Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 839 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17940 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында:

      2-тармақтың 80) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "80) рульдеу жолы – құрлықтағы әуеайлақтағы әуе кемелерінің бұрылуы үшін орнатылған және әуеайлақтың бір бөлігін екіншісімен қосуға арналған белгілі бір жол, оның ішінде:

      әуе кемесінің тұрақтағы рульдеу жолағы – рульдеу жолы ретінде белгіленген және тек әуе кемелерінің тұрақ орындарына жақындауды қамтамасыз етуге арналған перрон бөлігі;

      перрондық рульдеу жолы. Перронда орналасқан және перрон арқылы рульдеу маршрутын қамтамасыз етуге арналған рульдеу жолдары жүйесінің бір бөлігі;

      жылдамдықты рульдеу жолы – ұшу-қону жолағымен сүйір бұрыш арқылы жалғанған және қонған ұшаққа басқа шықпа рульдеу жолдарында қол жеткізілетін жылдамдықтарға қарағанда жоғарырақ жылдамдықпен ұшу-қону жолағынан шығып кетуге және соның арқасында ұшу-қону жолағында болу уақытын барынша азайтуға мүмкіндік беретін рульдеу жолы;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсаттары үшін тік жазықтықта есептеу жүйесі ретінде теңіздің орташа деңгейі (MSL) және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметі" 15-қосымшасына сәйкес Жердің гравитациялық үлгісі қолданылады.

      Осы позициялар үшін нақты түсірілетін жерүсті позицияларының MSL қатысты асып түсу мәндеріне қосымша геоид толқыны туралы ақпарат (WGS-84 элипсоиді бетіне қатысты) жарияланады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ААҚ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына сәйкес, сондай-ақ "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" ИКАО PANS-AIM құжатына (Doc 10066) сәйкес біріккен аэронавигациялық ақпарат топтамасының барлық элементтерінің жариялануын қамтамасыз етеді.";

      26-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты ұсынушылар ААҚ-мен келісім жасайды, онда аэронавигациялық ақпараттың (аэронавигациялық деректердің) және оларды алу әдістерінің мерзімі, көлемі және сапасына қойылатын талаптар анықталады.

      Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты ұсынушылар мына ақпаратты ұсынады:

      1) егер аэронавигациялық ақпарат AIP-те жариялауға арналған болса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес AIP-ке өзгеріс енгізуге өтінімді;

      2) егер аэронавигациялық ақпарат NOTAM басып шығаруға арналған болса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес NOTAM басып шығаруға өтінімді.

      Қателер немесе сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ААҚ бастапқы аэронавигациялық ақпаратты ұсынушы бола алады және аэронавигациялық ақпараттың біріктірілген топтамасына түзетулер енгізе алады.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Сондай-ақ, ортақ пайдалануға ашық емес азаматтық авиация әуеайлақ пайдаланушылары аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің ресми ресурсында одан әрі жариялау үшін олар бойынша ААҚ-ға аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) ұсынады.

      Аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) ұсыну форматы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. ААҚ осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген аэронавигациялық ақпараттың таратылу түрінің біріне сәйкес аэронавигациялық ақпаратты Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" 15-қосымшасының, Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулықтың (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына, сондай-ақ "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" ИКАО PANS-AIM құжатына (Doc 10066) сәйкес тарату үшін дайындайды.";

      43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. AIP дербес құжат болып табылады және оның кіріспесі болады.

      44. AIP өзіндегі немесе басқа көздерде қамтылған ақпаратты қайталамайды.";

      45-тармақ алып тасталсын;

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. AIP-ке түзетулердің титул парағында жарияланған күні көрсетіледі.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Электрондық AIP мазмұны және құрылымы осы Қағидалардың, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" 15-қосымшасының, Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулықтың (Dос 8126, ИКАО құжаты) және "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" ИКАО PANS-AIM құжатының (Doc 10066) талаптарына сәйкес келеді және қағаз бетіне шығару мүмкіндігін қамтамасыз ететін файлдарды қамтиды.";

      88-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) әуеайлақтың маневрлеу алаңындағы қармен, батпақпен немесе мұзбен, сумен байланысты қауіпті жағдайлардың болуы, оларды жою немесе айтарлықтай өзгерту ("Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару" PANS-AIM (Doc 10066) сәйкес SNOWTAM шығару үшін);";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Мүдделі әуе кеңістігі пайдаланушыларына цифрлық деректер шоғыры түріндегі аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) ұсынған кезде ААҚ мен мүдделі әуе кеңістігі пайдаланушылары арасында жасалған келісімдер ұсынудың негізі болып табылады.

      Осындай цифрлық деректер мынадай цифрлық деректер шоғыры түрінде ұсынылуы мүмкін:

      1) AIP деректер шоғыры;

      2) жергілікті жер туралы деректер шоғырлары;

      3) кедергілер туралы деректердің шоғырлары;

      4) әуеайлақтың картографиялық деректерінің шоғырлары;

      5) аспаптар бойынша ұшу схемалары туралы деректердің шоғырлары.";

      мынадай мазмұндағы 110-1-тармақпен толықтырылсын:

      "110-1. AIP деректерінің шоғыры аэронавигация мақсаттары үшін маңызды ұзақ сипаттағы (тұрақты ақпарат және ұзақ сипаттағы уақытша өзгерістер) аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) цифрлық ұсынуды қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 122-1 және 122-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "122-1. Әуеайлақтың картографиялық деректер шоғыры әуеайлақ элементтерін цифрлық ұсынуды қамтиды.

      122-2. Аспаптар бойынша ұшу схемалары туралы деректер шоғыры аспаптар бойынша ұшу схемаларын цифрлық ұсынуды қамтиды.";

      Осы Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      Осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      2. "Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 360 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15353 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) аймақтық навигация - әуе кемелеріне радиомаяктық навигациялық құралдардың қолданылу аймағының шегінде немесе өздігінен басқарылатын құралдардың немесе олардың үйлесімдерінің мүмкіндіктерімен анықталған шекте кез келген қолайлы траекториялар бойынша ұшуды орындауға мүмкіндік беретін навигация әдісі;

      3) аймақтық навигация маршруты – аймақтық навигацияны қолдана алатын әуе кемелері үшін белгіленген әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) маршруты;

      4) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші (бұдан әрі – АНҚ беруші) – әуе қозғалысының ұйымдастырылуын және (немесе) басқа да аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      5) әуе қозғалысына қызмет көрсету – әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабардар ету, диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, жақындауға диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);

      6) әуе трассасы (бұдан әрі – ӘТ) – дәліз түріндегі бақыланатын әуе кеңістігі (немесе оның бір бөлігі);

      7) сипаттамаларға негізделген навигация (PBN) – әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты бойынша, аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы немесе белгіленген әуе кеңістігі бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерінің сипаттамаларына қойылатын талаптарға негізделген аймақтық навигация;

      8) NOTAM – электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықтың, қызмет көрсету мен ереженің қолданысқа енгізілгені, жай-күйі немесе өзгергені туралы ақпаратты немесе ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін уақтылы ескертілуі аса маңызды қауіп туралы ақпаратты қамтитын хабарлама.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ӘТ пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда, АНҚ беруші ӘТ үшін мынадай индекстерді белгілейді:

      1) ӘҚҚ маршруттарының өңірлік желісінің бір бөлігі болып табылатын және аймақтық навигация маршруттары болып табылмайтын ӘТ үшін – А, В, G, R;

      2) ӘҚҚ маршруттарының өңірлік желісінің бір бөлігі болып табылатын аймақтық навигация маршруттары үшін – L, M, N, Р;

      3) ӘҚҚ маршруттарының өңірлік желісінің бір бөлігі болып табылмайтын және аймақтық навигация маршруттары болып табылмайтын маршруттары үшін – Н, J, V, W;

      4) ӘҚҚ маршруттарының өңірлік желісінің бір бөлігі болып табылмайтын аймақтық навигация маршруттары үшін – Q, T, Y, Z;

      ескертпе: әуе трассалары бойынша сипаттамаларға (PBN) негізделген навигацияны қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Нұсқаулыққа сәйкес навигациялық ерекшелікті белгілейді;

      5) магниттік меридианның солтүстік бағытынан есептелетін магниттік жол жүру бұрыштарының градустарында белгіленетін бағыт;

      6) ұшу эшелондарының нөмірлерінде жарияланатын тік шекаралар;

      7) "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Әуе кемелерінің ұшуын орындау, ІІ том. Көзбен шолып ұшу және PANS-OPS аспаптары бойынша ұшулар схемаларын құру" Doc 8168 ИКАО құжаттарына сәйкес, ӘТ әрбір учаскесі үшін анықталатын кедергіден ұшып өтудің ең төмен абсолюттік биіктігі;";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Қолданылатын жерде негізгі индекске префикс ретінде келесі әріптердің бірі қосылады, олар маршрут түрін немесе тиісті маршруттарда көрсетілетін қызмет көрсету түрін білдіреді:

      1) К – шағын биіктіктен өтетін және негізінен тікұшақта пайдалану үшін берілетін маршрутты белгілеу үшін;

      2) U – маршруттың немесе оның бөлігінің үстіңгі әуе кеңістігіне берілетінін белгілеу үшін;

      3) S – екпін алу уақытында, тежеу және аса жоғары жылдамдықпен ұшу кезінде аса жоғары жылдамдықты әуе кемелерін пайдалану үшін ғана белгіленген маршрутты белгілеу үшін;

      4) F әрпі – маршрутта немесе оның бөлігінде тек консультативтік қызмет көрсетудің қамтамасыз етілетінін белгілеу үшін;

      5) G әрпі – маршрутта немесе оның бөлігінде тек ұшу-ақпараттық қызмет көрсетудің қамтамасыз етілетінін белгілеу үшін.".

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 839 бұйрығына
1-қосымша
  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
2-қосымша

AIP-ке өзгеріс енгізуге өтінім

      Деректерді жеткізуші

      Тегі, Аты, Әкесінің аты:___________________ Телефон:_____________

      Лауазымы: ___________________ e-mail: _____________

      Ұйым: ___________________ Қолы: _____________

      Толтырылған күні: ___________________

AIP-ке сілтеме

АІР-ке жарияланатын өзгерістер

Парақ

Күні

Параграф





      Қосымша: ____ парақта.

      Жоғарыда келтірген деректер

      және/немесе қоса берілген жоба

      AIP-ке түзету ретінде жариялау

      үшін алынған:

      Тегі, Аты, Әкесінің аты: _______________

      Лауазымы: _______________

      Ұйым: _______________

      Толтырылған күні: _______________

      Қолы: _______________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 839 бұйрығына
2-қосымша
  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша

NOTAM басып шығаруға өтінім

Әуеайлақ

Қолданылудың басталуы

Қолданылудың аяқталуы (есепті, егер қолданылса)

Кесте (егер қолданылса)

Мәтін (оқиға сипаттамасы)

Астыңғы шегі

Үстіңгі шегі

Жеткізушісі (орындаушы)

Байланыс телефоны