Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17073 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Техникалық қамсыздандыру және ақпараттық қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің баспа және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 29 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 16 мамырдағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесі

Р/с

Ашық деректер жиынтығының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөз (ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органдардың AP1 жүйелері арқылы)

Жауапты тұлға

1

Ұйымдық құрылым

Жарты жылда 1 рет

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

КҚБ

2

ҚР Еңбекминінде бар бос лауазымдар туралы мәліметтер

Қажеттілікке қарай

Бос лауазымдардың пайда болуына қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

КҚБ

3

ҚР Еңбекминінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, аумақтық департаменттерінің тізбесі

Жылына 1 рет

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

КҚБ

4

ҚР Еңбекмині басшыларының азаматтарды қабылдау графигі

Тоқсан сайын

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘЖД

5

ҚР Еңбекмині басшылығының атына Қазақстан Республикасының азаматтарынан келіп түсетін өтініштер бойынша статистикалық деректер

Тоқсан сайын

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘЖД

6

ҚР Еңбекмині ақпараттық жүйелерінің тізбесі

Жылына 1 рет

Жыл аяқталғанда

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ТҚАҚД

7

Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар

Жылына 1 рет

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

СДД

8

МӘСҚ-дан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері

Жылына 1 рет

Қаңтар

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

9

МӘСҚ-дан төленетін асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері

Жылына 1 рет

Қаңтар

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

10

Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі

Жылына 1 рет

Ақпан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

11

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі

Жылына 1 рет

Ақпан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

12

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері

Жылына 1 рет

Қаңтар

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

13

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері

Жылына 1 рет

Қаңтар

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

14

Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы мәліметтер

Тоқсан сайын

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘҚКК

15

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы мәліметтер

Тоқсан сайын

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘҚКК

16

МӘСҚ-дан төленетін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері

Жылына 1 рет

Қаңтар

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

17

Зейнетақы және әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемелері

Қажеттілікке қарай

Келесі есептік тоқсаннан айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

18

МӘСҚ-дан әлеуметтік қатерлер болған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтер

Жылына 1 рет

Қантар-ақпан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

19

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің саны туралы мәліметтер

Тоқсан сайын

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘКД

20

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері

Жылына 1 рет

Қаңтар

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘКД

21

РБ-дан төленетін бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылардың мөлшері

Жылына 1 рет

Қаңтар

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘКД

22

Бір жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған балалардың үлес салмағы (тиісті жылы туған балалар санына қатысты)

Жылына 1 рет

Наурыз

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘКД, ӘҚӘСД

23

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі

Жылына 1 рет

Ақпан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

24

Кедейлік шегінің мөлшерлері

Тоқсан сайын

Ресми статистикалық деректердің ұсынылуына қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘКД

25

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында)

Жылына 1 рет

Ақпан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘКД

26

Қазақстан Республикасы бойынша мүгедектігі бар адамдар саны

Жарты жылда 1 рет

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚД

27

Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі бар адамдар

Жарты жылда 1 рет

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚД

28

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны туралы мәліметтер

Тоқсан сайын

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘКД

29

РБ-дан зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер алушылар саны мен сомасы туралы деректер

Тоқсан сайын

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

РБ-дан қаржыландыру – ҚД;
МӘСҚ-дан қаржыландыру - ӘҚӘСД

30

Жұмыссыздық деңгейі

Тоқсан сайын

Ресми статистикалық деректердің ұсынылуына қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ХЖЕНДД

31

Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі

Тоқсан сайын

Ресми статистикалық деректердің ұсынылуына қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ХЖЕНДД

32

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас)

Тоқсан сайын

Ресми статистикалық деректердің ұсынылуына қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ХЖЕНДД

33

Кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберілген жұмыссыздардың саны

Тоқсан сайын

Ресми есептік деректердің ұсынылуына қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ХЖЕНДД

34

Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың саны

Тоқсан сайын

Ресми есептік деректердің ұсынылуына қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ХЖЕНДД

35

Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар саны

Тоқсан сайын

Ресми есептік деректердің ұсынылуына қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ХЖЕНДД

36

Жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға берген қолданыстағы рұқсаттарының есепті кезеңнің соңындағы саны

Тоқсан сайын

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘҚКК

37

Оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ оларды беру тәртібі

Жылына 1 рет

Желтоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

38

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

Қажеттілікке қарай

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының бекітілуіне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

39

Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормалары және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормалары

Қажеттілікке қарай

Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормалары және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларының бекітілуіне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД, ЕӘҚКК

40

Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесі

Жылына 1 рет

Желтоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

41

Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi

Жылына 1 рет

Желтоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ӘҚӘСД

42

Жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

Қажеттілікке қарай

Жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының бекітілуіне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

43

Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы

Қажеттілікке қарай

Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының бекітілуіне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

44

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының барлық қызмет салалары үшін ортақ жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

Қажеттілікке қарай

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының барлық қызмет салалары үшін ортақ жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының бекітілуіне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

45

Бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат

Жылына 1 рет

Ақпан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚД

46

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі

Жылына 1 рет

Желтоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

СДД

47

Қоғамдық кеңеске қатысушылардың тізімі (қызмет түрін, байланыс деректерін көрсетіп)

Жылына 1 рет

Жыл сайын, 31 қаңтарға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

СДД

48

Қоғамдық кеңестін жұмыс жоспары

Жылына 1 рет

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

СДД

49

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың тізбесі және оларды іске асыру

Жылына 1 рет

Желтоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚД

50

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған тіркелген салалық және өңірлік келісімдер

Жылына 1 рет

Желтоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

51

Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесі

Жылына 1 рет

Желтоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

52

Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормалары

Жылына 1 рет

Желтоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

53

Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік-профилактикалық тағам беру нормалары

Жылына 1 рет

Желтоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЕӘӘД

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЖО - Автоматты жұмыс орны

      ӘЖД - Әкімшілік жұмыс департаменті

      ӘКД - Әлеуметтік көмек департаменті

      ӘҚӘСД - Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті

      ӘҚД - Әлеуметтік қызметтер департаменті

      ЕӘӘД - Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

      ЕӘҚКК - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті

      КҚБ - Кадр қызметі басқармасы

      ҚД - Қаржы департаменті

      ҚР Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      МӘСҚ - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

      РБ - Республикалық бюджет

      СДД - Стратегиялық даму департаменті

      ТҚАҚД - Техникалық қамсыздандыру және ақпараттық қауіпсіздік департаменті

      ХЖЕНДД - Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті