2009 жылғы 17 қарашада Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін
жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына,
Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына
медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісім (2012 жылғы 15 тамызда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2012 ж., N 5, 69-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісімді, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартын, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, оның атқарушылық билік ету органдарын қалыптастыру тәртібі мен мәртебесі туралы келісімді, 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді негізге ала отырып,
тиімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуды және жетілдіруді қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Тараптардың уәкілетті органдары:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Ресей тарапынан - Федералдық медициналық-биологиялық агенттік болып табылады.
2. Осы Келісімді іске асыру мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары - Байқоңыр қаласында орналасқан және негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың филиалдары;
федералдық медициналық ұйымдар - Ресей тарапының уәкілетті органының қарамағындағы медициналық ұйымдар, оның ішінде олардың "Байқоңыр" кешенінің аумағында орналасқан оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;
жедел медициналық көмек (кезек күттірмейтін нысандағы) - пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, созылмалы аурулар асқынған кезде көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені;
жедел медициналық көмек (шұғыл нысандағы) - пациенттің өміріне қауіп төндіретін қатты аурулар, жазатайым оқиғалар, жарақаттар, уланулар мен басқа да жай-күйлер кезінде көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.09.2018 № 181-VI Заңымен.2-бап
Медициналық ұйымдардың қызметін қаржылық қамтамасыз ету:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына қатысты;
Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес федералдық медициналық ұйымдарға қатысты жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.09.2018 № 181-VI Заңымен.3-бап
1. Ресей Федерациясының азаматтарына ("Байқоңыр" ғарыш айлағының персоналы, "Байқоңыр" ғарыш айлағы персоналының отбасы мүшелері; "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтар; Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің жұмыс істемейтін тұрғындары; "Байқоңыр" кешенінің, Төретам және Ақай кенттерінің аумақтарында уақытша болатын азаматтар) медициналық көмекті Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес федералдық медициналық ұйымдар көрсетеді.
2. Еңбек шартының негізінде "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек шартының қолданысы кезеңінде міндетті медициналық сақтандыруға жатады және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес федералдық медициналық ұйымдарда медициналық көмек алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының көрсетілген азаматтары жұмыс істейтін "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдары олар үшін сақтандырушылар және сақтандыру жарналарын төлеушілер болып табылады.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының персоналына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына федералдық медициналық ұйымдарда еңбек жағдайлары аса қауіпті өнеркәсіптің жекелеген салалары ұйымдарының тізбесіне енгізілген ұйымдардың жұмыскерлері үшін Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген медициналық көмектің қосымша түрлері мен көлемі ұсынылады.
"Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарында еңбек шартының негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтары мен міндеттері сақталады.
3. Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің аумақтарында жұмыс істейтін, "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарының жұмыскерлері болып табылмайтын Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болып табылады.
Көрсетілген Ресей Федерациясының азаматтарына медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында көрсетіледі.
Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің аумақтарында жұмыс істейтін, "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарының жұмыскерлері болып табылмайтын Ресей Федерациясының азаматтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу үшін жарналар мен аударымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың жұмыс берушілері жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына ("Байқоңыр" кешеніндегі Ресей ұйымдарының жұмыскерлері болып табылмайтын Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратындар; "Байқоңыр" кешенінің аумағында уақытша болатындар) медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары көрсетеді.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары көрсете алмайтын медициналық көмекті Ресей Федерациясының заңнамасымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарының жолдамасы бойынша федералдық медициналық ұйымдар көрсетеді.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген көрсетілген медициналық көмек үшін есеп айырысу Ресей тарапының уәкілетті органы, федералдық медициналық ұйымдар мен Қазақстан тарапының уәкілетті органы арасындағы шарттарда айқындалған тарифтер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Байқоңыр қаласының аумағында жедел медициналық көмек (шұғыл және кезек күттірмейтін нысандарда) федералдық медициналық ұйымдарда және Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында азаматтығына, тұратын жеріне және жұмыс орнына, сондай-ақ медициналық сақтандыру полисінің болуына (болмауына) қарамастан, барлық санаттағы адамдарға тегін және кезек күттірмейтін түрде көрсетіледі.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.09.2018 № 181-VI Заңымен.4-бап
1. Осы баптың 2-тармағының бірінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қадағалауды және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей тарапының уәкілетті органы мен федералдық медициналық ұйымдар жүзеге асырады.
2. Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасының медициналық және білім беру ұйымдарына қатысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы ведомствосының тиісті аумақтық органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.
Төретам және Ақай кенттерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын бақылауды және қадағалауды, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы ведомствосының тиісті аумақтық органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.09.2018 № 181-VI Заңымен.5-бап
Тараптардың уәкілетті органдары Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің халқына медициналық көмек көрсетуді жетілдіру және олардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелерін халық денсаулығын сақтау жөніндегі бағдарламаларға енгізу үшін:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі бағдарламаларының шеңберінде;
Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларының және өзге де бағдарламаларының шеңберінде шаралар қабылдайды.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.09.2018 № 181-VI Заңымен.6-бап
Тараптардың уәкілетті органдары "Байқоңыр" кешенінің, Төретам және Ақай кенттерінің аумағындағы халықтың денсаулығын сақтау мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзара іс-қимыл жасауды, ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
7-бап
Тараптардың уәкілетті органдары "Байқоңыр" кешенінің аумағында, Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандарының аумақтарында санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың туындағаны, оның ішінде халық арасында инфекциялық аурулардың таралу жағдайлары, жануарлар мен адамның аса қауіпті инфекциялық аурулары жағдайлары, табиғи-ошақтық инфекциялар бойынша эпизоотикалық жағдайдың асқынуы туралы бірін-бірі хабардар етеді және төтенше жағдайлардың салдары мен инфекциялық аурулардың ошақтарын жою үшін қажетті медициналық көмек көрсету және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу кезінде өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.09.2018 № 181-VI Заңымен.8-бап
Тараптардың уәкілетті органдары әр Тараптың өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес федералдық медициналық ұйымдар мен Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тиісті бейіндегі білім беру ұйымдарында медициналық кадрлардың біліктілігін арттыруға қажетті көмек көрсетеді.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.09.2018 № 181-VI Заңымен.9-бап
Тараптардың уәкілетті органдары Байқоңыр қаласындағы, Төретам және Ақай кенттеріндегі жаңадан құрылған және таратылған жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары туралы бірін-бірі хабардар етеді.
10-бап
Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тараптар арасындағы осы Келісімді орындауға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптардың уәкілетті органдарының келіссөздері арқылы шешіледі.
11-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу мерзіміне жасалады.
Мәскеу қаласында 2009 жылғы 17 қарашада әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін қолданылады.
Қазақстан Республикасының | Ресей Федерациясының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
2009 жылғы 17 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасының | |
Сыртқы істер министрлігі | |
Халықаралық-құқық департаментінің | |
Басқарма бастығы | Б. Пискорский |