РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
"Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 18-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Үлгілік ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Үлгiлік ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі. Үлгiлік ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы "14" қыркүйектегі № 372 бұйрығымен бекітілген |
Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) осы Үлгілік ережеге сәйкес тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді.
2. Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылады.
2-тарау. Комиссияның міндеті мен функциялары
4. Комиссияның міндеті сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру болып табылады.
5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) осы тармақшасының бірінші абзацы 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2018 № 372 бұйрығымен (мәтін алып тасталды).Заңның 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің бағаларын мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген газ желісі ұйымдары – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға кейіннен өткізуге жататын көлемдерде берген өтінімдердегі деректердің негізділігін, толықтығын және уақтылығын анықтайды;
Заңның 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес сұйытылған мұнай газын мұнай-газхимия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылары берген өтінімдердегі деректердің негізділігін, толықтығын және уақтылығын анықтайды;
Заңның 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес сұйытылған мұнай газы электрондық сауда-саттығына қатысушылары берген өтінімдердегі деректердің негізділігін, толықтығын және уақтылығын анықтайды;
2) өтінімді мақұлдау және оны жиынтық өтінімге енгізу немесе тиісті өтініш беруші үшін сұйытылған мұнай газының беру көлемдерін өзгерту туралы шешім қабылдайды;
3) жиынтық өтінімді мақұлдау туралы шешім қабылдайды.
3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру тәртібі
6. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмыс органы қызметкерлерінің арасынан анықталады және оның мүшесі болып табылмайды.
7. Комиссия тұрақты орган болып табылады және мүшелердiң тақ санынан тұрады, бірақ бес адамнан кем емес.
8. Жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
9. Комиссияны жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатын адамдарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен құрады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.11.2020 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын (мерзім Комиссия құрамы бекітілген күннен бастап есептеледі) Комиссия құрамын қайта қарайды және өзектендіреді.
Ескерту. Ереже 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.11.2020 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-2. Комиссияны құру кезінде жергілікті атқарушы орган мүдделер қақтығысына жол бермеуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Ереже 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.11.2020 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Жергілікті атқарушы органның тиісті құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
11. Комиссия отырыстарын оның төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет шақырады.
12. Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
13. Комиссия шешімдері оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
14. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
15. Комиссия отырысында бейнежазба жүргізіледі, Комиссия отырыстарының бейнежазбалары Комиссия отырысы өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
16. Комиссия төрағасы:
1) Комиссия отырыстарын шақырады;
2) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) Комиссия жұмысын жоспарлайды;
4) Комиссия отырыстарына төрағалық етеді;
5) оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
17. Комиссия мүшелері:
1)өтініш берушілердің өтінімдерімен танысады;
2) жоспарланған кезеңге арналған жиынтық өтінімнің жобасымен танысады;
3) өтiнiмдерге және жиынтық өтiнiм жобасына қатысты ұсыныстар енгiзедi;
4) Комиссия отырысында шешілуі тиіс мәселелерді қарайды;
5) Комиссия қызметiнің мәні болып табылатын мәселелер бойынша дауыс беруге қатысады.
18. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
2) Комиссия отырысын өткізу күні мен орны туралы Комиссия мүшелеріне отырыс күніне дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей хабарлайды;
3) қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, Комиссия отырысы өткен соң оның хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) ресімдейді;
4) Комиссия жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
19. Шешіммен келіспеген жағдайда, Комиссия мүшесі хаттамаға қоса берілетін қарсылықтарын жазбаша түрде баяндайды.
20. Комиссия шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және оған төраға, төрағаның орынбасары, хатшы, қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.
21. Комиссия шешіміне мүдделі тұлға Заңның 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларында көзделген тәртіппен уәкілетті органға жүгіну арқылы шағым жасайды.
22. Хаттама Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның мүшелеріне жіберіледі және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.