РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 205-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығымен бекітілген |
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 205-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасымен айқындалатын аумақтар бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беріледі. Кодекстің 60-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы құзыретті органмен бекітіледі.
3. Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне берілген өтініш негізінде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияныиндустрияландыру картасына немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 сәуірдегі Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілген, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын, қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде;
жер қойнауын пайдалану саласындағы "Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі қаулысымен бекітілген, жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды ескере отыра, Кодекстің 25 бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге рұқсат етілмейтін аумақтарды қоспағанда, Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде ала алады.
4. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны:
1) Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда;
2) Көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа адамның пайдалануында болған, ал оған тең Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін осындай адамның келісімінсіз болған, тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлуде не болмаса көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамамен айқындалған жер қойнауын пайдалану учаскесінің аумағында;
3) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал оған тең қатты пайдалы қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуде айқындалған келісімшарттық аумақта оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін болған тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақта;
4) Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал оған тең барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлумен айқындалған келісімшарттық аумақта, сондай-ақ оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін болған тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақта;
5) пайдалы қатты қазбаларды барлаудың немесе өндірудің салдарларын жою жүргізілетін жер қойнауы учаскесінің аумағында;
6) құрамында уран кен орны немесе сирек кездесетін жер-уран кен орны бар жер қойнауы учаскесінің аумағында беруге жол берілмейді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.07.2021 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге арналған өтініштерді беру тәртібі
5. Кодекстің 204-бабының 1-тармағына сәйкес мүдделі тұлға белгілеген нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға құзыретті органға қағаз түрінде өтініш береді.
6. Өтініште мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), басшылары туралы, өтініш иесін тікелей немесе жанама бақылайтын жеке, заңды тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;
2) алаң есептері (көлемдері) және бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары бар өтініш иесі пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесі аумағының сипаттамасы;
3) осы тарауда көзделген мерзімнен жүйелі жиырма бес жылдан аспайтын сұралатын жер қойнауы учаскесін пайдаланудың мерзімін көрсету.
7. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш иесі туралы мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелері;
2) сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар: көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабта орындалған учаскенің орналасу картограммасы, шолу (ахуалдық) схемасы, жер бетінің топографиялық картасы;
3) егер тұлғаны өтініш иесі тағайындаса, өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін мұндай тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжат;
4) Кодекстің 216-бабына сәйкес әзірленген тау-кен жұмыстары жоспарының жобасы;
5) Кодекстің 217-бабына сәйкес әзірленген жою жоспарының жобасы;
6) өтініш иесі пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесіндегі пайдалы қатты қазбалар ресурстарын және қорларын бағалау туралы есеп;
7) егер өтінішті барлауға арналған лицензияның иесі айрықша құқық бойынша берсе және өтініш берілген кезде мұндай есеп құзыретті органға ұсынылмаса, өтінішті берудің алдыңғы күніне есепті кезең үшін барлау учаскесі бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
8) егер барлауға арналған лицензияның иесі айрықша құқық бойынша өтініш берсе, барлауға арналған лицензия бойынша ағымдағы есепті кезеңде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (жалдау төлемдері) төлеленгенңн растайтын құжат;
9) егер өтініш айрықша құқықтан басқа берілсе, өтініш берушіде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асырудың қаржылық, кәсіптік және техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар;
10) сұралатын жер қойнауы учаскесінде (оның бөлігінде) көмірсутектер өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының келісімі;
11) егер сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы толық немесе ішінара елді мекендердің жерлеріне және оларға бір мың метр жерде іргелес жатқан аумаққа тиесілі болса, көзделген жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім;
12) өтініш иесінің республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің жоқ екендігі туралы, өтініш берген күннің алдындағы күннен күнтізбелік он күннен ерте берілмеген, салық органынан анықтама.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.07.2021 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген, құжаттардан басқа осы Қағидалардың 3-тармағының екінші абзацына сәйкес берілген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтінішке өтініш иесінің өндірістік қызметінің (технологиялық процесінің) жер қойнауын пайдалануға байланысты (байланысты) екенін растайтын мемлекеттік индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы қоса беріледі.
9. Өтініш иесінің өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:
1) өтініш берушіде лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы алты ай шегінде отыз күндік мерзім ішінде сұратылған лицензия қолданысының бірінші жылында өндіруге талап етілетін ең төмен шығыстарды өтеу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның тұрақты болуын (қалдығын) растайтын, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Егер қаражат қозғалысы бойынша операциялар нәтижесінде мәлімделген отыз күндік кезеңнің қандай да бір күнінде ақша қаражатының қалдығы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында талап етілгеннен аз болса, онда мұндай үзінді-көшірме өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат болып танылмайды. Өтініш берушіде қаржылық мүмкіндіктерді растау мақсаттары үшін бір екінші деңгейдегі банкте бірнеше шоттар болған кезде жиынтығында олар бойынша үзінді-көшірмелер ұсынылған бірнеше шоттар бойынша ақша қаражатының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер де ескеріледі;
2) қарыз шартының (алдын ала қарыз шартының), қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш берушінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі қызметін қаржыландыруды көздейтін, сондай-ақ сұратылатын лицензия қолданысының бірінші жылында өндіруге талап етілетін ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті қарыз (қаржыландыру) сомасын растайтын қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмелері;
3) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған, қатарынан күнтізбелік алты ай немесе лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде дайындалған, өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері сұрау салынған лицензия қолданысының бірінші жылында өндіруге жұмсалатын ең төменгі шығыстардың шамасына арналған өз міндеттемелерінен асатын аудиторлық есебі бар қаржылық есептілігі;
4) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктің өтініш иесіне өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде құзыретті орган айқындайтын ең төменгі рейтингтік бағадан төмен болмайтын рейтингтік баға беру туралы хаты.
Егер өтініш иесінің қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде қаржы ұйымы болып табылмайтын тұлға қарыз беруші болатын (қаржыландыратын) ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі ұсынылса, өтінішке қосымша аталған тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттардың бірі қоса беріледі.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.07.2021 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Өтініш иесінің өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті кәсіби мүмкіндіктердің болуын растау үшін мынадай құжаттардың кез келгені ұсынылады:
1) штатында мамандардың болуы туралы анықтама немесе мынадай салалардағы:
геология немесе геофизика;
тау-кен инженериясы;
геодезия және маркшейдер мамандарымен жасалған қызметтер көрсету шартының көшірмесі;
2) мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының көшірмесі немесе өтініш иесіне өндіруге арналған сұралатын лицензия берілген жағдайда, осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын, штатында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында санамаланған мамандар бар оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмелері.
Егер өтініш иесінің кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының немесе Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмелері ұсынылса, өтінішке қосымша мердігер ұйымның (оператордың) штатында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген мамандардың болуы туралы анықтама немесе тиісті мамандармен қызметтер көрсету шарттарының көшірмелері қоса беріледі.
11. Мына құжаттардың кез келгені:
1) өтініш иесіне "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тау-кен және химиялық өндірістерді пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
2) мердігер ұйыммен ниеттер шартының, қызметтер көрсетудің алдын ала немесе негізгі шартының, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген лицензияны иеленуші өтініш иесіне өндіруге арналған сұралатын лицензия берілген жағдайда Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын оператордың қызметтер көрсетуінің алдын ала немесе негізгі шартының көшірмелері өтініш иесінің өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайды.
Егер өтініш иесінің техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен ниеттер шартының, қызметтер көрсетудің алдын ала немесе негізгі шартының не Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын оператордың қызметтер көрсетуінің алдын ала немесе негізгі шартының көшірмелері ұсынылса, өтінішке қосымша осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген лицензияның көшірмесі қоса беріледі.
12. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген пайдалы қатты қазбалар ресурстарын және қорларын бағалау туралы есепті Қазақстандық геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлар туралы жария есептілігінің кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес құзыретті тұлға дайындауға тиіс.
Өтініш иелері пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға өтініш берген кезде құзыретті органға Кодекстің 278-бабының 10-тармағына сәйкес қорларын санау бойынша есепті ұсынуға құқылы.
13. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.
14. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.
15. Өтінішті беру кезі құзыретті органға өтініш келіп түскен күнмен және уақытпен айқындалады және ол есепке алынуға жатады.
16. Өтініш бірегей есептік нөмірі, күні және уақыты (сағат, минут) көрсетіле отырып, құзыретті органның кеңсесінде тіркеледі. Пошта арқылы келіп түскен өтініш келіп түскен күні тіркеледі.
Әр өтініш жеке тіркеледі.
17. Құзыретті орган кіріс хат-хабарлардан бөлек берілген өтініштердің жеке есебін жүргізеді.
Өтініштерді есепке алу журналы:
1) өтініштерді бірегей есепке алу нөмірін;
2) өтініштерді тіркеу күні мен уақытын (сағат, минут);
3) жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның атауын;
4) ескертпені қамтиды.
18. Берілген өтініш туралы мәліметтер құзыретті органның интернет-ресурсында өтініш берілген күннен бастап екі күн ішінде жауапты қызметкерімен орналастыруға жатады және олар мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
заңды тұлғалар үшін - өтініш иесінің атауын;
2) өтініш иесі пайдалануына пайдалы қатты қазбаларды өндіруге беруді сұраған жер қойнауы учаскесін айқындайтын блок (блоктар) кодын;
3) өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтуға тиіс.
Құзыретті орган өтінішті қарау нәтижесі бойынша лицензияны беру туралы немесе беруге бас тарту туралы белгісімен инернет-ресурсында орналастырылған мәліметтерді толықтырады.
3-тарау. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге арналған өтініштерді қарау тәртібі
19. Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Қағидалардың 28-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өтінішті, өтінішке қоса берілетін пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және қорларын бағалау туралы есепті және сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды жібереді.
20. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және қорларын бағалау туралы есептен мәліметтерді мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына енгізеді және өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 28-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген лицензияны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы нысанына қарайды.
Егер өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жататын болса, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы жазбаша және еркін нысанда өтініш иесін және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада біріктірілген аумақтардың координаттары мен алаңы және сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағынан осы аумақты алып тастау тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Өтініш иесі хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініштен бас тартады немесе жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін есепке ала отырып, сұралатын жер қойнауы учаскесі туралы өзгертілген мәліметтерді ұсынады.
Егер өтініш иесі белгілеген сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекарасы осы Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкес келмесе, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы жазбаша және еркін нысанда өтініш иесін және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада анықталған сәйкессіздіктер мен оларды жою тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Өтініш иесі хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды, бұл туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды жазбаша және еркін нысанда хабардар етеді не өз қарсылығын жазбаша түрде жолдайды. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сұралатын жер қойнауы учаскесі шекарасының осы Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қайта қарайды.
Сұралатын жер қойнауы учаскесі шекарасының сәйкестігі туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы шекараларды келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы жазбаша және еркін нысанда құзыретті органды және өтініш иесін хабардар етеді. Осы тармақта көзделген сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары туралы өзгертілген мәліметтерді ұсыну мерзімдерін өтініш иесі бұзған жағдайда жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекараларын келісуден бас тартады.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекараларымен келіспеген жағдайда құзыретті орган осы Қағидалардың 28-тармағының 7) немесе 8) тармақшаларына сәйкес өтініш иесіне лицензияны беруден бас тартады.
21. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің шекараларын келіскен жағдайда құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы Кодекстің тиісінше 216 және 217-баптарында көзделген тау-кен жұмыстары жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсат алу, тау-кен жұмыстары жоспарына және жою жоспарына сараптамалар мен келісулер жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тау-кен жұмыстары жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесін, тиісті келісулер мен сараптамалардың оң қорытындыларын өтініш беруші құзыретті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабардар етілген күннен бастап бір жылдан кешіктірмей ұсынылады.
Өтініш беруші құзыретті органға мұндай ұзарту қажеттілігін негіздей отырып, көрсетілген мерзімді ұзарту үшін жүгінеді. Құзыретті орган осы мерзімді, егер мұндай ұзарту қажеттілігі өтініш берушіге байланысты емес мән-жайлардан туындаса, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге ұзартады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.07.2021 № 372 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Құзыретті орган өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны қажетті келісулер, сараптамалардың оң қорытындылары және тау-кен жұмыстары жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмелері ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.07.2021 № 372 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Өтініш иесіне басқа тұлғаға тиесілі немесе соның пайдалануындағы жер учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы жер қойнауы учаскесінде көрсетілген жер учаскесінің жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр шекте осындай тұлғаның келісімінсіз операцияларды жүргізуге құқығы жоқ.
24. Осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген хабарлама облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жерлерді жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін резервте қалдыру үшін негіз болып табылады.
25. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне жерді пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушыға беруі үшін негіз болып табылады.
26. Құзыретті органға берілген, сол бір аумақты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру үшін өтініштер келіп түскен кезектілік тәртібіне қарай қаралады.
27. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензияны беруден бас тартылғаннан кейін ғана қаралады.
Құзыретті орган кезекті өтінішті қарауға алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы өтініш иесін хабардар еткен күннен бастап он жұмыс күні өткен соң кіріседі.
Егер бас тарту туралы шешімге өтініш иесі сотқа шағымданса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені құзыретті орган шағым қарау нәтижелері бойынша сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін шешеді.
28. Құзыретті орган мынадай негіздемелердің бірі болған кезде:
1) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) өтінішке осы Қағидаларда талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;
3) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде өтініш иесінің немесе өтініш иесін тікелей не жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғаның жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиясын Кодексте көзделген негіздер бойынша жер қойнауының сұралатын учаскесі бойынша құзыретті орган қайтарып алған болса;
4) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде өтініш иесі немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға өздерінің пайдалануындағы жер қойнауы учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса;
5) өтініш иесіне не өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғаға бұрын берілген жер қойнауын пайдалану құқығы сұралатын жер қойнауы учаскесіне (оның бір бөлігіне) қатысты өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде тоқтатылса;
6) лицензияны беру ұлттық қауіпсіздікке қауіп туындауына алып келетін болса;
7) сұралатын жер қойнауы учаскесі немесе оның бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензия не пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия бойынша басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жатса;
8) сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе;
9) өтініш иесі Кодекстің талаптарына сәйкес келісілген тау-кен жұмыстары жоспарының жобасын құзыретті органға беру мерзімін сақтамаса, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартады.
Өтініште көрсетілген (бұрыштық нүктелердің алаңы мен географиялық координаттары туралы мәліметтерден басқа) мәліметтерде грамматикалық немесе арифметикалық қателердің, мөрлердің болуы, олар лицензияны беру туралы шешім қабылдауға әсер етпейді және өтінішке қоса берілетін құжаттармен салыстыру арқылы анықталады, сондай-ақ тексеріледі, лицензия беруден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.07.2021 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Лицензияны беруден бас тарту жазбаша нысанда енгізіледі және уәжді болуға тиіс.
Осы Қағидалардың 36-тармағының 6) тармақшасына сәйкес лицензияны беруден бас тарту осындай бас тарту үшін негіз болған себептер көрсетілмей шығарылады.
30. Өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия беруден бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензияны беруден бас тартуға шағым жасауына болады.
31. Лицензия беруден бас тарту өтініш иесін қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.
32. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша айрықша құқық негізінде берілген жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартуға барлауға арналған лицензия шарттарының жойылмаған бұзушылықтары болған кезде ғана не осы Қағидалардың 38-тармағының 9) тармақшасына сәйкес жол беріледі.
Егер айрықша құқық бойынша барлауға арналған лицензияны беру туралы өтінішті берген кезде осы Қағидалардың 28-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мән-жайлар бар болса, құзыретті орган өтінішті қабылдайды және анықталған ескертулерді жою қажеттілігі туралы жазбаша және еркін нысанда өтініш иесін хабардар етеді. Бұл жағдайда өтінішті қарау мерзімі өтініш иесінің көрсетілген ескертулерді жоюы және құзыретті органға өтінішті қайта беруі үшін күнтізбелік отыз күнге ұзартылады.
Көрсетілген ескертулер жойылмаған не өтініш белгіленген мерзімде қайтадан ұсынылмаған жағдайда құзыретті орган пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартады.