Сақтандыру портфелін беру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17885 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру портфелін беру қағидалары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. "Сақтандыру портфелін беру қағидалары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14787 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      7. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1) тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда:

      "4. Заңның 37-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 5-тармағында, 54-1-бабының 4-тармағында, 55-бабының 1-1-тармағында, 56-бабының 3-1-тармағында, 69-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру портфелін беруге сақтанушылардың келісімін алу талап етілмейді." қолданыста болатындығын белгілей отырып, Қағидалардың 4-тармағының;

      2) тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда:

      "3) сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) беру сәтінде уәкілетті орган қолданған, қолданыстағы шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың болмауы;" қолданыста болатындығын белгілей отырып, Қағидалардың 12-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 262 қаулысымен
бекітілді

Сақтандыру портфелін беру қағидалары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру портфелін беру қағидалары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – сақтандыру ұйымы) сақтандыру портфелін берудің тәртібін, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әлеуетті сақтандырушы-алушы – сақтандыру портфелін қабылдауға мүдделілік танытқан сақтандыру ұйымы;

      2) кепілдік беру жөніндегі ұйым – сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін төлеуге кепілдік беретін ұйым;

      3) сақтандыру портфелін беру – сақтандыру ұйымының, уақытша әкімшіліктің консервациялау кезеңінде немесе сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру ұйымы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруі;

      4) сақтандырушы-алушы – сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру ұйымы;

      5) тарату комиссиясы – сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсiмi барысында сақтандыру ұйымының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен сақтандыру ұйымының мүлкін және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асыратын орган;

      6) уақытша әкімшілік – уәкілетті орган сақтандыру ұйымын оның қаржылық жағдайын сауықтыру немесе сақтандыру ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыра отырып, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде тағайындайтын орган;

      7) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      8) уәкілетті тұлға (уәкілетті тұлғалар) – сақтандыру портфелін ішінара (бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша) немесе толық беру туралы шешім қабылдау құқығы бар сақтандыру ұйымының тұлғасы (тұлғалары).

      3. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) келісімі болған кезде мынадай жағдайларда:

      1) Заңның 37-1-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымы бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша берілетін сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылдағанда;

      2) Заңның 37-1-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымының лицензиясынан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда;

      3) Заңның 37-1-бабы 2-тармағына сәйкес қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтарғанда;

      4) Заңның 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес консервациялағанда;

      5) Заңның 67-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағанда сақтандыру портфелін беруді жүзеге асырады.

      4. Заңның 37-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 5-тармағында, 53-5-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында, 54-1-бабының 4-тармағында, 55-бабының 1-1-тармағында, 56-бабының 3-1-тармағында, 69-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру портфелін беруге сақтанушылардың келісімін алу талап етілмейді.

      5. Мыналар сақтандыру портфелін беру үшін негіздер болып табылады:

      1) сақтандыру ұйымы уәкілетті тұлғасының (уәкілетті тұлғаларының) бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беру, лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті тарату туралы шешімі;

      2) уәкілетті органның сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру, сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімі;

      3) уақытша әкімшіліктің консервациялау кезіндегі, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін лицензиядан айыру кезіндегі шешімі;

      4) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.

      6. Лицензия ерікті түрде қайтарылған, лицензиядан айырылған, сақтандыру ұйымы ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылған кезде сақтандырудың барлық сыныптары (түрлері) бойынша жасалған барлық сақтандыру шарттары, оның ішінде қолданылу мерзімі өткен, сақтандыру ұйымы сақтанушылар (сақтандырылғандар, пайда алушылар) алдында міндеттемелер атқаратын не міндеттемелер туындау ықтималдығы бар сақтандыру шарттары берілуге тиіс.

      7. Сақтандыру ұйымының, уақытша әкімшіліктің, тарату комиссиясының сақтандыру портфелін беру туралы шешімі шешім қабылдау күніндегі сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге сақтандыру ұйымының активтері жеткілікті болған жағдайда қабылданады.

      Сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру ұйымы активтерінің жеткіліктілігі қабылданған міндеттемелерге сәйкес қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің мөлшерлеріне қарай айқындалады.

      8. Сақтандыру портфелін беру туралы шешім еркін нысанда жазбаша түрде ресімделеді, сақтандыру ұйымының уәкілетті тұлғасы (уәкілетті тұлғалары), уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелері, тарату комиссиясы бөлімшелерінің төрағасы мен басшылары қол қояды.

      9. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Уәкілетті органға жіберілген сақтандыру портфелін беру туралы хабарламаға мыналар қоса беріледі:

      сақтандыру портфелі берілетін сақтандыру сыныптарының тізбесі;

      сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша бөлінген сақтандыру шарттары бойынша берілуі болжанатын міндеттемелердің мөлшері;

      олардың баланста көрсетілген құнын не бағалау құнын (бар болса) көрсете отырып сақтандыру портфелінің құрамында беру болжанатын активтер тізбесі;

      орындалу мерзімдерін көрсете отырып сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі;

      сақтандыру портфелін беру туралы шарттың жобасы.

      10. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік сақтандырушыларды (пайда алушыларды) хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында алдағы уақытта сақтандыру портфелінің берілетіні туралы хабарландыруды:

      Заңның 37-1-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Заңның 54-1-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру портфелін беру жөнінде шешім қабылданғаны туралы уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды.

      Сақтандыру ұйымы сақтандыру портфелін берген жағдайда хабарландыруда қарсылық беру тәртібі, мерзімі және олар келіспеген жағдайда олар бойынша сақтандыру шартын беруге байланысты сақтанушылардың қарсылықтары қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.

      11. Уәкілетті органның жазбаша сұратуы бойынша сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы түсіндірмелер және сақтандыру портфелін беруге байланысты растайтын құжаттар береді.

2-тарау. Сақтандырушы-алушыны таңдау

      12. Сақтандырушы-алушыны таңдауды:

      бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін берген, лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастаған, қайта сақтандыру бойынша лицензияны ерікті түрде қайтарған, ерікті түрде таратылған, сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша лицензиядан айырған, сақтандыру ұйымы сақтандыру портфелін мәжбүрлі түрде берген кезде - сақтандыру ұйымы;

      сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңде консервациялау, лицензиядан айыру кезінде - уақытша әкімшілік;

      сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап - тарату комиссиясы жүзеге асырады.

      13. Сақтандырушы-алушыны таңдау мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) уәкілетті органның сақтандыру портфеліне енгізілетін сақтандыру шарттары берілетін сақтандыру сыныптарын жүзеге асыруға лицензиясының (лицензияларының) болуы;

      2) пруденциялық нормативтерді және өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді соңғы есепті күнде және алдағы уақытта болатын сақтандыру портфелін қабылдау ескеріле отырып 2 (екі) кейінгі жылда пруденциялық нормативтердің болжамды мәндерін орындау;

      3) сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) беру сәтінде уәкілетті орган қолданған, қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) санкциялардың болмауы;

      4) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу.

      14. Сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау туралы ұсыныс-хатты сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы әлеуетті сақтандырушы-алушыға оны қарау және ұсыныс-хатты алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жауап ұсыну мерзімімен жібереді.

      Ұсыныс-хатта берілетін сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің және сақтандыру ұйымы активтерінің болжамды көлемі көрсетіледі.

      Ұсыныс-хатқа еркін нысанда жазылған конфиденциалдылықты сақтау және сақтандыру портфелін қабылдау мүмкіндігін қарастыруға байланысты алынған ақпаратты жария етпеу туралы келісім (міндеттеме) қоса беріледі.

      15. Сақтандырушылар-алушылар сақтандыру портфелін қабылдау туралы ұсыныс-хат алған жағдайда конфиденциалдылықты сақтау және сақтандыру портфелін қабылдау мүмкіндігін қарастыруға байланысты алынған ақпаратты жария етпеу туралы келісімге (міндеттемеге) қол қояды және оны Қағидалардың 14-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде сақтандыру ұйымына, уақытша әкімшілікке, тарату комиссиясына жібереді.

      16. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы ұсыныс-хат алған сақтандырушы-алушының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді жария етпеу туралы талаптарды сақтай отырып, сұратуды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей қосымша ақпарат береді.

      17. Қағидалардың 14-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде ұсыныс-хатты алған әлеуетті сақтандырушылар-алушылар сақтандыру ұйымына, уақытша әкімшілікке, тарату комиссиясына жауап ұсынады. Ұсыныс-хатта көрсетілген талаптар қабылданған жағдайда сақтандырушы-алушы Қағидалардың 13-тармағында көзделген ақпаратты көрсете отырып және мынадай құжаттарды:

      1) сақтандыру портфелін қабылдау туралы әлеуетті сақтандырушы-алушының уәкілетті тұлғасы шешімінің көшірмелерін;

      2) өтініштерде сақтандыру талаптары көрсетілмеген жағдайда, сақтандыру портфелінің құрамында көрсетілуге тиіс сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қағидаларының көшірмелерін;

      3) пруденциялық нормативтердің, оның ішінде төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің және алда болатын сақтандыру портфелін қабылдауды ескере отырып қатарынан 2 (екі) жылға жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің орындалу болжамы (бұдан әрі – пруденциялық нормативтердің болжамдық мәндері) қоса бере отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті жібереді.

