Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 шілдеде № 17212 болып тіркелді.

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ____________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 19 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер - Министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________________Ө. Шөкеев

      2018 жылғы 25 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ұлттық

      қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      ___________________ К. Мәсімов

      2018 жылғы 29 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 18 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 30 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      ____________Қ. Әбдірахманов

      2018 жылғы 4 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________Қ. Қасымов

      2018 жылғы 14 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 288 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 870 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8281 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2013 жылғы 27 тамызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру қағидаларында:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидаларының 16-қосымшасына сәйкес ГУ-29-О нысанды жол ведомосы және жол ведомосының түбіртектері (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 тіркелген);".

      2. "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені және оның куәлігінің телнұсқасын бергені үшін алым "Салық және бюджетке

      төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алынады.";

      3. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кемені мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), кеменің немесе салынып жатқан кеменің кепілі және кемесін мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын, кеменің немесе салынып жатқан кеменің кепілін беру үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде алымдар алынады.";

      4. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу үшiн алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген мөлшерде алынады.";

      5. "Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 519 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13904 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 тамызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бақылау органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы паромдардың өткенін ресімдегеннен кейін паромдардан вагондарды порт аумағына шығару жүзеге асырылады.

      Вагондар паромнан шығарылып, порттың кірме жолдарына берілгеннен кейін (бос вагондар мен қауіпті жүктері бар вагондардан басқа) вагондарға коммерциялық тексеріп қарау жүргізіледі.

      Жүк құжаттарын ресімдеу, оның ішінде бақылау органдарында ресімдеу "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      Порт аумағынан вагондарды шығару тасымалдаушының тепловоздарымен жүргізіледі.";

      6. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11476 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қарашада жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):

      1) рұқсат беру куәлігі ақылы негізде;

      2) рұқсат карточкасы тегін негізде көрсетіледі.

      Рұқсат беру куәлігін бергені үшін мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесіне сәйкес республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесіне сәйкес халықаралық сертификатты және халықаралық сертификаттың телнұсқасын беру орны бойынша төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:

      1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беруге – алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      2) лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым (бұдан әрі – алым) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемелері бойынша республикалық бюджетке төленеді, ол:

      1) автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты массасының рұқсат берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есепті қамтиды, ол 0,005 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;

      2) автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есепті қамтиды, ол әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген біліктер үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;

      3) автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есепті қамтиды, ол автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі.

      Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, немесе бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарда белгілеген нысандағы қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде оны қолма-қол ақшамен енгізу немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуі үшін алым "Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және:

      1) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау және жүк тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды бергені үшін алым төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткішті;

      2) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды бергені үшін алым төлеу күні қолданылатын он еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, немесе бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарда белгілеген нысандағы қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде оны қолма-қол ақшамен енгізу немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.".

      10. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.08.2020 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.