"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағына, "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
М. Әбілқасымова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
________________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы 26 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 22 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 19 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
________________ Қ. Әбдірахманов
2018 жылғы 21 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 18 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________Қ. Қасымов
2018 жылғы 20 маусым
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 226 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 138 (1735) "Юридическая газета" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларында:
2-тармақтың 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;".
2. "Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамызда № 260 (27534) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;
2) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру
3. Оралман мәртебесін беруге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорацияға береді.
4. Өтінішке мынадай құжаттар:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш берушінің, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің (бар болса) мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті;
3) қазақ немесе орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен өтініш беруші мен онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
4) өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
5. Өтінішті тіркеу оралман мәртебесін алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады және өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін беруге өтінішті тіркеу туралы хабарлама беріледі. Өтінішті тіркеу өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) туралы деректер "Оралман" дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Оралман" ДҚ ААЖ) енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық еместігі және дәйексіздігі фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар белгіленген кезде жергілікті атқарушы орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан бас тартып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге оралман мәртебесін беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
7. Жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін "Оралман" ДҚ ААЖ арқылы оның (олардың) өзге өңірдің жергілікті атқарушы органында тіркелуі мәніне тексереді.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) басқа өңірде тіркелгенін анықтаған жағдайда "Оралман" ДҚ ААЖ жазбасына тиісті түзетулер енгізеді.
8. Өтінішті "Оралман" ДҚ ААЖ-ға тіркеген сәтте жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – "Жеке тұлғалар" МДҚ) арқылы онда (оларда) ЖСН-ның болуы мәніне тексереді.
ЖСН-ы бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН-ды генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН-ды пайдаланады.
"Жеке тұлғалар" МДҚ-да ЖСН болмаған кезде, жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен өтініш берушінің деректерін "Оралман" ДҚ-ға енгізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ) ЖСН-ды генерациялау үшін электрондық сұрау салу жібереді.
9. Өтінішті тіркеу өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) 2-тармақтың талаптарына сай болған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптар сақталғанда ғана жүзеге асырылады.
10. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және оны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.
Жергілікті атқарушы орган мынадай шешімдер қабылдайды:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және жергілікті атқарушы органға жеке не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде оған (оларға) оралман мәртебесін беру;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жүгінген кезде – Қазақстан Республикасының аумағына келген жағдайда оған (оларға) оралман мәртебесін беру туралы оң шешім шығару (бұл ретте қорытындыда оралман куәлігін алу үшін қайтадан өтініш беру шарттары түсіндіріледі) немесе дәлелді бас тарту.
11. Жергілікті атқарушы орган:
1) өтініш беруші осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келмеген;
2) осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде оралман мәртебесін беруден бас тартады.
12. "Оралман" ДҚ ААЖ-дан алынған дербес деректердің негізінде ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ нақты уақыт режимінде ЖСН-ны генерациялау рәсімін жүзеге асырады және оны "Оралман" ДҚ ААЖ-ға жібереді.
ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-дан ЖСН-ны алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар ЖСН-ны оралман куәлігіне қалыптастыруды жүзеге асырады.
Деректер өзгерген жағдайда ("Оралман" ДҚ-ға қате деректер енгізілген кезде не мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-да жүргізілген дербес деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді.
13. Оралман болып танылған өтініш берушіге және оның кәмелетке толған отбасы мүшелеріне (бар болса) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, куәлік беруді есепке алу журналында тіркелген оралман куәлігі беріледі.
Оралманның кәмелетке толмаған отбасы мүшелері өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) куәлігіне осы Қағидалардың 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес жазылады.
3-тарау. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы оралман мәртебесін беру тәртібі
14. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтініш береді.
15. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері өтініш берушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтінішінің кіріс хат-хабары ретінде тіркелгендігі туралы жазбаша хабарлама береді және өтініш пен құжаттарды Заңның 20-бабына сәйкес шешім қабылдау үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
16. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш берушіге жеткізу үшін жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беруге келісетіні не себептерін дәлелді түрде негіздей отырып, одан бас тартатыны туралы шешімін жібереді.
17. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазаққа мәртебе беруге келісімін алғаннан кейін бір ай ішінде оны өтініш берушіге жібереді не бас тартылғаны жөнінде хабарлайды.
18. Этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері (бар болса) тұрғылықты жеріне келгеннен кейін оралман мәртебесін алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді.
19. Өтінішке:
1) оралман мәртебесін беруге келісім берілгені туралы бұрын шығарылған шешімнің көшірмесі;
2) ішкі істер органдарының уақытша тіркеу туралы белгісі бар көші-қон карточкаларының көшірмелері қоса беріледі.
20. Өтінішті тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен кеңейтілген дербес деректерді қоса отырып, ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ арқылы өтініш берушінің бастапқы мәліметтерін (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тексереді.
21. Өтінішті "Оралман" ДҚ ААЖ-ға тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін "Жеке тұлғалар" МДҚ арқылы онда (оларда) ЖСН-ның болуы мәніне тексереді.
ЖСН-ы бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН-ды генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН-ды пайдаланады.
"Жеке тұлғалар" МДҚ-да ЖСН болмаған кезде, жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен өтініш берушінің деректерін "Оралман" ДҚ-ға енгізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ) ЖСН-ды генерациялау үшін электрондық сұрау салу жібереді.
22. Өтінішті тіркеу оралман мәртебесін алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады және өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін беруге өтінішті тіркеу туралы жазбаша хабарлама, сондай-ақ Заңның 26-бабында көзделген оралмандардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірмені қамтитын ақпараттық жадынама беріледі.
23. Жергілікті атқарушы орган бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ол жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беру туралы шешімі бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
24. "Оралман" ДҚ ААЖ-дан алынған дербес деректердің негізінде ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ ЖСН-ны генерациялау рәсімін жүзеге асырады және оны нақты уақыт режимінде "Оралман" ДҚ ААЖ-ға жібереді.
ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-дан ЖСН-ны алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар ЖСН-ны оралман куәлігіне қалыптастыруды жүзеге асырады.
Деректер өзгерген жағдайда ("Оралман" ДҚ-ға қате деректер енгізілген кезде не мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-да жүргізілген дербес деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді. Аталған рәсім оралман куәлігін бергенге дейін жүзеге асырылады.
25. Оралман болып танылған өтініш берушіге және оның кәмелетке толған отбасы мүшелеріне (бар болса) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, куәлік беруді есепке алу журналында тіркелген оралман куәлігі беріледі.
Оралманның кәмелетке толмаған отбасы мүшелері өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) куәлігіне осы Қағидалардың 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес жазылады.
26. Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіз болады.
27. Куәлікті жоғалтқан жағдайда, оралман жоғалтқаны және оның телнұсқасын беру жөнінде еркін нысандағы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұдан бұрын берілген нөмірімен оралман куәлігінің телнұсқасын береді, оған "телнұсқа" деген мөртаңба қойылады.
4-тарау. Оралман мәртебесін ұзарту тәртібі
28. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар оралман мәртебесінің мерзімін ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес өздеріне бұдан бұрын берілген оралман мәртебесін ұзартуға өтініш береді.
Өтініш беру мерзімі өздеріне бұдан бұрын берілген оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс.
Оралман мәртебесінің мерзімін ұзарту Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес 3 (үш) айдан аспауға тиіс.
29. Оралман мәртебесін ұзарту туралы өтінішті тіркеу оралман мәртебесін ұзартуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады және өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін ұзартуға өтінішті тіркеу туралы жазбаша хабарлама беріледі.
30. Жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің деректерін "Оралман" ДҚ ААЖ арқылы өтініш берушінің оралман мәртебесінің тоқтатылуы және оның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы туралы мәлметтердің болуы мәніне тексереді.
31. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін ұзарту не оралман мәртебесін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Оралман мәртебесін ұзартудан бас тартудың негізі өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанының "Оралман" ДҚ ААЖ арқылы расталуы, осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген өтініш беру мерзімінің өтуі болып табылады.
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан 1 |
__________________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________________
(мекенжайында тұратын)
Оралман мәртебесін беру туралы ӨТІНІШ
_________________________________ облысында (республикалық
маңызы бар қалада, астанада) тарихи отанымда тұрақты тұру мақсатында
Қазақстан Республикасына келуіме/келуді жоспарлауыма байланысты маған
және менің отбасы мүшелеріме (бар болса) оралман мәртебесін беруді сұраймын.
Отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы)___________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының)
ата-аналары_____________________________________________________________;
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың
отбасы мүшелері _________________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен
апа-сіңлілері (қарындастары) ________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_____________________________________________________ қоса беремін.
Жергілікті атқарушы орган менің және/немесе менің отбасы
мүшелерімнің (бар болса) "Оралман" дерекқоры" автоматтандырылған
ақпараттық жүйесінде басқа облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті
атқарушы органдарында тіркелуін анықтаған жағдайда, менің қолда бар
құжаттарымды ________________________(аталған өтініш енгізілетін жергілікті
атқарушы органның атауы) жіберуді, сондай-ақ "Оралман" дерекқоры"
ақпараттық жүйесіндегі тиісті жазбаны осы өтінішті беретін орын бойынша
жаңартуды қамтамасыз етуді сұраймын.
Осы арқылы оралман мәртебесін беру бойынша қызмет көрсетуге қажетті
менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы "__" ______________
______________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды қабылдаған:
____________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20___ жылғы "__" ___________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан 2 |
Оралман мәртебесін беруге (ұзартуға) өтінішті тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
Осы арқылы этникалық қазақтың __________________________ (тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса) оған және оның отбасы мүшелеріне оралман
мәртебесін беру немесе ұзарту туралы өтініші _____________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы) Оралман мәртебесін беруге немесе
ұзартуға үміткер адамдарды тіркеу журналында _________________ (тіркеген
күні) №_____________ тіркелгенін және заңмен белгіленген тәртіппен және
мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдаған:__________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).
_________ (қолы) / _________ (күні)
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан 3 |
Оралман мәртебесін беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
______________________________________________________________
20 ___жылғы "___"_______
Өтініш берушіге_________________________________ (тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) ______________________(себебін көрсету) себебі
бойынша оралман мәртебесін беруге өтінішін қабылдаудан бас тартылды.
__________________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).
_________ (қолы) / _________ (күні)
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан 4 |
Жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беру (ұзарту) туралы 20 __ жылғы "___" ________№_____ ШЕШІМІ
_________________________________ (жергілікті атқарушы органның
атауы) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес оралман мәртебесін беру туралы
__________________________________________(өтініш берушінің тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________ өтінішін қарап,____________________
______________________________________________________________
туралы шешім қабылдады.
Басшысы ______ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан 5 |
Оралман мәртебесін беруге өтінішті кіріс хат-хабары ретінде тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
Осы арқылы этникалық қазақтың _____________________________(тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса) тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының
аумағына _________________________________ (облысына, республикалық
маңызы бар қалаға және астанаға) келуді жоспарлаған оған және оның отбасы
мүшелеріне (бар болса) оралман мәртебесін беру туралы өтініші _______
(тіркеген күні) № ______________ кіріс хат-хабары ретінде_____________________
(Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы) тіркелгенін және
заңмен белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдаған:____________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан 6 | |
1-бет |
Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органның атауы ОРАЛМАН КУӘЛІГІ КУӘЛІК № _________ УДОСТОВЕРЕНИЕ
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
__________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
Туған күні____айы____жылы____ Жынысы _____
(Дата рождения месяц год) (Пол)
Туған жері (елі) _________________________
(Место рождения)
Азаматтығы _______________________________
(Гражданство)
Оралман мәртебесі берілген күн 20____ жылғы "__" ________
Дата присвоения статуса оралмана
Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның)
қолы
____________________________________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа
(лица исполняющего обязанность)
2-бет |
Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелері Несовершеннолетние члены семьи оралмана
_____________________________________________________________
Т.А.Ә (бар болса) Туған жылы, айы, күні Туыстық қатынасы
Ф.И.О (при его наличии) Дата рождения Родственное отношение
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның)
қолы______________________________________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица
исполняющего обязанность)
3-бет |
Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелерінің ЖСН ИИН несовершеннолетних членов семьи оралмана
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии))
__________________________________________
Туған жылы, айы, күні ____________________
(Дата рождения месяц год)
Туыстық қатынасы _________________________
Родственное отношение
Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның)
қолы
_________________________________________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица,
исполняющего обязанность)
4-бет |
Оралман куәлігінің қолданылу мерзімі 20__ жылғы "__" ______ дейін Срок действия удостоверения оралмана до "__" ______ 20__ года
Куәлік Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағанға немесе
қабылдамаса, бір жылға дейін жарамды.
Удостоверение имеет силу до даты принятия, или в течение одного года
при непринятия гражданства Республики Казахстан.
_________________________ облысының (қаласының) жергілікті
атқарушы органының басшысы (міндетін атқарушы адам) __М.О.
Руководитель местного исполнительного органа (лицо исполняющий
обязанность) _________________________ области (города) ___ М.П.
бланк нөмірі ___________
номер бланка
Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның)
қолы
_______________________________________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица,
исполняющего обязанность)
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан 7 |
___________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен_____________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________________________________________
(мекенжайында тұратын)
Оралман мәртебесін ұзарту туралы ӨТІНІШ
Оралман мәртебесі мерзімінің тоқтатылуына байланысты және Қазақстан
Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында
маған және менің отбасы мүшелеріме оралман мәртебесінің мерзімін заңнамада
белгіленген мерзімге ұзартуды сұраймын.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы)____________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-
аналары_____________________________________________________________;
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың
отбасы мүшелері _______________________________________________;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен
апа-сіңлілері (қарындастары) _______________;
20__ жылғы "__" _________
_________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды
қабылдаған__________________________________(құжаттарды қабылдаған
адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__ жылғы "__" _________ _____________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 226 бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.