"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына және 50-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69 қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15747 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді эталонды бақылау банкісінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.";
аталған бұйрықпен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін уақытша атқарушы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
С. Әбіш |
Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер) мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар сонымен қатар, әскери қызметтен шығарылған адамдарға да (мерзімді әскери қызметтен, ҚР азаматтығы тоқтатылуына байланысты, арнайы тексерістен бас тартқан кезде, теріс себептер бойынша, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес еместігі бойынша шығарылғандардан басқа) ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін қолданылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақша төлеу тәртібі
2. Жаңа қызмет орнына ауысу кезінде немесе басқа жергілікті жерде әскери есепке қою үшін ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеуге әскери қызметші және әскери қызметтен босатылған адам тасымалдау маршрутын көрсету арқылы еркін түрде баянат (өтініш) ұсынады.
3. 2007 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің № 364 Жарғысымен бекітілген Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары Ішкі қызмет жарғысының 50-тармағына сәйкес баянат (өтініш) лауазымдар мен істерді қабылдаған немесе жеке құрамның тізімінен шығарылған күнінен бастап он күн аралығында келесі лауазымды тұлғалардың атына ұсынылады:
1) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры;
2) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына – Шекара қызметі Орталық аппаратының әскери қызметшілері және әскери қызметтен босатылған адамдары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өңірлік басқарма бастықтары мен орталыққа бағыныштағы әскери бөлімдерінің командирлері;
3) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының қаржы-экономикалық іс-қимылына жетекшілік ететін орынбасарына – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілері және әскери қызметтен босатылған адамдары;
4) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өңірлік басқарма бастықтарына – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті өңірлік басқармаларының әскери қызметшілері және әскери қызметтен босатылған адамдары және олардың бағыныштағы әскери бөлім командирлері;
5) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери бөлімдерінің командирлеріне – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери бөлімдерінің тиісті әскери қызметшілері және әскери қызметтен босатылған адамдары.
4. ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеуге бұйрық жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап 5 күннен кешіктірмей баянатта (өтініште) көрсетілген мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.
Баянатта (өтініште) көрсетілген тасымалдау маршруты елді мекендердің нақты орналасуына сәйкес келмеген жағдайда, құрылымдық бөлімше өтініш берушіге оларды пысықтау үшін қайтарады. Өтініш беруші он күн ішінде құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш жасайды, бұл ретте баянат (өтініш) бастапқы тіркелген күні берілген болып есептеледі.
Баянат (өтініш) негізінде құрылымдық бөлімше төлем мөлшерін белгілейді және ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеуге бұйрық жобасын дайындайды.
5. Құрылымдық бөлімше бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде автомобильдік жолдың әр 20 шақырымына төлем мөлшерін аңықтап және формула бойынша есептейді:
,
мұнда: L - кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығы;
20 км - тұрақты шама;
1 АЕК - тиісті қаржы жылына арналып бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.
6. ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу туралы бұйрық тасымалдау маршруты, арақашықтық және төлемнің мөлшері көрсетіліп, әскери қызметші әскери қызметті өткеріп жатқан жүрген, ал әскери қызметтен босатылған адамға әскери қызметтен шығар алдында қызмет өткерген мемлекеттік мекеменің уәкілетті лауазымды адамы шығарады.
ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін ақша төлеу туралы бұйрық жарияланғаннан кейін құрылымдық бөлімше аталған бұйрықты немесе одан үзінді көшірмені қаржы бөлімшесіне төлемді жүзеге асыру үшін жолдайды.
7. Қаржы бөлімшесі ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін әскери қызметшіге ақша төлеуді:
1) қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттар болған кезде – ақшалай үлеспен бірге төлей отырып;
2) қаражаттар болмаған жағдайда – жеке қаржыландыру жоспарында тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырады.
8. ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін ақша төлеудің әскери қызметшіге немесе әскери қызметтен босатылған адамға тиістісі және оған төленбегені немесе аз мөлшерде төленгені Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 178-бабының 1-тармағында белгіленген жалпы талап қою мерзімінің шегінде төленуге жатады.