"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 23 қарашадағы № 79 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қарашада № 17795 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12674 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";

      1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _______________ Қ. Бозымбаев
     
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      __________________ Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 23 қарашадағы
  № 455
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  міндетін атқарушының
  2018 жылғы 23 қарашадағы
  № 79 бірлескен бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрі
  міндетін атқарушының
  2015 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 719 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 799 бірлескен бұйрығына
  1-қосымша

Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабы 3-тармағына және 143-бабы 1-тармағына, "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі - Заң) және Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидалары және тексеру парақтарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.

      2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар заңды тұлға болып табылатын мұнай өнімдерін өндірушілер;

      2) елеулі бұзушылықтар – мыналарға байланысты бұзушылықтар:

      Заңның міндеттейтін нормаларын сақтамау;

      бақылау субъектісінің кінәсінен көктемгі егіс, егін жинау жұмыстары, жылу беру кезеңдерінен тыс ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауымен байланысты бұзушылықтар;

      3) мұнай өнiмдерi – мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: бензин, авиация және дизель отыны, мазут;

      4) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші – жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;

      6) өрескел бұзушылықтар – мыналарға байланысты бұзушылықтар:

      Заңның 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес бекітілген технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін сақтамау немесе одан ауытқу;

      сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемдері мен жер қойнауын пайдаланушылар және жеткізушілердің есептеріндегі көлемдерінің арасындағы айырмашылықтардың бар болуы;

      мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтатуға (авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінің жоқ болуы;

      мұнайдың келіп түскен, қайта өңделген, қалдық және тиеп шығарылған көлемдері бойынша есептердегі айырмашылықтардың бар болуы;

      Заңның тыйым салатын нормаларын сақтамау;

      үш және одан артық расталған шағым немесе арыздың болуы;

      бақылау субъектісінің кінәсінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары, сондай-ақ жылу беру кезеңінде ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауымен байланысты бұзушылықтар;

      бақылау субъектісіне қатысты мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндіруді бақылау саласындағы заңнама бұзушылықтарының бар болуы туралы құқық қорғау органдарынан, және өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған ақпараттың болуы;

      7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Барлық бақылау субъектілері (объектілері) жоғары дәрежеге жатады, себебі олардың қызметі:

      ішкі нарықта, оның ішінде көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстары кезеңінде, сондай-ақ жылу беру кезеңінде мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауы тәуекелімен;

      мұнайды берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін заңсыз сатып алу және (немесе) қайта өңдеуге қабылдау тәуекелімен;

      қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу тәуекелімен байланысты.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатымен субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      6. Субъективті өлшемшарттар:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      7. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежелерін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10950 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектісі мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері (бұдан әрі - есептілікті және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері);

      2) бұрынғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамау жағдайында белгіленеді;

      3) бақылау субъектісі кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы;

      4) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны;

      5) уәкілетті органдар мен ұйымдармен ұсынылатын мәліметтерді талдау нәтижесі.

      8. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың екі дәрежесіне бөлінеді: өрескел және елеулі.

      Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін келесі тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есептеу тәртібі пайдаланылады.

      Бақылау субъектісіне бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100-ге теңеледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы көрсеткіштердің бұзушылықтары бойынша қосынды мәні есептелінеді.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

      мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

      мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

      SР = SРз + SРн

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары және қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) 61-дан бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде – жоғары тәуекел дәрежесіне;

      2) 0-ден 60-қа дейінгі қоса отырып тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмегенде - жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.

      Тәуекел дәрежесін талдау мен бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өтіп кеткен деректер қолданылмайды.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.

      Алынатын мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жылына екі рет есепті жылғы бірінші мамырға және бірінші желтоқсанға дейін жүргізіледі.

      Егер бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген болса, соңғы бару арқылы профилактикалық бақылаудың аяқталу күнінен кейінгі күннен бастап жүргізілетін талдаудың басталуына дейінгі кезең талдау кезеңі болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар бақылау субъектілерінің (объектілерінің) басымдығын ескере отырып жасалады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Мұнай өнiмдерiнің жекелеген
  түрлерін өндіруді бақылау
  саласындағы тәуекел дәрежесін
  бағалау өлшемшарттарына
  1-қосымша

Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

р/с №

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Есептілікті және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін сақтамау

Өрескел

2

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемдері мен жер қойнауын пайдаланушылар және жеткізушілердің есептеріндегі көлемдерінің арасындағы айырмашылықтардың бар болуы

Өрескел

3

мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтатуға (авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінің жоқ болуы

Өрескел

4

Мұнайдың келіп түскен, қайта өңделген, қалдық және тиеп шығарылған көлемдері бойынша есептердегі айырмашылықтардың бар болуы

Өрескел

Бұрынғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

5

Өндіріс паспортының болуы

Өрескел

6

Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шотты ашу туралы құжаттың болуы

