"Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 13 қарашадағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қарашада № 21644 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17541 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Комиссияны жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатын адамдарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен құрады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын (мерзім Комиссия құрамы бекітілген күннен бастап есептеледі) Комиссия құрамын қайта қарайды және өзектендіреді.

      9-2. Комиссияны құру кезінде жергілікті атқарушы орган мүдделер қақтығысына жол бермеуді қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. М. Журебеков