Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қыркүйекте № 17379 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Б. Асылова

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 464 бұйрығына қосымша

Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 43-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      3) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі - оператор) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) өнім беруші - кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      5) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс - студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханаларда жаңа орындарды енгізуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер үшін ақшалай төлемдер.

      3. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың көлемі Заңның 5-бабының 2-4) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесіне сәйкес анықталады.

      4. Оператор жыл сайын ағымдағы қаржы жылының қаңтар айында жасалған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарттары (бұдан әрі - шарт) негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырыс мөлшерінің есептеулерін ұсынады.

      5. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2018 № 700 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру мақсатында:

      1) салынып жатқан жатақханадағы немесе жатақхана етіп реконструкция жасалып жатқан ғимараттағы орындардың жалпы саны есепке алынады, ол облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар мен астана үшін кемінде жүз орынды, ал қалған елді мекендер үшін кемінде елу орынды құрайды.

      Реконструкция жасалып жатқан жатақханадағы орындардың жалпы саны реконструкция жасалып жатқан жатақханада бұрын қолданылған орындардан басқа кемінде елу жаңа орынды құрайды. Бұл ретте, мемлекеттік тапсырыс реконструкция жасалған жатақханадағы қосымша енгізілген жаңа орындар үшін орналастырылады;

      2) оператор техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының көмегімен өнім берушілердің дерекқорларын құру және енгізу арқылы өнім берушінің жатақханадағы студенттер, магистранттар мен докторанттар нақты орналасқан жаңа орындардың енгізілуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі

      7. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды студенттер, магистранттар және докторанттар үшін жатақханаларда жаңа орындар енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге жүзеге асырылады.

      7-1. Студенттер, магистранттар және докторанттар үшін жатақханалардағы жаңа орындар 2018 жылғы 20 шілдеден кейін мына жолдармен пайдалануға берілген жатақхана орындары болып табылады:

      1) жапсаржай, қондырманы қоса алғанда, жаңа жатақхана салу;

      2) жапсаржай, қондырманы қоспағанда, ғимаратты оның нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты жатақхана етіп реконструкция жасау.

      Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 26.05.2022 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханаларда жаңа орындар енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім беруші операторға мына құжаттарды (қағаз көшірмелерде немесе электрондық нысанда) ұсына отырып, оператор бекіткен нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған қағаз немесе электрондық нысанда өтініш береді:

      1) жаңа жатақхана салынған жағдайда:

      жатақхананы салу үшін пайдаланылатын жер учаскесіне (меншікті, жалға алынатын немесе жерді өтеусіз пайдалану құқығындағы) құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары;

      2) жатақханаға немесе ғимаратты жатақхана етіп реконструкция жасалған жағдайда:

      жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қоса бере отырып, жатақханаға немесе жатақхана етіп реконструкция жасалатын ғимаратқа құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары;

      3) егер әлеуетті өнім беруші жекеше әріптес болып табылған жағдайда:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған, қажет болған жағдайда жекеше әріптестер үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын, шығындарды өтеу және табыс алу көздерін көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 26.05.2022 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінім келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізіп, тексерудің нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) шығарады.

      Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық, дұрыс ресімделген өтінішті ұсынған кезде оператор қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оператор бекіткен нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган, оператор және әлеуетті өнім беруші арасында әлеуетті өнім беруші соның шеңберінде жатақханалардағы жаңа орындарды пайдалануға енгізетін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы жаңадан енгізілген орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шартты (бұдан әрі – алдын ала шарт) жасасу рәсімін жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім берушінің ұсынған құжаттары қоса тіркелген қорытындыны білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

      Оператор әлеуетті өнім берушінің Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) дұрыс ресімделмеген өтінішті ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, оператор қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге алдын ала шартты жасасудан бас тарту туралы негізделген және дәлелді жауабын жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 26.05.2022 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Білім беру саласындағы уәкілетті орган оператордан Қағидалардың 9 және 13-тармақтарында көрсетілген қорытындылар келіп түскен күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн ішінде тиісінше:

      1) алдын ала шартты жасасу рәсімін жүзеге асырады;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган, оператор және өнім беруші арасында шарт жасасу рәсімін жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2018 № 700 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Шарт "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 21-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес жасалады.

