"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Техникалық қамсыздандыру және ақпараттық қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің баспа және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберілуін;
4) осы бұйрықтың ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
М. Әбілқасымова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 29 мамыр
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 188 бұйрығымен бекітілген |
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.07. 2019 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Ашық деректер жиынтығының атауы | Өзектендіру кезеңі | Ұсыну мерзімі | Дереккөз (ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органдардың API жүйелері арқылы) | Жауапты адам |
1 | Ұйымдық құрылым | Жарты жылда 1 рет | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | КҚБ |
2 | ҚР Еңбекминінде бар бос лауазымдар туралы мәліметтер | Қажеттілікке қарай | бос лауазымдардың пайда болуына қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | КҚБ |
3 | ҚР Еңбекминінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, аумақтық департаменттерінің тізбесі | Жылына 1 рет | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | КҚБ |
4 | ҚР Еңбекмині басшыларының азаматтарды қабылдау графигі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘЖД |
5 | ҚР Еңбекмині басшылығының атына Қазақстан Республикасының азаматтарынан келіп түсетін өтініштер бойынша статистикалық деректер | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘЖД |
6 | ҚР Еңбекмині ақпараттық жүйелерінің тізбесі | жылына 1 рет | жыл аяқталғанда | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ЦД |
7 | Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар | жылына 1 рет | есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | СЖТД |
8 | МӘСҚ-дан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері | жылына 1 рет | қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
9 | МӘСҚ-дан төленетін асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері | жылына 1 рет | қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
10 | Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі | жылына 1 рет | ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
11 | Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі | жылына 1 рет | ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
12 | Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері | жылына 1 рет | қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
13 | Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері | жылына 1 рет | қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
14 | Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы мәліметтер | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ЕӘҚКК |
15 | Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы мәліметтер | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ЕӘҚКК |
16 | МӘСҚ-дан төленетін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері | жылына 1 рет | қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
17 | Зейнетақы және әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемелері | қажеттілікке қарай | келесі есептік тоқсаннан айдың 10-күніне дейін | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
18 | МӘСҚ-дан әлеуметтік қатерлер болған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтер | жылына 1 рет | қантар-ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
19 | Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің саны туралы мәліметтер | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘКСДД |
20 | Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері | жылына 1 рет | қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘКСДД |
21 | РБ-дан төленетін бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылардың мөлшері | жылына 1 рет | қаңтар | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘКСДД |
22 | Бір жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған балалардың үлес салмағы (тиісті жылы туған балалар санына қатысты) | жылына 1 рет | наурыз | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘКД, ӘСБӘЗҚСД |
23 | Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі | жылына 1 рет | ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
24 | Кедейлік шегінің мөлшерлері | тоқсан сайын | ресми статистикалық деректердің ұсынылуына қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘКСДД |
25 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы | жылына 1 рет | ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
26 | Қазақстан Республикасы бойынша мүгедектігі бар адамдар саны | жарты жылда 1 рет | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
27 | Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі бар адамдар | жарты жылда 1 рет | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
28 | Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны туралы мәліметтер | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘКСДД |
29 | РБ-дан зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер алушылар саны мен сомасы туралы деректер | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | РБ-дан қаржыландыру – ҚД; МӘСҚ-дан қаржыландыру - ӘСБӘЗҚСД |
30 | Жұмыссыздық деңгейі | тоқсан сайын | ресми статистикалық деректердің ұсынылуына қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ХЖҚД |
31 | Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі | тоқсан сайын | ресми статистикалық деректердің ұсынылуына қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ХЖҚД |
32 | Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) | тоқсан сайын | ресми статистикалық деректердің ұсынылуына қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ХЖҚД |
33 | Кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберілген жұмыссыздардың саны | тоқсан сайын | ресми есептік деректердің ұсынылуына қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ХЖҚД |
34 | Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың саны | тоқсан сайын | ресми есептік деректердің ұсынылуына қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ХЖҚД |
35 | Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар саны | тоқсан сайын | ресми есептік деректердің ұсынылуына қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ХЖҚД |
36 | Жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға берген қолданыстағы рұқсаттарының есепті кезеңнің соңындағы саны | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ЕӘҚКК |
37 | Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормалары және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормалары | қажеттілікке қарай | он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормалары және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларының бекітілуіне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ЕӘӘД, ЕӘҚКК |
38 | Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесі | жылына 1 рет | желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ЕӘӘД |
39 | Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi | жылына 1 рет | желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘСБӘЗҚСД |
40 | Ұлттық біліктілік шеңбері | қажеттілікке қарай | Ұлттық біліктілік шеңберінің бекітілуіне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҰБЖДБД |
41 | Бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат | жылына 1 рет | ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚД |
42 | Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі | жылына 1 рет | желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | МҚТДДД |
43 | Қоғамдық кеңеске қатысушылардың тізімі (қызмет түрін, байланыс деректерін көрсете отырып) | жылына 1 рет | жыл сайын, 31 қаңтарға дейін | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | СЖТД |
44 | Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары | жылына 1 рет | есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | СЖТД |
45 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың тізбесі және оларды іске асыру | жылына 1 рет | желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚД |
46 | Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған тіркелген салалық және өңірлік келісімдер | жылына 1 рет | желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ЕӘӘД |
47 | Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесі | жылына 1 рет | желтоқсан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ЕӘӘД |
48 | Мүгедектігі бар ерлер/әйелдер саны | жылына 1 рет | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
49 | I топтағы мүгедектер саны | жартыжылда 1 рет | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
50 | II топтағы мүгедектер саны | жартыжылда 1 рет | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
51 | III топтағы мүгедектер саны | жартыжылда 1 рет | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
52 | 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны | жартыжылда 1 рет | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
53 | Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қарттар саны | жылына 1 рет | ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
54 | Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі) % | жылына 1 рет | ақпан | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘҚСДД |
55 | Жәрдемақылар/ төлемдер/зейнетақылар атауы | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ӘКСДД, ӘСБӘЗҚСД, ӘҚСДД |
56 | Төлемдер, зейнетақы және жәрдемақыларды алушылардың жалпы саны | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚД |
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
API (application programming interface) – ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл тәсілдерін сипаттау
АЖО – Автоматты жұмыс орны
ӘЖД - Әкімшілік жұмыс департаменті
ӘКСДД - Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті
ӘҚСДД - Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті
ӘСБӘЗҚСД - Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті
ЕӘӘД - Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті
ЕӘҚКК - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті
КҚБ - Кадр қызметі басқармасы
ҚД - Қаржы департаменті
ҚР Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
МҚТДДД – Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті
РБ - Республикалық бюджет
СЖТД - Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті
ҰБЖДБД - Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті
ХЖҚД - Халықты жұмыспен қамту департаменті
ЦД – Цифрландыру департаменті