Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 желтоқсанда № 18004 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 515 бұйрығымен
бекітілген

Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-33) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      2) тұлғалар тобының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – уәкілетті орган қалыптастыратын және ресми интернет-ресурста орналастыратын Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес бақылау болған жағдайда бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдары мен тұтынушылардың тізбесі;

      3) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу тәртібі

      3. Заңның 15-1-бабының 8-тармағына сәйкес егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде болжамның алғашқы бес жылы ішінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан асатын болса, уәкілетті орган тізілімге енгізілген тұтынушыларға күнтізбелік отыз күн ішінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарлама жібереді.

      Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағы генерациялайтын көздер өндірген электр энергиясын беруге кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулер жоқ, электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

      Электр қуатының жабылмайтын тапшылығы энергия тапшы аймақтарды Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің басқа аймақтарымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеті ескеріле отырып есептеледі.

      4. Заңның 15-5-бабының 6-тармағына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар нарық кеңесі мынадай формула бойынша көлемде есептеген электр қуатын құруға қатысады:

      Қтек = Үэқ*(ЖЖжт/ЖЖбэж), мұнда

      Қтек – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелерінің есептік көлемі;

      Үэқ – Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі немесе оның қандай да бір аумағындағы электр қуатының болжамды тапшылық көлемі;

      ЖЖжт – болжамды тапшылық туындау сәтіне Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың жалпы жоғары жүктемесі;

      ЖЖбэж – болжамды тапшылық туындау сәтіне Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы жоғары жүктемесі.

      5. Заңның 15-5-бабының 8-тармағына сәйкес Заңның 15-5-бабының 6-тармағында көзделген Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелері көлемі Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құрған электр қуатының шамасына төмендетіледі және нарық кеңесімен мынадай формула бойынша есептеледі:

      Қтк = (Үэқ+ҚҚжт)*(ЖЖжт/ ЖЖбэж) - ҚҚжт,

      Қтк – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелерінің көлемі;

      Үэқ – Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі немесе оның қандай да бір аумағындағы электр қуатының болжамды тапшылық көлемі;

      ҚҚжт – Заңның 15-5-бабының 8-тармағында көрсетілген талаптарды орындау барысында Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме нарығының субъектілерімен құрылған электр қуатынының көлемі.

      ЖЖжт – болжанатын тапшылық туындау сәтіне Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың жалпы жоғары жүктемесі;

      ЖЖбэж – болжанатын тапшылық туындау сәтіне Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы жоғары жүктемесі.

      Егер Қтк осында нөлге тең немесе теріс болған жағдайда, Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың міндеттемелері нөлге тең болады.

      6. Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 1)-3) тармақшаларына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме нарығының субъектілерімен құрылған электр қуатының көлемі Қтк, тең немесе артық болған жағдайда, Тізілімге енгізілген тұлғалардың тиісті топтарының қалған тұтынушылары электр қуатын құруға қатысудан босатылады.

      7. Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 1)-3) тармақшаларына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме нарығының субъектілерімен құрылған электр қуатының көлемі Қтк, кем болған жағдайда, Тізілімге енгізілген тұтынушылар Заңның 15-5-бабының 6-тармағының 4)тармақшасына сәйкес мына формула бойынша нарық кеңесімен есептелген көлемде электр қуатын құруға қатысады:

      Қбса = Қтк - ҚҚтк, мұнда

      Қбса – Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді сатып алу көлемі;

      Қтк – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелерінің көлемі;

      ҚҚтк – Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 1-3) тармақшаларына сәйкес көрсетілген талаптарды орындау барысында Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме нарығының субъектілерімен құрылған электр қуатының көлемі.

      8. Бірыңғай сатып алушыдан электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу көлемін нарық кеңесі Тізілімге енгізілген тұтынушылар арасында мынадай формула бойынша бөледі:

      Қбса1 = Мез* (ЖЖжт 1/ ЖЖжт), мұнда

      Қбса1 – Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушы бірыңғай сатып алушыдан жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді сатып алу көлемі;

      Қбса – Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді сатып алу көлемі;

      ЖЖжт1 – болжанатын тапшылық туындаған сәтіне Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушының жалпы жоғары жүктемесі;

      ЖЖжт – болжанатын тапшылық туындаған сәтіне Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың жалпы жоғары жүктемесі.

      9. Заңның 15-5-бабының 6тармағы 1)-3) тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттерді орындау арқылы Заңның 15-5-бабының 6-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау барысында Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме нарығының субъектілерімен пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларға арналған отынның үлгісі мен түрі осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес уәкілетті органмен келісіледі.

      10. Тізілімге енгізілген көтерме нарығы субъектілерінің бірыңғай сатып алушымен және уәкілетті органмен электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылдау, хабарламалар мен ақпарат жіберу, электр қуатын құруға шарт жасасу және электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметтерін сатып алу туралы мәселелері бойынша өзара әрекеттесуі Заңның 15-5-бабының 10-12тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Заңның 15-5-бабаның 6-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттерді орындау арқылы электр қуатын құруға қатысу жөніндегі шешім қабылданған кезде тұлғалардың тиісті тобының тізбесіне енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан электр қуатының мына формула бойынша нарық кеңесімен есептелген көлемде жүктемені алуға дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алады:

      Мез = Моп - СМоп, мұнда

      Қбса – Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылардың бірыңғай сатып алушыдан жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді сатып алу көлемі;

      Қтк – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелерінің көлемі;

      ҚҚтк – Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 1)-3) тармақшаларына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме нарығының субъектілерімен құрылған электр қуатынының көлемі.

      Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылар арасында электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу көлемін бөлу осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келісу тәртібі

      12. Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері уәкілетті органға пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келісу туралы қолдаухатты осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде генерациялайтын қондырғылардың негізгі параметрлері туралы ақпаратпен қоса береді.

      13. Уәкілетті орган электр қуаты Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде немесе электр қуатының жойылмайтын тапшылығы болжанатын оның қандай да болмасын аймақтарында құрылатын жағдайда, тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығы субъектілерінің пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келіседі.

  Тұлғалар тобының тізіліміне
енгізілген тұтынушылардың
болжамды тапшылықты жабу
үшін электр қуатын құруға
қатысу қағидаларына
қосымша
  Нысан

Генерациялайтын қондырғылардың негізгі параметрлері туралы ақпарат

      1. Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 1)- 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралармен қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).

      2. Заңның 15-5-бабының 6-тармағы 1)-3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы осы Заңның 15-5-бабаның 6-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.

Ісшараның атауы

Ісшараның басталу күні (айы, жылы)

Ісшараның аяқталу күні (айы, жылы)

Берілетін негізгі генерациялайтын қондырғының техникалық параметрлері

Орнатылған электр қуаты, (МВт)

Орнатылған жылу қуаты, (Гкал/сағ)

1

2

3

4

5

6

Жаңа электр қуатының құрылысы

1.






2.











Меншікті қолда бар электр қуатын кеңейту

1.






2.











Шығып қалған не алдағы жеті жылдық кезеңде шығып қалуға жататын меншікті қолда бар электр қуатын реконструкциялау немесе жаңғырту

1.






2.











      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі нақтылықпен көрсетіледі.

      3. Заңның 15-5-бабаның 6-тармағы 2),3) тармақшаларында көрсетілген ісшараларын іске асыруға дейінгі және кейінгі кезеңде электр станциясының (атауы көрсетіледі) жұмыс істеу параметрлері туралы ақпарат *

Белгіленген қуаты

Орташа жылдық қолда бар қуат

Шартты отынның босатуға бөлінген үлестік шығыны**

Электр (МВт)

Жылу
(Гкал/сағ)

Электр (МВт)

Жылу
(Гкал/сағ)

Электр энергиясының (гут/кВтсағ)

Жылу энергиясының (кгут/Гкал)

1

2

3

4

5

6

7

Іс-шараларды іске асырғанға дейін

1.







Іс-шараларды іске асырғаннан кейін

2.







      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі нақтылықпен көрсетіледі;

      ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде