Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17884 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары;

      2) осы қаулыға 2 -қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі - облигациялар) (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу, облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтыруларды тіркеу, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, облигациялар шығарылымының күшін жою талаптары мен тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидалар инфрақұрылымдық облигацияларды, жеке орналастыруға жататын облигацияларды, айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигацияларды, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері- эмитенттердің облигацияларын (облигациялық бағдарламасын), халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды қоса алғанда, облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу ерекшеліктерін белгілейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-1. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу тәртібі

      3. Заңды тұлға-эмитент (бұдан әрі – эмитент) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде еркін нысанда жасалған өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ өзге де мәліметтер мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стандартында келтірілген.

      Эмитент өтінішті портал арқылы "жеке кабинетте" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақытын көрсетумен сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматтық түрде көрінеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-1. Эмитентті заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 2-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-2. Уәкілетті органның хат- хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері эмитенттің өтінішін қабылдауды, оны тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі-жауапты бөлімше) оның келіп түскен күні орындауға жіберуді жүзеге асырады. Эмитент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттардың қолданыс мерзімін тексеруді:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      эмитент бір мезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталуы фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақта белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және эмитентке жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту эмитентке электрондық құжат нысанында портал арқылы жіберіледі.

      Ескерту. 2-тарау 3-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3-3. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталмағаны анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жобасын дайындайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 12 (он екі) жұмыс күнінің;

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің;

      эмитент облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде;

      уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде;

      айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;

      жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның уәкілетті адамының қолын қойдырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда уәкілетті орган эмитентке мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ эмитентке алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында эмитентке "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ескерту. 2-тарау 3-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3-4. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылып тұрады.

      Ескерту. 2-тарау 3-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды уәкілетті органның жоғары лауазымды адамы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қарайды.

      Шағым уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған уәкілетті органның лауазымды адамына беріледі.

      Егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 3-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3-6. Уәкілетті органның басшысына жолданатын шағымда эмитенттің атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдауының растауы шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен алу орнын көрсетумен оны уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш білдірген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы эмитентке "жеке кабинеттен" жолдаған кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұрады.

      Ескерту. 2-тарау 3-6-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларының (облигациялық бағдарламасының) шығарылымын мемлекеттік тіркеу олардың қызметін реттейтін жарғының және (немесе) құжаттардың талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Эмитент қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшін эмитент Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа уәкілетті органға сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының көшірмесін ұсынады.

      6. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Эмитент Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабының 3-тармағында және 15-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларды, жеке орналастырылуға тиіс мемлекеттік емес облигацияларды шығару жағдайларын қоспағанда, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшін құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын Қазақстан Республикасының резиденті эмитент уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күнінде талап етілетін ең аз рейтингісін сақтай отырып, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) жүзеге асырған жағдайда осы эмитентте Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В" төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch рейтингтік агенттiктерінiң (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzB-" төмен емес рейтингі болады.

      10. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырған кезде бұл шама облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің деректері негізінде есептеледі, оң шама болып табылады және ол 10 (оннан) аспайды.

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырған кезде бұл шама облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қаржылық есептілігінің деректері негізінде есептеледі және ол 10 (оннан) аспайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Егер жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылса, ол облигациялар мынадай өтімділігі жоғары активтермен қамтамасыз етіледі:

      1) ақша;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      3) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;

      4) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

      5) базалық активі Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      6) қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары;

      7) базалық активі қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      8) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB-" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.

      Айналыс барысында бағалы қағаздардың және ипотекалық облигацияларды қамтамасыз етуге енгізілетін ақша құны қамтамасыз етудің жалпы құнынан 20 (жиырма) пайыздан аспауы тиіс.

      12. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуі осы эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар берілген күні бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста болған облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі уақытылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;

      2) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің зиянсыз қызметі немесе соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған, аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігінің негізінде есептелген ақшаның таза ағындары оң болып табылады;

      3) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар берілетін айдың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы.

      Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар берілетін айдың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттер жөнінде ақпарат болмаған жағдайда уәкілетті орган алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша пруденциялық нормативтер және өзге де нормалар мен лимиттер жөніндегі ақпаратты назарға алады;

      4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келуі (егер эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялардың қор биржасының сауда жүйесіндегі айналымы көзделген жағдайда).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:

      эмитенттің қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген;

      уәкілетті органның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы заңының 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіпте төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелеріне мәжбүрлі қайта құрылымдау жүргізу туралы шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген жағдайда қолданылмайды;

      дауыс беруші акцияларының кемінде елу пайызы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитентті қайта құрылымдау жүргізген жағдайларда;

      жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымына қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының талаптары банктің облигацияларын акцияға айырбасталатын реттелген облигациялар түрінде шығаруда қолданылмайды.";

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға бергенге дейін эмитент орталық депозитариймен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге арналған шарт жасайды.

      14. Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      14-1. Инвестициялық облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвестициялық облигацияны ұстаушының инвестициялық облигация бойынша қосымша сыйақы алуы басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиға (оқиғалар):

      эмитент кірісі мөлшерінің (облигацияларды орналастырудан алынған ақша инвестицияланатын жобадан түсетін кіріс мөлшерінің);

      Қазақстан Республикасындағы және (немесе) шетелдегі ұйымдастырылған сауда-саттықта айқындалған шикізаттың, металдың немесе өзге тауардың бірлігі бағасының, тауар индексі мәнінің;

      пайыздық мөлшерлемелер шамасының;

      туынды қаржы құралдары бағасының негізінде есептелетін мәндердің;

      ресми статистикалық ақпаратты құрайтын көрсеткіштер мәндерінің;

      қоршаған орта жағдайының табиғи, биологиялық және (немесе) химиялық көрсеткіштері мәндерінің;

      бір немесе бірнеше заңды тұлғаның немесе мемлекеттің өз міндеттерін (кепілгерлік шартын және сақтандыру шартын қоспағанда) орындамауын немесе тиісінше орындамауын көрсететін мән-жайлардың өзгеруі болып табылған жағдайда жүргізіледі.

      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу осы Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В" төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінің болуы;

      2) осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы халықаралық Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия ұйымының консультациялары, ынтымақтастығы және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойды;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болуы үшін талаптарды Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің орындауы;

      4) шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығарылымына рұқсаттың не Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент елінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні жөнінде көрсетілген органның хатының болуы;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге өтініш берген күнге дейінгі 3 (үш) ай ішіндегі кезеңде пруденциялық нормативтерді және тиісті қадағалау органы белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтауы (егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қаржы ұйымы болып табылса).

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу осы облигациялар бойынша сыйақы мен негізгі борышты төлеу шығарылым валютасында жүзеге асырылатын жағдайда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Облигациялардың номиналдық құнын және (немесе) сыйақы мөлшерлемелерін цифрлық (виртуалды) бірліктердің және (немесе) құны цифрлық (виртуалды) бірліктердің құнына (құнының өзгерісіне) байланысты болатын қаржы құралдардың құнына индекстеуге рұқсат етілмейді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін цифрлық (виртуалды) бірлік деп криптография құралдарын және (немесе) компьютерлік есептеулерді қолдана отырып жасалған және орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде есепке алынған цифрлық жазбаны білдіретін бірлік түсініледі.

      18. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган эмитенттің "жеке кабинетіне" және орталық депозитарийге электрондық форматта облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісін және электрондық құжат нысанында мыналарды жібереді:

      Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті – облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда;

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті – облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда;

      Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті – облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Эмитент айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті эмитенттің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20-1. Эмитент жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган эмитенттің "жеке кабинетіне" және орталық депозитарийге электрондық форматта жеке меморандумын және электрондық құжат нысанында мыналарды жібереді:

      Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті - жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда;

      Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті – облигациялық бағдарлама шегіндегі жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда.

      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган берген қағаз тасымалдағыштағы құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқан жағдайда, эмитент құжаттардың телнұсқасын және (немесе) көшірмелерін алу қажет болған кезде мыналарды:

      облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің) телнұсқасын;

      облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) көшірмелерін беру үшін уәкілетті органға өтініш береді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Уәкілетті орган эмитент бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні туралы мәліметтерді көрсете отырып және осы хабарламаның көшірмелерін қоса бере отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті берген кезде эмитентке жоғарыда көрсетілген құжаттардың телнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін береді.

      Уәкілетті орган эмитентке өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттардың телнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін береді.

3-тарау. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі

      24. Эмитент уәкілетті органға мыналар өзгерген жағдайда оларды тіркеу үшін облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектiсіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұсынады:

      1) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер - эмитент эмитенттің атауы мен оның орналасқан жерінің өзгергендігін растайтын құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер - егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған не эмитент осы шығарылымның барлық облигациясын бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда эмитенттің тиісті органдары немесе облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

      25. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектiсіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 4), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, егер аталған құжаттар облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер және (немесе) толықтырулар үшін құжаттар ұсынылған күнге дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабының 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      26. Уәкілетті орган облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды оларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      27. Уәкілетті орган эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда эмитентке облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу туралы ілеспе хатпен Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      28. Облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жарияланған облигациялар санының ұлғаюына әкеп соқтырмайтын жағдайда жүзеге асырылады.

      29. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген облигациялар шығарылымының талаптарын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, облигацияларды орналастыру мен айналысқа шығару облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу күнінен кейінгі күнге дейін тоқтатыла тұрады.

      30. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуден бас тартады.

3-1-тарау. Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30-1. Эмитент мыналар өзгерген жағдайда жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін уәкілетті органға ұсынады:

      1) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) қосымшаның 1-тармағында көрсетілген мәліметтер - эмитенттің атауының өзгергендігін растайтын құжаттарды эмитент алған күннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;

      2) Талаптарға қосымшалардың 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген мәліметтер - егер осы шығарылымның ешбір облигациясы орналастырылмаған не осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында немесе облигация ұстаушылардың жалпы жиналысында сатып алған жағдайда, эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.

      30-2. Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар;

      3) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып электрондық түрдегі жеке меморандум;

      4) шешімнің (хаттаманың) көшірмесі, оның негізінде жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі;

      5) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің түпнұсқасы (облигациялар саны азайған, мемлекеттік емес облигациялардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің тұрған жері өзгерген кезде) (оларды қағаз тасымалдағышта алған жағдайда);

      6) сот бекіткен және облигациялар шығарылымының талаптарын өзгерту қамтылатын қайта құрылымдау жоспарының көшірмесі (эмитент қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда).

      30-3. Уәкілетті орган жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды.

      Уәкілетті орган жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу туралы ілеспе хатпен бірге мыналарды эмитентке жібереді:

      1) мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өзгертілген куәлік (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің тұрған жері өзгерген кезде);

      2) егер енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлікте көрсетілген мәліметтерді өзгертуді көздемейтін жағдайда жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама;

      3) жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар.

      30-4. Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жарияланған облигациялар санының өсуіне алып келмейтін жағдайда жүзеге асырылады.

      30-5. Талаптарға қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көзделген облигацияларды шығару талаптарын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда облигацияларды орналастыру және айналысы жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен кейінгі күнге дейін тоқтатыла тұрады.

      30-6. Эмитент осы Қағидалардың 30-2-тармағында белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және құжаттарды қарау процесінде олардың Талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуден бас тартады.

4-тарау. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау тәртібі

      31. Эмитент немесе төлем агенті (эмитентте төлем агентімен шарт болған жағдайда) уәкілетті органға қарау және назарға алу үшін облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны облигациялар шығарылымының проспектісінде (жеке меморандумда) белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде ұсынады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Эмитент (төлем агенті) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау және назарға алу үшін уәкілетті органға Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 32-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      33. Уәкілетті орган облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарайды.

      34. Уәкілетті орган эмитенттің (төлем агентінің) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау және назарға алу үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда эмитентке (төлем агентіне) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаның назарға алынғаны туралы хат жібереді.

      35. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 32-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны назарға алмайды және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпарат пен құжаттарды ұсынудың қажеттілігі туралы хат жібереді.

5-тарау. Облигациялар шығарылымының күшін жою тәртібі

      36. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдайды.

      37. Уәкілетті орган осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінің және оларға қойылатын талаптардың 2-тармағына сәйкес эмитент облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жою үшін ұсынған құжаттарды оларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      38. Эмитент жарияланған облигациялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жояды және эмитентке ілеспе хатпен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікті жібереді.

      39. Таратылуы туралы мәліметтер Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінде қамтылатын эмитенттің облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінің және оларға қойылатын талаптардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды бермей-ақ қабылдайды.

      40. Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап облигациялар шығарылымының күші жойылады.

      Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген жағдайда деректер Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген күннен бастап эмитенттің облигациялар шығарылымының күші жойылады.

      41. Уәкілетті орган облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың барлық шығарылымының күшін жойған жағдайда эмитент уәкілетті органға облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің түпнұсқаларын қайтарады.

      42. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 30-1-бабы 2-тармағынның екінші бөлігінде белгіленген жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жоюдан бас тартады.

      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жоюдан бас тартылған жағдайда, эмитент уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға құжаттарды қайталап ұсынады.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін
жою қағидаларына
1- қосымша

"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Мыналарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарлама – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарлама және көрсетілетін қызметті алушы бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың бірінші шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге алынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге алынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі;
облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шығарылымының проспектісі;
облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі;
айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық форматта жеке меморандум; облигациялық бағдарлама шегінде жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық нысанда жеке меморандум не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялар шығарылымы, орналастыру, айналысы мен өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, саны және түрі, облигациялардың номиналдық құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер қамтылған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы туралы шешімінің электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі туралы мәліметтер қамтылған облигациялық бағдарлама шығарылымы туралы шешімінің көшірмесі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
3) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) электрондық нысанда (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
4) электрондық нысандағы жеке меморандум (жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылған жағдайда);
5) айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер электрондық нысанда (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайында);
6) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының (бар болса) электрондық көшірмесі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
7) банктің кепілдігімен қамтамасыз етілген инфрақұрылымдық, сондай-ақ мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы жағдайында, көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің бар екендігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
8) эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялар айналысы көзделген жағдайда, қор биржасының көрсетілетін қызметті алушының және олар шығаратын мемлекеттік емес облигациялардың көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік емес облигацияларын қор биржасының тізіміне енгізуге және онда болуына қатысты талаптарға сәйкес келу туралы қорытындысының электрондық көшірмесі, сондай-ақ қор биржасы листинг комиссиясының көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулер енгізу бойынша ұсынымдарының электрондық көшірмесі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы және жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
9) облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (егер облигациялар ұстаушылардың өкілімен шарт жасау міндеті "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) талаптарында көзделген және (немесе) оны жасауға көрсетілетін қызметті алушы бастама жасаған жағдайда) (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
10) облигацияларды ұйымдастырылған нарықта орналастыруды жоспарлайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және онда болу мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін ұйыммен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (егер мұндай ұйыммен шарт жасау міндеті Бағалы қағаздар рыногы туралы заң талаптарында көзделген жағдайда) (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
11) көрсетілетін қызметті алушының кірісін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушылар үшін олардың қатысушылары арасында бөлу тәртібінің электрондық көшірмесі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығару жағдайын қоспағанда);
12) көрсетілетін қызметті алушының соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің электрондық көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің электрондық көшірмелері (қайта құрылған көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда) (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымын қоспаған жағдайда);
13) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін ұсынылған жағдайда, соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі. Аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығы кезеңінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге аяқталған соңғы жылдың алдындағы екі жыл үшін қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесін және көрсетілген кезең үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебінің электрондық көшірмесін береді. Көрсетілетін қызметті алушы аяқталған қаржылық жыл үшін аудиторлық есепті және қаржылық есептілікті жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын және жеке орналастырылуға тиіс облигацияларды қоспаған жағдайда).
Егер осы тармақтың 6), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күнге дейін орналастырылған болса, бұл құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы ұсынбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушысы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу үшін қосымша мына құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент- көрсетілетін қызметті алушысы Қазақстан Республикасы бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушысының орналасқан жеріндегі мемлекет заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелгенін куәландыратын құжаттың дұрыстығын нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып электрондық көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент- көрсетілетін қызметті алушысының құрылтай құжаттарының дұрыстығын нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып электрондық көшірмелері;
3) шет мемлекеттің қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушысының мемлекеттік тіркеуге өтініш берілген күнге дейінгі үш айдағы кезеңде пруденциялық нормативтерді және бейрезиденттің уәкілетті органы белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) сақтауы туралы хаттың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушысы қаржы ұйымы болып табылса).
Көрсетілетін қызметті алушы соттың қайта құрылымдау жүргізу туралы шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан бөлек сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесін береді. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну талаптары мен тәртібін бұзуының және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы. Көрсетілген негізден бөлек көрсетілетін қызметті беруші мына жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының бастамасы бойынша ерікті делистингті қоспағанда, осы облигациялық бағдарлама шегінде жүзеге асырылған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының делистингі жүргізілсе;
2) облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыстағы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асқан жағдайда;
3) облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсыну күніне көрсетілетін қызметті алушы ол шығарған, қор биржасы тізімінде тұрған борыштық бағалы қағаздары жоқ және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Осы тармақтың екінші бөлігі қаржы ұйымына немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға қолданылмайды.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие. Порталда іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
1-1-қосымша

Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1.Азия даму банкі.

      2.Азия инфрақұрылымдық инвестициялар Банкі.

      3.Америкааралық даму банкі.

      4.Африка даму банкі.

      5.Еуразия Даму банкі

      6.Еуропа қайта құру және даму банкі.

      7.Еуропалық инвестициялық банк.

      8.Еуропалық Кеңестің Даму Банкі.

      9.Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы.

      10. Ислам даму банкі.

      11. Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.

      12. Скандинавия инвестициялық банкі.

      13.Халықаралық валюта қоры.

      14. Халықаралық даму қауымдастығы.

      15.. Халықаралық есеп айырысу банкі.

      16. Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы.

      17. Халықаралық қайта құру және даму банкі.

      18. Халықаралық қаржы корпорациясы.

  Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
(облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымы проспектісіне
(облигациялық бағдарлама
проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ жылғы "___" _________                              Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым_________________________________________________________

      (облигациялардың саны цифрмен және жазбаша,

      ______________________________________________ облигацияларға бөлінген,

      облигациялар түрі)

      оларға_______________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) берілген.

      Бір облигацияның номиналды құны______________________________________

      ____________________________________________________________________

      _______________________________________________________ теңге.

      (цифрмен және жазбаша)

      Облигациялар шығарылымының көлемі__________________________________

      (шығарылатын облигациялардың

      ________________________________________________________ теңге болады.

      жиынтықты номиналды құны цифрмен және жазумен)

      Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы

      куәлікті ауыстыру себебі (эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын

      мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Уәкілетті тұлға __________________ _____________________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

      Мөр орны (қағаз нысаны үшін)

  Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
(облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымы проспектісіне
(облигациялық бағдарлама
проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ жылғы "___" ___________                        Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге алды.

      Облигациялар шығарылымының көлемі _________________________________

      ________________________________________________________ теңге болады.

      (цифрмен және жазумен)

      Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне ____ нөмірімен енгізілген.

      Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі

      (эмитенттің облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Уәкілетті тұлға __________________ _____________________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

      Мөр орны (қағаз нысаны үшін)

  Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
(облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымы проспектісіне
(облигациялық бағдарлама
проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ жылғы "___"_____________                              Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      облигациялық бағдарлама шеңберінде мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (облигациялар саны цифрмен және жазумен, облигациялар түрі)

      ___________________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) берілген

      ___________________________________________________________________

      облигацияларға бөлінген.

      Бір облигацияның номиналды құны ____________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      _____________________________________________________________ теңге.

      (цифрмен және жазумен)

      Облигациялар шығарылымының көлемі _________________________________

      ___________________________________________________________________

      (шығарылатын облигациялардың жиынтықты номиналды құны

      ______________________________________________________ теңге болады.

      цифрмен және жазумен)

      Облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын

      мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (эмитент облигациялық бағдарлама

      шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті

      ауыстырған жағдайда толтырылады):

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      Уәкілетті тұлға __________________ _________________________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

      Мөрдің орны (қағаз нысаны үшін)

  Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
(облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымы проспектісіне
(облигациялық бағдарлама
проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ жылғы "___" _______________                        Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      _________________________________________________________________________

      (эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні, тіркеуші органның атауы,

      ____________________________________________________________________,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      тіркеген

      _____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы мен орналасқан жері)

      облигациялар шығарылымының күшін жойды.

      Шығарылым_________________________________________________________

      (мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________ тіркелген.

      тіркеген органның атауы, күні, айы, жылы)

      Шығарылым облигацияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірі

      (ІSІN коды) __________________________________________________________

      Шығарылым_________________________________________________________

      (облигациялардың саны цифрмен және

      ____________________________________________________________________

      жазбаша,облигациялар түрі)

      облигацияларға бөлінген.

      Облигациялар шығарылымының _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (күшін жою себебі)

      байланысты күші жойылды.

      Облигациялар шығарылымының күші ___________________________________

      ____________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      бастап жойылды деп есептелсін.

      Уәкілетті тұлға __________________ _________________________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

      Мөрдің орны (қағаз нысаны үшін)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
2-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарауға арналған құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектіне (облигациялық бағдарламаның проспектіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу өтінішіне, сондай-ақ облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаға эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті адам (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу өтінішінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім қамтылады.

      3-1. Жеке меморандум Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес жеке меморандумның құрылымына сәйкес жасалады.

      Жеке меморандум қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылған жағдайда жеке меморандум қазақ, орыс және эмитенттің қалауы бойынша ағылшын тілдерінде жасалады.

      Ескерту. Талаптар 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3-2. Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді және қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

      Ескерту. Талаптар 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Эмитент Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін:

      1) облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда - облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінің (облигацияларды жалғыз ұстаушы шешімінің) көшірмесін (сот шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда);

      2) егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған болса немесе осы шығарылымның барлық облигациясын эмитент сатып алған болса - эмитенттің тиісті органының облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.

      5-1. Талаптарға қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін мыналарды ұсынады:

      1) облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің (облигацияларды жалғыз ұстаушы шешімінің) көшірмесі (соттың шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда);

      2) егер осы шығарылымның бірде-бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент сатып алған жағдайда, эмитенттің тиісті органының жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы көшірмесі.

      Эмитент қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы жеке меморандумға өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.

      Жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалады. Қазақ және орыс тілдерінде жасалған, өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген жеке меморандум *pdf форматындағы электрондық көшірме түрінде ұсынылады.

      Ескерту. Талаптар 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Эмитент қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 12-бабының 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа эмитент сот бекіткен және облигациялар шығарылымының талаптарын өзгерту қамтылатын қайта құрылымдау жоспарының көшірмесін ұсынады.

      7. Хаттама немесе одан үзінді көшірме нысанында жасалған, облигациялар шығарылымы проспектісіне, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін көшірмесі уәкілетті органға ұсынылатын облигациялар ұстаушылардың (жалғыз облигация ұстаушының) жалпы жиналысының облигациялар шығарылымы проспектісіне, жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) эмитенттің атауы;

      2) проспектісіне немесе жеке меморандумына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні, осы шығарылымның облигацияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды);

      3) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;

      4) ұстаушылары облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысатын облигациялардың саны;

      5) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының кворумы;

      6) осы шығарылым облигацияларының 10 (оннан) астам пайызына ие облигациялар ұстаушылардың саны;

      7) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі;

      8) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;

      9) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса);

      10) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері;

      11) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қабылданған шешім.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Хаттама немесе одан үзінді көшірме нысанында жасалған, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін көшірмесі уәкілетті органға ұсынылатын эмитент органының облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) эмитенттің атқарушы органының атауы мен орналасқан жері;

      2) отырыс өткізілетін күні, уақыты мен орны (отырыс қатысып дауыс беру жолымен өткізілген жағдайда) немесе отырыс күні (сырттай дауыс берілетін жағдайда);

      3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған);

      4) отырыс кворумы;

      5) отырыстың күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты мәселелер;

      6) отырыстың күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері;

      7) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты мәселе бойынша қабылданған шешім;

      8) отырыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Эмитент органының шешімінен (хаттамасынан) үзінді-көшірмеге отырыстың хатшысы қол қояды.

      10. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталып ұсынылады.

      11. Құжаттардың көшірмелері эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Еншілес ұйымы (ұйымдары) бар эмитенттің ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 сәуірінедейінгі аралығындағы кезеңде облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеуге құжаттар беру алдында соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігі болмаған жағдайда, эмитент уәкілетті органға көрсетілген күнгі жағдай бойынша жеке қаржылық есептілікті ұсынады.

      Эмитент ұсынатын жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен зиян туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Эмитент ұсынатын аралық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен зиян туралы есептен тұрады.

      13. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент немесе халықаралық қаржы ұйымы уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу үшін ұсынатын қаржылық есептілікті ағылшын тілінде ұсынуға рұқсат етіледі.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны қарау үшін
құжаттарға қойылатын
талаптарға 1-қосымша

Жеке меморандумның құрылымы Құжаттың атауы: "Жеке меморандум"

      Ескерту. Талаптар қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Жазба: "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекетті тіркеуі инвесторларға мемлекеттік емес облигацияларды сатып алуға қатысты, жеке меморандумда сипатталған қандай да болсын ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжатта қамтылған ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген барлық ақпараттың дәйектілігін және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқтырмайтынын растайды.".

      1. Эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (болған жағдайда) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      2. Эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі, облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      2) бір облигацияның нақтылы құны (егер бір облигацияның нақтылы құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның нақтылы құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигацияның нақтылы құнының, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;

      4) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесінің және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.

      Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алу басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі.

      Облигацияларды өзге де мүліктік құқықтармен өтеу кезінде сыйақы және нақтылы құн төленген жағдайда, осы құқықтардың, олардың сақталуын қамтамасыз ету тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың сипаттамасы, сондай-ақ осы құқықтардың өту тәртібі келтіріледі;

      5) сыйақыны төлеу кезеңділігін және (немесе) сыйақыны төлеу күнін және сыйақыны алу тәсілін көрсете отырып, облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары;

      6) облигациялар айналысының басталу күні және мерзімі;

      7) облигацияларды өтеу күні және тәсілі.

      4. Эмитенттің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      5. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

      6. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты.

      Эмитент облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары көрсетіледі.

      "Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды жіктеудің және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттардың сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда (әлеуметтік жобаларды іске асыруды қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда ("жасыл" және әлеуметтік жобалардың комбинациясын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын орнықты даму міндеттерін іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:

      қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;

      егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың жіктелуіне және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру және (немесе) орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.

      Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда (сипаттамалары эмитенттің орнықты даму саласында өзі бұрын айқындаған мақсаттарға жетуіне қарай өзгеретін облигациялар):

      тұрақты даму саласында алдын ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер;

      көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;

      эмитент өзі белгілеген сипаттамалардың орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.

      Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.

      7. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар.

      8. Облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны қарау үшін
құжаттарға қойылатын
талаптарға 2-қосымша

Айналыста болу мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер құрылымы

      Ескерту. Талаптар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Эмитенттің толық және қысқартылған атауы қазақ, орыс және ағылшын (егер бар болса) тілдерінде.

      2. Эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      3. Эмитенттің уәкілетті органының айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні.

      4. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі, облигациялардың саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      2) номиналды құнын сипаттайтын валюта көрсетілген бір облигацияның номиналды құны;

      3) облигациялар айналысының басталу күні және мерзімі;

      4) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы төлеу мерзімі;

      6) облигацияларды өтеу күні.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
3-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Тізбе) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және көрсетілген құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) облигациялардың күшін жою негізін көрсете отырып, эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам) не қол қоюға уәкілетті адам (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қойған облигациялар шығарылымының күшін жою туралы өтініш;

      2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің органы шешімінің көшірмесі;

      3) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын), облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісін), облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқалары (оларды қағаз тасымалдағышта алған жағдайда) (жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жойылған жағдайды қоспағанда);

      4) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқалары (оларды қағаз тасымалдағышта алған жағдайда) (жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жойылған жағдайды қоспағанда);

      5) эмитенттің органы облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарийдің облигациялар ұстаушылардың жоқ екені туралы хабарламасы (егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда);

      6) сот бекіткен эмитентті қайта құрылымдау жоспарының көшірмелері (қаржы ұйымдарының, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымдардың қайта құрылымдау рәсімдері жүзеге асырылған жағдайда);

      7) эмитентті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің және сот бекіткен тарату балансының көшірмелері (эмитент мәжбүрлеп таратылған жағдайда).

      Облигациялар шығарылымын олардың айналыс мерзімі өткеннен кейін жою үшін эмитент уәкілетті органға Тізбенің 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты ұсынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Эмитент уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтып алған жағдайда, эмитенттің жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және бұл туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну талабымен Тізбенің 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес талап етілетін осы құжаттарды ұсынбайды.

      4. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталып ұсынылады.

      5. Құжаттардың көшірмелері эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою кезінде уәкілетті орган берген облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің түпнұсқасын жоғалтып алған жағдайда, эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын алу қажеттілігі болғанда уәкілетті органға облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің түпнұсқасын беру үшін өтініш береді.

      Эмитент жоғалған құжаттың жарамсыздығы туралы хабарламаны жариялаған бұқаралық ақпарат құралының атауы және күні жөніндегі мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті берген кезде уәкілетті орган эмитентке облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын береді.

      Уәкілетті орган өтініш алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде эмитентке облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын береді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
4-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі − облигациялар) шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу тәртібін айқындайды.

      2. Облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарламаның проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісі) халықаралық қаржы ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда, облигациялар шығарылымы проспектiсiндегі (облигациялық бағдарлама проспектiсiндегі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiндегі) мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне келтіріледі.

      4. Эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынуына дейінгі кемінде 1 (бір) аяқталған қаржы жылы бұрын жүзеге асырылған қайта құру жолымен эмитент қайта ұйымдастырылған жағдайда, облигациялар шығарылымы проспектiсiнде (облигациялық бағдарлама проспектiсiнде, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiнде) эмитент құқықтық мирасқоры болып табылатын заңды тұлғаның қаржылық есептілігін қоса бере отырып, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаны тіркеу күнінің алдындағы аяқталған 2 (екі) қаржы жылының мәліметтері қамтылады.

      5. Оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебі және оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқығын беру шарты облигациялар шығарылымы проспектісімен (облигациялық бағдарлама проспектісі) бірге ұсынылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) титул парағында мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарламаның проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі";

      2) облигациялық бағдарламаның көлемі (облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда);

      3) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      4) жазба:

      "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеуі инвесторларға проспектіде сипатталған мемлекеттік емес облигацияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген бүкіл ақпарат дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.

      Мемлекеттік емес облигациялар айналыста болған кезеңде эмитент Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.".

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Эмитент облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісін) уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылған жағдайда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің) өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың титул парағында мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар" немесе "Облигациялық бағдарламаның проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар" немесе "Облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар";

      2) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба:

      "Эмитенттің лауазымды тұлғалары мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарламаның, облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы) проспектісіне осы өзгерістерде және (немесе) толықтыруларда берілген бүкіл ақпарат дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.".

      10. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) тиісті тармақтары жаңа редакцияда жазылады.

      11. Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiне) өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға эмитенттің атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.

      12. Облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 2 (екі) данада жасалады. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) электрондық көшірме түрінде *pdf форматында ұсынылады.

      Қағаз тасымалдағыштағы облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар (қазақ және орыс тiлдерiнде) нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталып ұсынылады.

      13. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарлама еркін нысанда жасалады, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды, оған эмитенттің (төлем агентінің) атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды және уәкілетті органға бір данада қағаз тасымалдағышта ұсынылады.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны қарау үшін
құжаттарға қойылатын
талаптарға 1-қосымша

Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат

      1. Құрылтай құжаттарына сәйкес эмитент туралы ақпарат:

      1) эмитентті бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;

      2) эмитентті мемлекеттік қайта тіркеу күні (қайта тіркеу жүзеге асырылған жағдайда);

      3) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (бар болса) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      4) эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      5) егер эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) эмитентке қатысты құқықтық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      6) эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, заңды тұлғалардың филиалдарының (өкілдіктерінің) есептік тіркелуі туралы анықтамаға сәйкес олардың атаулары, тіркелген (қайта тіркелген) күндері, орналасқан жерлері және эмитенттің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің пошта мекенжайлары көрсетіледі;

      7) эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      8) ISO 17442 "Financial services - Legal Entity Identifier" (LEI) (Файнаншл сервисез – Легал Энтити Айдэнтифайер) халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier (Легал Энтити Айдэнтифайер) коды (бар болса).

      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және электрондық поштаның мекенжайы, сондай-ақ эмитенттің нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген эмитенттің орналасқан жерінен өзгеше болған жағдайда нақты мекенжайы көрсетілген эмитенттің орналасқан жері.

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналдық құны (егер бір облигацияның номиналдық құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      5) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      4 Орналастырылатын облигацияларды төлеу тәсілі.

      5. Облигациялар бойынша кіріс алу:

      1) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесінің және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.

      Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алу басталуына немесе бастамауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздері көрсетіле отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;

      2) сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      3) облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.

      6. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;

      2) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;

      3) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстарының тізбесі.

      7. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатордың қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы болатын талаптар;

      6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер;

      7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;

      8) талап ету құқықтары біртектілігінің өлшемшарттары;

      9) облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.

3-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары

      8. Облигацияларды орналастыру шарттары және тәртібі:

      1) облигацияларды орналастырудың басталған күні;

      2) облигацияларды орналастырудың аяқталған күні;

      3) онда облигацияларды орналастыру жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      9. Облигациялар айналысының талаптары және тәртібі:

      1) облигациялар айналысының басталу күні;

      2) облигациялар айналысының аяқталу күні;

      3) облигациялар айналысының мерзімі;

      4) облигациялар айналысы жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      10. Облигацияларды өтеу талаптары және тәртібі:

      1) облигацияларды өтеу күні;

      2) облигацияларды өтеу тәсілі;

      3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осындай құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің сипаттамасы және көрсетілген құқықтарды жүзеге асыруға құзыретті тұлғалар, сондай-ақ осы құқықтарға өтуді іске асыру тәртібі келтіріледі.

      11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары болған жағдайда:

      1) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібі, талаптары;

      2) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру мерзімі көрсетіледі.

4-тарау. Ковенанттар (шектеулер), олар бар болса

      12. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленген жағдайда:

      1) эмитент қабылдайтын және бағалы қағаздар рыногы туралы көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) ковенанттар (шектеулер) бұзылған кездегі эмитенттің іс-әрекетінің тәртібі;

      3) ковенанттар бұзылған кездегі облигация ұстаушылардың іс-әрекетінің тәртібі көрсетіледі.

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау талаптары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде)

      13. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасын белгілеу тәртібі, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 61-10-тармағында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк уәкілетті органның шешіміне сәйкес облигацияларды акцияларға айырбастау талаптарын көрсетеді.

6-тарау. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар эмитенті мүлкінің құнын көрсете отырып, осы мүлік туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша)

      14. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын эмитенттің мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      15. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

      16. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.

7-тарау. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты

      17. Облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары.

      "Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды жіктеудің және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттардың сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда (әлеуметтік жобаларды іске асыруды қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда ("жасыл" және әлеуметтік жобалардың комбинациясын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын орнықты даму міндеттерін іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:

      қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;

      егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың жіктелуіне және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру және (немесе) орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.

      Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда (сипаттамалары эмитенттің орнықты даму саласында өзі бұрын айқындаған мақсаттарға жетуіне қарай өзгеретін облигациялар):

      тұрақты даму саласында алдын ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер;

      көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;

      эмитент өзі белгілеген сипаттамалардың орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.

      Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.

      18. Эмитент бұрын орналастырған, айналыс мерзімі өткен облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төленетін облигацияларды шығару кезінде (эмитент сатып алған облигацияларды шегергенде) осы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

8-тарау. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленген құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер

      19. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан астам пайызын иеленген құрылтайшылар немесе ірі акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер:

      1) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін);

      2) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      3) құрылтайшыға немесе ірі акционерге (қатысушыға) тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) эмитенттің құрылтайшысы немесе ірі акционері (қатысушысы) дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан астам пайызына ие бола бастаған күні.

9-тарау. Эмитенттің басқару органы және атқарушы органы туралы мәліметтер

      20. Эмитенттің басқару органы туралы мәліметтер:

      1) директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің төрағасының және мүшелерінің (директорлар кеңесіндегі тәуелсіз директорды (директорларды) көрсете отырып) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) директорлар кеңесі немесе бақылау кеңесі мүшелерінің сайланған күні және олардың хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы еңбек жолы туралы мәліметтер;

      3) эмитенттің директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің дауыс беруші акцияларының пайыздық арақатынасы немесе эмитенттің бақылау кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) еншілес және тәуелді ұйымдарда эмитенттің директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      21. Эмитенттің алқалы органы немесе атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға:

      1) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе алқалы атқарушы орган басшысының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның немесе алқалы атқарушы орган мүшелерінің хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы еңбек жолы туралы мәліметтер;

      3) эмитенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаға немесе эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшесіне тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      22. Егер эмитенттің атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілген болса, онда мыналар көрсетіледі:

      1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауы, оның орналасқан жері;

      2) басқарушы ұйымның атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не басқарушы ұйымның алқалы атқарушы органы мүшелерінің және директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың сайланған күні және хронологиялық тәртіппен соңғы 2 (екі) жылдағы еңбек жолы туралы мәліметтер;

      4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлестерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      Осы тармақтың талаптары акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.

10-тарау. Эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

      23. Эмитент қызметінің түрлері:

      1) қызметтің негізгі түрі;

      2) маусымдық сипатқа ие қызмет түрлерін және эмитенттің жалпы кірісіндегі олардың үлесін көрсете отырып эмитент қызметі түрлерінің қысқаша сипаттамасы;

      3) эмитенттің бәсекелестерi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;

      4) эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне оң және теріс ықпал ететін факторлар;

      5) эмитенттің лицензиялары (патенттері) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде эмитент демеушілік көрсететін зерттеу әзірлемелеріне кеткен шығындар туралы ақпарат;

      6) эмитентке жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және эмитент экспортқа сататын (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сатылатын өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;

      7) оның қатысуымен өткен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, эмитент қызметінің тоқтатылу немесе өзгеру, эмитенттің активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан артық пайыз мөлшерінде одан ақшалай және өзге міндеттемелерді өндіріп алу тәуекелімен байланысты сот процестеріне эмитенттің қатысуы туралы мәліметтер;

      8) эмитенттің қызметіне ықпал ететін басқа тәуекел факторлары.

      24. Эмитент өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын көлемде оның тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

      25. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің активтері.

      26. Эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) эмитенттің алдындағы берешегі эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитент дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жақын арадағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      27. Эмитенттің эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын кредиторлық берешегі:

      1) эмитент кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      28. Эмитент левереджінің шамасы.

      Эмитенттің левередж шамасы соңғы әр аяқталған екі қаржы жылының соңғы күніндегі жағдай бойынша, сондай-ақ облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттің қаржылық есептілігі проспектінің ажырамас бөлігі болса - облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі.

      29. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігі негізінде есептелген, соңғы аяқталған екі қаржы жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны.

      30. Облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер (өтелген және жойылған облигациялар шығарылымын қоспағанда):

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының мемлекеттік тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

      орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және олардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      егер қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын орналастыру не айналысқа енгізу тоқтатыла тұрған (жаңартылған) жағдайда, осындай шешімдер қабылдаған мемлекеттік орган, оларды қабылдау негіздемесі мен күні көрсетіледі;

      сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауларын қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздары айналыста болатын нарықтар;

      бұдан бұрын шығарылған, айналыстағы облигациялардың әрбір түрімен оларды ұстаушыларға берілетін құқықтар, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсете отырып, шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар.

11-тарау. Эмитент және оның орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары туралы қосымша мәліметтер

      31. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:

      1) эмитенттен облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген облигацияның номиналды құнының мерзімін алу не өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша облигациялардың номиналды құнының белгіленген пайызын не облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;

      2) эмитенттің облигацияларды, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;

      3) өзге құқықтар.

      32. Басталған кезде эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялау ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәлімет:

      1) басталған кезде эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялау ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар;

      3) эмитенттің орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелердің орындалмау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін болатын іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметтерден тұратын дефолт фактісі туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушыларға жеткізу тәртібі, мерзімі және тәсілдері;

      4) эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (осындай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.

      33. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін эмитенттің қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      34. Эмитенттің орналастырылатын облигацияларды сатып алуына байланысты тәуекелдер:

      1) салалық тәуекелдер - эмитенттің саласындағы оның қызметіне бағалы қағаздар бойынша нашарлауы мүмкін жағдайының әсері және міндеттемелерін орындауы сипатталады. Эмитенттің пікірі бойынша, салада болуы мүмкін аса маңызды (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) өзгерістер келтіріледі.

      Эмитенттің өз қызметінде қолданатын шикізатқа, қызметтерге бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады.

      Эмитенттің өніміне және (немесе) қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады;

      2) қаржы тәуекелдері - эмитенттің қаржылық жағдайының пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруіне, шетел валюталарының айырбас бағамына, сондай-ақ бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының нарықтық бағасына байланысты тәуекелдерге ұшырауын сипаттайды.

      Эмитенттің қаржылық активтердің және эмитенттің қаржылық міндеттемелерінің теңгерімсіздігінен туындайтын, эмитенттің өз міндеттемелерін толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге дәрменсіздігі (оның ішінде эмитенттің бір немесе бірнеше контрагенттерінің қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындамауы салдарынан) және (немесе) эмитенттің қаржы міндеттемелерін дереу және бір реттік орындауына болжанбаған қажеттіліктің туындауы салдарынан болған эмитенттің шығындарымен байланысты тәуекелдер бөлек сипатталады.

      Эмитенттің қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің қайсысы қаржылық тәуекелдердің ықпалы, олардың пайда болуы ықтималдығы және есептіліктегі өзгерістердің сипаты нәтижесінде өзгеріске аса шалдыққыш екені көрсетіледі;

      3) құқықтық тәуекел – эмитенттің мыналардың:

      Қазақстан Республикасының валюталық, салықтық, кедендік заңнамасының өзгеруі;

      эмитенттің негізгі қызметіне қойылатын лицензиялау талаптары;

      эмитенттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және жасалған шарттардың талаптарын сақтамауы;

      қызметті жүзеге асырудағы жіберілген құқықтық қателіктер (дұрыс емес заң консультациясын алу немесе құжаттарды дұрыс жасамау, соның ішінде сот органдарындағы даулы мәселелерді қарастыру кезінде) салдарынан шығынға ұшырау тәуекелін сипаттайды;

      4) іскерлік беделінен айырылу тәуекелі (бедел тәуекелі) - эмитенттің қаржылық тұрақтылығы, қаржылық жағдайы, оның өнім (жұмыс, қызмет) сапасы немесе жалпы қызмет сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан эмитент клиентінің (контрагенттерінің) санының азаюы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені суреттеледі;

      5) стратегиялық тәуекел – эмитенттің қызмет және даму стратегиясын (стратегиялық басқаруын) анықтайтын шешімдерді қабылдау кезінде жіберілген қателік (кемшілік) нәтижесінде туындауы мүмкін және эмитенттің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал катерді есепке алмағанында немесе тиісті түрде есепке алмағанында білінетін, эмитент бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болуы мүмкін қызметінің келешегі бар бағыттарын дұрыс емес немесе толық негіздемесіз белгіленгенін, эмитент қызметінің стратегиялық мақсатына қолжеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қажетті ресурстардың (қаржылық, материалды-техникалық, адами) және ұйымдастыру шараларының (басқару шараларының) жоқ екенін немесе толық көлемде қамтамасыз етілмегенін көрсететін тәуекел;

      6) эмитенттің қызметіне байланысты тәуекел – тек эмитентке тән немесе қоғамның жүргізетін негізгі қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты тәуекелдер сипатталады, оның ішінде мынаған байланысты тәуекелдер:

      эмитенттің белгілі бір қызмет түрін жүргізуге немесе айналыста болуы шектелген объектілерді (оның ішінде табиғи ресурстарды) пайдалануға лицензияның қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігінің болмауы;

      эмитенттің үшінші тұлғалардың, оның ішінде эмитенттің еншілес қоғамдарының борыштары бойынша ықтимал жауапкершілігі;

      айналымына эмитент өнімін (жұмысын, қызметін) сатудан түскен жалпы түсімінен кем дегенде 10 пайызы тиесілі болатын тұтынушыдан айырылу ықтималдығы;

      7) елдік тәуекел − экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты шетелдік контрагенттердің (заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың) міндеттемелерін орындамау салдарынан, сондай-ақ ақшалай міндеттеменің валютасы контрагент үшін өз резиденттік елінің заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты қол жетімді болмауы салдарынан (контрагенттің өзінің қаржылық жағдайына қарамастан) эмитенттің шығынға ұшырау қаупін сипаттайды;

      8) операциялық тәуекел − эмитенттің қызметкерлері жол берген, ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктер немесе қателер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан болатын шығыстар (шығындар) тәуекелін сипаттайды;

      9) экологиялық тәуекелдер – климаттық және экологиялық факторларға байланысты, эмитенттің қызметіне ықпал етуге қабілетті тәуекелдерді сипаттайды.

      35. Эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат:

      1) эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар, эмитенттің бұл ұйымдардағы рөлі (орны), функциялары және қатысу мерзімі көрсетіледі;

      2) эмитенттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар өзге мүшелерінен аса тәуелді болса, осындай тәуелділіктің сипаты толық баяндалады.

      36. Эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғалары болған жағдайда, осындай әр заңды тұлға бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), орналасқан жері;

      2) заңды тұлғаны эмитентке қатысты еншілес және (немесе) тәуелді деп тану негіздері;

      3) егер еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлға акционерлік қоғам болған жағдайда, эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің көлемі - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      37. Эмитент жарғылық капиталының он және одан көп пайызына иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер (осы қосымшаның 36-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларды қоспағанда), әрбір сондай ұйымды көрсете отырып:

      толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса), орналасқан жері;

      эмитенттің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай ұйым акционерлік қоғам болған жағдайда - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      38. Эмитенттің кредиттік рейтингтері туралы мәліметтер:

      1) кредиттік рейтингті беру объектісі (эмитент, эмитенттің бағалы қағаздары);

      уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) тіркеуге құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі кредиттік рейтингтің мәні;

      кредиттік рейтинг берген ұйымның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

      эмитент өзінің қалауы бойынша көрсететін кредиттік рейтинг туралы өзге де мәліметтер көрсетіледі;

      2) эмитенттің бағалы қағаздары кредиттік рейтинг берілген объект болған жағдайда халықаралық сәйкестендіру нөмірі (код ISIN) және ол берілген күн, сондай-ақ кредиттік рейтинг берген рейтингтік агенттіктің атауы қосымша көрсетіледі.

      39. Эмитенттің облигацияларын ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигациялар шығарылған жағдайда):

      1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      40. Эмитенттің төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық атауы;

      2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кірістерді (облигациялардың номиналды құнын) төлейтін барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, деректемелері;

      3) эмитенттің төлем агентімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      41. Эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) эмитенттің акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;

      3) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғамен эмитенттің жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      Егер, эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, эмитенттің басқа консультанттары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      42. Эмитенттің аудиторлық ұйымы туралы мәліметтер:

      1) тиісті аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып, эмитенттің соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылы үшін қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы (бар болса).

      43. Осы қосымшаның 19, 20, 21 және 22-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес эмитенттің үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғалары:

      1) жеке тұлға үшін – эмитенттің үлестес тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) заңды тұлға үшін – эмитенттің үлестес тұлғасының толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      Егер осы заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері;

      3) оларды эмитенттің үлестес тұлғаларына жатқызудың негізі және эмитентпен үлестес болған күн.

      Эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін, заңды тұлға болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғасына қатысты қосымша:

      эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);

      эмитентке тиесілі жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы орналастырылған акциялардың немесе қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық қатынасы;

      эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның негізгі қызмет түрлері;

      эмитент осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы акциялардың немесе акциялардың он немесе одан да көп процентін иеленген күн;

      заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін өзге қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері.

      Арнайы қаржы компаниясы облигацияларды шығарған кезде, үлестестікті тану және оның пайда болу күнін көрсете отырып, секьюритилендіру мәмілесіне тараптардың үлестес екені туралы ақпаратты ашып көрсетеді.

      Егер эмитенттің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күніне дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған болса, онда осы тармақты эмитент толтырмайды.

      44. Эмитенттің облигациялар шығарылымына және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығындарының сомасы, сондай-ақ осы шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

      45. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеген кезде осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 31, 32, 33, 39, 40, 41 және 44-тармақтары толтырылмайды.

      46. Тұрақтандыру банкі осы қосымшаның 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарын толтырмайды.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны қарау үшін
құжаттарға қойылатын
талаптарға 2-қосымша

Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Облигациялар шығарылымы облигациялық бағдарламаның проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатыны туралы ақпарат (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес эмитенттің толық атауы (Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті үшін) немесе заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын өзге құжатқа сәйкес (Қазақстан Республикасының резидент эмитенті үшін) эмитенттің толық атауы).

      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:

      1) облигациялық бағдарлама проспектісін мемлекеттік тіркеу күні;

      2) облигациялық бағдарламаның шығарылымы жүзеге асырылатын шегіндегі көлемі;

      3) облигациялық бағдарлама шегіндегі барлық алдыңғы облигациялар шығарылымдары туралы мәліметтер (осы облигациялық бағдарлама шегіндегі әр шығарылым бойынша бөлек жеке), оның ішінде:

      облигациялар шығарылымын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) тіркеу күні;

      облигациялардың түрі және саны;

      шығарылымның номиналды құны бойынша көлемі;

      орналастырылған облигациялар шығарылымының саны;

      облигацияларды орналастыру кезінде тартылған ақша көлемі;

      осы облигациялар шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақы сомасы;

      сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың саны;

      эмитенттің облигацияларды ұстаушылардың алдында өз міндеттемелерін орындамаған фактісі туралы мәлімет (облигациялар бойынша сыйақы төлемегені (төлемін кешіктіргені), орындалмаған міндеттемелер көлемі және оларды орындау мерзімін ұзарту туралы ақпаратты қоса, облигациялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасы;

      облигациялар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын орналастыру не айналысы тоқтатылған (жаңартылған) болса, сондай шешімді қабылдаған мемлекеттік орган, негіздемесі және оны қабылдаған күні көрсетіледі;

      облигациялар айналысы жүретін нарықтар, сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауларын қоса алғанда;

      ұстаушылардың айналысындағы облигациялармен ұсынылатын құқықтары, соның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде жүзеге асырылған және ұстаушылардың аталған құқықтарын жүзеге асыру тәртібі көрсетілген, ұстаушылармен жасалған сатып алу-сату шарттарымен қарастырылған құқықтары.

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болып табылса, онда бір облигацияның номиналды құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      5) облигациялар бойынша номиналды құнының валютасы, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      4. Орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі.

      5. Облигациялар бойынша кіріс алу:

      1) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесі және ол болған жағдайда қосымша сыйақы;

      Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алуға байланысты басталған немесе басталмаған оқиғалар туралы ақпарат көздері көрсетілген облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;

      2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңділігі және (немесе) сыйақы төлеу күні;

      3) облигациялар бойынша сыйақыны есептеу басталған күн;

      4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      5) облигациялар бойынша сыйақыны есептеуге қолданылатын уақыт кезеңі.

      6. Жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақшаның түсу талаптары және болжамды мерзімдері;

      2) облигацияларды ұстаушыларға негізгі шарт бойынша құрылған мүліктің меншік иегерінің ауысқаны туралы, кредиторлардың өкілдерін арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізу және олардың өкілеттіктері туралы ақпарат ұсыну тәртібі;

      3) бөлінген активтердің есебінен жүзеге асырылатын жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты арнайы қаржы компаниясы шығыстарының тізбесі.

      7. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы талаптар;

      6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер;

      7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;

      8) талап ету құқықтары біртектілігінің өлшемшарттары;

      9) облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.

      8. Облигацияларды орналастыру талаптары және тәртібі:

      1) облигацияларды орналастырудың басталған күні;

      2) облигацияларды орналастырудың аяқталған күні;

      3) облигацияларды орналастыру жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      9. Облигацияларды айналысқа жіберу талаптары және тәртібі:

      1) облигацияларды айналысқа жіберудің басталған күні;

      2) облигацияларды айналысқа жіберудің аяқталған күні;

      3) облигациялардың айналыс мерзімі;

      4) облигацияларды айналысқа жіберу жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      10. Облигацияларды өтеу талаптары және тәртібі:

      1) облигацияларды өтеу күні;

      2) облигацияларды өтеу тәсілі;

      3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің сипаттамасы және көрсетілген құқықтарды жүзеге асыруға құзыретті тұлғалар, сондай-ақ осы құқықтарға өтуді іске асыру тәртібі келтіріледі.

      11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша талаптары болған жағдайда:

      1) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібі, талаптары;

      2) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру мерзімі көрсетіледі.

      12. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленген жағдайда:

      1) эмитент қабылдайтын және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) ковенанттар (шектеулер) бұзылған кезде эмитент іс-әрекетінің тәртібі;

      3) ковенанттар бұзылған кезде облигация ұстаушылар іс-әрекетінің тәртібі көрсетіледі.

      13. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрі, саны және орналастыру бағасын белгілеу тәртібі, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

      Банктер туралы заңның 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк уәкілетті органның шешіміне сәйкес облигацияларды акцияларға конвертациялау талаптарын көрсетеді.

      14. Эмитенттің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      15. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

      16. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.

      17. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты.

      Эмитент облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары көрсетіледі.

      "Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда облигацияларды орналастырудан, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды жіктеуден алынған ақшаны нысаналы пайдалануға және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру саласындағы халықаралық деп танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда (әлеуметтік жобаларды іске асыруды қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда ("жасыл" және әлеуметтік жобалардың комбинациясын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын орнықты даму міндеттерін іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:

      қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;

      егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың жіктелуіне және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру және (немесе) орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.

      Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда (сипаттамалары эмитенттің орнықты даму саласында өзі бұрын айқындаған мақсаттарға жетуіне қарай өзгеретін облигациялар):

      тұрақты даму саласында алдын ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер;

      көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;

      эмитент өзі белгілеген сипаттамалардың орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.

      Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.

      18. Эмитент бұрын орналастырған (эмитент сатып алған облигацияларды шегергенде), айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

      19. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:

      1) эмитенттен облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген облигацияның номиналды құнының мерзімін алу не өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша белгіленген облигациялардың номиналды құнының пайызын не облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықты алу құқықтары;

      2) эмитенттің облигацияларды, соның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде қарастырылған ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;

      3) өзге құқықтары.

      20. Туындаған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәлімет:

      1) туындаған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар;

      3) эмитенттің орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелердің орындалмау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін болатын іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметтерден тұратын дефолт фактісі туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушыларға жеткізу тәртібі, мерзімі және тәсілі;

      4) эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (осындай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.

      21. Облигацияларды өтеу сәтіне дейін сыйақыларды төлеудің әрбір кезеңі бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті эмитенттің ақша қаражатының көздері мен ағындарының болжамы.

      22. Эмитенттің облигацияларын ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигациялар шығарылған жағдайда):

      1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;

      3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      23. Эмитенттің төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық атауы;

      2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кірістерді (облигациялардың номиналды құнын) төлейтін барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, деректемелері;

      3) эмитенттің төлем агентімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      24. Эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар туралы заңға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;

      3) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғамен эмитенттің жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      Егер, эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, эмитенттің басқа консультанттары туралы мәліметтер көрсетіледі.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны қарау үшін
құжаттарға қойылатын
талаптарға 3-қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің атауы және орналасқан жері туралы ақпарат

      1. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің оның орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитенті туралы ақпарат:

      1) осындай құжатты берген Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің елі органының атауын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналасқан жеріндегі елдің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде құрылғанын және тіркелгенін растайтын құжаттың күні мен нөмірі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қазақша, орысша және ағылшынша толық және қысқаша атауы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      4) егер Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, олардың атаулары, тіркелген күндері, орналасқан жерлері және Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің почта мекенжайлары көрсетіледі;

      6) ISO 17442 "Financial services – Legal Entity Identifier" (Файнаншл сервисез – Легал Энтити Айдэнтифайер) халықаралық стандарттарына сәйкес (бар болса) Legal Entity Identifier (Легал Энтити Айдэнтифайер) коды.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналасқан жері, байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің электрондық почта мекенжайы, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің нақты мекенжайы Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналасқан мекенжайынан бөлек болса нақты мекенжайы.

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      5) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      4. Орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі.

      5. Облигациялар бойынша кіріс алу:

      1) облигациялар бойынша негізгі сыйақы және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.

      Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алудың басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;

      2) сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні.

      3) облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.

3-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары

      6. Облигацияларды орналастыру шарттары мен тәртібі:

      1) облигацияларды орналастыру басталған күн;

      2) облигацияларды орналастыру аяқталған күн;

      3) облигацияларды орналастыру жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      7. Облигациялардың айналысы шарттары мен тәртібі:

      1) облигациялардың айналысы басталған күн;

      2) облигациялардың айналысы аяқталған күн;

      3) айналыс мерзімі;

      4) облигациялардың орналастыру жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      8. Облигацияларды өтеу шарттары мен тәртібі:

      1) облигацияларды өтеу күні;

      2) облигацияларды өтеу тәсілі;

      3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары келтіріледі.

      9. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары болған жағдайда:

      1) облигацияларды сатып алу құқығын сату тәртібі, шарттары;

      2) облигацияларды сатып алу құқығын сатып өткізу мерзімі.

4-тарау. Болған жағдайда ковенанттар (шектеулер)

      10. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңында көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленбеген болса:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті қабылдайтын және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңында көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің іс-әрекет ету тәртібі;

      3) ковенанттарды бұзған кезде облигациялар ұстаушылардың іс-әрекет ету тәртібі.

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде)

      11. Айырбасталатын облигацияларды шығару кезінде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын атын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасы, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастау аяқталған күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

6-тарау. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі болып табылатын облигациялар эмитенті – Қазақстан Республикасының бейрезидентінің мүлкі туралы осы мүліктің (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша) құны көрсетілген мәліметтер

      12. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      13. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

7-тарау. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты

      14. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары.

      "Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды жіктеудің және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру саласындағы халықаралық деңгейде танылған қағидаттар мен стандарттардың сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда (әлеуметтік жобаларды іске асыруды қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда ("жасыл" және әлеуметтік жобалардың комбинациясын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын орнықты даму міндеттерін іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:

      қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;

      егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың жіктелуіне және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру және (немесе) орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкес келмейтін болса, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитент қолданатын шаралар.

      Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда (сипаттамалары эмитенттің орнықты даму саласында өзі бұрын айқындаған мақсаттарға жетуіне қарай өзгеретін облигациялар):

      тұрақты даму саласында Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитентімен алдын ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер;

      көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитент өзі белгілеген сипаттамалардың орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.

      Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.

      15. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті бұрын орналастырған (Қазақстан Республикасының бейрезидент- эмитенті сатып алған облигацияларды шегергенде), айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

8-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер

      16. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер:

      1) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін);

      2) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      3) құрылтайшыға немесе ірі акционерге (қатысушыға) тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) құрылтайшы немесе ірі акционер (қатысушы) дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан көп пайызына ие болған күн.

9-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің басқару және атқару органдары туралы мәліметтер

      17. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің органдары.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті органдарының құрылымы мен жеке құрамы және олардың Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті мемлекетінің заңнамасына, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің құрылтай және басқа ішкі құжаттарына сәйкес құзыреті көрсетіледі.

10-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

      18. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қызметінің түрлері:

      1) негізгі қызмет түрі;

      2) науқандық сипаттағы қызметінің түрлерін және олардың эмитенттің жалпы кірісіндегі үлесін көрсете отырып, эмитенттің қызметі түрлерінің қысқаша сипаттамасы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне жағымды немесе жағымсыз әсер ететін факторлар;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінде бар лицензиялар (патенттер) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті демеуші болатын зерттеу әзірлемелеріне шығындар туралы ақпарат;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті экспортқа өткізетін (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өткізілетін өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қатысуымен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайыз көлемінде ақшалай және де міндеттемелерді өндіріп алу, оның Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметін тоқтату немесе өзгерту тәуекеліне байланысты сот процестеріне қатысуы туралы мәліметтер;

      8) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметіне әсер тиетін тәуекелдің басқа факторлары.

      19. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өздері өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын көлемде тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

      20. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің активтері.

      21. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті алдындағы берешегі Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      22. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті міндеттемелерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің кредиторлық берешегі:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      23. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қызметінен оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі негізінде есептелген соңғы аяқталған қаржы жылында алынған ақша қаражатының таза ағыны.

      24. Облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін оның қаржылық есептілігі негізінде есептелген (өтелген және күші жойылған облигация шығарылымдарынан басқа) Қазақстан Республикасының бейрезиденті эмитенттің барлық тіркелген борыштық бағалы қағаздарының шығарылымдары туралы мәліметтер:

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, түрі және номиналды құны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының мемлекеттік тіркелу нөмірі және мемлекеттік тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

      орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және осылардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздардың орналастырылуы немесе айналысы тоқтатылған (жаңартылған) болса, сондай шешімді қабылдаған мемлекеттік орган, негіздемесі және оны қабылдаған күні көрсетіледі;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздары айналыстағы нарықтары, оның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларының атаулары;

      ұстаушылардың айналысындағы бұрын шығарылған облигациялардың әр түрімен ұсынылатын құқықтары, соның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде жүзеге асырылған және ұстаушылардың аталған құқықтарын жүзеге асыру тәртібі көрсетілген, ұстаушылармен жасалған сатып алу - сату шарттарымен қарастырылған құқықтары.

      25. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті инвесторлар үшін маңызды деп есептейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қызметі туралы басқа да ақпарат.

11-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті және оның орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары туралы қосымша мәліметтер

      26. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінен облигациялар шығарылымы проспектісінде қарастырылған облигацияның номиналды құнының мерзімін алу немесе өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша белгіленген облигациялардың номиналды құнының пайызын немесе облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықты алу құқықтары;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды, соның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде қарастырылған ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде осы құқықты жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;

      3) өзге құқықтар.

      27. Туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:

      1) туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қабылдайтын шаралар, облигациялар ұстаушылардың облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін қоса, оның ішінде міндеттемені қайта құрылымдау тәртібі және талаптары;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды ұстаушыларының назарына орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін іс-әрекеттерінің тізбегі, облигацияларды ұстаушылардың Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметі бар дефолт фактісі туралы ақпаратты жеткізу тәртібі, мерзімі мен әдісі;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (сондай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.

      28. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      29. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналастыратын облигацияларды сатып алуға байланысты тәуекелдер:

      1) салалық тәуекелдер - Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің саласындағы оның қызметіне және оның бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына нашарлауы мүмкін жағдайының әсері сипатталады. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің пікірі бойынша, салада болуы мүмкін аса маңызды өзгерістер (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) келтіріледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің өз қызметінде пайдаланатын шикізатқа, қызметтерге бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады.

      Эмитенттің өніміне және (немесе) қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсер бөлек сипатталады;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталарын айырбастау бағамының өзгеруімен байланысты, пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталарын айырбастау бағамының, сондай-ақ бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарына нарықтық бағалардың қолайсыз өзгеруіне байланысты тәуекелдерге ұшырағыштығы сипатталады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржы активтерi мен қаржы мiндеттемелерiнің теңгерімсіздігі нәтижесінде туындайтын эмитенттің өз міндеттемелерін толық көлемде қамтамасыз етуге қабілетсіздігі салдарынан (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бір немесе бірнеше контрагенттерінің қаржы міндеттемелерін уақтылы орындамауы салдарынан) және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің өз қаржы міндеттемелерін дереу және біржолғы орындау қажеттілігінің көлденең туындауы салдарынан залалдың туындау тәуекелдері бөлек сипатталады.

      Қаржы тәуекелдерінің әсері нәтижесінде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржылық есептілік көрсеткіштерінің қайсысы өзгеріске аса шалдыққыш екені, олардың пайда болу ықтималдығы және есептілікте өзгеру сипаты көрсетіледі;

      3) құқықтық тәуекел – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің мыналардың:

      Қазақстан Республикасының валюталық, салықтық, кедендік заңнамасының өзгеруі;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің негізгі қызметіне қойылатын лицензиялау талаптары;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және жасалған шарттардың талаптарын сақтамауы;

      қызметті жүзеге асырудағы жіберілген құқықтық қателіктер (дұрыс емес заң консультациясын алу немесе құжаттарды дұрыс жасамау, соның ішінде сот органдарындағы даулы мәселелерді қарастыру кезінде) салдарынан шығынға ұшырау тәуекелін сипаттайды;

      4) іскерлік беделінен айырылу тәуекелі (бедел тәуекелі) – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржылық тұрақтылығы, қаржылық жағдайы, оның өнім (жұмыс, қызмет) сапасы немесе жалпы қызмет сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент клиентінің (контрагенттері) санының азаюы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені сипатталады;

      5) стратегиялық тәуекел – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызмет және даму стратегиясын (стратегиялық басқаруын) анықтайтын шешімдерді қабылдау кезінде жіберілген қателік (кемшілік) нәтижесінде туындауы мүмкін және Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал катерді есепке алмағанында немесе тиісті түрде есепке алмағанында білінуі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болуы мүмкін қызметінің келешегі бар бағыттарын дұрыс емес немесе толық негіздемесіз белгіленуі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметінің стратегиялық мақсатына қолжеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қажетті ресурстардың (қаржылық, материалды-техникалық, кадрлық) және ұйымдастыру шараларының (басқарушылық шешімдердің) жоқтығы немесе толық көлемде қамсыздандырылмауы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені сипатталады;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметіне байланысты тәуекел - тек Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне тән немесе жүргізетін негізгі қызмет түріне байланысты тәуекелдер сипатталады, оның ішінде мынаған байланысты тәуекелдер:

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің белгілі бір қызмет түрін жүргізуге немесе айналыста болуы шектелген объектілерді (соның ішінде табиғи ресурстарды) пайдалануға лицензияның қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігінің жоқтығы;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің үшінші тұлғалардың, соның ішінде қоғамның еншілес ұйымдарының борыштары бойынша мүмкін жауапкершіліктері;

      айналымына Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент өнімін (жұмысын, қызметін) сатудан түскен жалпы түсімінен кем дегенде 10 (он) пайызы келетін тұтынушыдан айырылу ықтималдығы;

      7) елдік тәуекел – экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты шетелдік контрагенттердің (заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың) міндеттемелерін орындамау салдарынан, сондай-ақ ақшалай міндеттеменің валютасы контрагент үшін өз резидент елінің заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты қол жетімді болмауы салдарынан (контрагенттің өзінің қаржылық жағдайына қарамастан) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің шығынға ұшырау қаупін сипаттайды;

      8) операциялық тәуекел – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметкерлері жасаған ішкі процестерді жүзеге асырудағы кемшіліктер немесе қателер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан болатын шығындар (шығындар) тәуекелін сипаттайды;

      9) экологиялық тәуекелдер – эмитенттің қызметіне әсер етуге қабілетті климаттық және экологиялық факторларға байланысты тәуекелдер сипатталады.

      30. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бұл ұйымдардағы рөлі (орны), функциялары және қатысу мерзімі атап көрсетіледі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар өзге мүшелерінен аса тәуелді болса, бұл жағдай атап көрсетіледі және мұндай тәуелділіктің сипаты толық баяндалады.

      31. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғалары болған жағдайда, осындай әр заңды тұлға бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), орналасқан жері;

      2) заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне қатысты еншілес және (немесе) тәуелді деп тану негіздері;

      3) егер еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлға акционерлік қоғам болған жағдайда, заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің көлемі – сондай акционерлік қоғамның заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      32. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызына иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер (ұйымдардың қатысу үлестері), әрбір сондай ұйымды көрсете отырып:

      толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай ұйым акционерлік қоғам болған жағдайда - сондай акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      33. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің кредиттік рейтингі туралы мәліметтер:

      1) кредиттік рейтингті беру объектісі (Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздары);

      облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын тіркеуге уәкілетті органға құжаттар тапсыратын күннің алдындағы күнгі кредиттік рейтингтің мәні;

      кредиттік рейтингті берген ұйымның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жеке қарауы бойынша көрсететін кредиттік рейтинг туралы өзге де мәліметтер көрсетiледi;

      2) кредиттік рейтинг берілген объект болып Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздары табылған жағдайда, қосымша халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) мен оның берілген күні, сондай-ақ кредиттік рейтингті берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі.

      34. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды ұстаушыларының өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды шығарған жағдайда):

      1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) облигацияларды ұстаушылар өкілімен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      35. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің төлем агенті (бар болса) туралы мәліметтер:

      1) төлем агентінің толық атауы;

      2) төлем агентінің және бағалы қағаздар бойынша кіріс (облигациялардың номиналды құны) төлемін жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондары, деректемелері;

      3) төлем агентімен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      36. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөнінде шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің өзге де консультанттары туралы мәліметтер, егер Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, осы тармақта көрсетіледі.

      37. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің аудиторлық ұйымы туралы мәліметтер:

      1) аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылында Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржы есебінің аудитін олардың тиісінше тіркелген кәсіптік ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы (бар болса).

      38. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызына жанама дауыс беру немесе шартқа орай не өзге түрде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәліметтер, көрсетілген тұлғалар туралы мынадай ақпаратты жариялаумен:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), орналасқан жері (жеке тұлға үшін);

      бірінші басшының толық атауы, орналасқан жері, қызмет түрі (түрлері), тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (заңды тұлға үшін);

      қосымшаның осы тармағына сәйкес оларды Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің үлестес тұлғаларына жатқызу негіздемесі мен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентімен үлестес болып бастаған күні көрсетiледi.

      39. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымына және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығындарының сомасы, сондай-ақ осы шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

      40. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеген кезде осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 26, 27, 28, 34, 35, 36 және 39-тармақтары толтырылмайды.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымы проспектісін
(облигациялық бағдарлама
проспектісін), мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны жасау
және ресімдеу қағидаларына
4-қосымша

12 (он екі) айдан аспайтын өтініш беру мерзімімен облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымы

      1. Эмитенттің құрылтай құжаттарына сәйкес эмитент туралы ақпарат:

      1) эмитенттің бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;

      2) эмитентті мемлекеттік қайта тіркеу күні (егер қайта тіркелген болса);

      3) эмитенттің толық және қысқартылған атауы қазақ, орыс және ағылшын (егер бар болса) тілдерінде;

      4) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      5) ISO 17442 халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier коды "Financial services - Legal Entity Identifier" (LEI) (бар болса).

      2. Эмитенттің байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін, сондай-ақ, егер қоғамның нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген мекенжайдан ерекшеленетін болса, эмитенттің нақты мекенжайын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес эмитенттің орналасқан жері.

      3. Эмитенттің негізгі қызмет түрі.

      4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды берген жағдайда соңғының алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептіліктің деректеріне сай меншікті капитал мөлшері.

      5. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды берген жағдайда соңғының алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептіліктің деректеріне сай жарғылық капитал мөлшері.

      6. Эмитенттің халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) мен қосылған күні көрсетілген, қор биржасының ресми тізіміне қосылған айналымдағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары туралы мәліметтер.

      7. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға эмитенттің атынан қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      8. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) облигациялардың саны;

      3) номиналды құнын сипаттайтын валюта көрсетілен бір облигацияның номиналды құны;

      4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      5) облигациялар айналысы басталған күн (бар болса);

      6) болжалды өтеу күні;

      7) облигацияларды қамтамасыз ету (қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда);

      8) облигациялардың айналыс мерзімі;

      9) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

      10) облигациялар бойынша сыйақы төлеу мерзімі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
5-қосымша

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13789 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15274 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісін) жасау және рәсімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 211 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15979 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісін) жасау және рәсімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 2 маусымдағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17231 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).