Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қарашада № 17674 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.
      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.03.2019 № 40 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.04.2019 № 24 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 08.12.2021 № 399 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2021 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – өлшемшарттары);

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес теле-, радиокомпанияларға қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы (бұдан әрі - тексеру парағы);

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату операторларына қатысты тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1282 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 844 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13009 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. 2019 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өлшемшарттарға 1-қосымшаның реттік нөмірі 30-жолын, бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның реттік нөмірі 29-жолын қоспағанда, осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

министрі _________Д. Абаев

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________Т. Сүлейменов


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөнiндегi

      комитетi

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 455 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 39 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 3-бөлігіне және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелді) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 08.12.2021 № 399 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2021 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) елеулі бұзушылық – телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне туындаған қауіптің алғышарттарын жасайтын талаптардың бұзылуы, сондай-ақ уәкілетті органның нұсқауларын орындамау, бақылауға жататын субъекті (объекті) бойынша екі расталған шағым мен өтініштің болуы;

      2) елеусіз бұзушылық – телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, оларды сақтамау халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне туындаған қатердің алғышарттарын жасамайтын, бірақ телерадио хабарларын тарату субъектілерінің өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде орындалуы міндетті болып табылатын талаптардың бұзылуы, сондай-ақ бір расталған шағымның не өтініштің болуы;

      3) өрескел бұзышылық – телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған норманың сақталмауына байланысты талаптардың бұзылуы (тыйым салынады, жол берілмейді, рұқсат берілмейді), сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптардың бұзылуы, бақылауға жататын субъектіге (объектіге) қатысты үш және одан да астам шағым мен өтініштің болуы;

      4) тәуекел – бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      5) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – тәуекел дәрежесіне байланысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;

      9) телерадио хабарларын тарату саласындағы бақылау субъектілер (объектілер) – телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиокомпаниялары.

      3. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекелді айқындау бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне бақылау субъектілердің (объектілердің) заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлдермен еркiн ақпарат алу және тарату құқықтарына, сөз бен шығармашылық бостандығына, телерадио хабарларын тарату қызметтерін пайдалану кезінде жеке басының, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз етпеумен байланысты қызметімен зиян келтіру ықтималдығына қарай жүзеге асырылады.

      5. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай бақылау субъектілері (объектілері):

      теле-, радиокомпаниялар жатады.

      6. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтындарға мынадай бақылау субъектілері (объектілері):

      телерадио хабарларын тарату операторлары жатады.

      7. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатымен субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      9. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар);

      бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны;

      алдыңғы тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі және елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.

      10. Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілердің (объектілердің) тәуекел дәрежесін бағалау және оларды жоғары немесе жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын бақылау субъектілерге (объектілерге) жатқызу мына көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:

      1) "бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар)" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      2) "бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен, расталған шағымдардың не өтініштердің болуы және олардың саны" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      3) "алдыңғы тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі және елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      4) "уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      11. Ақпарат көздері негізінде осы Өлшемшарттарға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес тәуекел дәрежесі берілетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      12. Субъективті өлшемшарттар:

      1) өрескел;

      2) елеулі;

      3) елеусіз.

      бұзушылық дәрежелері бар, тексеру парақтарында санамаланған Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату, жарнама және балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы заңнамалардың талаптары (бұдан әрі – Талаптар) негізінде әзірленді.

      Бұзушылықтар дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда келтірілген.

      13. Бақылау субъектіні (объектіні) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәржесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны;

      Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде

      0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРн –елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 –елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны; 

      SР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтар саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін мына формула бойынша жинақтап қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.

      14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес осы Өлшемшарттардың 13-тармағына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

      тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ді қоса алғанда дейінгі көрсеткіш кезінде жоғары тәуекел дәрежесіне жатады және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      тәуекел дәрежесі 0-ден бастап 60-ты қоса алғанға дейінгі көрсеткіш кезінде жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға жатады және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі жылына бір реттен жиі болуы мүмкін емес.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектілердің (объектілердің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Қазақстан Республикасының
телерадио хабарларын тарату
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежелерін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

"Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар)" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 08.12.2021 № 399 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2021 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Р/с № Өлшемшарттар Бұзушылық дәрежесі

1.

Жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалардың саны отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде елу пайыздан кем болатын

елеусіз

2.

Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық шығармаларының және отандық радиобағдарламалардың саны:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – қырық бес пайыздан кем болатын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – елу пайыздан кем болатын

елеусіз

3.

Кадр алаңының жиырма бес пайызынан асатын және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзатын коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың мөлшері

елеусіз

4.

Жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулігіне хабар таратудың жалпы көлемінің жиырма пайызынан асатын, жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнаманы тарату

елеусіз

5.

Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда тәулік ішінде жарнама таратудың жалпы көлемінің отыз пайызынан асатын телесауданы тарату

елеусіз

6.

Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан асатын және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзатын жарнаманы тарату

елеусіз

7.

Телерадио хабарларын тарату операторының міндетті теле-, радиоарналарды цифрлық хабар таратуда бірінші және одан да астам саннан бастап рет сандарында және аналогтық хабар таратуда арналар жиілігін бөлу кестесінің басында орналастыру жолымен басым емес етіп орналастыруы

елеусіз

8.

Өз атауын жарияламай, ал үздіксіз хабар тарату кезінде тәулігіне кемінде төрт рет теле -, радиоарналардың эфирге шығуы

елеулі

9.

Басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмайтын уақыт бойынша қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі

елеулі

10.

Басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемінен кем қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі

елеулі

11.

Басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайын уақыт аралығындағы қазақ тіліндегі көлемі

елеулі

12.

Теле-, радиоарнаның меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күнінен бастап алты ай ішінде теле-, радиобағдарламаларды тарату мерзімін өткізуі

елеулі

13.

Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама жергілікті уақытпен сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі кезеңде сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етпеу жөніндегі талапты сақтамау

елеулі

14.

Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарларды сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етпеу

елеулі

15.

Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы көлемде шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің жиырма пайызынан асатын теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялауы

елеулі

16.

Жұмысқа қабылдау үшін еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастыру

елеулі

17.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатсыз және радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз аналогтіқ эфирлік радиохабарларды тарату арқылы радиоарналарды тарату

елеулі

18.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатсыз және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы

елеулі

19.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатсыз және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы

елеулі

20.

Телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз кабельдік және эфирлік-кабельдік телерадио хабарларды тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы

елеулі

21.*

Мәлімделген техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін телерадио хабарларын тарату сигналын қабылдайтын және беретін радиоэлектрондық құралдарды пайдалану арқылы өзге де радиотаратушы және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуіл жасау

елеулі

22.*

Телерадио хабарларды тарату операторларының спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия болмаған кезде теле-, радиоарналарды таратуы

елеулі

23.

Балаларға тыйым салынған:
балаларды өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін әрекеттер жасауға, оның ішінде суицидке итермелейтін;
балаларды қоғамға жат және құқыққа қайшы әрекеттерге арандататын;
арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы;
сексуалдық зорлық-зомбылықтың сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын;
нормативтік емес лексиканы қамтитын;
балалар арасында таратуға Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен тыйым салынған "18 жастан бастап" жас санатына жатқызылған, ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-ден 22.00-ге дейін телерадио хабарларын тарату арқылы тарату

өрескел

24.

Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату операторларының шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде:
1) әлеуметтік жарнаманы;
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
3) тек қана жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда жарнаманы тарату

өрескел

25.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметі туралы жарнаманы орналастыру

өрескел

26.

Темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жарнамалау

өрескел

27.

Этил спиртін және алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді жарнамалау

өрескел

28.

Электрондық казино мен интернет-казиноны жарнамалау

өрескел

29.

Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) нәтижесінде зардап шеккен бала туралы және әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату

өрескел

30.

Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен бөлу

өрескел

31.

Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнаманы тарату

өрескел

32.

Теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісін көрсетпей немесе жас санатын хабарламай ақпараттық өнімді телерадио бағдарламалары арқылы тарату

өрескел

33.

Телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке қойылмаған теле-, радиоарналарды таратуы

өрескел

34.

Телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке қойылмаған шетелдік теле-, радиоарналарды таратуы

өрескел

35.

Міндетті теле-, радиоарналарды трансляциялаудың және (немесе) ретрансляциялаудың ұлттық телерадио хабарларын тарату операторында, сондай-ақ кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле–, радиоарнаның құқық иесі-теле -, радиокомпания арасындағы өзара есепке алу негізінде кабельдік телерадио хабарларын тарату операторларында болмауы

өрескел

36.

Қазақстан Республикасының заңдарында жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын тарату

елеулі

37.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауының жарнамасын жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жиырма екіден бастап таңғы сағат алтыға дейінгі кезеңде (балалар мен діни арналарды қоспағанда):
трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау уақытында жарнама алаңының (кеңістігінің) кемінде он пайызында шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертусіз;
саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі екі әлеуметтік жарнаманы қоса бермей;
радиоарналардағы жарнамада, оның трансляциялануы аяқталғанда, шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертетін хабар қоса бермей тарату

елеулі

38.

Шарапты жарнамалайтын
еңбек қызметімен және көлiк құралын басқарумен байланысты;
кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген (жазылған), оның ішінде мультипликацияның (анимацияның) көмегімен орындалған;
кәмелетке толмағандарға бағытталған;
шараптың емдік қасиеттері бар деп сендіретін, оны шамадан тыс тұтынуды көтермелейтін;
шарапты тұтынудан тартынуды айыптайтын;
шарапты тұтыну өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сендіретін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісінің және (немесе) атауының жарнамасын тарату

өрескел

39.

Радиодағы жарнаманы қоспағанда, тиісті тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ лицензиялауға жататын жарнама берушінің өзінің жарнамасын лицензия нөмірі мен лицензия берген органның атауы көрсетілмей тарату

елеулі

40.

Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы тарату

елеулі

41.

Бейәдеп және жасырын жарнаманы тарату

елеулі

42.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалану

елеулі

43.

Хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы жиырма пайыздан асатын тәулігіне жарнаманы таратудың жалпы көлемінде жарнаманы тарату

елеулі

44.

Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығумен тарату

елеусіз

45.

Әлеуметтік жарнаманың Қазақстан Республикасының аумағында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі емес таратылуы

елеусіз

46.

Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға

елеулі

47.

Демеушілер туралы айту ұзақтығы – әрқайсысы туралы үш секундтан, телебағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан астам ұзақтықты еске ала отырып, әлеуметтік жарнаманың телебағдарламаларында тарату және мұндай айтуға – кадр алаңының жетіден асатын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен асатын пайызы бөлінуге тиіс

елеусіз

48.

Жарнамаларды трансляциялау кезінде дыбысты арттыру

елеулі

49.

Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтыла отырып, әлеуметтік жарнамаларды тарату

елеусіз

      *Ескертпе: Телерадио хабарларын тарату субъектілерін (объектілерін) бақылауды телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының
телерадио хабарларын тарату
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежелерін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

"Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 08.12.2021 № 399 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2021 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен бір расталған шағым мен өтініштің болуы

елеусіз

2.

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен екі расталған шағым мен өтініштің болуы

елеулі

3.

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен үш және одан көп расталған шағым мен өтініштің болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарына
  3-қосымша

"Алдыңғы тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.03.2019 № 40 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.04.2019 № 24 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Р/с

Өлшемшарттар
(Төмендегі талаптардың сақталмау кезінде бұзушылық ауыртпалығы орнатылады)

Бұзушылық дәрежесі

1.

Трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы талаптың сақталуы

елеусіз

2.*

Теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын беру сапасын қамтамасыз етуі бойынша талаптың сақталуы

елеулі

3.

Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру бойынша ғимарат және (немесе) ғимараттар иелерінің жазбаша келісімінің болуы жөніндегі талабын сақталу

елеулі

4.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания арасында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуға жасалған шарттың болуы бойынша талабын сақталу

елеулі

5

Теле-, радиоарналарды тарату үшін телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдаланбау бойынша талабын сақтау

елеулі

6.

Теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының меншік нысанына қарамастан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде халықты құлақтандыру талабын сақтау

өрескел

7.

Коммерциялық мақсаттарды көздейтін теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру бойынша теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы жөніндегі талаптың сақталуы

өрескел

8.

Уәкілетті органның хабарламаларын, анықтамаларын, ұсынымдарын, нұсқамаларын, қорытындыларын орындау

өрескел

9.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шартсыз теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

      *Ескертпе: Телерадио хабарларын тарату субъектілерін (объектілерін) бақылауды телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының
телерадио хабарларын тарату
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежелерін
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша

"Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеті бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелерінің, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалардың – Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан астам қатысатын заңды тұлғаның қызметі

елеулі

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 455 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 39 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Теле-, радиокомпанияларға қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 08.12.2021 № 399 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2021 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      ______________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

      ______________________________________________________________________

      саласында/аясында 138-бабына сәйкес

      ______________________________________________________________________

      қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________________

      ______________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ________________________

      ______________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі

      ______________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      _________________________________

Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді
1 2 3 4 5 6

1.

Жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалардың саны отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінің елу пайыздан кем болатын талаптың сақталуы





2.

Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық шығармаларының және отандық радиобағдарламалардың саны:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – қырық бес пайыздан кем болатын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап –елу пайыздан кем болатын талаптың сақталуы





3.

Кадр алаңының жиырма бес пайызынан аспайтын және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбайтын коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың мөлшері бойынша талаптың сақталуы





4.

Жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулік ішінде берілетін хабарлардың жалпы көлемінің жиырма пайызынан асатын, жарнама сипаттындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы





5.

Жарнама сипатындағы хабарларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда тәулік ішінде жарнама таратудың жалпы көлемінің отыз пайызынан асатын телесауданы таратпау бойынша талаптың сақталуы





6.

Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан асатын және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзатын жарнаманы тарату бойынша талаптың сақталуы





7.

Теле-, радиоарналардың өз атауын жарияламай шығуына жол бермеу, ал үздіксіз хабар тарату кезінде тәулігіне кемінде төрт рет эфирге шығуы бойынша талаптарды сақтау





8.

Басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмайтын уақыт бойынша қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі бойынша талаптың сақталуы





9

Басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемінен кем қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі көлемі бойынша талаптың сақталуы





10

Басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмайтын қазақ тіліндегі жарнаманың жергілікті уақыт нөл сағаттан бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайын уақыт аралықтарындағы көлемі бойынша талаптың сақталуы





11.

Теле-, радиоарнаның меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күнінен бастап алты ай ішінде теле-, радиобағдарламаларды тарату мерзімін өткізуге жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





12.

Балаларға тыйым салынған:
Балалардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін әрекеттер жасауға, оның ішінде суицидке итермелейтін;
балаларды қоғамға жат және құқыққа қайшы әрекеттерге арандататын;
арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы;
сексуалдық зорлық-зомбылықтың сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын;
нормативтік емес лексиканы қамтитын;
балалар арасында таратуға Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен тыйым салынған "18 жастан бастап" жас санатына жатқызылған, ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-ден 22.00-ге дейін телерадио хабарларын тарату арқылы таратуға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





13.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания арасында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуға жасалған шарттың болуы





14.

Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама жергілікті уақытпен сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі кезеңде сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз ету бойынша талаптың сақталуы





15.

Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарларды сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз ету





16.

Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы көлемде шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің жиырма пайызынан асатын теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау хабарларын тарату бойынша талаптың сақталуы





17.

Жұмысқа қабылдау үшін еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастыруға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





18.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметі туралы жарнаманы таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





19.

Этил спиртін және алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





20.

Темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





21.

Электрондық казино мен интернет-казино жарнамасын таратуға тыйым салу бойынша талаптың сақталуы





22.

Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) нәтижесінде зардап шеккен бала туралы және әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратпау бойынша талаптардың сақталуы





23.*

Теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларды беру сапасын қамтамасыз ету





24.*

Теле-, радиоарналарды тарату үшін телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалануға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





25.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шартсыз теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





26.

Теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының меншік нысанына қарамастан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде халықты құлақтандырудан бас тартуы





27.

Трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы талаптың сақталуы





28.

Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеті бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелерінің, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалардың - Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатысатын заңды тұлғаның қызметі бойынша талаптың сақталуы





29.

Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен бөлуге жол бермеу бойынша талаптардың сақталуы





30.

Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнаманы таратуға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





31.

Теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісін көрсетпей немесе жас санатын хабарламай ақпараттық өнімді телерадио бағдарламалары арқылы таратпау бойынша талаптың сақталуы





32.

Уәкілетті органның хабарламаларын, анықтамаларын, нұсқамаларын, ұйғарымдарын, қорытындыларын орындау





33.

Қазақстан Республикасының заңнамасында жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын таратпау бойынша талаптың сақталуы





34.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауының жарнамасын жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жиырма екіден бастап таңғы сағат алтыға дейінгі кезеңде (балалар мен діни арналарды қоспағанда):
трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау уақытында жарнама алаңының (кеңістігінің) кемінде он пайызында шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертусіз;
саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі екі әлеуметтік жарнаманы қоса бермей;
радиоарналардағы жарнамада, оның трансляциялануы аяқталғанда, шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертетін хабарсыз таратпау жөніндегі талаптың сақталуы





35.

Шарапты жарнамалайтын;
еңбек қызметімен және көлiк құралын басқарумен байланысты;
кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген (жазылған), оның ішінде мультипликацияның (анимацияның) көмегімен орындалған;
кәмелетке толмағандарға бағытталған;
шараптың емдік қасиеттері бар деп сендіретін, оны шамадан тыс тұтынуды көтермелейтін;
шарапты тұтынудан тартынуды айыптайтын;
шарапты тұтыну өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сендіретін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісінің және (немесе) атауының жарнамасын таратуға тыйым салу жөніндегі талаптың сақталуы





36.

Радиодағы жарнаманы қоспағанда, тиісті тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ лицензиялауға жататын жарнама берушінің өзінің жарнамасын лицензия нөмірі мен лицензия берген органның атауы көрсете отырып, тарату бойынша талаптың сақталуы





37.

Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы





38.

Бейәдеп және жасырын жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы





39.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалануға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





40.

Хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы жиырма пайыздан асатын тәулігіне жарнаманы таратудың жалпы көлемінде жарнаманы тарату бойынша талаптың сақталуы





41.

Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығумен тарату бойынша талаптың сақталуы





42.

Әлеуметтік жарнаманың Қазақстан Республикасының аумағында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі тарату бойынша талаптың сақталуы





43.

Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға таратпау бойынша талаптың сақталуы  





44.

Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы – әрқайсысы туралы үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға – кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайтын талаптың сақталуы





45.

Трансляцияланатын бағдарламаның дыбысы дауыстап жарнамаларды трансляциялау кезінде дыбысты көтермеу бойынша талаптың сақталуы





46.

Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтылмай, әлеуметтік жарнамаларды тарату бойынша талаптың сақталуы





      *Ескертпе: Телерадио хабарларын тарату субъектілерін (объектілерін) бақылауды телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Лауазымды адам (адамдар) _______________________________________________

      _______________________________________________________________________

      лауазымы қолы

      ___________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы __________________________

      __________________________________________________________________

      лауазымы қолы ____________________________________________________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 455 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 39 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Телерадио хабарларын тарату операторларына қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 08.12.2021 № 399 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2021 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

      ____________________________________________________________________

      саласында/аясында 138-бабына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ______________________

      ____________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________

      ____________________________________________________________________


Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді
1 2 3 4 5 6

1.

Міндетті теле-, радиоарналарды трансляциялаудың және (немесе) ретрансляциялаудың ұлттық телерадио хабарларын тарату операторында, сондай-ақ кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле–, радиоарнаның құқық иесі-теле -, радиокомпания арасындағы өзара есепке алу негізінде кабельдік телерадио хабарларын тарату операторларында болмауы бойынша талаптың сақталуы





2.

Телерадио хабарларын тарату операторының міндетті теле-, радиоарналарды цифрлық хабар таратуда бірінші және одан да астам саннан бастап рет сандарында және аналогтық хабар таратуда арналар жиілігін бөлу кестесінің басында орналастыру жолымен басым емес етіп орналастыруға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





3.

Қазақстан Телерадио хабарларын тарату операторлары Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде:
1) әлеуметтік жарнаманы;
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
3) тек қана жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда, жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы





4.

Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру бойынша ғимарат және (немесе) ғимараттар иелерінің жазбаша келісімінің болуы бойынша талаптың сақталуы





5.

Коммерциялық мақсаттарды көздейтін теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру бойынша теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы бойынша талаптың сақталуы





6.

Телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке қойылмаған теле-, радиоарналарды таратпауы бойынша талаптың сақталуы





7.

Телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке қойылмаған шетелдік теле-, радиоарналарды таратпауы бойынша талаптың сақталуы





8.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатсыз және радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз аналогтіқ эфирлік радиохабарларды тарату арқылы радиоарналарды таратпауы бойынша талаптың сақталуы





9.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатсыз және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратпауы бойынша талаптың сақталуы





10.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатсыз және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратпауы бойынша талаптың сақталуы





11.

Телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз кабельдік және эфирлік-кабельдік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратпауы бойынша талаптың сақталуы





12.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания арасында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуға жасалған шарттың болуы





13.*

Мәлімделген техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін телерадио хабарларын тарату сигналын қабылдайтын және беретін радиоэлектрондық құралдарды пайдалану арқылы өзге де радиотаратушы және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуіл жасау





14.*

Телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия болмаған кезде теле-, радиоарналарды таратпауы бойынша талаптың сақталуы





15.*

Теле-, радиоарналарды тарату үшін телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану





16.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шартсыз теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





17.

Теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының меншік нысанына қарамастан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде халықты құлақтандырудан бас тартуы





18.

Уәкілетті органның хабарламаларын, анықтамаларын, ұсынымдарын, нұсқамаларын, қорытындыларын орындау





      *Ескертпе: Телерадио хабарларын тарату субъектілерін (объектілерін) бақылауды телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Лауазымды адам (адамдар) _____________________________________

      __________________________________________________________________

      лауазымы қолы ____________________________________

      __________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы _____________________

      __________________________________________________________________

      лауазымы қолы ____________________________________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)