Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 қарашада № 17714 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ұсынылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгертулер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 05 қарашадағы
№ 966 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10367 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Экономикалық тергеу қызметінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің, бірінші басшыларының – (бұдан әрі - уәкілетті басшылар) біліктілік сыныптарын белгілеу және төмендету үшін Комитет төрағасының атына осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша ұсыным жолданады.

      Ұсыным Комитеттің адам ресурстары бөлімшесіне (бұдан әрі – кадр қызметі) жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарауына жатады.".

      осы бұйрықпен бекітілген Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарында, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерде, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндерде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметкерлерді тестілеуден өткізу орны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасымен және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларымен айқындалады және оны өткізуді қамтамасыз ететін қажетті құралдармен жабдықталады.";

      осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама), сондай-ақ оларды беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана Мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары (бұдан әрі – уәкілетті басшы) қол қойған қызметтік куәлік мемлекеттік кірістер органдарының барлық әкімшілік ғимаратына кіруге рұқсат береді.";

      Көрсетілген Сипаттамаға 1 қосымшада:

      14 реттік нөмері жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

ДГД по Туркестанской области

KZ-13

№0000

  ":

      18 реттік нөмері жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18

ДГД по городу Шымкент

KZ-17

№0000

  ".

      2. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 720 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12790 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қантардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ЭТҚ қызметіне қабылданатын кандидаттарды іріктеу, олардың алдын ала зерделеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, кандидаттардың тағайындалуы болжанатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша (бұдан әрі – аумақтық органдары) ЭТҚ басшыларына және кадр қызметіне жүктеледі.".

      3. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы"" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 722 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12772 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарды "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ЭТҚ жас қызметкерлерінің бейімделу қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) кадр қызметіне, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері (бұдан әрі – аумақтық органдар) басшыларының орынбасарларына жүктеледі:

      1) жаңадан қабылданған немесе тағайындалған қызметкерді жеке құрамға таныстыратын, тәлімгерді тағайындау туралы бұйрықты жариялайтын;

      2) жас қызметкерлермен жұмыс жоспарларын жасауда оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсететін, олардың орындалуы үшін пәрменді бақылауды қамтамасыз ететін;

      3) тәлімгердің жас қызметкермен бірлесіп қызмет өткеруі, олардың қызметтік міндеттерін орындауы, олардың заңнамаларды, қосымша әдебиеттерді зерделеуі үшін жағдайларды құратын;

      4) тәлімгерлікті ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерделейтін және қорытындылайтын, тәлімгерлік жұмысты одан әрі жетілдіру, қызметтік міндеттерді шешуде оның рөлін арттыру және заңдылықты сақтау туралы ұсыныстарды енгізеді.".

      4. "Ротацияға жататын мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 724 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12761 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      осы бұйрықпен бекітілген Ротацияға жататын мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдардың тізбесінде:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері басшысының орынбасары;".

      5. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 726 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12762 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Социологиялық мониторингтің жүргізілуін ұйымдастыру құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасарына, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша (бұдан әрі – аумақтық органдар) басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) жүктеледі.".

      6. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке түсумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 727 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12758 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      осы бұйрықпен Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Деректер банкін, оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіндегі (бұдан әрі - Комитет) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріндегі (бұдан әрі – аумақтық органдар) өткізеді.";

      осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) модератор – web-порталда ақпараттық материалдарды орналастыру құқығымен қол жетімділігі бар Комитеттің құрылымдық бөлімшенің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріндегі (бұдан әрі – аумақтық органдар) қызметшісі;".

      7. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 728 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12787 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру үшін жауапкершілік құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының орынбасарына, ал аумақтық органдар бойынша - құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша (бұдан әрі – аумақтық мемлекеттік кірістер органдары) басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының кадр қызметтеріне (бұдан әрі – кадр қызметі) жүктеледі.".