Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18018 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Шпекбаев

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 282 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 2 қарашадағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14479 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Уәкілетті орган уәкілетті тұлғалардан ұсыныстар алынған күннен бастап оларды он жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияға жолдайды.

      9-2. Ұлттық комиссия материалдарды қарайды және:

      1) "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісімен еңбек шартын ұзарту туралы;

      2) "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісімен еңбек шартын бұзу туралы;

      3) "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісімен еңбек шартын бұзу және оны екі жыл мерзімге "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы ұсынымдар шығарады.

      9-3. Уәкілетті орган Ұлттық комиссияның шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті тұлғаларға шығарылған ұсынымдарды жолдайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұлттық комиссия ұсынымының негізінде уәкілетті тұлға еңбек шартының мерзімін ұзарту немесе оны бұзу туралы шешім қабылдайды.

      Растайтын құжаттардың көшірмелері шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолданады.".

      2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14487 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстар және Шымкент қаласы бойынша департаменттерінде (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органы) басшының бұйрығымен топтар, ал Астана және Алматы қалалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарында штаттық айдауылмен алып жүру бөлімшелері құрылады.".

      3."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14488 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларында:

      9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қызметтік куәліктері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарына кіру құқығы болатын лауазымды тұлғалар тізбесінде (бұдан әрі – Лауазымды тұлғалар тізбесі) көрсетілген жекелеген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;";

      3-қосымшада:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері.".

      4. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағының нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;";

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14620 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттарында:

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Тізілімнің А блогының қызметшілері үшін тестілеу мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша: Қазақстан Республикасының Конституциясы (20 сұрақ) бойынша, Еңбек кодексі (20 сұрақ) бойынша, "Білім туралы" (20 сұрақ), "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Мемлекеттік мүлік туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары (10 сұрақ) бойынша өткізіледі.";

      37-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.

      6. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14819 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Келісілген тағылымдамадан өту кестесін жолдаушы мемлекеттік органның лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға, немесе оған уәкілетті басқа тұлға (бұдан әрі – лауазымды тұлға) жыл сайын жарты жылда бір рет 20 желтоқсанға және 20 маусымға дейін бекітеді.".

      7. "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15853 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервіне қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14632 болып тіркелген) бекітілген "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаменті Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне іріктеу басқармасының қызметкері және (немесе) Агенттіктің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері (бұдан әрі – қызметкер);".

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 14.05.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1- қосымша
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына
1- қосымша
  Нысан

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарлайды.

      Іріктеу "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне

      ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ("А" корпусының санаттары және егер Ұлттық комиссиямен белгіленсе, "А" корпусы лауазымдарының әрбір санаттары бойынша "А" корпусының кадр резервіне алынатын тұлғалардың шекті саны көрсетіледі) бойынша алу үшін өткізіледі.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ("Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын талаптары көрсетіледі)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық органдары:

      20____ж. "____"________ бастап,

      20____ж. "____"________ дейінгі кезеңде құжаттарды қабылдайды.

      _____________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар көрсетіледі)

      Құжаттар қолма-қол, поштамен немесе электрондық пошта арқылы келесі мекен - жайда________________________________________________________

      (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының пошта және электронды пошта мекен-жайы көрсетіледі)

      қабылданады.

      Толық ақпаратты _________________________________________

      (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының қала коды және телефондары мен факс номірлері көрсетіледі)

      телефондары бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында ________________________ алуға болады. (интернет-ресурс көрсетіледі)

      Қосымша ақпарат:_______________________________________________

      _______________________________________________________________

      (қажет болған жағдайда "А" корпусының кадр резервіне іріктеу өткізумен байланысты қосымша ақпарат көрсетіледі)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына
2 - қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы кадр
саясаты жөніндегі ұлттық
комиссия

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш

      Мен, _______________________________________, ЖСН _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне_______________________________________________________________

      (лауазымының санаты көрсетіледі) мені іріктеуге қатыстыруыңызды сұраймын.

      Мен:

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;

      мемлекеттік қызметке менің кіруіме және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кедергі келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;

      өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;

      мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау туралы мәліметтердің және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені "А" корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

      "А" корпусының кадрлық резервінен тағайындалған жағдайда өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені "А" корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

      өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (тегім, атым және әкемнің аты (бар болған жағдайда), туған күнім, тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, білімім мен мамандығым, атқарып отырған лауазымым, "А" корпусының лауазымының санаты) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынына келісетінімді мәлімдеймін;

      атқарып отырған лауазым, ағымдағы жұмыс орны, байланыс телефондары, білім алған жағдайда көрсетілген деректердің өзгерген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктермей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлаймын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1.________________________________________________________

      2.________________________________________________________

      3.________________________________________________________

      4.________________________________________________________

      5.________________________________________________________

      6.________________________________________________________

      7.________________________________________________________

      Байланыс деректері:

      Қаланың коды, телефон______________________________________

      Ұялы телефон ______________________________________________

      Тұратын жерінің мекен-жайы (пошта мекен-жайы): ________________

      Тіркелген жерінің мекен-жайы: ________________________________

      Электронды мекен-жайы: _____________________________________

      ___________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      20__ ж. "____"_______________

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына
3 - қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағы

      Ұлттық комиссияның мүшесі:________________________________________

                              тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Санаты

Қорытынды шешім ("ұсынамын" немесе "ұсынбаймын") өз қолымен толтырылады

1.



2.



3.



...



...



      ____________________ 20 __ жылғы "___" ______________

      қолы

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
4 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына
4 - қосымша

____________________________________________________ кадр комиссиясының (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана көрсетіледі) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағы

      Ұлттық комиссияның мүшесі:______________________________________

                                    тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Баға ("оң" немесе "теріс"),өз қолымен толтырылады

1.


2.


3.


...




      ____________________ 20 __ жылғы "___" ______________

      қолы

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
5 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына
5 - қосымша
  Нысан

"А" КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ АЛУ ҮШІН КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА ДЛЯ ЗАЧИСЛЕНИЯ В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА "А"

______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))/
фамилия, имя, отчество (при его наличии)

ФОТО
(түрлі
түсті/
цветное,
3,5х4,5)

______________________________________________жұмыс орны, лауазымы/должность, санаты/место работы категория (болған жағдайда/при наличии)
_____________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения


2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)


3.

Білімі/
Образование


4.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного
заведения


5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы/
Квалификация по специальности, ученая
степень, ученое звание


6.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками


7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті
атақтары/
Государственные награды, почетные звания


8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы (беру күні) (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин, квалификационный класс (дата присвоения) (при наличии)


9.

Арнайы тексеру нәтижелерi (болған жағдайда)/
Результаты специальной проверки (при наличии)


10.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі/
Вид взыскания, дата и основания его наложения


11.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (қолданылған және орындалған күні)/
Сведения о наложении административного взыскания за совершение коррупционного правонарушения (дата наложения и исполнения)


12.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (тәртiптiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы)/
Сведения о наложении дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу (о совершении коррупционного дисциплинарного правонарушения)


13.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күнімен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (для административных государственных служащих)


ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения


_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата


_______________
 күні/дата


Тексерілді/
Проверено
_____________________
қолы/подпись

_________________
күні/дата

Мөрдін орны
место печати

___________________________________________
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты/
Фамилия, имя, отчество работника службы
управления персоналом (кадровой службы)