Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 тамызда № 17291 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________________ Д. Абаев

      2018 жылғы "25" шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы "19" шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "13" шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы " " ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      Міндетін атқарушы

      _________________ Р. Дәленов

      2018 жылғы "27" шілде

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 12 шілдедегі
№ 297 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс

      пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11705 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) порталға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға электрондық өтінім берген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – тиесілі бюджеттік субсидияларды кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына аудару үшін төлемге арналған төлем тапсырмасы бар электрондық файлды қазынашылықтың ақпараттық жүйесіне жүктеу.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім бар хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім бар хабарлама жіберіледі.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      9 және 10- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттарды береді:

      1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім;

      2) порталға жүгінген кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтінім.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тапсырған кезде өтінімнің қабылданғанын мыналар растайды:

      1) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      2) порталға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған электрондық өтінімнің жолданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға ақпараттық жүйелерден хабарламаны басып шығарып беруді оның жұмыскері жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не оның өкіліне – нотариалды расталған сенімхат бойынша, заңдық тұлғаға – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік қорпорацияның www.gov4c.kz интернет ресурсында;

      3) порталда орналастырылған.";

      көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11804 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Астық темiр жол көлiгiмен келiп түскен кезде вагонның бүтiндiгi, саңылаусыздығы және пломбасының болуы тексеріледi.

      Темiр жол көлiгiмен келiп түскен астық темiр жол жүкқұжатымен және сапасы туралы құжатпен (астықты талдау карточкасымен және астық иесінің қалауы бойынша астық сапасы паспортымен) бірге жүреді. Егер жолда жүк жете тексерілсе, онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13174 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес астық вагонды, контейнерді ашу актісімен де бірге жүреді. Темiр жол жүкқұжаты және сапасы туралы құжат әрбiр вагонға жазылады. Өлшеу нәтижелерi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналына енгiзiледi.".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-3/177 бұйрығымен
бекітілген

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) жергiлiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      2) өтінім – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) басым дақылдар өндiру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;

      3) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидия алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

      6) веб-портал жүйелері (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялау жүйесіне кіруге мүмкіндік жасайтын, Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс;

      7) егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мезгілдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) айқындайтын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша табиғи климаттық аймақтар бөлінісіндегі тиісті аумақта егін егу жұмыстарын бастау мен аяқтау жұмыстарының мерзімдері;

      8) танаптың кадастрлық нөмірі – оның орналасқан жерін (идентификациялау) анықтауға арналған субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін танаптың бірегей коды;

      9) танаптың электрондық картасы – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан, бұрылыс нүктелерінің координаттарын, соңғы бес жылдағы ауыспалы егіс жайлы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтаудың спутниктерінен алынған деректерін қамтитын танап туралы ақпарат.

      3. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мақұлдауға тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей беріледі.

      Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі мен субсидиялар нормаларын Министрлікке мақұлдауға берген кезде субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредитациясы бар және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілген әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелері), сондай-ақ басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі мен субсидиялар нормаларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлер палатасымен және қоғамдық кеңесімен келісілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Министрлік он жұмыс күні ішінде оң шешім шығарған жағдайда, басым ауыл шаруашылығы дақылдары тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады немесе теріс шешім шығарған жағдайда, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі мен субсидиялар нормаларының екі данасын да пысықтауға жолдайды. ЖАО-ның пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және субсидиялар нормалары ЖАО-ның қаулысымен тиісті жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде тиісті ЖАО-ның веб-порталында және интернет-ресурсында орналастырылады.

      Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесіне және (немесе) субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қаулы веб-порталға және интернет-ресурсқа орналастырылғаннан кейін Министрлік екі жұмыс күні ішінде басым ауыл шаруашылығы дақылдары тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының бұрын келісілген тізбеге және субсидиялар нормаларына сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексереді.

      4. Басқарма басым дақылдар өндiруді субсидиялау жөніндегі жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.

      5. ЖАО-ның қаулысымен бекітілген егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін Басқарма субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.

2-тарау. Субсидия алушылар

      6. Субсидиялар ауылшартауарынөндірушілерге және (немесе) ауылшаркооперативтеріне жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес ағымдағы жылғы басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге бөлiнедi.

3-тарау. Субсидияларды алу шарттары

      7. Субсидиялар ЖАО-ның қаулысымен белгіленген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялар нормалары бойынша 1 тоннаға төленеді.

      8. Субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:

      1) ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінімді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беруі.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде өтінімді Мемлекеттік корпорацияның операторы ақпараттық жүйеде қалыптастырып, тіркейді және оның ЭЦҚ-сымен қол қойылады. Одан әрі ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қайта жіберіледі. Бұл ретте, ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің жеке шоты субсидиялау жүйесінде уақытша ашылады;

      2) ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі берген және ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінімнің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.

      Ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоты болса, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздігінен өтінімді тіркеуді жүзеге асыруға құқылы, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді, және ол осындай тіркеу сәтінен бастап берілген болып есептеледі;

      3) ауылшартауарынөндірушіде және (немесе) ауылшаркооперативінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлға" немесе "Жеке тұлға" мемлекеттік дерекқорлармен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы;

      4) ағымдағы жылы ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің оған құқығы (жер пайдалану және (немесе) жеке меншік) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің шекарасы шегінде орналасқан танаптарда (бұдан әрі – Өндірістік танап) басым ауыл шаруашылығы дақылдарын себу.

      Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім береді. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.

      Жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар ауылшаркооперативі өз жер учаскелеріне, сондай-ақ ауылшаркооперативі мүшелерінің жер учаскелеріне субсидия алуға өтінім береді. Бұл ретте ауылшаркооперативі және ауылшартауарынөндіруші субсидия алушылар болып табылады;

      5) танаптардың электрондық карталарын тиісті жылға арналған егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерінен кешіктірмей субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастыру. Жерді қашықтықтан зондтаудың спутниктерінен алынған ақпаратты өңдеудің деректері негізінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен айқындалған, өтінімде көрсетілген егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері шегінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу күнінен бастап 30 күндік кезеңдегі тиісті Өндірістік танаптардағы вегетацияның орташа оң серпіні (индекс NDVI);

      6) күріш бойынша – қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған немесе сәйкестік сертификаты бар өзінің қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге өткізілген күріштің 1 тоннасына 100 %;

      7) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша – қант зауытына қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;

      8) мақта бойынша – мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына 100 %.

      Бұл ретте өткізу фактісі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталуы тиіс.

      Бұл ретте субсидия алу үшін электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

      9. Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауылшартауарынөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтінімде қосымша:

      қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;

      қайта өңдеу кәсіпорны мен ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі арасында ауыл шаруашылығы өнімін беруді растайтын құжаттардың және (немесе) қайта өңдеу кәсіпорны шеккен шығындарды (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының;

      күрішті өзінің шағын цехтарында қайта өңдеген кезде – ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің құрылымдық бөлімшелері арасында күрішті беруді растайтын, олардың басшылары қол қойған құжаттың бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      10. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі өтініш берген, субсидиялауға жататын қайта өңдеуге тапсырылған өнімнің көлемдерінен және ЖАО-ның қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларынан мына формула бойынша есептеледі:

      С = З х Нc, мұндағы:

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      З – өтініш берілген қайта өңдеуге тапсырылған өнім көлемі, тонна;

      Нc – қосылған құн салығынсыз субсидиялар нормасы, теңге.

5-тарау. Субсидиялар төлеу тәртібі

      11. Өтінімдерді қарастыруды Басқарма Өндірістік танаптардың орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырады, бұл ретте өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні тиісті жылдың 1 желтоқсанынан ерте болмауы тиіс.

      12. Веб-портал (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін:

      1) ауылшартауарынөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері субсидиялау жүйесінде өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ-ға ие болуы тиіс;

      2) Басқарма, Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмысшыларының өзекті етілген тізімін жібереді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік Министрлікке онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      13. Ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі Жеке кабинетте тіркелу үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі және ЖСН;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректері.

      Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерткен кезде ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі бір жұмыс күн ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      14. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіппен Жеке кабинетте жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарды субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің ЭЦҚ-сымен қол қою жолымен тіркеледі не Мемлекеттік корпорация жұмыскері тіркейді және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      15. Басқарма өтінімді тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдаланып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетімен тіркелген жағдайда ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      16. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтінімді қабылдағанын Басқарма растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      Бұл ретте, тиесілі субсидияларды ауылшартауарынөндірушілердің және (немесе) ауылшаркооперативтерінің ағымдағы шоттарына аударуды Басқарма тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.

6-тарау. Субсидиялау бойынша есептілік

      17. Басқарма тиiстi жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде онлайн-режимінде Министрлікке өтеусіз негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі жиынтық ақпарат ұсынады.

  Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының
шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруды, жанар-
жағармай материалдарының
және көктемгi егіс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Астана қаласының
инвестициялар және
кәсіпкерлікті дамыту
басқармасы,
_______________________
облысының,
республикалық маңызы бар
қалалардың, аудандардың
және облыстық маңызы бар
қалалардың
Ауыл шаруашылығы
басқармасы

Басым дақылдарды өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім

      ______________________________________________________________________

      (құрылтай шарты)

      негізінде әрекет ететін_______________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі)

      атынан бірінші басшы* ________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      басым дақылдарды өндіруге субсидия бөлуді сұрайды:

      1.

№ р/с

Дақыл

Көлемі, тонн

Танаптың кадастрлық нөмірі

1

2

3

4









      2. Өтініш беруші туралы мәлімет.

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы* _____________________________________________________________

      БСН*_______________________________________________________________

      басшының аты,әкесінің аты (бар болса), тегі*_____________________________

      мекенжайы:*_________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*______________________________________________

      3. Жеке тұлғалар үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі*_____________________________________

      ЖСН*_______________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі* ___________________________________________________________

      кім берді* ___________________________________________________________

      берілген күні* ________________________________________________________

      мекенжайы:*_________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*________________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлғалар үшін:

      орналасқан жері _____________________________________________________

      хабарлама уақыты ____________________________________________________

      4. Ауыл шаруашылығы кооперативі үшін:

      Атауы*______________________________________________________________

      БСН*_______________________________________________________________

      басшының аты,әкесінің аты (бар болса), тегі *_____________________________

      мекенжайы:* ________________________________________________________

      телефон (факс) нөмері:*________________________________________________

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН*/ЖСН*

1

2

3




      5. Жер учаскесі туралы мәлімет:

кадастрлық нөмірі

барлық алаңы, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар болуы туралы мәліметтер:

      ЖСН*/БСН* ________________________________________________________

      Банктің деректемелері:_________________________________________________

      Банктің атауы: ______________________________________________________

      БСК* _____________________________________________________________

      ЖСК* _____________________________________________________________

      БСН* ______________________________________________________________

      Кбе* _______________________________________________________________

      7. Қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру

      туралы шарт:

      нөмірі _____________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі_____________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен _______________________________________________

      8. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативімен

      қайта өңдеу кәсіпорны арасында ауыл шаруашылығы өнімін беруді растайтын құжат:

      нөмірі _____________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі_____________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен _______________________________________________

      9. Қайта өңдеу кәсіпорнының шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын

      төлем құжаттары:

      нөмірі және берілген күні ___________________________________________

      қайта өңдеу кәсіпорнының атауы ______________________________________

      қайта өңдеу кәсіпорнының орналасқан жерінің мекенжайы

      _________________________________________________________________

      10. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы

      кооперативінің құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы өнімін

      беруді растайтын құжат:

      нөмірі _____________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі ___________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен _________________________________________________

      11. Қайта өңдеу кәсіпорны немесе өзінің қайта өңдеу цехы бар ауыл шаруашылығы

      тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі шығаратын өнімнің

      сәйкестік сертификаты:

      нөмірі ______________________________________________________________

      берілген күні ________________________________________________________

      өнімнің атауы ________________________________________________________

      техникалық регламент _______________________________________________

      Ескертпе:

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы

      хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға,

      сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпараттарды жинауға, өңдеуге, сақтауға,

      жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші 20______ жылғы "____" ___________ сағат 00:00-де қол

      қойды және жіберілді:

      ЭЦҚ-дан деректер

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты

      Өтінімді қабылдағаны туралы хабарлама:

      Облыстық басқарма (қалалық басқармамен) 20____ жылғы "____"

      _________ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан деректер*

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты*

      Ескертпе: * басым дақылдарды субсидиялау процесі толық автоматтандырылған кезде

      өтінімнің мәліметтері интеграциялау есебінен автоматты түрде толтырылады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес сәйкестендіру коды;

      Кбе – бенефициар коды.

  Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының
шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруды, жанар-
жағармай материалдарының
және көктемгi егіс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Басқарма басшысы
___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, қолы, мөрі)
20___жылғы "___" _________

_____________ облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға ____ жылы бөлінген бюджет қаражатының игерілуі жөніндегі жиынтық ақпарат

Ауыл шаруашылығы дақылдары

Сатып алынған немесе қайта өңдеуге өткізілген өнім көлемі, тоннамен

1 тоннаға арналған субсидиялар нормасы, теңге

Бөлінген субсидиялар көлемі, мың теңге

Игерілгені, мың теңге

1

2

3

4

5

6








Жиыны





      Субсидия алған шаруашылық жүргізуші субъектілер саны


Акционерлік қоғамдар

Шаруашылық серіктестіктер

Шаруа қожалықтары

Өндірістік кооперативтер

Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер

1

2

3

4

5

6

Саны бірлік






 
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi
егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан
  Астана қаласының
инвестициялар және
кәсіпкерлікті дамыту
басқармасы,
_______________________
облысының, республикалық
маңызы бар қалалардың,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
Ауыл шаруашылығы
басқармасы

Басым дақылдарды өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім

      ______________________________________________________________________

      (құрылтай шарты)

      негізінде әрекет ететін_______________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі)

      атынан бірінші басшы* ________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі лауазымы)

      басым дақылдарды өндіруге субсидия бөлуді сұрайды:

      1.

№ р/с

Дақыл

Көлемі, тонн

Танаптың кадастрлық нөмірі

1

2

3

4









      2. Өтініш беруші туралы мәлімет.

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы* _____________________________________________________________

      БСН*_______________________________________________________________

      басшының аты,әкесінің аты (бар болса), тегі*_____________________________

      мекенжайы:*_________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*______________________________________________

      3. Жеке тұлғалар үшін:

      аты,әкесінің аты (бар болса), тегі*______________________________________

      ЖСН*_______________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмері *___________________________________________________________

      кім берді* ___________________________________________________________

      берілген күні* ________________________________________________________

      мекенжайы:*_________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*________________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама –

      жеке тұлғалар үшін:

      орналасқан жері _____________________________________________________

      хабарлама уақыты ____________________________________________________

      4. Ауыл шаруашылығы кооперативі үшін:

      Атауы*______________________________________________________________

      БСН*_______________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі*____________________________

      мекенжайы:* ________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:*________________________________________________

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН*/ЖСН*

1

2

3




      5. Жер учаскесі туралы мәлімет:

кадастрлық нөмірі

барлық алаңы, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар болуы туралы мәліметтер:

      ЖСН*/БСН* ________________________________________________________

      Банктің деректемері: _________________________________________________

      Банктің атауы: ______________________________________________________

      БСК*_____________________________________________________________

      ЖСК* _____________________________________________________________

      БСН *______________________________________________________________

      Кбе*_______________________________________________________________

      7. Қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру

      туралы шарт:

      нөмірі _____________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі_____________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен _______________________________________________

      8. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативімен

      қайта өңдеу кәсіпорны арасында ауыл шаруашылығы өнімін беруді растайтын құжат:

      нөмірі _____________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі_____________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен _______________________________________________

      9. Қайта өңдеу кәсіпорнының шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын

      төлем құжаттары:

      нөмірі және берілген күні ___________________________________________

      қайта өңдеу кәсіпорнының атауы ______________________________________

      қайта өңдеу кәсіпорнының орналасқан жерінің мекенжайы

      _________________________________________________________________

      10. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы

      кооперативінің құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы өнімін

      беруді растайтын құжат:

      нөмірі _____________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі ___________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен _________________________________________________

      11. Қайта өңдеу кәсіпорны немесе өзінің қайта өңдеу цехы бар ауыл шаруашылығы

      тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі шығаратын өнімнің

      сәйкестік сертификаты:

      нөмірі ______________________________________________________________

      берілген күні ________________________________________________________

      өнімнің атауы ________________________________________________________

      техникалық регламент _______________________________________________

      Ескертпе:

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы

      хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға,

      сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпараттарды жинауға, өңдеуге, сақтауға,

      жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші сағат 20____ жылғы "____" ___________ сағат 00:00-де қол

      қойды және жіберілді:

      ЭЦҚ-дан деректер*

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты*

      Өтінімді қабылдағаны туралы хабарлама:

      Облыстық басқарма (қалалық басқарма) 20____ жылғы "____" _________

      сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан деректер*

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты*

      Ескертпе:

      * басым дақылдарды субсидиялау процесі толық автоматтандырылған кезде өтінімнің

      мәліметтері интеграциялау есебінен автоматты түрде толтырылады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес сәйкестендіру коды;

      Кбе – бенефициар коды.