Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 195 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 қазанда № 17551 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы Тізбенің 3-тармағының 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті

      _______________________

      2018 жылғы "___" ______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      ________________________

      2018 жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 195 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының қаржы нарығының мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7507 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банк немесе банк холдингі сатып алған меншікті облигациялар және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдарының облигациялары туралы ақпарат (бұдан әрі - ақпарат) банктің немесе банк холдингінің ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша қағаз тасымалдағышта жасалады, банктің немесе банк холдингінің бірінші басшысы немесе ақпарат қол қоюға уәкілетті адам, банктің немесе банк холдингінің бас бухгалтері қол қояды және банкте немесе банк холдингінде осы ақпарат жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде сақталады.".

      2. "Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды және екінші деңгейдегі банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7525 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есеп Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13710 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

64

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, әкімшілік құқық бұзушылық істерін және санкциялар қолдану мәселелері жөніндегі құжаттар (баянжазбалар, анықтамалар, хат алмасу)

5 жыл

5 жыл


      ".

      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 225 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк кепілдігін немесе кепілгерлігін беруге борышкер тұлғаның өтінішін банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларында белгіленген тәртіппен қарастырады.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тапсырмасы бойынша банк банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген заңды тұлға борышкердің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тапсырмасы бойынша банк банктік қарсы кепілдігін берген заңды тұлға борышкердің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;".

      6. "Қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) беру критерийлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14902 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кредиттің мөлшері банктің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген "Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiн және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысының (бұдан әрі - № 170 қаулы) талаптарына сәйкес есептелген меншікті капиталының өлшемінен 0,02 (нөль бүтін жүзден екі) пайызынан асатын;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген қамтылымсыз кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлері № 170 қаулыға қолданылмайды.".

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 74 қаулысына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есеп

      _______________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауы)

      Есепті кезең: ___ жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығы

      Индекс: DRR_1

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынатындар: екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде.

Тегі, аты, бар болса әкесінің аты

Басшы қызметкердің лауазымы

Жетекшілік етілетін қызмет түрі

Белгіленбеген сыйақының белгіленген және белгіленбеген сыйақы сомасына қатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

5

1





2





...






Жиынтығы

x

x

x

      кестенің жалғасы

Осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша белгіленбеген сыйақыны төлемеу фактілерінің болуы (иә/жоқ)

Сыйақы (мың теңге)

белгіленген

белгіленбеген

төленген

тоқтатыла тұрған

6

7

8

9


x

x

X


x

x

x


x

x

X

x




      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам):

      _________________________________________________ _________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Бас бухгалтер:

      _________________________________________________ _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Орындаушы:

      _________________________________________________ _________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      ________________ (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойылған күн ___ жылғы "_____" _______________

      Ескертпе:

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Қаржы ұйымының басшы
қызметкерлеріне төленген
кірістер туралы есептің
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректер жинауға арналған "Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) (бұдан әрі - Түсіндірме) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды қаржы ұйымдары жыл сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Есептегі 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға олар уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 5-бағанда белгіленбеген сыйақының белгіленген және белгіленбеген сыйақының сомасына арақатысы көрсетіледі (пайызбен).

      6. 6-бағанда осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша белгіленбеген сыйақының төленбеу фактілерінің болуы көрсетіледі.

      7. 7-бағанда "Жиынтығы" деген жол бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкерлерінің белгіленген сыйақының жиынтық мәні көрсетіледі.

      8. 8 және 9-бағандарда "Жиынтығы" деген жол бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкерлерінің төленген және тоқтатыла тұрған сыйақының жиынтық мәні көрсетіледі.

      9. 7, 8 және 9-бағандардағы "Жиынтығы" деген жол бойынша деректер брутто негізде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығы мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 225 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 225 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 225 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығы мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 225 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығы мәселелері
  бойынша өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 225 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.