      12. Шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ол бойынша міндеттемелері толық орындалғанға дейін әрекет етеді.

      13. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін әлеуетті өнім беруші операторға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама мен оның техникалық сипаттамасын қоса бере отырып, жатақханада жаңа орындардың пайдалануға енгізілгенін және жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.

      Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде қорытынды шығара отырып, олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізеді.

      Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды дұрыс ресімдеп ұсынған кезде, оператор қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің шартты жасасу рәсімін жүзеге асыру үшін ұсынған құжаттары қоса тіркелген қорытындыны білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

      Оператор әлеуетті өнім берушінің Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың дұрыс ресімделмеген түрде ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге шарт жасасудан бас тарту туралы негізделген және дәлелді жауабын жолдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2018 № 700 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 26.05.2022 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі тоқсан алты айды құрайды.

      Жатақхананың меншік иесі ауысқан жағдайда студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі жатақхананың алдыңғы меншік иесі кезіндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзіміне шамалас азайтылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2018 № 700 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2018 № 700 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасының талаптары сақталған жағдайда жатақхана пайдалануға енгізіліп, жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығы тіркелгеннен кейін толық айға жүзеге асырылады, бөліктерге бөлінбейді.

      Төлемді жүзеге асыру үшін өнім беруші 15 желтоқсандағы жағдай бойынша берілетін желтоқсан айына реестрді қоспағанда, ай сайын Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айдың соңғы күніндегі жағдайға жатақханадағы студенттер, магистранттар және докторанттар нақты орналасқан орындар туралы мәліметтерді қамтитын тізілімді ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.01.2020 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Егер оператор шарт жасалғанға дейін студенттердің, магистранттар мен докторанттардың нақты тұратынын растаған жағдайда студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер Қағидалардың 17-тармағы сақталу шартымен өткен кезеңге жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 18-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.01.2020 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Студенттерді, магистранттар
мен докторанттарды
жатақханалардағы орындармен
қамтамасыз етуге мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_______________________
(оператордың атауы)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 26.05.2022 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Студенттерді, магистранттар
мен докторанттарды
жатақханалардағы орындармен
қамтамасыз етуге мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-1-қосымша

Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханаларда жаңадан енгізілетін орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шарт

      Ескерту. 1-1-қосымша алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 26.05.2022 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Студенттерді, магистранттар
мен докторанттарды
жатақханаларда жаңадан
енгізілетін орындармен
қамтамасыз ету жөніндегі
алдын ала шартқа
1-қосымша

Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі

      1. Көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы.

      1.1. Әлеуетті өнім берушінің көрсететін қызметтері жаңа жатақхананы салу арқылы студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханаларда ___ (санын көрсету)_____ орынның енгізілуін қамтамасыз етуді қамтиды.

      1.2. Әлеуетті өнім беруші жатақханадағы жаңа орындардың санын, оның өлшемі мен басқадай сипаттамаларын, сондай-ақ жатақхананың құрылысын қаржыландыру көздерін өз бетінше айқындайды.

      1.3. Жатақхананың құрылысын, жабдықталуын және пайдаланылуын Әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы құрылыс, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      2. Жатақхананың құрылысы.

      2.1. Жатақхананың құрылысын Әлеуетті өнім беруші мына кезеңдерде жүзеге асырады:

      1 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      2 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      3 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      4 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей.

      2.2. Әлеуетті өнім беруші 20 ___ жылғы "____"_______ кешіктірмей жатақхананы пайдалануға енгізуге кепілдік береді.

      2.3. Салынып жатқан жатақхананың техникалық-экономикалық көрсеткіштері:


р/р

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

1

Студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін енгізілетін орындардың саны

орын-жай


2

Жатақхананың қабаттар саны

қабат


3

Жатақхананың жалпы алаңы

м2


4

Тұрғын үй-жайлардың алаңы

м2


5

Тұрғын үй-жайлар саны

дана


      3. Әлеуетті өнім беруші салып жатқан жатақхананың құрылысы орналасқан жер: ________________.

Тапсырыс беруші

Әлеуетті өнім беруші

Оператор

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" ММ
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

Атауы
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

Атауы
Лауазымы
_____________ ТАӘ
М.О.

  Студенттерді, магистранттар
мен докторанттарды
жатақханаларда жаңадан
енгізілетін орындармен
қамтамасыз ету жөніндегі
алдын ала шартқа
2-қосымша

Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі

      1. Көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы.

      1.1. Әлеуетті өнім берушінің көрсететін қызметтері ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау арқылы студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханаларда ___ (санын көрсету)_____ жаңа орынның енгізілуін қамтамасыз етуді қамтиды.

      1.2. Әлеуетті өнім беруші жатақхана ретінде реконструкцияланатын ғимараттағы жаңа орындардың санын, оның өлшемі мен басқадай сипаттамаларын, сондай-ақ жатақхананың құрылысын қаржыландыру көздерін өз бетінше айқындайды.

      1.3. Ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялауды, сондай-ақ оны жабдықтауды және пайдалануды Әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы құрылыс, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      2. Ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау.

      2.1. Ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялауды Әлеуетті өнім беруші мына кезеңдерде жүзеге асырады:

      1 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      2 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      3 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      4 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей.

      2.2. Әлеуетті өнім беруші жатақхана етіп реконструкция жасалатын ғимараттың:

      1) ағаш, каркас, қалқанды, қамыс және есепті қызмет ету мерзімі елу жылға дейінгі басқа материалдардан салынған;

      2) апатты (тозығы жеткен) деп танылған. Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушіден операторға ғимараттың және құрылыстың беріктігі мен орнықтылығын техникалық тексерудің нәтижелері бойынша "техникалық жай-күйі ақаусыз немесе жұмысқа жарамды" деп бағаланған ғимараттың жай-күйі туралы қорытынды ұсынылған жағдайлардан басқа пайдаланылып жүргеніне немесе пайдалануға енгізілгеніне елу жылдан астам уақыт өткен;

      3) қажеттіліктерін жатақхана өтейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу корпусы қалалық немесе ауылдық елді мекендердің шегінен тыс орналасқан жағдайлардан басқа, өнеркәсіптік (өндірістік) кәсіпорындардың аумағында, сондай-ақ қалалық немесе ауылдық елді мекендер шегінен тыс орналасқан;

      4) өнеркәсіптік (өндірістік) ғимараттар мен қоймалар;

      5) Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.01.2020 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тыйым салған, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған билік етуге өзге шектеулері (тыйым салулары) бар болып табылмайтындығына кепілдік береді.

      2.3. Әлеуетті өнім беруші 20 ___ жылғы "____"_______ кешіктірмей жатақхананы пайдалануға енгізуге кепілдік береді.

      2.4. Жатақхана етіп реконструкция жасалатын ғимараттың техникалық-экономикалық көрсеткіштері:


р/р

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

1

Студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін енгізілетін жаңа орындардың саны

орын-жай


2

Жатақхананың қабаттар саны

қабат


3

Жатақхананың жалпы алаңы

м2


4

Тұрғын үй-жайлардың алаңы

м2


5

Тұрғын үй-жайлар саны

дана


      3. Әлеуетті өнім беруші жатақхана етіп реаконструкция жасап жатқан ғимараттың орналасқан жері: ________________.

Тапсырыс беруші

Әлеуетті өнім беруші

Оператор

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" ММ
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

Атауы
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

Атауы
Лауазымы
_____________ ТАӘ
М.О.


  Студенттерді, магистранттар
мен докторанттарды
жатақханалардағы орындармен
қамтамасыз етуге мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_______________________
(оператордың атауы)

20___ жылғы "___"________ жағдай бойынша жатақханадағы адамдар нақты тұрып жатқан орындар туралы тізілім

Т.А.Ә.

ЖСН

Оқитын жері

Оқитын курсы

Оқу деңгейі













      Қолы

      Мөр орны (бар болған жағдайда)