ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің 25.10.2019 № 928 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Мына:
1) "Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10831 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған);
2) "Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1108 бұйрығының 1-тармағы 3-40 абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14749 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 20 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге аттестаттау жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестаттау жүргізу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ-тің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында МеӨҚҚ-ны аттестаттау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 783 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актісінің электрондық (сканерленген) көшірмесі;
3) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды біргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығының 2-қосымшаға (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктердің электрондық (сканерленген) көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін және көлік құралы куәлігінің тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерді, өрт сөндіру құтқару техникасын, жабдық пен құрал-жабдықты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерде жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), көлік құралдарының міндетті техникалық байқау (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлердің білімі және еңбек қызметі туралы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), сонымен қатар психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 № 896 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Құжаттарды қабылдау және оларды қарау нәтижесін беру электронды нысанда жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 № 896 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту беріледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 № 896 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.
8. Ведомство МеӨҚҚ атауында өртке қарсы қызмет түрін - жолға шығатын және/немесе жолға шықпайтын техникасын көрсетіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына тиісті аттестатты (бұдан әрі – аттестат) бере отырып, өтініш берушілерге көрсетілген мерзімде аттестаттау бойынша өзінің шешімі туралы не мына негіздерде аттестаттаудан дәлелді бас тарту туралы хабарлайды:
1) қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда баяндалған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің көрсету үшін қажетті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 тіркелген);
3) өтініш берушіге қатысты аттестаттаудан өту үшін талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
9. Аттестаттау нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ тіркеу журналына енгізіледі және ведомствоның сайтына орналастырылады.
10. МеӨҚҚ аттестаттау жүргізу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері іске қалыптастырылады.
11. Аттестаттың жарамдылығы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
1) МеӨҚҚ-ның аттестаттың жарамдылығын тоқтату туралы өтініш (еркін нысанда) ұсынуы;
2) заңды тұлғаның таратылуы.
"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан | |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасына ______________________ |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 № 896 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және
____________________________________________________________________
мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы
____________________________________________________________________
өртке қарсы қызмет түрі
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет орналасқан жері: _____________________
Меншік тұрғын үй не озге заңды құқықта көлік құралдарының:
Мемлекеттік нөмірлік белгінің (тіркеу нөмірі) _____________________________
Техникалық паспорт сериясы және нөмірінің бар-жоғы туралы мәлімет
____________________________________________________________________
Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқығында кезметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы туралы мәлімет:
Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі_______________________________
Қызметкерлердің жеке басын сәйкестендіру нөмірлер:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Басшы _________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________
күні
"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Аттестат №__________________ аттестат нөмірі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 № 896 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы аттестат ____________________________________________________
заңды мекенжайы
____________________________________________________________________
мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы
Ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына
______________________________________________________________ берілді
өртке қарсы қызмет түрі
Төраға ______________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Астана, 20____жылғы "____" ________
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тіркеу журналы (тізілімі)
№ | Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы | Аттестаттың тіркеу нөмірі | Өртке қарсы қызметтің түрі | Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан мекенжайы, телефондары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |