Г, Д) немесе
1 (Е) (ҰҚЖ кластары) кодтық белгілерімен ҰҚЖ үшін
қонуға аспаптар немесе көзбен шолып кіру бойынша қонуға кіру талаптарына сәйкес келеді

Метеорологиялық қамтамасыз ету ИКАО І санаты бойынша қонуға нақты беттеу талаптарына сәйкес келеді

Метеорологиялық қамтамасыз ету ІІ санаты бойынша қонуға нақты беттеу талаптарына сәйкес келеді

Метеорологиялық бақылау органы

-------

Іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету

-----

Іздестіру және құтқару үйлестіру орталығының қызметін ұсыну

      Ескерту *: егер қолданылса, АТС бірліктерінің орналасуын және олардың атауларын, байланыс құралдарын және байланыс құралдарын орналастыратын орынды, әуеайлақтың атауы.".

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 509 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11579 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 510 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11583 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 687 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14480 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).