"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі селекциялық жетістіктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1343 бұйрығымен бекітілген |
Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі селекциялық жетістіктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы
1 тарау. Жалпы ережелер.
1. Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі селекциялық жетістіктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары (бұдан әрі -Қағида) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген (бұдан әрі -Заң) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі селекциялық жетістіктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын тіркеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) бюллетень – селекциялық жетістіктердің мәселелерін қорғау бойынша мерзімді ресми баспа;
2) ДЗМҰ – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы;
3) ИНИД – библиографиялық деректерді сәйкестендірудің халықаралық кодтары;
4) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі– патент берілген сұрып пен тұқым түрлері енгізілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік тізіліміндегі қорғалатын өсімдіктер сұрыптары және Қазақстан Республикасы мемлекеттік тізіліміндегі қорғалатын жануарлар тұқымы тізілімі;
5) Мемлекеттік комиссия – ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы;
6) патенттік сенім білдірілген өкілдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғаларға өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) селекциялық жетiстiк – патент берiлген, адамның шығармашылық енбегiнiң нәтижесiнде пайда болған өсiмдiктiң жаңа сұрыбы мен жануарлардың жаңа тұқымы.
2 тарау. Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктері мемлекеттік тізілімінде тіркеу.
3. Сараптама жасау ұйымының патент беру туралы шешімі негізінде және мемлекеттік комиссияның қорғау құжатын беру туралы шешімі негізінде сараптама жасау ұйымының құжаттарды патент беруге дайындау және жариялау қызметі үшін төлем жасалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне мәлімет енгізіледі.
4. Селекциялық жетістіктерді мемлекеттік тізілімге тіркеу кезінде мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) патенттің нөмірі;
2) құжат түрінің сөздік белгісі;
3) тіркеу нөмірі және өтініш беру күні;
4) патенттің жарияланған күні;
5) егер өтінім бойынша сараптама жасау ұйымына берген күннен өтінім бойынша өнертабыстың неғұрлым ертерек басымдығы анықталған болса, алғашқы өтінім берілген елдің (ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес) нөмірі, берген күні және коды (ол бойынша қосымша материалдар түскен күні);
6) автордың (авторлардың) А.Т.Ә. (болған жағдайда) және ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес оның тұрғылықты елінің (орналасқан елінің) коды (кодтары);
7) А.Т.Ә. (болған жағдайда) немесе патент иеленушінің атауы, ДЗМҰ ST.3 стандарттарына сәйкес оның тұрғылықты елінің (орналасқан елдің) коды (кодтары);
8) селекциялық жетістіктің атауы (өсімдік пен жануардың түрі, сұрыбы, сұрып пен тұқымның аталуы);
9) патенттік сенім білдірілген өкіл немесе басқа өкіл туралы мәлімет.
3 тарау. Патент беру
5. Мемлекеттік тізілімге енгізілген мәліметтер негізінде осы Қағиданың 1–қосымшасына сәйкес нысанда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтырылған патент беріледі.
6. Сараптама жасау ұйымы құқық иеленушіге не сенімхат берілген өкіліне (ұсыныс өкіл арқылы түссе) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда қорғау құжаттарын беру туралы өтініш және сараптама жасау ұйымының патентті беруге және жариялауға дайындауы бойынша қызметіне төлем жасалғанын растайтын құжат түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде патент (жіберіледі) береді. Заңның 13 бабына сәйкес, патент сұратылған тұлғалар бірнеше тұлға болған жағдайда оларға бір патент беріледі.
7. Патент иесі болып табылмайтын селекциялық жетістіктің авторына оның авторлығын растайтын куәлікті осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес беріледі.
Автордың куәлігі селекциялық жетістіктердің патент беру туралы өтінішінде көрсетілген барлық селекциялық жетістіктердің авторларына өтініш беруші авторларға сараптама жасау ұйымының куәлікті беруге дайындау қызметтеріне төлемді растайтын құжатын ұсынған соң автордың куәлігі беріледі.
Өтінім берушіге патент және автордың куәліктері жинақталып жіберіледі.
8. Егер патент беруге өтінімді Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан бірнеше автор бірлесіп берсе, онда патент және авторлар куәліктері Қазақстан Республикасы аумағында тұратын немесе орналасқан бірінші болып көрсетілген патент иеленушісіне тапсырылады немесе пошта арқылы жіберіледі.
4 тарау. Патентті күшінде ұстап тұру
9. Патент иеленушi патентті күшiнде ұстап тұру үшiн Заңның 14 бабы 5 тармағы 3 тармақшасына сәйкес жыл сайын өтінім берген күнге сәйкес келетін күні төлем жүргізуі тиіс. Сараптама жасау ұйымы патент бергеннен кейін он жұмыс күні ішінде патент иеленушісіне осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда қорғау құжатын күшінде ұстап тұру жөнінде хабарлама жібереді.
10. Қорғау құжатын күшінде ұстап тұру үшін алғашқы төлем қорғау құжатын беру туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі және өтінім берілген күннен бастап алдындағы жылдар үшін төлемді қамтиды.
Қорғау құжатының алдағы жылда күшінде тұруы үшін ағымдағы жылы күшінде ұстап тұру қажет.
11. Қорғау құжатын күшінде ұстап тұру үшін төлем жасалғаннан кейін патент иеленуші немесе өкіл сараптама жасау ұйымына төлем құжаттарының көшірмесін ұсынуы тиіс.
Төлем туралы құжат ұсынылған болса, сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге қорғау құжатын келесі жылдарда күшінде ұстап тұру туралы мәліметтерді енгізеді.
Белгіленген мерзімнен кейін ақысы төленген жағдайда өнеркәсіптік меншік сақтау құқықтар қорғауға қарастырылған баж төлеу туралы Париж конвенциясының (bis) 5 бабы 1 тармағына сәйкес қосымша баж төлеген жағдайда мерзімнен өту күнінен басталып алты айды құрайтын жеңілдетілген төлем мерзімі ұсынылады. Осы жағдайда төлем көлемі белгіленген бағадан 50 пайызға жоғары болады.
5 тарау. Телнұсқаны беру
12. Патенттің түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз болып қалған жағдайда (автордың куәлігі) сараптама жасау ұйымы олардың телнұсқасын береді.
Селекциялық жетістікке патенттің көшірмесінің телнұсқасын (автордың куәлігі) сараптама жасау ұйымының қызметтеріне ақы төлеу туралы құжат болған жағдайда телнұсқасы беру туралы осы Қағидалардың 5- қосымшасына сәйкес нысанда өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
Телнұсқа онда көрсетілген мәліметтер құрамы бойынша берілген патенттің төлнұсқасына сәйкес келеді, онымен заңды күші бірдей заңды күші бар және патенттің тиісті үлгісіне сәйкес қазақ және орыс тілдеріндегі "Көшірме" мөр таңбасы қойылып беріледі.
Телнұсқа ондағы көрсетілген мәліметтердің құрамы бойынша берілген қорғау құжатының телнұсқасына сәйкес болады, заңды күші онымен бірдей.
Телнұсқа берілген жағдайда қорғау құжатының төпнұсқасы телнұсқа беру туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап заңды күші жоқ деп танылады.
6 тарау. Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдеріне өзгерістерді енгізу
13. Сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге патенттің құқықтық мәртебесінің келесі өзгерістері туралы мәліметтерді оны апелляциялық кеңестің, сот органдарының шешімдері, уәкілетті органның хабарламалары және патент иеленушілердің (олардың құқықтық мирасқорларының немесе өкілдерінің) ұсыныстарымен:
1) Мемлекеттік тізілімнің жазбаларындағы қателерді түзету туралы;
2) тіркелген құқық беру туралы, тіркелген құқықты ұсыну туралы;
3) тіркелген құқықты беруге тіркелген құқықты ұсынуға қатысты келесі өзгерістер туралы;
4) патентті толық немесе ішінара жарамсыз деп тануға байланысты оның күшін жою туралы;
5) патент иеленушінің ұсынысы бойынша патенттің қолданылуын тоқтату туралы;
6) белгіленген мерзімде төлем жүргізілмеген кезде патенттің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
7) патент иеленушінің атауына және оның мекенжайына өзгерістер енгізу туралы;
8) патент иеленуші өкілінің өзгеруі туралы;
9) хат алмасу үшін мекенжайдың өзгеруі туралы;
10) автордың, патент иеленушінің - жеке тұлғаның аты-жөнін,әкесінің аты, (бар болса) және /немесе тұрғылықты жерінің мекен-жайын, патент иесінің хат-хабар алмасу үшін мекен-жайы өзгеру туралы;
11) әртүрлілік сұрып, тұқым бойынша авторлық туралы енгізеді.
14. Өзгерістер патент иеленушінің (құқық мирасқордың)немесе патент иесінің сенімхаты бойынша әрекет ететін өкілінің сараптама жасау ұйымына тиісті өзгерістерді енгізу туралы ұсыныс хатты беруі арқылы енгізіледі.
15. Өтінішхат қазақ немесе орыс тілінде беріледі.
Өтініш хатқа патент иеленуші немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкіл қол қояды (егер патент иеленушілер бірнеше адамдар тобы болса, өтінішхатқа аталған топқа кіретін барлық адамдар қол қояды).
Өтініш хатқа мыналар қоса беріледі:
1) тиісті өзгерісті растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) өзгерістерді енгізу үшін төлемді растайтын құжат;
3) сенімхатпен (егер өтінішхат өкіл арқылы берілетін болса) сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхат патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілетін болса).
Өтініш хат және оған қоса берілетін құжаттар олардың сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
16. Патент иеленушінің (патент иеленушілердің) атауына заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға байланысты өзгерістер енгізген кезде құқық мирасқоры өтінішхат береді және тиісті өзгерістерді растайтын құжаттар ұсынылады.
17. Авторлар құрамына өзгерістер сот шешімі негізінде енгізіледі. Қорғау құжатында көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару авторлар құрамының өзгеруі деп танылады.
Авторлар құрамына өзгерістер сот шешімі негізінде еркін нысанда авторлар құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш хат беру арқылы енгізіледі, онда қорғау құжатының нөмірі, енгізілетін немесе шығарылатын автордың тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), тұратын жерінің мекенжайы, көрсетіледі.
Өтініш хатқа қоса беріледі:
1) сот шешімінің көшірмесі;
2) өзгеріс енгізуге төлемді растайтын құжат
3) сенімхатпен (егер өтінішхат өкіл арқылы берілетін болса) сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхат патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілетін болса).
Өтініш және қоса берілген қосымша құжаттар сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
18. Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда өтініш беруші сараптама жасау ұйымы сұраныс жіберген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Тиісті құжаттарды ұсынбаған жағдайда өзгерістер енгізілмейді, ол туралы ұсыныс хат берген адам хабардар етіледі.
Өзгерістер енгізілген жағдайда тиісті мәліметтер мемлекеттік тізілімге енгізіледі, бюллетеньде жарияланады (патент иеленушінің мекенжайы, хат алмасу үшін мекенжайдың және өкілдің өзгеруінен басқа), патент иеленушінің атына осы Қағиданың 6, 7-қосымшасына сәйкес нысанда хабарлама жіберіледі.
7 тарау. Селекциялық жетістіктер патентінің қолданылу мерзімін ұзарту
19. Патент иеленушінің Заңның 3-бабының 5-тармағына сәйкес селекциялық жетістіктерге патенттің қолданылу мерзімін ұзартуға құқығы бар.
Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуының мерзімін ұзарту туралы өтініш хат (бұдан әрі – өтініш хат) сараптама жасау ұйымына оның соңғы қолданылу жылы бойы күшінде ұстап тұрған жағдайда (өсімдік сұрыптарына – патенттің 25 жыл қолданылуына, жануарлар тұқымдарына – патенттің 30 жыл қолданылуына, жүзім сұрыптарына, декоративтік ағаш түрлерінің, жеміс және орман дақылдарына – патенттің 35 жыл қолданылуына) осы қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысанына беріледі.
20. Өтініш хатты патент иеленушісі немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкіл береді.
21. Өтініш қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі.
22. Өтінішхатқа патентиеленуші қол қояды (егер патент иеленуші болып тұлғалар тобы саналатын жағдайда, осы топқа кіретін барлық тұлғалар өтінімге қол қояды) немесе патенттік сенім білдіруші, немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өзгеде өкіл қол қояды.
23. Өтінішхатқа:
1) селекциялық жетістіктер патентінің қолданылу мерзімін ұзартуға және бюллетенде ұзартылғаны туралы мәліметті жариялағаны үшін төлемін растайтын құжаты;
2) сенімхат (егер өтініш хатты өкіл берсе) немесе (егер өтінішхатты патенттік сенім білдіруші берсе) сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.
24. Өтінішхат және оған қоса берілген құжаттар сараптама ұйымына тікелей беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
25. Өтініш хат және қоса берілген құжаттар сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
26. Құжаттардың толық емес пакеті табыс етілген жағдайда осы Қағиданың 21,23 тармақтарына сәйкес өтініш беруші сараптама жасау ұйымы сұраныс жіберген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Тиісті құжаттарды ұсынбаған жағдайда патенттің қолданылу мерзімі ұзартылмайды, ол туралы өтінішхат берген адам хабардар етіледі.
27. Егер өтiнiмдi беру шарттары сақталса селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылу мерзiмi өтінішхатта көрсетілген бiрақ 10 жылдан аспайтын мерзiмге ұзартылады.
Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімінің ұзартылуы туралы мәлімет Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және бюллетеннің ең жақын шығарылымында жарияланады.
Өтініш берушінің атына патенттін қолданылу мерзімінің ұзартылуы туралы тиiстi хабарлама осы Қағиданың 9-қосымшасының нысанына сәйкес жiберiледi.
Өтініш хат берілген жағдайда белгіленген мерзімнен кейін төлем төленсе, өнеркәсіптік меншік сақтау құқықтарын қорғауға қарастырылған баж төлеу туралы Париж конвенциясының (bis) 5 бабы 1 тармағына сәйкес қосымша баж төлегенде мерзімнен өту күнінен басталып алты айды құрайтын жеңілдетілген төлем мерзімі ұсынылады. Осы жағдайда төлем көлемі белгіленген бағадан 50 пайызға жоғары болады.
8-тарау. Селекциялық жетiстiкке патенттердің күшiн жою және мерзiмiнен бұрын тоқтату тәртiбi
28. Патенттің бүкіл қолданыста болған мерзімінде оны беруге қарсы наразылық бойынша дау туындауы және жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Патентті жарамсыз деп тану селекциялық жетістіктерге патент беру туралы шешімді жоюды және тиісті мемлекеттік тізілімдегі жазбаның күшін жоюды білдіреді.
Сараптама жасау ұйымы жою туралы мәліметтерді үш жұмыс күні ішінде күшін жою туралы мәліметті тиісті мемлекеттік тізіліміге енгізеді және мәліметті бюллетеннің ең жақын шығарылымында жариялайды.
29. Патент қолданысы мерзімінен бұрын:
1) патент иеленушінің ұсыныс хаты бойынша;
2) патентті күшінде ұстап тұру төлемі белгіленген мерзімде төленбеуіне байланысты тоқтатылады
30. Патент иесінің жазбаша өтініші негізінде (егер патент иеленушісі тұлғалар тобы болса, өтінішке барлық адамдар қол қояды) қорғау құжаты қорғау құжатының мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы мәлімет бюллетенінде жарияланған күннен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылады.
31. Сараптама жасау ұйымы қорғау құжатын күшінде ұстап тұру үшін белгіленген мерзімде төленбеген жасамаған кезде патенттің күші мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы мәліметтерді тиісті Мемлекеттік тізілімге енгізеді және оларды жариялауды жүзеге асырады.
9-тарау. Селекциялық жетістікке патенттiң қолданылуын қалпына келтіру
32. Патент иеленушiнiң өтінішхаты бойынша Заңның 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған патенттің қолданылуы, патенттi күшiнде ұстап тұру үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi өткен күннен бастап үш жыл iшiнде, қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Өтініш хат осы Қағиданың 10 қосымшасына сәйкес нысанда беріледі. Қалпына келтіру туралы хатымен патенттің қолданылуын қалпына келтiруге құжаттарды дайындағаны үшін және төлем мерзімі өтіп кеткен қолданылу кезеңінде оны күшінде ұстап тұру үшін төленген төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
33. Өтініш хатқа патент иеленуші немесе сенімхат негізінде бойынша әрекет ететін патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл қол қояды (егер патент иеленушілер бірнеше адамдар тобы болса, өтінішхатқа аталған топқа кіретін барлық адамдар қол қояды). Заңды тұлғаның атынан өтiнiшке ұйым басшысы немесе оның лауазымын көрсете отырып, уәкiлеттi басқа адам қол қояды.
Өтінішхатқа:
1) патенттің қолданылуын қалпына келтіру бойынша құжаттарды дайындау және жариялау үшін төлемді растайтын құжат;
2) патенттің қолданылуының өткізіп алған жылын ұстап тұрғаны үшін төлемді растайтын құжат;
3) сенімхат (егер өтінішхатты өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхат патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілсе) қоса беріледі.
34. Сараптама жасау ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхат берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтерді бюллетеньде жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады. Патент иеленушіге немесе оның өкіліне патенттің қолданылуы қалпына келтірілуі туралы хабарлама осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысанда жіберіледі.
35. Құжаттардың толық емес пакеті табыс етілген жағдайда осы Қағиданың 33 тармағына сәйкес өтініш беруші сараптама жасау ұйымы сұраныс жіберген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайда патенттің қолданылу күші қалпына келтірілмейді. ол туралы өтінішхат берген адам хабардар етіледі.
Артқы беті |
Қорғау құжаттарын беру туралы өтініш
Сараптама жасау ұйымының қорғау құжаттарын беру туралы шешімі негізінде
№ _______ өтінім бойынша патент берулеріңізді сұраймын.
□ патентті беруге дайындау және жариялауға төлем туралы құжат
________________________________________________________________
(құжат нөмірі мен төлем күні)
□ сенімхат (егер өтініш өкіл арқылы берілсе) немесе сенімхат көшірмесі (егер өтініш
патенттік сенім білдірген өкіл арқылы берілсе).
Өтініш иесі
___________ ____________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
Патенттік сенім білдірген өкіл немесе өзге өкіл
___________ ____________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
Артқы беті |
№ _____________ от _______________ г. (номер счета) (Дата создания) | Адресат |
Хабарлама / Уведомление об оплате за поддержание охранного документа в силе охранный документ № ____ _________________________________________________________________________ (Название)
Қазақстан Республикасының Патент Заңына сәйкес қорғау құжатының жарамдылығы оның күші сақталған жағдайда ғана іске асады. |
Уведомляем Вас, что охранный документ в соответствии с Патентным Законом Республики Казахстан действует при поддержании его в силе. |
Өтініш селекциялық жетістіктер патентінің көшірмесін беру туралы (автор куәлігі)
Жоғалтып алуыма байланысты (жарамсыз болып қалуына орай) патент түпнұсқасы
(автор куәлігі) патент көшірмесін берулеріңізді сұраймын №_________ автор куәлігі
№__________.
Ескерту:
□ патент көшірмесін дайындауға төлем жасалғандығын растайтын құжат
(автор куәлігі) __________________________________________
(құжат нөмірі мен төлем күні)
□ сенімхат (егер өтініш өкіл арқылы берілсе) немесе сенімхат көшірмесі
(егер өтініш патенттік сенім білдірген өкіл арқылы берілсе).
Патент иесі
____________ ___________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
Патенттік сенім білдірген өкіл немесе өзге өкіл
____________ ___________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
Селекциялық жетістікке қатысты өзгерістер жайлы мәліметтерді Қазақстан Республикасы селекциялық жетістіктер мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы ХАБАРЛАМА | УВЕДОМЛЕНИЕ о внесении сведений об изменениях, внесенных в Государственный реестр селекционных достижений Республики Казахстан по патенту |
---|---|
№ | № |
Сіздің өтінішіңіз бойынша патент иеленушісінің атауы мынадай болып өзгертілгенін хабарлаймыз: |
Уведомляем, что на основании Вашего ходатайства наименование патенто-обладателя изменено на следующее: |
Селекциялық жетістікке қатысты өзгерістер жайлы мәліметтерді Қазақстан Республикасы селекциялық жетістіктер мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы ХАБАРЛАМА | УВЕДОМЛЕНИЕ о внесении сведений об изменениях, внесенных в Государственный реестр селекционных достижений Республики Казахстан по патенту |
---|---|
№ | № |
Сіздің өтінішіңіз бойынша патент иеленушісінің өкілі/мекен-жайы, хат хабарлау мекен-жайы мынадай болып өзгертілгенін хабарлаймыз. | Уведомляем, что на основании Вашего ходатайства адрес/представитель, патенто-обладателя, адрес для переписки изменен(о) на следующее. |
Өтініш хат селекциялық жетістіктер патентінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы
"Селекциялық жетістіктерін қорғау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 3 бабы 5 тармағына сәйкес селекциялық жетістіктер патентінің қолданылу
мерзімін ұзартуды сұраймын № ________________
(патент номері)
__________________________________________________________________
(селекциялық жетістіктің атауы)
Келесі жылдарға:
Ескерту:
□ патенттің қолданылу мерзімін ұзартуды жариялауға төлем туралы құжат
□ Патент күшін қолдауға арналған төлемді растайтын құжат __ жылға
( Заңның 14 бабының 5 тармағы 3 тармақшасына сәйкес)
□ сенімхат (егер өтініш өкіл арқылы берілсе) немесе сенімхат көшірмесі
(егер өтініш патенттік сенім білдірген өкіл арқылы берілсе).
Патент иесі
___________ _____________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
Патенттік сенім білдірген өкіл немесе өзге өкіл
___________ _____________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы ХАБАРЛАМА | УВЕДОМЛЕНИЕ о продлении срока действия патента на селекционное достижение |
---|---|
№ | № |
Қазақстан Республикасы "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес патенттің қолданылу мерзімі ______ ж. дейін ұзартылғандығы туралы хабарлаймыз. |
Уведомляем, что на основании пункта 5 статьи 3 Закона Республики Казахстан "Об охране селекционных достижений" срок действия патента продлен до ______ г. |
Өтініш Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін қалпына келтіру туралы
Қазақстан Республикасы "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы"
Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес селекциялық жетістікке
патенттің қолданылу мерзімін қалпына келтіруді сұраймын
(өсімдік сұрыбы мен жануарлар тұқымы)
№ ___________________
(патент номері)
________________________________________________________________
(селекциялық жетістік атауы )
Патенттің қолданылу күшін ұстауға бекітілген мерзім төмендегі себептермен
өткізіліп алынды.
Ескертпелер:
□ Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін қалпына келтіруге төлем
жасалғандығын растайтын құжат
□ сенімхат (егер өтініш өкіл арқылы берілсе) немесе сенімхат көшірмесі
(егер өтініш патенттік сенім білдірген өкіл арқылы берілсе).
Патент иесі
__________ __________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
Патенттік сенім білдірген өкіл немесе өзге өкіл
__________ __________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін қалпына келтіру туралы ХАБАРЛАМА | УВЕДОМЛЕНИЕ о восстановлении срока действия патента на селекционное достижение |
---|---|
№ | № |
Қазақстан Республикасы "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес патенттің қолданылу мерзімі 20__ жылдың ___ бастап қалпына келтірілгендігі туралы хабарлаймыз. |
Уведомляем, что на основании пункта 1 статьи 21-1 Закона Республики Казахстан "Об охране селекционных достижений" срок действия патента восстановлено с __ __ 20__г. |