"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке тапсырылды.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығымен бекітілген |
Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) оқу нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, іскерліктерінің, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
2) оқу нәтижелерін тану – білім алу тәжірибесенің нәтижелерін, құзыреттер мен білім жиынтығын формальдау процесі;
3) ересектерге формальды емес білім беру – оқыту орны, мерзімі және нысаны ескерілмей білім беру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдары жүзеге асыратын білім беру түрі және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі.
2-тарау. Формальды емес білім беретін танылған ұйымдар тізбесіне енгізілген формальды емес білім беру арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану тәртібі
3. Формальды емес білім беруді "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 2) тармақшасына сәйкес оқыту орны, мерзімі және нысаны ескерілмей көрсетілетін және оқу нәтижелерін расстайтын құжаттарды берумен жүретін білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынады.
4. Формальды емес білім беру арқылы алынған оқу нәтижелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) тарапынан танылады.
5. Оқу нәтижелерін растайтын құжаттар оқуды аяқтау туралы сертификат немесе оқуды аяқтау туралы куәлік болып табылады.
6. Оқу нәтижелерін тану үшін білім беру ұйымы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
7. Комиссия құрамына білім беру ұйымдарының оқытушылары кіретін мүшелердің тақ санынан тұрады.
8. Комиссия мүшелерінің ішінен көпшілік дауыс беру арқылы комиссияның қызметін басқаратын комиссия төраға сайланады, ол болмаған жағдайда оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.
Комиссия хатшысының функцияларын комиссия мүшесі болып табылмайтын білім беру ұйымының маманы орындайды.
9. Комиссияның шешімі еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.
10. Формальды емес білім беру арқылы алған оқу нәтижелерін тану үшін өтініш білдірген тұлға (бұдан әрі – Үміткер) Комиссия қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
формальды емес білім беру арқылы алған оқу нәтижелерін тану туралы еркін нысандағы өтініш;
жеке куәліктің көшірмесі;
оқу нәтижелерін растайтын құжат.
11. Комиссия осы Қағидалардың 10-тармақшасында көрсетілген құжаттардың болуын тексереді.
12. Комиссия үміткердің білім, іскерлік және дағдыларының деңгейін анықтау үшін сұхбат жүргізеді.
13. Сұхбат қорытындысы бойынша Комиссия оқу нәтижелерін тану туралы не бас тарту туралы шешім қабылдайды.
14. Комиссияның шешімі комиссияның отырысына қатысушылардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.