Елеулі

7

Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті заңнамамен белгіленген тәртіпте мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсыну бойынша міндетін сақтау

Елеулі

8

Технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін ұсыну міндетін орындау

Елеулі

9

Заңнамамен белгіленген мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібіне сәйкес мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуы

Елеулі

10

Мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін, және берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаты (сапа паспорты) бар болу шартымен мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну

Елеулі

11

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірудің белгіленген аз көлемін орындау

Елеулі

12

Қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

13

Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

14

Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

15

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шыққан жерін, сондай-ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде, мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

16

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

17

Инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаржы қаражатын мақсатты пайдалану

Елеулі

18

Мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыру бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

19

Заңнамамен белгіленген нысанға сәйкес мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есепті диспетчерге (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға) ұсыну

Елеулі

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны

20

Үш және одан артық расталған шағым мен арыздың болуы

Өрескел

Бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы

21

Бақылау субъектісінің кінәсінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары сондай-ақ жылу беру кезеңінде ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауы

Өрескел

22

Бақылау субъектісінің кінәсінен көктемгі егіс, егін жинау жұмыстары, жылу беру кезеңдерінен тыс ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауы

Елеулі

Уәкілетті органдар мен ұйымдармен ұсынылатын мәліметтерді талдау нәтижесі

23

Бақылау субъектісіне қатысты мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндіруді бақылау саласындағы заңнама бұзушылықтарының бар болуы туралы құқық қорғау органдарынан, және өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған ақпараттың болуы

Өрескел

  Мұнай өнiмдерiнің жекелеген
  түрлерін өндіруді бақылау
  саласындағы тәуекел дәрежесін
  бағалау өлшемшарттарына
  2-қосымша

Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

р/с №

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Есептілікті және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемдері мен жер қойнауын пайдаланушылар және жеткізушілердің есептеріндегі көлемдерінің арасындағы айырмашылықтардың бар болуы

Өрескел

2

Мұнайдың келіп түскен, қайта өңделген, қалдық және тиеп шығарылған көлемдері бойынша есептердегі айырмашылықтардың бар болуы

Өрескел

Бұрынғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

3

Өндіріс паспортының болуы

Өрескел

4

Заңнамамен белгіленген мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібіне сәйкес мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуы

Елеулі

5

Қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

6

Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

7

Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

8

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шыққан жерін, сондай-ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде, мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

9

Мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыру бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

10

Заңнамамен белгіленген нысанға сәйкес мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есепті диспетчерге (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға) ұсыну

Елеулі

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны

11

Үш және одан артық расталған шағым мен арыздың болуы

Өрескел

Уәкілетті органдар мен ұйымдармен ұсынылатын мәліметтерді талдау нәтижесі

12

Бақылау субъектісіне қатысты мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндіруді бақылау саласындағы заңнама бұзушылықтарының бар болуы туралы құқық қорғау органдарынан, және өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған ақпараттың болуы

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 23 қарашадағы
  № 455
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  міндетін атқарушының
  2018 жылғы 23 қарашадағы
  № 79 бірлескен бұйрығына
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрі
  міндетін атқарушының
  2015 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 719 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 799 бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Тексеру парағы

      мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау____________ саласында/аясында

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)

      мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт __________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Өндіріс паспортының болуы

2

Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шотты ашу туралы құжаттың болуы

3

Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті заңнамамен белгіленген тәртіпте мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсыну бойынша міндетін сақтау

4

Технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін ұсыну міндетін орындау

5

Заңнамамен белгіленген мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібіне сәйкес мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуы

6

Мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін, және берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаты (сапа паспорты) бар болу шартымен мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну

7

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірудің белгіленген аз көлемін орындау

8

Қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша тыйымды сақтау

9

Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру бойынша салынған тыйымды сақтау

10

Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы бойынша тыйымды сақтау

11

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шыққан жерін, сондай-ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде, мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау

12

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату бойынша салынған тыйымды сақтау

13

Инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаржы қаражатын мақсатты пайдалану

14

Мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыру бойынша салынған тыйымды сақтау

15

Заңнамамен белгіленген нысанға сәйкес мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есепті диспетчерге (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға) ұсыну

      Лауазымды тұлға (тұлғалар)

      ________________      ______________ _____________________________________________

      (лауазымы)            (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      ________________      ______________ ______________________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      Бақылау субъектісінің басшысы

      ________________      ______________ ______________________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 23 қарашадағы
  № 455
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  міндетін атқарушының
  2018 жылғы 23 қарашадағы
  № 79 бірлескен бұйрығына
  3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрі
  міндетін атқарушының
  2015 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 719 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 799 бірлескен бұйрығына
  3-қосымша

Тексеру парағы

      мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау_____________саласында/аясында

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)

      қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге ____________________________________ қатысты

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі) ________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________________________