Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қазанда № 17588 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2023 № 544 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 24.10.2023 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2023 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2023 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2023 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке тапсырылды.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 508 бұйрығымен
бекітілген

Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2023 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына сәйкес әзірленді және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2023 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) оқу нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, іскерліктерінің, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;

      2) оқу нәтижелерін тану – білім алу тәжірибесенің нәтижелерін, құзыреттер мен білім жиынтығын формальдау процесі;

      3) ересектерге формальды емес білім беру – оқыту орны, мерзімі және нысаны ескерілмей білім беру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдары жүзеге асыратын білім беру түрі және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі.

2-тарау. Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібі"

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2023 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бейресми білім беруді "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 2-тармағына сәйкес оқыту орны, мерзімі және нысаны ескерілмей көрсетілетін және оқу нәтижелерін растайтын құжаттарды бере отырып, білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2023 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бейресми білім беру арқылы алынған оқу нәтижелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) тарапынан танылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2023 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Оқу нәтижелерін растайтын құжаттар оқуды аяқтау туралы сертификат немесе оқуды аяқтау туралы куәлік болып табылады.

      6. Оқу нәтижелерін тану үшін білім беру ұйымы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      7. Комиссия құрамына білім беру ұйымдарының оқытушылары кіретін мүшелердің тақ санынан тұрады.

      8. Комиссия мүшелерінің ішінен көпшілік дауыс беру арқылы комиссияның қызметін басқаратын комиссия төраға сайланады, ол болмаған жағдайда оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.

      Комиссия хатшысының функцияларын комиссия мүшесі болып табылмайтын білім беру ұйымының маманы орындайды.

      9. Комиссияның шешімі еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.

      10. Бейресми білім беру арқылы алған оқу нәтижелерін тану үшін өтініш білдірген тұлға (бұдан әрі – Үміткер) Комиссия қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

      бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелері туралы еркін нысандағы өтініш;

      жеке куәліктің көшірмесі;

      оқу нәтижелерін растайтын құжат.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2023 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссия осы Қағидалардың 10-тармақшасында көрсетілген құжаттардың болуын тексереді.

      12. Комиссия үміткердің білім, іскерлік және дағдыларының деңгейін анықтау үшін сұхбат жүргізеді.

      13. Сұхбат қорытындысы бойынша Комиссия оқу нәтижелерін тану туралы не бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      14. Комиссияның шешімі комиссияның отырысына қатысушылардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.