      18. Өтініш жіберген және Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес келетін екі және одан да көп әлеуетті сақтандырушылар-алушылар болған жағдайда сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы пруденциялық нормативтердің ең жақсы болжамдық көрсеткіштеріне ие сақтандырушы-алушыны таңдап алады.

      Пруденциялық нормативтердің бірдей болжамдық көрсеткіштерін ұсынған екі және одан да көп әлеуетті сақтандырушы-алушылар болған жағдайда, сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы соңғы есептік күнге активтердің неғұрлым үлкен мөлшеріне ие әлеуетті сақтандырушы-алушыны таңдап алады.

      19. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі Қағидалардың 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда не "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдауға ниетті екенін білдірмеген болса, сақтандыру портфелін беруді мемлекеттің қатысуымен "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.

      "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі Қағидалардың 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдауға ниетті екенін білдірмеген болса, сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы сақтандырушы-алушының жоқ екені туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Көрсетілген жағдайда сақтандыру портфелін беруді уәкілетті органның шешімі бойынша сақтандырушы-алушылардың соңғы есептік күндегі активтері мөлшерінің шамасына және пруденциалдық нормативтерді орындауына қарай "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.

      20. Сақтандыру ұйымының, уақытша әкімшіліктің, тарату комиссиясының сақтандыру портфелі берілетін сақтандырушы-алушыны таңдау туралы шешімі 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға жазбаша түрде жіберіледі.

      Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру портфелі берілетін сақтандырушы-алушыны таңдау туралы хабарландыру жариялайды.

3-тарау. Сақтанушылардың сақтандыру портфелін беруге келісімі

      21. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік сақтанушылардың сақтандыру портфелін беруге келісімін алу үшін сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтанушыларға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру портфелін беруге сақтанушының келісімі туралы сұрату (бұдан әрі – сұрату) жібереді.

      Сұрату адресаттың өз қолына қол қойдырып немесе сұратуды алу фактісін және күнін растайтын өзге де тәсілмен беріледі.

      Сақтанушы сақтандыру ұйымының, уақытша әкімшіліктің сұратуын алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде сақтандыру портфелін беруге келісім не беруден бас тарту туралы жауап жібереді.

      22. Сақтандырушы-алушының сақтандыру қағидалары сақтандыру портфелінің құрамында берілетін сақтандыру шарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сақтанушыларға сұратумен бір мезгілде сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге оферта жіберіледі.

      Егер сұратумен бір мезгілде сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге оферта жіберілген жағдайда, ал сақтанушы сақтандыру шартының талаптарын өзгертуден бас тартқан болса, онда сақтанушының сақтандыру портфелін беруге келісімі алынбады деп есептелінеді.

      23. Сақтандыру портфелін беру туралы шартта қайта сақтандырушыны ауыстыруға қайта сақтанушының (цеденттің) келісімі туралы ереже болған және оған қайта сақтанушы (цедент) қол қойған жағдайда қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін беруге қайта сақтанушының (цеденттің) келісімі алынды деп есептелінеді.

      24. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік Қағидалардың 21-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде сақтандыру портфелін беруге келісім берген сақтанушылардың тізімін және берілетін әрбір сақтандыру шарты бойынша құжаттар жинағын қалыптастырады.

      25. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік консервациялау кезінде сақтанушылардан келісім алмаған жағдайда, осы сақтандыру шарты оның тараптарына және өзге қатысушыларға (сақтандырушыға, сақтанушыға, өзге кредиторға (пайда алушыға) және шарттың басқа да қатысушыларына) қатысты қолданыста болады не сақтанушының өтініші негізінде бұзылуға тиіс.

4-тарау. Сақтандыру портфелін беру тәртібі және сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері

      26. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілетін сақтандыру шарттарының тізімін (бұдан әрі – Шарттар тізімі) жасайды.

      27. Шарттар тізімі тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптардың, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптардың және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінің 5-1-тармағында айқындалған Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімі мәліметтерінің және (немесе) таратылатын сақтандыру ұйымының дерекқорының негізінде жасалады.

      28. Уақытша әкімшілік консервациялау кезеңінде сақтандыру портфелін беру шеңберінде сақтанушының сақтандыру шартын беру туралы келісімі болған кезде сақтандыру портфелін ішінара (сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы бойынша) немесе толық беру туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте сақтандырудың бір сыныбы (түрі) шеңберінде сақтандыру портфелі бір сақтандыру ұйымына беріледі.

      29. Консервациялау сатысында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сақтанушының жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының сақтандыру портфелін беруге келісімі ретінде қаралады.

      30. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныбы (жекелеген сыныптары) алып тасталған, сақтандыру портфелі мәжбүрлеп берілген (міндетті сақтандыру сыныптары, зейнетақы аннуитеті шарттары, аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша), сақтандырудың жекелеген сыныбы (жекелеген сыныптары) бойынша лицензиядан айырылған кезде сақтандырудың осы сыныбы (осы сыныптары) бойынша жасалған барлық сақтандыру шарттары, оның ішінде қолданылу мерзімі өткен, сақтандыру ұйымы сақтанушылар (сақтандырылғандар, пайда алушылар) алдында міндеттемелер атқаратын не міндеттемелер туындау ықтималдығы бар сақтандыру шарттары берілуге тиіс. Бұл ретте сақтандырудың бір сыныбы (түрі) шеңберінде сақтандыру портфелі бір сақтандыру ұйымына беріледі.

      31. Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап берілетін сақтандыру портфелінің құрамына:

      1) басталғаны туралы мәлімделген және сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмаған немесе толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру жағдайлары бойынша мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелері басталған сақтандыру шарттары;

      2) сақтандыру шарттары тізілімінде және (немесе) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының дерекқорында жоқ сақтандыру шарттары;

      3) тараптары (сақтанушы, қайта сақтанушы, қайта сақтандырушы) сақтандырушы-алушы болып табылатын сақтандыру шарттары енгізілмейді.

      32. Егер уақытша әкімшілік сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру портфелін берген болса, онда тарату комиссиясы сақтандыру жағдайлары сақтандыру портфелін бергеннен кейінгі кезеңде және сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін болған сақтандыру шарттарын кредиторлар тізіліміне енгізбейді.

      33. Шарттар тізімі ондағы ақпараттың өзгеруіне немесе шартты бұзуға, сақтанушының сақтандыру портфелін беруге келісім алуға немесе беруден бас тартуына, сақтандыру жағдайы туралы өтініш алуға, сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлеуіне, сақтандыру төлемінің жүзеге асырылуына және басқа да өзгерістерге байланысты жаңа ақпараттың алуына қарай жаңартылады.

      34. Шарттар тізімін жасағаннан кейін сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы сақтандыру резервінің түріне қарай сақтандырудың әрбір сыныбы және әрбір сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшерін алдын ала есептейді.

      Сақтандыру резервтерінің құрамына:

      еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві;

      орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві;

      өмірді сақтандыру шарттары бойынша орын алмаған шығындар резерві;

      аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резерві;

      мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві (тарату комиссиясы беретін сақтандыру шарттарын қоспағанда) енгізіледі.

      Сақтандыру резервтерін есептеу Заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сай жүргізіледі.

      35. Берілуі болжанған сақтандыру міндеттемелеріне сәйкес келетін сақтандыру резервтерінің алдын ала мөлшерін айқындағаннан кейін сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік сақтандыру портфелімен бірге берілуі болжанып отырған активтердің тізбесін жасайды.

      Активтердің тізбесінде мыналар қамтылады:

      сақтандыру портфелінің құрамында берілетін активтердің мөлшері, түрі және тізбесі (сақтанушылардың дебиторлық берешегі және басқа активтер);

      сақтандыру резервтерін өтеуге қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтердің мөлшері, түрі және тізбесі;

      жеткіліксіз сомаға өзге активтердің мөлшері, түрі мен тізбесі және сақтандыру резервтерін өтеуге қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтерге оларды ауыстыру нұсқалары (берілуі болжанып отырған сақтандыру міндеттемелеріне сәйкес келетін сақтандыру резервтерінің мөлшеріне қатысты сақтандыру резервтерін өтеуге қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтердің мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда).

      36. Тарату комиссиясы кепілдік беру ұйымына сақтандыру портфеліне ақы төлеу үшін берілуі болжанып отырған сақтандыру міндеттемелеріне сәйкес келетін сақтандыру резервтерінің алдын ала мөлшері туралы ақпарат ұсынады.

      37. Берілетін портфель бойынша міндеттемелердің (сақтандыру резервтерінің) мөлшерін бағалауды тәуелсіз актуарий жүзеге асырады.

      Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы сақтандыру портфелін беру күнінде берілетін сақтандыру портфеліне сәйкес келетін сақтандыру резервтерінің мөлшерін есептеу үшін тәуелсіз актуарийді жұмысқа тартады.

      Сақтандыру резервтерінің жүргізілген есептерінің дұрыстығын тексеру қажет болғанда сақтандырушы-алушы немесе сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда кепілдік беру ұйымы тәуелсіз актуарийді жұмысқа тартады.

      38. Дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқығының құны баланстық және баланстан тыс шоттарда есепте болатын берешек сомасы ретінде анықталады.

      Сақтандыру портфелін беру кезінде сақтандыру портфеліне енгізілген сақтандыру шарттары бойынша активтер мен міндеттемелердің құны оны беру күніне есептеледі.

      39. Сақтандыру ұйымының активтері сақтандыру портфелімен берілетін сапасы мен өтімділігі бойынша сәйкес келмеген және сақтандырушы-алушы оларды қабылдамаған жағдайда, сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік көрсетілген активтерді ауыстыруға жіберілген қажетті іс-шараларды (сатып алу-сату, ауыстыру және басқа да операциялар) жүргізеді.

      40. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады.

      41. Сақтандыру портфелін беру туралы шартта:

      1) сақтандыру портфеліне енгізілген, сақтандырудың сыныптары (түрлері) бойынша бөлінген сақтандыру шарттары, оларды беру күнін көрсете отырып;

      2) сақтандыру портфелін беру күнінде сақтандыру портфелі шеңберінде берілетін сақтандыру шарттарында көзделген құқықтары мен міндеттері (төленбеген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімдері, сақтандыру сыйлықақысын төлеуді кешіктірген күндердің саны, жасалған сақтандыру төлемдері, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар);

      3) сақтандыру портфелін беру күнінде берілетін сақтандыру портфеліне енгізілген сақтандыру шарттары бойынша құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру шарттарының орындалуын көрсететін құжаттарды (сақтандыру шарттарының түпнұсқалары, сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) төленгенін растайтын құжаттар, сақтандыру ұйымы сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде жинаған құжаттар, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды растайтын құжаттар, реттелмеген сақтандыру жағдайлары бойынша құжаттар) беру тәртібі мен мерзімдері;

      4) сақтандыру ұйымына сақтандыру портфелін бергеннен кейін келіп түскен, берілген сақтандыру портфелі бойынша құжаттар мен ақпараттарды беру тәртібі мен мерзімдері;

      5) сақтандыру портфелін беру күнінде сақтандыру портфелін беретін сақтандыру ұйымының және сақтандырушы-алушының тәуелсіз актуарийі есептеген және берілетін сақтандыру шарттарына сәйкес келетін сақтандыру резервтерінің мөлшері;

      6) берілетін активтердің мөлшері, құрамы мен құны және оларды беру мерзімі, ал тарату комиссиясы сақтандыру портфелін берген кезде – кепілдік беру ұйымының сақтандырушы - сатып алушыға төлейтін ақшасының сомасы;

      7) сақтандыру портфелін тарату комиссиясы берген жағдайларды қоспағанда, активтерді ауыстыру мүмкіндігі;

      8) сақтандырудың кепілді түрлері бойынша сақтандыру жарналарын төлеу туралы мәліметтер қамтылады. Сақтандыру портфелін беру туралы шартта көрсетілген ақпарат болмаған жағдайда сақтандырудың кепілді түрлері бойынша сақтандыру жарналарын төлеу сақтандырушы-алушыға жүктеледі.

      42. Сақтандыру ұйымына сақтандыру портфелін беру туралы шарттың барлық маңызды талаптары мәлім болған, оны беруге тиісті келісімдер алынған және сақтандыру портфелін беруге қажетті өзге талаптар бұзылмаған жағдайда, сақтандыру ұйымы бір немесе бірнеше сақтандырушыға сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасау ұсынысымен, оның ішінде жария оферта арқылы оферта жібереді.

      43. Сақтандыру ұйымы сақтандыру портфелін беруге ниет білдірген, бірақ берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізуге жататын құқықтар мен міндеттерінің түпкілікті көлеміне қатысты сақтандыру портфелін беру туралы шарттың талаптары белгіленбеген жағдайда, сақтандыру ұйымы және сақтандырушы-алушы сақтандыру портфелін беру туралы алдын ала шарт жасайды.

      Сақтанушы және сақтандырушы-алушы сақтандыру портфелін беру туралы алдын ала шарт бойынша болашақта сақтандыру портфелін беру туралы шартты (негізгі шарт) алдын ала шартта көзделген талаптармен жасау міндеттесін қабылдайды.

      Алдын ала шарт жазбаша нысанда жасалады, онда шарттың мәнін белгілеуге мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ тараптар оны жасасуға міндеттенетін мерзімі көрсетіле отырып, сақтандыру портфелін беру туралы шарт тараптарының басқа талаптары қамтылады.

      44. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасаған және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру портфелін беру туралы шарт бойынша құжаттарды қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі – қабылдау-өткізу актісі) қол қойған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жібереді.

      45. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасаған және қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру бойынша деректер базасын қалыптастыру және енгізу жөніндегі ұйымға сақтандыру сыныптары, берілген сақтандыру шарттарының саны және сақтандыру портфелінің берілгендігін растайтын құжаттардың көшірмелері туралы мәліметтер бар ресми хабарламаны жібереді.

      46. Сақтандыру портфелін беру туралы шартты жасағаннан кейін сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы сақтандырушы-алушыға сақтандыру портфелін беру туралы шартта тараптар келіскен мерзімде, тәртіпте және талаптарда сақтандыру портфеліне қатысты барлық құжаттарды, берілетін сақтандыру міндеттемелеріне (тарату комиссиясының сақтандыру портфелін беруін қоспағанда) сәйкес келетін сақтандыру резервтерінің мөлшеріндегі активтерді, сақтандыру портфелін беру туралы шарттың талаптарына сәйкес ақпаратты және басқа мәліметтер мен құжаттарды береді.

      47. Сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді беру осы шарт бойынша сақтандыру ұйымы борышкерлерінің немесе кредиторларының олармен байланысты құқықтарын немесе міндеттерін бір мезгілде беру арқылы жүргізіледі.

      48. Бір сақтандыру шартынан сақтандыру міндеттемелерінен басқа, өзге де міндеттемелер туындаса, онда сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттерінің берілуі Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен өзге міндеттемелер бойынша оның құқықтары мен міндеттерін бір мезгілде беру арқылы жүзеге асырылады.

      49. Сақтандыру шарттары бойынша құқықтар мен міндеттерді берумен бір мезгілде қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін беретін сақтандыру ұйымының - қайта сақтанушының құқықтары мен міндеттері беріледі.

      Егер сақтандыру ұйымы жасаған қайта сақтандыру шарттары бойынша құқықтары мен міндеттері қайта сақтандырылған сақтандыру шарттарынан туындаған құқықтарымен және міндеттерімен бір мезгілде берілмеген болса, онда сақтандыру ұйымы - қайта сақтанушы қайта сақтанушыға қайта сақтандыру объектісінің толық немесе ішінара жойылғаны туралы хабардар етеді.

      50. Сақтандыру портфелін беру кезінде берілетін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері сақтандырушы-алушыға сақтандыру портфелін беру күніндегі көлемде және талаптарда өтеді.

      Сақтандырушы - алушының сақтандыру шарттары бойынша құқықтар мен міндеттер өзіне өткен күннен бастап барлық тоқтатылмаған құқықтары болады және берілетін сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап туындаған сақтандыру ұйымның барлық тоқтатылмаған міндеттеріне жауап береді.

      51. Сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы сақтандыру портфелін беру туралы шартта тараптармен келісілген талаптарда сақтандырушы-алушыға сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру ұйымына келіп түскен барлық құжаттар мен ақпаратты береді.

      52. Сақтандыру портфелі шеңберінде берілуге жататын өзге сақтандыру шарттары анықталған жағдайда, сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы және сақтандырушы-алушы сақтандыру портфелін беру шартына қосымша келісім жасайды.

      53. Сақтандыру портфелінің құрамына берілмеген сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында және сақтандыру шартында көзделген талаптар бойынша бұзылады.

      54. Сақтандырушы-алушы сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдаған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымы, уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы сақтандыру портфелінің берілгені туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Хабарландыруда:

      сақтандыру портфелінің берілген күні;

      сақтандырушы-алушының атауы, филиалдары мен өкілдіктері, байланыс телефондары ескеріле отырып оның орналасқан жері туралы ақпарат қамтылады.

      Тарату комиссиясы сақтандыру портфелін берген жағдайда, хабарландыруда байланыс телефондары көрсетіле отырып тарату комиссиясының, оның бөлімшелерінің және кепілдік беру жөніндегі ұйымның орналасқан жері туралы ақпарат қосымша қамтылады.

      55. Сақтандыру портфелін беру кезінде кепілдік беру жөніндегі ұйымға жарналарды сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру сыйлықақысын қабылдаған сақтандыру ұйымы төлейді.

      Сақтандыру портфелін беретін сақтандыру ұйымы кепілдік беру жөніндегі ұйымға төлеуге тиіс міндетті жарнаны есептеу кезінде сақтандыру портфелін беру сәтіне дейін кезекті тоқсан сайынғы жарна төленгеннен кейін жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары қосымша есепке алынады.

5-тарау. Бас банктің еншілес сақтандыру ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері

      56. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған бас банктің еншілес сақтандыру ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беру сақтанушының келісімін алмай-ақ жүзеге асырылады.

      57. Сақтанушыларды (пайда алушыларды) алдағы уақытта болатын бас банктің еншілес сақтандыру ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беру туралы хабардар ету шешім қабылданғаннан кейiн 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыру жариялау арқылы жүргізіледі.

  Сақтандыру портфелін беру
қағидаларына және сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
мәжбүрлеп тарату туралы
соттың шешімі заңды күшіне
енген күнінен бастап, сондай-ақ
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын консервациялау немесе
лицензиядан айыру кезінде
сақтандыру портфелін берудің
ерекшеліктеріне
1-қосымша
  Нысан

Сақтандыру портфелін беруге сақтанушының келісімі туралы сұрату

      Сізді 20___ жылғы "____" ___________ № ______ сақтандыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді беру ниетіміз туралы хабардар етеміз, ол бойынша

      Сіз тиісті сақтандыру сыныбына 20___ жылғы "____" __________ №________ лицензиясы бар

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандыру портфелін беретін сақтандыру ұйымының атауы)

      сақтандыру ұйымының сақтанушысы болып табыласыз.

      Біздің көрсетілген құқықтарымыз бен міндеттерімізді беруіміздің нәтижесінде сақтандыру ұйымы

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру ұйымының атауы)

      көрсетілген сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы болады және оны оның талаптарына сәйкес орындауды жалғастырады немесе оны мынадай талаптармен орындауды жалғастырады:

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      (өзгертілген талаптар көрсетіледі немесе жаңа сақтандыру қағидалары қоса беріледі)

      Көрсетілген сақтандыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді беру үшін Сіздің жазбаша келісіміңізді алуымыз қажет.

      Сіздің сақтандыру ұйымын ауыстырудан бас тарту құқығыңыз бар.

      Егер Сіз сақтандыру ұйымын

      ________________________________________________________________________________

      сақтандырушыға ауыстырғаннан кейін сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге келіспесеңіз, бұл сақтандыру портфелін беруден бас тартуыңыз ретінде қарастырылатынына назарыңызды аударамыз.

      Сізден мына төмендегі бағандарды таңдаған жауап нұсқасын "V" белгісімен белгілеп толтыруды және осы сұратуды 20__ жылғы "___"______ кешіктірмей біздің мекенжайымызға жіберуді өтінеміз.

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандыру портфелін беретін сақтандыру ұйымының шешуі бойынша қосымша ақпарат көрсетіледі).

      Жеке тұлға-сақтанушы үшін:

      Мен, ___________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

      Заңды тұлға-сақтанушы үшін:

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың күні және нөмірі),

      ________________________________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (банк деректемелері: банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, банк шоты ашылған банктің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      сақтандыру портфелін беруге келісемін;

      ________________________________________________________________________________

      сақтандыру портфелін беруге келіспеймін;

      ________________________________________________________________________________

      сақтандыру шартын бұзуға келісемін.

      20____ жылғы "____" ________

      (толтырған күні)

      ___________________________

      (сақтанушының қолы)

  Сақтандыру портфелін беру
қағидаларына және сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
мәжбүрлеп тарату туралы
соттың шешімі заңды күшіне
енген күнінен бастап, сондай-ақ
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын консервациялау немесе
лицензиядан айыру кезінде
сақтандыру портфелін берудің
ерекшеліктеріне
2-қосымша
  Нысан

Берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілетін сақтандыру шарттарының тізімі

Сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) нөмірі полиса)

Сақтандыру шартының жасалған күні

Сақтанушының, сақтандырылғанның атауы не тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Сақтанушының, сақтандырылғанның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Сақтандыру сыныбы

Сақтандыру шартының қолданысы басталатын күн

Сақтандыру шартының қолданысы аяқталатын күн

Сақтандыру сомасының мөлшері

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы:

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

Сақтандыру сыйлықақысы төленген күн

Төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

Сақтандыру жағдайы туралы өтініштің түскен күні

Сақтандыру жағдайы басталған күн

Сақтандыру төлемі (төлемдері) жүргізілген күн (күндер)

Жүргізілген сақтандыру төлемінің (төлемдерінің) мөлшері (мөлшерлері)

Жүргізілмеген сақтандыру төлемін (төлемдерін) төлеу мерзімдері

Жүргізілмеген сақтандыру төлемінің (төлемдерінің) мөлшері (мөлшерлері)

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      кестенің жалғасы:


Сақтандыру шарты бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервінің мөлшері (мөлшерлері):

Сақтандыру портфелін беруге келісім алу туралы мәліметтер (заңнамамен белгіленген жағдайларда)

Сақтандыру төлемінен (төлемдерінен) бас тартқан күн (күндер)

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві

Өмірді сақтандыру шарттары бойынша орын алмаған шығындар резерві

Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резерві

19

20

21

22

23

24

25








      Сақтандыру ұйымының бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның, уақытша басқарушы, уақытша әкімшілік (уақытша әкімші), тарату комиссиясы басшысының қолы

      _________________________________________

      (қолтаңба)

      Қол қойылған күн 20___жылғы "___" ___________________.

      Ескерту: осы қосымшаның 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандары тарату комиссиясы беретін сақтандыру портфелінің құрамына кіретін сақтандыру шарттары бойынша толтырылмайды.

  Сақтандыру портфелін беру
қағидаларына және сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
мәжбүрлеп тарату туралы
соттың шешімі заңды күшіне
енген күнінен бастап, сондай-ақ
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын консервациялау немесе
лицензиядан айыру кезінде
сақтандыру портфелін берудің
ерекшеліктеріне
3-қосымша
  Нысан

20____ жылғы "__" _______ №___________ Сақтандыру портфелін беру туралы шарт бойынша құжаттарды қабылдау-өткізу актісі

____________ қаласы

20____ жылғы "__" _______

      Сақтандыру портфелін беретін

      _______________________________________________________________________________,

      (атауы)

      сақтандыру ұйымы, бұдан әрі "1-тарап" деп аталатын,

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер әкесінің аты жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) арқылы бір жағынан және сақтандыру портфелін қабылдайтын

      ________________________________________________________________________________

      (атауы)

      сақтандыру ұйымы, бұдан әрі "2-тарап" деп аталатын,

      ________________________________________________________________________________

      (тұлғаның өкілеттіктерін айқындайтын құжаттың деректемелері) негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________________________

      (тұлғаның өкілеттіктерін айқындайтын құжаттың деректемелері)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      арқылы екінші жағынан бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, осы Сақтандыру портфелін беру туралы шарт бойынша Құжаттарды қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі – Акті) қол қою арқылы:

      1) осы Актіге қосымшаға сәйкес 1-тараптың құжаттарды бергенін, ал 2-тараптың қабылдағанын;

      2) 2-тараптың осы Актіге қосымшада көрсетілген құжаттар тізбесіне наразылықтарының жоқ екенін;

      3) Толтыру үшін мәліметтер:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандыру шарттары бойынша берілетін міндеттемелер мөлшері, сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін) немесе сақтанушының атауы (заңды тұлға үшін), сақтандыру шарты жасалған күн және оның нөмірі, сақтандыру шартының қолданылу мерзімі, сақтандыру кезеңі, сақтандыру объектісі, сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері көрсетіле отырып сақтандыру шарттарының тізбесі);

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (атауы, түгендеу нөмірі, баланстық (бар болса – бағалау) құны, сақтандыру ұйымының меншік құқығын растайтын құжаттар көрсетіле отырып сақтандыру ұйымының берілетін активтерінің мөлшері, тізбесі және түрлері (тарату комиссиясының сақтандыру портфелін беруін қоспағанда);

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (дебиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе атауы, дебиторлық берешектің сомасы ескерілген шоттардың нөмірлері, берешектің туындауына негіздеме көрсетіле отырып дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқығының құны мен тізбесі (тарату комиссиясының сақтандыру портфелін беруін қоспағанда);

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тарату комиссиясының сақтандыру портфелін беру кезінде кепілдік беру жөніндегі ұйым сақтандырушы-алушыға төлейтін ақша сомасы);

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (берілетін құжаттар (шарттар, куәліктер мен басқа да құжаттар).

      4) Акті күші бірдей екі данада жасалғанын және қол қойылғанын растайды;

      5) ______________________________________________________________________________

      __________________________________________.

      (қосымша мәліметтер (олар бар болса).

1-тарап:
_________________
(қолы)

2-тарап:
_________________
(қолы)