БҰЙЫРАМЫЗ:
1."Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12617 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидалары";
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Осы Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндіруді ынталандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасының отыз төртінші абзацына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру тәртібін айқындайды.";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптар";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру тәртібі";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған Өндіруші Операторға келесі құжаттарды:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орындарын күтіп ұстауға кететін шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия ресурстарын пайдалануға кететін шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға кететін шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша доңғалақты көлік құралдары мен олардың компоненттерінің сынақтарын жүргізумен байланысты, өнімді шығарумен байланысты көлік құралдарының үлгілері мен олардың компоненттеріне сынақтар жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға байланысты шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша М санатты, соның ішінде, жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатты көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша N санатты, соның ішінде, жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатты көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының өндірісі туралы есебін;
кепілдік міндеттемесін қолдауды қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәлімделген шығындар бөлігінде өнімнің (бір бірлігінің) өзіндік құнының бекітілген жоспарлы калькуляциясын қоса беріп, қаржыландыруды беру туралы өтінішті (Оператормен келісілген нысанда) ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізуге жататын (өткізілген) бір экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) осы тармаққа сәйкес қаржыландыру сомасы қозғалтқыштарының тиісті көлемдері және толық массасының көрсеткіштері бар доңғалақты көлік құралдарының санаттары бөлінісінде өткен күнтізбелік жыл үшін (көрсетілген көлік құралы шығарылған жылға қатысты) осындай қаржыландырудың сомаларының орташа арифметикалық мәнінен аспауға тиіс.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қаржыландыру сомасы, өткен күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатынасы бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) өндірілген (2016 жылда өндірілгендерді қоспағанда) күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне пропорционалды түзетіледі.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Операторға қаржыландыру көлемін осы күнтізбелік жылы өзгерту туралы ұсыныспен жазбаша өтінішті, осындай ұсыныстың негізділігін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, бере алады.
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын Оператордың қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Талдау қорытындысы бойынша Оператор қаржыландыру көлемін анықтайды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Оператордың ұсынысын алғаннан кейін келіседі немесе ескертулерді Операторға жібереді.
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келісу қорытындысы бойынша Инвестициялық саясатқа тиісті өзгертулерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жолдайды.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізуге жататын (өткізілген) экологиялық таза автомобиль көлік құралын (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) қаржыландыру, осы тармаққа сәйкес басқа қаржыландыру жүзеге асырылған көлік құралдарына берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бір экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген бағыттар бойынша осы тармаққа сәйкес басқа қаржыландыру сомалары (бұдан әрі – басқа қаржыландыру) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізуге жататын (өткізілген) экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) қозғалтқыштарының тиісті көлемдері және толық массасының көрсеткіштері бар доңғалақты көлік құралдарының санаттары бөлінісінде өткен күнтізбелік жыл үшін (көрсетілген көлік құралы шығарылған жылға қатысты) қаржыландыру сомаларының орташа арифметикалық мәнінен аспауға тиіс.
Осы тармақтың 9-бөлімінде көрсетілген басқа қаржыландыру сомасы өткен күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатынасы бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) өндірілген (2016 жылда өндірілгендерді қоспағанда) күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне пропорционалды түзетіледі.
Басқа қаржыландырудың жалпы сомасын Оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген өзінің тиісті жылға инвестициялық саясатында келесі тәртіп бойынша айқындайды:
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган өндірушілердің ұсыныстары негізінде тиісті күнтізбелік жылға басқа қаржыландырудың көлемі туралы ұсыныстарды Операторға жолдайды;
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын өзінің қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Талдау қорытындысы бойынша Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға басқа қаржыландыру ретінде бөлуге болатын қаражаттың көлемі туралы ақпаратты жолдайды;
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган басқа қаржыландыру ретінде бөлуге болатын Операторда бар қаражат көлемінің шегінде Өндірушілер мен көлік құралдарының санаттары тұрғысында басқа қаржыландыру көлемі туралы ұсыныстарын жасайды және Операторға жолдайды.
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жолданатын Инвестициялық саясаттың тиісті бөліміне басқа қаржыландыру көлемін қосады.
Басқа қаржыландыру осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өндіру және өткізу кезінде қаржыландырылып қойған көлік құралдарына берілмейді.
Басқа қаржыландыруды алу үшін қаржыландыруға шарт жасаған Өндіруші Операторға осы тармақтың бірінші бөлімінің екінші - тоғызыншы абзацтарында көрсетілген құжаттарын, Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік декларациясы және (немесе) тауарлардың ілеспе құжаттарын қоса беріп, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш ұсынады.
Егер осы тармаққа сәйкес қаржыландыру үшін ұсынылған (басқа қаржыландыру) доңғалақты көлік құралдарының белгілі санатына өткен күнтізбелік жылы (осы тармақтың екінші немесе тоғызыншы бөлімінде көрсетілген өндірілген көлік құралдарының жылына қатысты) қаржыландыру болмаса, осындай санатты доңғалақты көлік құралдарының қаржыландырылуы (басқа қаржыландырылуы), осы Қағидаларға 6-шы және 7-қосымшаларға сәйкес, кепілдік міндеттемелерді қолдауға байланысты, олардың өндірілген жылы әрекет еткен қаржыландыру мөлшерлемесінің олар үшін қарастырылған ең жоғары мөлшерінің шегінде жүргізіледі. Бұл жағдайда басқа қаржыландырудың сомасы, осы тармақтың оныншы бөлімімен қарастырылған тәртіпте, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттік органмен келісілген, Оператордың тиісті жылға инвестициялық саясатында қосымша анықталады.";
10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған Өндіруші Операторға алдыңғы ай ішінде сатып алушылардан алған жеңілдік сертификаттарын алғанын растайтын құжаттарды қоса беріп, Қазақстан Республикасында өндірілген экологиялық таза автомобиль көлік құралын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға берген жеңілдікті қаржыландыруды беру туралы өтінішті (Оператормен келісілген нысанда) айына екі рет ұсынады.
Жеңілдіктің мөлшері жеңілдік сертификатында көрсетіледі және теңгемен көрсетілген соманы білдіреді.
Жеңілдік сертификаты берілген кезден бастап бір жыл ішінде қолданылады және ол берілген кезден бастап екі реттен аспай өзге тұлғаларға берілуі мүмкін. Өзге тұлғаларға сертификатты беру оның қолданыс мерзімін өзгертпейді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралын сатып алуға жеңілдік бір сатып алынатын көлік құралына екіден аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша қосылуы мүмкін.
Жеңілдік мөлшерін айқындау үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Өндірушілердің ұсыныстары негізінде Операторға экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралын өндіру жоспарын және келесі жылға автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісінде жеңілдік мөлшерін жолдайды.
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын Оператордың қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Оператор талдау қорытындысы бойынша жеңілдік сертификаттарының санын және автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісінде көзделген жеңілдік мөлшерін айқындайды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Оператордан ұсыныстарды алғаннан кейін онымен келіседі немесе Операторға ескертулер жолдайды.
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келісу қорытындысы бойынша жеңілдік сертификаттарының санын және автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісіндегі жеңілдік мөлшерін келесі жылға Инвестициялық саясаттың тиісті бөліміне енгізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.";
14-тармақта орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
"15. Өндірушілер Оператордың сұранысы бойынша автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісіндегі пайдаланылған жеңілдік сертификаттары туралы ақпаратты ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
М. Досмұхамбетов |