Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 және "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 желтоқсанда № 17872 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т.. қараңыз

      2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 2-тармағына, 25-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында № 7 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      11-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әрбір АХЖ-9 және АХЖ-10 коды үшін қорытынды бөліктелген іріктеме, алдын ала іріктемеден қалыптасып, әрбір медициналық мекемеде 30-50% құрайды (жылына 30-дан төмен және 120-дан жоғары жағдайда)";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын, "Байқоңыр" кешені ресейлік ұйымдарының жұмыскерлері болып табылмайтын және "Байқоңыр" кешенінің аумағында уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына Ресей Федерациясының федералдық медициналық ұйымдары көрсететін, олардың қызметтеріне ақы төлеу Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 31 мамырдағы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде (бұдан әрі - ТМККК) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесіндегі медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру алгоритмін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) амбулаториялық-емханалық көмектің (бұждан әрі - АЕК) базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі - түзету коэффициенттерін есепке алмай, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) пен консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) нысандарында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін есептеу құны;

      2) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті - түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, МСАК пен КДК нысандарында көрсетілген ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есептік құны;

      3) АЕК көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі - АЕК КЖН) - АЕК КЖН кепілдік берілген компонентінен және КЖН ынталандырушы компонентінен тұратын "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "БХТ" АЖ) тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққанда ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің құны;

      4) ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті - түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, бекітілген ауыл тұрғындарына көрсетілетін ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;

      5) ауыл тұрғындарына ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі - ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) - құрамында ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті мен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бар, "БХТ" АЖ-да тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегендегі ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі қызметтер кешенінің құны;

      6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыратын, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемде және талаптар бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды, төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      7) базалық мөлшерлеме - ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өлшеу бірлігі үшін алынған қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;

      8) бір адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғанға және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен бір иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі - АИТВ) жұқтырғанға және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (бұдан әрі - ЖИТС) ауыратын науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі АИТВ-ны жұқтырғандарға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратындарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;

      9) бір онкологиялық науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен АХЖ-10 кодтары бойынша лимфа және қан жасау тіндерінің қатерлі ісіктерімен ауыратын және қан, қан жасау органдарының аурулары бар науқастарды және онкологиялық аурулары бар он сегіз жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, "Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде тіркелген, бір онкологиялық науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер кешенінің құны;

      10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) емделіп шығу жағдайы - пациентке стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын шарттарда емдеуге жатқызылған сәттен бастап жазылып шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;

      12) жыныстық-жастық түзету коэффициенті - халықтың әр түрлі жыныстық-жастық санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтарды есепке алатын коэффициент;

      13) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі - КЖНЫК) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларымен (бұдан әрі - № 429 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген) айқындалған тәртіпте түпкілікті нәтижеге қол жеткізілген индикаторлар негізінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;

      14) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі - КШТ) - емдеу шығындары бойынша ұқсас клиникалық біртекті аурулардың топтары;

      15) коммуналдық және басқа шығыстар (бұдан әрі - КБШ) - жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, кеңсе тауарларын сатып алуға, іссапар шығыстарына, ағымдағы жөндеуге, үй-жайды жалға алуға, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүккәмал және басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар;

      16) медициналық-экономикалық тариф (бұдан әрі - МЭТ) - ТМККК шеңберінде онкологиялық аурулары бар он сегіз жасқа дейінгі балаларға стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне ақы төлеу үшін клиникалық хаттамалар негізінде қалыптасатын бір емделіп шығу жағдайы үшін орташа құн;

      17) МСАК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив - МСАК нысанындағы бір адамға есептегендегі шығындардың нормасы;

      18) психикалық белсенді затты тұтынудан туындаған психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар бір науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінің "Наркологиялық науқастардың тіркелімі" кіші жүйесінде (бұдан әрі - ННТ) тіркелген психикалық белсенді затты тұтынудан туындаған психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі психикалық белсенді затты тұтынудан туындаған психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;

      19) психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар бір науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінің "Психикалық науқастардың тіркелімі" кіші жүйесінде (бұдан әрі - ПНТ) тіркелген психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;

      20) тариф - ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызмет бірлігінің немесе медициналық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;

      21) тарификатор - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық қызметтердің тарифтері;

      22) төсек-күн - науқастың стационар шарттарында өткізген күні;

      23) туберкулезбен ауыратын бір науқасқа кешенді тариф - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінің "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі" кіші жүйесінде (бұдан әрі - ТАНҰТ) тіркелген туберкулезбен ауыратын бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберіндегі туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;

      24) түзету коэффициенттері - осы Әдістемеге сәйкес тарифті түзету мақсатында уәкілетті орган қолданатын коэффициенттер;

      25) учаскелік қызметтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі - УҚЫК) - кадрлардың біліктілігін арттыру сертификаты бар және артериялық гипертензия (бұдан әрі - АГ), созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі (бұдан әрі - СЖЖ), қант диабеті (бұдан әрі - ҚД) ауруларымен ауыратын, динамикалық бақылауды қажет ететін пациенттердің кемінде 10%-ын қамтумен және (немесе) жүкті әйелдердің, босанған әйелдердің, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың 10%-ын қамтумен прогрессивті тәсіл бойынша патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін енгізген МСАК субъектілерінің қызметкерлерін ынталандыруға қосымша ақы;

      26) шығын сыйымдылығы коэффициенті - КШТ-ның базалық мөлшерлеме құнына шығын дәрежесін айқындайтын коэффициент;

      27) электрондық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті субъект - қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталатын және осы ақпараттық денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын (электрондық денсаулық сақтау) және медициналық статистиканы (бұдан әрі - ақпараттандыру субъектісі) жетілдіру бөлігінде қызметін жүзеге асыратын және құқықтық қатынастарға түсетін ұйым;

      28) "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесі - диспансерлік науқастарды уақтылы анықтау, тұрақты байқау және сауықтыру бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      29) "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінің "Наркологиялық науқастардың тіркелімі" кіші жүйесі (бұдан әрі - ННТ) - психикалық белсенді затты тұтынудан туындаған психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      30) "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінің "Психикалық науқастардың тіркелімі" кіші жүйесі (бұдан әрі - ПНТ) - психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      31) "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінің "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі" кіші жүйесі (бұдан әрі - ТАНҰТ) - туберкулезбен ауыратын науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      32) "Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ОНЭТ) - онкологиялық патологиясы бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. АЕК КЖН айына "БХТ" АЖ-да МСАК субъектісіне тіркелген бір бекітілген тұрғынға айқындалады және АЕК КЖН кепілдік берілген компонентінің, КЖНЫК-нің және УҚЫК-нің теңгедегі қосындысы болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. УҚЫК есептеу осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады";

      43-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спсих.орт.тізім. - психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар бір науқасқа арналған кешенді тарифті есептеу кезінде қабылданған психикасы мен мінез-құлықтық ауытқуы бар науқастардың жылдық орташа тізімдік саны.";

      47-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сорт.тізім.нарко - ПБЗ тұтыну тудырған психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар бір науқасқа арналған кешенді тарифті есептеу кезінде қабылданған ПБЗ қабылдау әсерінен психикасы мен мінез-құлықтық ауытқуы бар науқастардың жылдық орташа тізімдік саны.";

      бұйрықтың мемлекеттік тілдегі мәтінінде 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына ЖРВТ-де тіркелген бір айдағы туберкулезбен ауыратын науқастарға кешенді тарифті есептеу формуласы бойынша жүзеге асырылады:

      Kттуб = (Vтуб.қар.жыл/ Стуб.орт.тізім.жыл) / m, мұнда:

      Vтуб.қар.жыл - алдағы жылға қаржы жылына арналған туберкулезге қарсы науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін қаржыландыру;

      Стуб.орт.тізім.жыл - туберкулезбен ауыратындардың жылдық орташа тізімдік саны, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      Стуб.орт.тізім.жыл = (Стуб.бас. + Стуб.бас. х Қөсім/ 100) / 2,

      Стуб.бас. - қаржы жылының басында ТАНҰТ-та тіркелген туберкулезбен ауыратындардың саны;

      Қөсім - формула бойынша анықталады соңғы үш жылда туберкулезбен ауыратын науқастар орташа өсу қарқыны:

      Қөсім = (Стуб.соң. (n1)туб.бас. (n1) х 100 + Стуб.соң. (n2)туб.бас. (n2) х 100 + Стуб.соң. (n3) / Стуб.бас. (n3) х 100)/3, мұнда:

      Стуб.бас. - (n1,2,3) кезең үшін жылдың басында ТАНҰТ-та тіркелген туберкулезбен ауыратын науқастар саны соңғы үш жылда;

      Стуб.соң. - (n1,2,3) кезең үшін жыл соңында ТАНҰТ-та тіркелген туберкулезбен ауыратын науқастар саны соңғы үш жылда;

      m - қаржылық жылдағы айлар саны, оның барысында туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қаржыландыру қарастырылатын боладыық-диагностикалық шараларды қамтамасыз ету.";

      бұйрықтың мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакциядағы 51-тармақпен толықтырылсын:

      "51. Оларға ақы төлеу туберкулезбен ауыратын бір науқасқа арналған кешенді тариф бойынша жүзеге асырылатын, туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық әлеуметтік көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін қаржыландыру көлемін есептеу, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Vтуб. қарж. = Стуб.орт.тізім. х КТтуб, мұнда:

      Стуб.орт.тізім - туберкулезбен ауыратын бір науқасқа арналған кешенді тарифті есептеу кезінде қабылданған туберкулезбен ауыратындардың жылдық орташа тізімдік саны.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. ЖК көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін айына бір тұрғынға ЖК-ге арналған жан басына шаққандағы нормативті есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЖШНЖК(субъект) = (ЖШНорт.ЖКҚР * ЖТКЖК + ЖШНорт.ЖКҚР * (Кобл.тығыз. - 1) + ЖШНорт.ЖКҚР * (Кобл.жылу - 1) + ЖШНорт.ЖКҚР * (Кауыл.обл. - 1)) х Көңір ЖКсубъект ЖК + Vэкол.ЖК / Ссубъект / m, мұнда:

      ЖТКЖК - субъект бойынша халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖТКЖК = ∑ (СЖК k/n х ЖТКЖК(n))/ Ссубъект, мұнда:

      Ссубъект - "БХТ" АЖ-да тіркелген субъектіге бекітілген халықтың саны;

      СЖК k/n - n нөмірлі жастық-жыныстық топқа жататын k нөмірлі халықтың "БХТ" АЖ-да тіркелген жедел жәрдем көрсету субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      ЖТКЖК(n) - n нөмірлі жастық-жыныстық топтың Амбулаториялық-емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативін есептеудің кешенді формуласына кестеге сәйкес жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенті.

      Субъектіге бекітілген халықтың саны мен халықтың жыныстық-жастық құрамы халықты ерікті бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе айдың соңғы күніндегі ахуал бойынша "БХТ" АЖ-ның базасындағы халық жөніндегі деректердің негізінде айқындалады, олар алдағы қаржы жылы ауыл тұрғындарына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылады.

      Vэкол_қр - Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына және ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес экологиялық апатты аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақыны төлеуге арналған қаражаттың жылдық көлемі.

      Кобл.тығыз. - осы Әдістеменің 1-қосымшасындағы 4-тармағына сәйкес формула бойынша айқындалатын осы облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша халық тығыздығының коэффициенті;

      Кобл.жылу - осы Әдістеменің 1-қосымшасындағы 5-тармағына сәйкес формула бойынша айқындалатын облыс (республикалық маңызы бар қала мен астана) үшін жылу беру маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Кауыл.обл. - облыстар үшін ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті;

      Кауыл.обл. = 1+0,25 х (Сауылобл. х ЖҮауыл), мұнда:

      ЖҮауыл - ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеу шығындарының үлесі.

      Республикалық маңызы бар қала мен астанаға арналған ауылдық елді мекенде жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті 1,0-ге тең.

      ЖШНорт.ЖК(қр) - түзету коэффициенттерін есепке алмай айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын, Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен бір айда "БХТ" АЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға арналған ЖК базалық жан басына шаққандағы норматив, және мына формула бойынша есептеледі:

      ЖШНорт.ЖК(қр)=ЖШНорт.ЖК(қр)/ЖТКқр+(Ктығыз.қр -1)+(Кжылыту.қр -1)+ (Кауыл.қр -1), мұнда:

      ЖШНорт.ЖК(қр) - экологиялық апатты аймақтарда үстемеақы төлеуге арналған қаражатты қоспағанда, алдағы қаржы жылына ел бойынша айына бір тұрғынға шаққандағы ЖК орташа жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖШНорт.ЖК(қр) = (VСП_қр - Vэкол_қр)/Сқр / m, мұнда:

      VЖК(қр) - халыққа ЖК көрсету үшін ел бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      Сқр - халықты еркін бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе есепті кезеңнің алдағы қаржы жылына немесе қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын айының соңғы күніндегі ахуал бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, барлық МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      КөңірЖК - тарифті түзету және аталған өңірде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ҚР өңірі үшін белгіленетін түзету коэффициенті, мына формула бойынша есептеледі:

      КөңірЖК = (Vөңір қарж.өңір ЖК) / (ЖШНбазЖКҚР *(ЖТКҚР +(Кобл.тығыз -1)+ (К обл.жылу -1)+(Кауыл -1))

      Көңір - ЖК көрсетуге өңір үшін белгіленетін түзету коэффициенті;

      Vөңір қарж. - халыққа ЖК көрсетуге өңірге қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      Сөңір ЖК - өңірдің бекітілген халқының саны;

      Түзету коэффициентінің мөлшерін есептеуді және оны бекітуді уәкілетті орган жүзеге асырады;

      Ксуб.ЖК - тарифті түзету мақсатында денсаулық сақтау субъектісі үшін белгіленетін түзету коэффициенті, ол мына формула бойынша айқындалады:

      Ксуб ЖК = VЖКсуб.қарж./(ЖШНорт.ЖКРК * (ЖТКҚР+(Кобл.тығыз -1) + (Кобл.жылу-1) + (Кауыл-1))*СЖКсуб)

      Vсуб.қарж. - денсаулық сақтау субъектісін қаржыландырудың жоспарлы көлемі;

      СЖКсуб - денсаулық сақтау субъектісі халқының саны.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті осы Әдістеменің 3-тармағына сәйкес МСАК, КДК, стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек, жедел медициналық көмек нысандарында көрсетілетін медициналық көмектің, оның ішінде дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік түрлері бойынша ауыл тұрғындарына ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер кешенін қамтамасыз ету бойынша ауыл субъектісінің қызметімен байланысты шығындарды қамтиды.

      Ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінің мөлшері медициналық көмектің нысандары (МСАК, КДК, стационарды алмастыратын көмек, стационарлық көмек, жедел медициналық көмек) бойынша ауыл субъектілерінің құрылымына байланысты белгіленеді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Ауыл субъектілері үшін бір айға ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      КЖНауыл = КЖНауыл кепіл. + Sжнык, мұнда:

      КЖНауыл - айына "БХТ" АЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив;

      Sжнык - айына "БХТ" АЖ-да тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ЖНЫК сомасы;

      КЖНауыл кепіл. - айына "БХТ" АЖ-да тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      КЖНауыл кепіл.= (КЖНмсакбаз.х ЖТКауыл+ КЖНмсакбаз.хобл.тығыз-1)+КЖНмсакбаз х (Кобл.жылу-1)+ КЖНмсак баз. х(Кобл.ауыл-1)) х Кауыл субъектісі + ЖНбаз.ЖК ҚР х ЖТКауыл + ЖНбаз.ЖК ҚР х (Кобл.тығыз-1) + ЖНбаз.ЖК ҚР х (Кобл.жылу-1) + ЖНбаз.ЖК ҚР х(Кауыл.обл.-1)+V ауыл_эколауыл/m + (Vск/сат_ауылауыл/m) х Кауыл субъектісі + Vмектеп_ауылауыл/m + VЖК_ауылауыл/m + Vтамақ_ауылауыл/m, мұнда:

      КЖНбаз.МСАК - Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес формула бойынша есептелетін түзету коэффициенттері есепке алынбай айқындалған, бір айда "БХТ" АЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив;

      Сауыл - осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны немесе "БХТ" АЖ-да тіркелген, МСАК көрсетпейтін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі - ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны);

      ТМККК шеңберінде ауыл субъектісіне бекітілген халық саны есепті кезең айының соңғы күніндегі ахуал бойынша ерікті бекіту науқанының нәтижесі бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген халықтың саны бойынша анықталады.

      МӘМС жүйесінде ауыл субъектісіне бекітілген халық саны есепті кезең айының соңғы күніндегі ахуал бойынша Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушылар ретінде тіркелген халықтың саны бойынша анықталады.

      ТМККК шеңберінде ауыл субъектісіне бекітілген халық саны есепті кезең айының соңғы күніндегі ахуал бойынша Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы жоқ халықтың саны бойынша анықталады.

      Vмектеп_ауыл - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында МСАК көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13392 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 85 бұйрық) МСАК субъектісіне тіркелген интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарында оқитындарға медициналық көмек көрсету бойынша білім беру ұйымының медициналық пункті қызметіне байланысты республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде шығындарды өтеуге арналған ауыл субъектісі үшін көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

      ЖТКЖК - субъекті бойынша халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖТК ЖК = ∑(СЖК k/n х ЖТКЖК(n))/ Ссубъект, мұнда:

      Ссубъект - "БХТ" АЖ-да тіркелген, субъектіге бекітілген халықтың саны;

      СЖК k/n - "БХТ" АЖ-да тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны, n нөмірлі жыныстық-жастық топқа жататын халықтың k нөмірі;

      ЖТКЖК (n) - амбулаториялық-емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативін есептеудің кешенді формуласына кестеге сәйкес n нөмірлі жыныстық-жастық топтың жыныстық-жастық түзету коэффициенті.

      ЖШНбаз.ЖК(қр) - түзету коэффициенттерін есепке алмай айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын, Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын бір айда "БХТ" АЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға арналған ЖК базалық жан басына шаққандағы норматив, және мына формула бойынша есептеледі:

      ЖШНбаз.ЖК(қр) = ЖШНорт.ЖК(қр) / ЖТКқр+(Ктығыз.қр-1) + (Кжылыту.қр -1) + (Кауыл.қр -1), мұнда:

      ЖШНбаз.ЖК(қр) - экологиялық апатты аймақтарда үстемеақы төлеуге арналған қаражатты қоспағанда, алдағы қаржы жылына ел бойынша айына бір тұрғынға шаққандағы ЖК орташа жан басына шаққандағы нормативтің орташа компоненті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖШНорт.ЖК(қр) = (VСП_қр - Vэкол_қр)қр / m, мұнда:

      VЖК(қр) - халыққа ЖК көрсету үшін ел бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      Сқр - халықты еркін бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе есепті кезеңнің алдағы қаржы жылына немесе қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын айының соңғы күніндегі ахуал бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, барлық МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      Vтамақ.ауыл - № 666 бұйрыққа сәйкес амбулаториялық деңгейде мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етумен байланысты шығындарға ақы төлеуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың шегінде көзделген жылдық қаражат көлемі;

      ЖТКауыл - ауыл субъектісі бойынша халықтың МСАК-ты тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖТКауыл = ∑ (Сауыл k/n х ЖТКауыл (n))/ Сауыл, мұнда:

      Сауыл k/n - "БХТ" АЖ-да тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны, n нөмірлі жыныстық-жастық топқа жататын халықтың k нөмірі;

      ЖТК ауыл (n) - Амбулаториялық-емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативін есептеудің кешенді формуласына кестеге сәйкес n нөмірлі жыныстық-жастық топ халқының медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті.

      Ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны мен халықтың жыныстық-жастық құрамы халықты ерікті бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе айдың соңғы күніндегі ахуал бойынша "БХТ" АЖ-ның базасындағы халық жөніндегі деректердің негізінде айқындалады, олар алдағы қаржы жылы ауыл тұрғындарына ТМККК қызметтерінің кешенін көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылады.

      Кобл. тығыз. - осы Әдістеменің 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес формула бойынша айқындалатын осы облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша халық тығыздығының коэффициенті;

      Кобл. жылу - осы Әдістеменің 1-қосымшаның 5-тармағына сәйкес формула бойынша айқындалатын облыс (республикалық маңызы бар қала мен астана) үшін жылу беру маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Кауыл.обл. - облыстар үшін ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті;

      Кауыл.обл. = 1+0,25 х (Сауылобл. х ЛАауыл), мұнда:

      ТҮауыл - ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеу шығындарының үлесі.

      Республикалық маңызы бар қала мен астана үшін ауылдық елді мекенде жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті 1,0-ге тең;

      Кауыл субъектісі - халқының саны аз болған жағдайда, тығыздығы төмен аумағы анағұрлым көп және Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен басқа аумақтық ерекшеліктер жағдайында тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ауыл субъектісі үшін белгіленетін түзету коэффициенті. Түзету коэффициентінің мөлшерін есептеуді және оны бекітуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Vэкол_ауыл - Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы мен ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, ауыл субъектілеріне экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген жылдық қаражаттың көлемі;

      V ск/сат_ауыл - бекітілген халыққа стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге арналған ауыл субъектісі үшін қаражаттың жылдық көлемі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Vск/сат_ауыл = Vск/сат_ауыл/обл./ПСск/сат_ауыл/обл.хЕЖ ск/сат_ауыл + Vдқ, мұнда:

      Vск/сат_ауыл/обл - алдағы қаржы жылына ауыл тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі;

      Vдқ - республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың шегінде стационардан шығарылған тірі туғандарды № 666 бұйрыққа сәйкес сәбиді күтіп қарауға арналған жиынтықпен (жаңа туған нәрестенің дәрі қобдишасын) қамтамасыз етумен байланысты шығындарды төлеуге көзделген облыс бойынша жылдық қаражат көлемі;

      ЕЖ ск/сат_ауыл/обл. - алдағы қаржы жылына ауыл тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде облыс бойынша жоспарланатын емделіп шығу жағдайларының саны, ол емделіп шығу сомасы (ЕЖ ск/сат_ауыл) ретінде барлық ауыл субъектілері бойынша айқындалады;

      ЕЖ ск/сат_ауыл - алдағы қаржы жылына бекітілген халыққа стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде ауыл субъектісі бойынша жоспарланатын емделіп шыққан жағдайлардың саны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЕЖ ск/сат_ауыл = ЕЖ ск/ауыл + ЕЖ ск/ауыл х % қарқыны ск/ауыл + ЕЖсат/ауыл + ЕЖ сат/ауыл х % қарқынысат/ауыл, мұнда:

      ЕЖ ск/ауыл - бектіліген халық арасында стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген ауыл субъектісінің өткен жылға емделіп шыққан жағдайлардың саны;

      ЕЖ сат/ауыл - бектіліген ауыл тұрғындары арасында стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген ауыл субъектісінің өткен жылға емделіп шыққан жағдайлардың саны;

      % қарқыны ск/ауыл, % қарқынысат/ауыл - алдағы қаржы жылына тиісті жоспарланатын стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің пайызда көрсетілген өсу немесе төмендеу қарқыны;

      Кауыл субъектісі - халқының саны аз болған жағдайда, тығыздығы төмен аумағы анағұрлым көп және Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен басқа аумақтық ерекшеліктер жағдайында тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ауыл субъектісі үшін белгіленетін түзету коэффициенті. Түзету коэффициентінің мөлшерін есептеуді және оны бекітуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

      m - ауыл субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны.";

      1-қосымшаның 1-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз төртінші, қырық бесінші, жүз қырқыншы абзацтарын, осы бұйрықтың 2-тармағының отыз алтыншы, елу тоғызыншы, алпыс бірінші және жетпіс алтыншы абзацтардың аралығындағы абзацтарды, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 2-тармағының қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық төртінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық тоғызыншы, жетпіс сегізінші, сексенінші, сексен екінші, сексен төртінші, сексен бесінші абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 6 желтоқсан
№ ҚР ДСМ-35 бұйрығына
қосымша
  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде
көрсетілетін медициналық
қызметтерге арналған
тарифтерді қалыптастыру
әдістемесіне
3-қосымша

Амбулаториялық-емханалық көмек учаскелік қызметінің ынталандырушы компонентін есептеудің кешенді формуласы

      1. Кадрлардың біліктілігін арттыру сертификаты бар және жұмысына АББ немесе патронажды енгізген МСАК субъектісінің қызметкеріне қосымша ақы төлеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      S УҚЫК = ЖА х %Қ, мұнда:

      ЖА - "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес есептелген денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстар:

      терапиялық және жалпы практика дәрігері учаскелерінің медицина қызметкерлері үшін АГ, СЖЖ, ҚД ауруларымен ауыратын динамикалық бақылауды қажет ететін халықтың кемінде 10% - ын қамту бойынша нәтижеге қол жеткізу;

      немесе педиатриялық учаскенің медицина қызметкерлері үшін әрбір санаттағы жүкті әйелдердің, босанған әйелдердің, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың кемінде 10%-ын қамту бойынша нәтижеге қол жеткізу кезінде;

      %Қ - АББ немесе патронажға қатысу үшін пациенттерді тарту бойынша жұмысы үшін 20% мөлшерінде қосымша ақы.

      2. Кадрлардың біліктілігін арттыру сертификаты бар және жұмысына АББ және (немесе) патронаж енгізген МСАК субъектісінің қызметкеріне қосымша ақы төлеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      S УҚЫК = ЖА х %Қ, мұнда:

      ЖА - "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес есептелген денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстар:

      терапиялық және жалпы практика дәрігері учаскелерінің медицина қызметкерлері үшін АГ, СЖЖ, ҚД ауруларымен ауыратын динамикалық бақылауды қажет ететін халықтың кемінде 10% - ын қамту бойынша нәтижеге қол жеткізу;

      педиатриялық учаскенің медицина қызметкерлері үшін әрбір санаттағы жүкті әйелдердің, босанған әйелдердің, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың кемінде 10%-ын қамту бойынша нәтижеге қол жеткізу кезінде;

      % Қ - АББ немесе патронажға қатысу үшін пациенттерді тарту бойынша жұмысы үшін 25% мөлшерінде қосымша ақы.