2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына және "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 14035 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Республикалық мәдениет ұйымдарының бірінші басшылары болып табылатын қызметшілер мен олардың орынбасарлары мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган жанындағы аттестаттау комиссиясымен аттестаттаудан өткізіледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының мәдениет ұйымдарының бірінші басшылары болып табылатын қызметшілер мен олардың орынбасарлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы тиісті аттестаттау комиссияларымен аттестаттаудан өткізіледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аттестация кезінде жүктілігі жөнінде медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдерден басқа барлық қызметшілер аттесттаттауға жатады.
Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбiр кейінгі үш жыл өткен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күнінен бастап бір жылдан бұрын емес мерзімде аттестаттауға жатады.
Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.
Оқу демалысындағы, еңбек ақысы сақталмайтын демалыстағы (алты айдан аспайтын), жүктілігі және бала (балалар) тууына, жаңа туған баланы асырап алуға, баланың үш жасқа дейін оларға күтім жасауға байланысты демалыстағы қызметшілер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан ерте емес мерзімде аттестатталады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) аттестаттауды өткізуге дайындық;
2) қызметшілерді тестілеу;
3) қызметшілермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
4) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.";
7-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аттестаттауға жататын қызметшілерге қажетті құжаттарды дайындау (хабарлама, тікелей басшыдан қызметтік мінездеме сұрату, аттестаттау парағы);
2) аттестаттау өткізу кестелерін, тестілеу мен әңгімелесудің сұрақтары мен жауаптарын әзірлеу;";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қызметшіні тағайындауға уәкілетті тұлға кадр қызметінің ұсынымы бойынша:
1) аттестаттауға жататын қызметшілер тізімін;
2) аттестаттау өткізу кестесін;
3) аттестаттау комиссиясының құрамын;
4) қызметшінің атқарып отырған, үміттеніп отырған лауазымына біліктілік сипаттамаларымен қарастырылған білім деңгейін анықтайтын тест сұрақтары мен жауаптарын;
5) қызметшінің функционалдық міндеттеріне қатысты әңгімелесу үшін сұрақтар мен жауаптарды бекітеді.";
мынадай редакциядағы 17-1-ден 17-4-ке дейінгі тармақтармен толықтырылсын:
"17-1. Тестілеу және әңгімелесу аттестатталушы қызметшінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
17-2. Тест сұрақтары жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей әзірленеді және бекітіледі.
Басшылар үшін тест сұрақтарының саны 80, ал қызметшілер үшін – 60 сұрақты құрайды.
Тест сұрақтары жауаптарының біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс.
17-3. Тестiлеу нәтижелерi балмен бағаланады және тестілеу өткізілген күннен кейінгі жұмыс күнiнен кешіктірмей хабарланады.
Әрбiр тест сұрақтарының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
17-4. Тестілеу нәтижелерін оң деп тану үшін негіз болып табылатын дұрыс тест жауаптарының шекті деңгейі тест сұрақтарының жалпы санынан басшылар үшін 80 %, ал қызметшілер үшін 70% дұрыс тест жауаптарын құрайды.
Тестілеу кезеңінің шекті деңгейіне жетпеген қызметшілер әңгімелесуге өткізілмейді және қайта аттестаттаудан өтуге жатады.";
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Қағидалардың 5-1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, қайта аттестаттауға жатады;";
мынадай редакциядағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Аттестаттау комиссиясымен атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы шешімді қабылдау аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады.
Басшы мен қызметшінің аттестаттаудағы теріс нәтижесі оны лауазымынан төмендету үшін, ал егер ол ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, жұмыстан босату үшін негіз болып табылады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Аттестаттау комиссиясы кадр қызметінің ұсынысы бойынша басшымен құрылады және мүшелерінің тақ саны мен комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияның құрамына комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері енгізіледі. Төраға және төрағаның орынбасары комиссия мүшелерінің ішінен тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының хатшысы болып кадр қызметінің қызметкері тағайындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |