Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 878 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 18001 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарында (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) есепке алынуға жатады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Емтихандар тапсыруға жіберу тәртібі";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өтініш берушінің емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту жағдайларымен келіспегені туралы түскен шағымын жергілікті атқарушы органның, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Емтихандарды өткізу";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру тәртібі";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті беру мерзімі емтиханды сәтті тапсырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібі".

      2. "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-тарудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап–3 (үш) жұмыс күні;

      өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

      бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, немесе облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органының басшысының атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық түрде және ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар".

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрлігі

      2018 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2018 жылғы "___" __________