"Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11579 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 900 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә.Исекешев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 маусымдағы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 510 бұйрығымен
бекітілген

"Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметіне сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

      аэронавигациялық ұйымның бір радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру – 33 (отыз үш) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.09.2016 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты (сертификаттың телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызметті көрсету кезінде немесе негіздеме осы мемлекеттік қызмет Стандарттарының 10-шы тармағына сәйкес бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы).

      Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты үшін алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады.

      Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаттау үшін алым ставкалары санатына байланысты:

      1) 201 адам және одан көп – алым төленетін күні қолданыстағы 435 айлық есептік көрсеткішті;

      2) 101 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 324 айлық есептік көрсеткішті;

      3) 51 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 313 айлық есептік көрсеткішті;

      4) 21 адамнан 50 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 302 айлық есептік көрсеткішті;

      5) 11 адамнан 20 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 190 айлық есептік көрсеткішті;

      6) 10 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 180 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаттау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, қызмет берушінің арыз қабылдау және нәтижелерді беру, сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

      Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) сертификатты алу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жарғының көшірмесі;

      3) жылдық аудиттелген қаржылық есептілігі;

      4) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің бағыныштылығын көрсетуді қамтитын ұйымдық құрылымы;

      5) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің штаттық кестесі және персоналмен жасақталуы туралы мәліметтер;

      6) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің туралы ереже;

      7) құрамына радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметі кіретін аэронавигациялық ұйымның басшылық құрамы туралы мәліметтер, басшылық құрамның білімі және жұмыс тәжірибесі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері;

      8) аэронавигациялық ұйымның кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген даму жоспары;

      9) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру міндеттемелері туралы мәліметтер;

      10) техникалық оқу және персоналдың біліктілігін арттыру курстарын жоспарлауды, өткізуді растайтын құжаттама;

      11) ӘҚҚК бұзылуына байланысты күтпеген жағдайларға арналған іс-шаралар жоспары;

      12) соңғы жылдағы инспекциялық тексеру актілерінің көшірмелері;

      13) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, сертификаттау жүргізгені үшін мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем тапсырмасы данасының көшірмелері;

      14) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің басшылық, инженерлік-техникалық құрамы туралы мәліметтер, мыналарды қамтиуы тиіс:

      лауазымы;

      тегі, аты, әкесінің

      аты; дербес жұмыс жасауға рұқсат беру;

      мамандығы бойынша соңғы біліктілігін арттыру курстары;

      жасы;

      15) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдығының (құралдарының) жиынтық тізбесі;

      16) ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайтын құжаттар:

      ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервте сақтау бойынша бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарына қызмет көрсету және жөндеу кестесі (жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа);

      аэронавигациялық ұйымның ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша басқа ұйымдармен жасасқан келісімдердің көшірмелері;

      өлшеу және бақылау құралдарын есепке алу бойынша анықтама;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргізу туралы анықтама;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу кезінде тексеру жүргізу туралы анықтама;

      ҰРТҚ және байланыс құралдарының "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкестігі анықтамасы;

      соңғы жылдағы ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шығуы туралы анықтама және істен шығуларын тексеру актілерінің көшірмелері;

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 349 бұйрығымен бекітілген авиациялық электр байланысын ұйымдастырудың үлгі сұлбаларына сәйкес авиациялық электр байланысы сұлбаларының көшірмелері;

      17) соңғы жылдағы ҰРТҚ және авиациялық электр байланысын ұйымдастыруды және қауіпсіздігінің жай-күйін талдау.

      Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатының телнұсқасын алу үшін қажетті негіздемемен еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.09.2016 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-45-89, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Аэронавигациялық ұйымның
радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметінің сертификатын
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификатын алуға өтініш

      __________________________________________________________ мақсатында

      (сертификатты алу мақсаты)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы, БСН-і, мекенжайы)

      ___________________________________ сертификаттау жүргізуді сұраймын.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрі (кіші түрі):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      өтініш беруші:

      - сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      - қойылатын сертификаттық талаптарға сай болуға;

      - өтініш беруші әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі

      саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік

      құқықтық актілерінің талаптарын мойындайды және оларды орындауға,

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға аэронавигациялық

      қызмет көрсетуге бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруына мүмкіндік

      беруге міндеттенеді.

      ______________________________________________

      (лауазымы/қолы/ Т.А.Ә./күні)

      М.О.