"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 152-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидалары бекітілсін.
2. "Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10891 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ж. Қасымбек
18 мамыр 2018 жылғы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамыр № 163 бұйрығымен бекітілген |
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы
27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 152-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) төрелiк сынама – төрелiк талдау үшiн пайдаланылатын бақылау сынамасы;
2) бақылауаралық интервал – өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын тексеру кезiнде анықталған мәндерден ауытқуын анықтау үшiн жүргiзiлетiн екi кезектi бақылау актiсiнiң арасындағы уақыт аралығы;
3) метрологиялық сипаттамаларды бақылау – тексерулер арасындағы кезеңде өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары мәндерiнiң нақты мәндерден немесе соңғы тексеру кезiнде айқындалған мәндерден ауытқуын айқындау, өлшеу құралдарының одан әрi пайдалануға жарамдылығын белгiлеу;
4) мұнай балластының массасы – мұнайдағы судың, хлорлы тұздар мен механикалық қоспалардың жалпы массасы;
5) мұнайдың брутто массасы – балласт массасын қамтитын мұнайдың жалпы массасы;
6) мұнайдың нетто массасы – мұнайдың брутто массасы мен мұнайдың балласт массасының айырмасы;
7) мұнай көлемiнiң және сапа көрсеткіштерінің өлшемдерi жүйесi – өлшеу құралдарының (шығысты түрлендіргіштердің (бұдан әрі – ШТ), тығыздықты түрлендіргіштердің (бұдан әрі – ТТ), ылғал мөлшерiн, тұз мөлшерiн, тұтқырлықты, температураны, қысымды, масса өлшеуiштердi түрлендiргiштердiң), өлшеу нәтижелерiн өңдеу, сақтау, индикациялау және тiркеу құрылғыларының, автоматты және қолмен өңдеу үшiн қолайлы нысанда өлшеуiш ақпаратының дабылдарын өңдеуге арналған технологиялық және қосалқы жабдықтардың (құбыржолдардың, сүзгiлердiң, сорғылардың, сынама iрiктегiштiң, бекiтушi және реттеушi арматураның және басқаның) жиынтығы;
8) өлшеу сызығы (бұдан әрі – ӨС) – қысымды және температураны өлшеу құралдарымен, ысырмалармен және сүзгiлермен жарақтандырылған құбыржолдардың тiк сызықты учаскелерi бар ТТ-дан немесе масса өлшеуiштен тұратын мұнай көлемiн өлшеу жүйесі (бұдан әрі – МКӨЖ) конструкциясының бөлiгi;
9) резервтiк есепке алу схемасы – негізгі схема – мұнай көлемі мен сапасының көрсеткіштерін өлшеу жүйесі істемей қалған кезде мұнай массасын өлшеу үшін қолданылатын жүйе;
10) технологиялық жабдық – бекітуші және реттеуші арматура, құбырлар, сүзгілер, ағысты түзетуші және тік сызықты учаскелер, циркуляциялық сорғы, автоматтандырылған және қол сынама іріктегіштері, сынама алу құрылғысы, дренаждық ыдыстар, тиісті технологиялық орамы бар жуу сорғысы және т.б.;
3. Мұнайды есепке алу топтық өлшеу қондырғылары арқылы әрбір ұңғыма бойынша жер қойнауы учаскесінде тоннамен жүзеге асырылады. Мұнай массасын өлшеудiң дұрыстығын, сондай-ақ өлшеу сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшiн жер қойнауын пайдаланушының тексеру туралы қолданыстағы сертификаты және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету жүйесiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген қажеттi жабдығы мен өлшеу құралдары қолданылады.
2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу тәртібі
4. Мұнайды өлшеу және таразылау тікелей және жанама тәсілдермен жүзеге асырылады.
5. Тікелей тәсілдер қолданылған кезде мұнай массасы таразымен, таразылы мөлшерлеуіштермен және құрылғылармен (тікелей статикалық тәсіл), массалық есептеуішпен және массалық ШТ-мен өлшенеді (тікелей серпінді тәсіл).
6. Жанама тәсіл көлемдік-массалық тәсілге және гидростатикалық қағидатқа негізделген тәсілге бөлінеді.
7. Жанама көлемдік-массалық тәсіл мұнайды жанама көлемдік-массалық серпінді тәсілге және жанама көлемдік-массалық статикалық тәсілге бөлінеді.
8. Жанама көлемдік-массалық серпінді тәсіл мұнайды мұнай құбырында тікелей ағында өлшеген кезде қолданылады. Бұл ретте мұнай көлемін өлшеуіштермен немесе интеграторлары бар ШТ-мен өлшейді.
9. Көлемдік-массалық серпінді тәсіл қолданылған кезде мұнайдың көлемі мен тығыздығын бірдей немесе бірдей етілген жағдайларда (температура, қысым) өлшенеді, мұнайдың брутто массасын осы шамалардың мәндерінің көбейтіндісі ретінде айқындайды, ал содан соң мұнайдың нетто массасы есептеледі.
10. Мұнай тығыздығын ағынды тығыздық өлшеуішпен немесе зертхана жағдайында біріктірілген сынамада мұнайға арналған ареометрмен, ал мұнайдың температурасы мен қысымын-тығыздық пен көлемді өлшеген кезде тиісінше термометрлермен және манометрлермен өлшейді.
11. Жанама көлемдік-массалық статикалық тәсілді мұнайды градуирленген ыдыстарда өлшеген кезде қолданады (тік және көлденең резервуарлар, көліктік ыдыстар және т.б.).
Мұнай массасы мыналарды өлшеу нәтижелерi бойынша анықталады:
1) сыйымдылық шамаларында:
мұнай деңгейін – стационарлық деңгей өлшеуішпен немесе сұйықтық деңгейін өлшейтін басқа да құралдармен;
мұнай тығыздығын – тығыздық өлшейтін көшпелі немесе стационарлық құралмен немесе ареометрмен;
мұнай температурасын – нүктелі сынамалардағы термометрмен немесе көшпелі және стационарлық температура түрлендіргішпен;
мұнай көлемін – деңгейді өлшеу нәтижелерін қолдана отырып, сыйымдылық шамасының градуирленген кестесі бойынша;
2) толық сыйымдылық шамаларында:
мұнай тығыздығын – көшпелі тығыздық өлшеу құралымен немесе зертханада ареометрмен, зертханалық тығыздық өлшеуішпен немесе тығыздық түрлендіргішін қолдана отырып;
мұнай температурасын – көшпелі температура түрлендіргішпен немесе нүктелі мұнай сынамасында термометрмен;
мәні таңбалау кестесіне жазылған және тексеру туралы куәлікте көрсетілген шаманың іс жүзіндегі сыйымдылығына тең қабылданған мұнай көлемін – деңгей көрсеткішіне қатысты мұнай деңгейінің өзгеруін ескере отырып айқындайды.
Мұнайдың тығыздығы мен көлемін өлшеу нәтижелері қалыпты жағдайға әкеледі немесе мұнайдың тығыздығын өлшеу нәтижелерін оның көлемін сыйымдылық шамаларында немесе толық сыйымдылық шамаларында өлшеу жағдайларына әкеледі.
Деңгей өлшеуішпен, метроштокпен немесе өлшеуіш металлды рулеткамен өлшенген толу деңгейінің мәндері бойынша градуирленген кестелердің көмегімен резервуарлардағы мұнай көлемі айқындалады. Толық сыйымдылыққа градуирленген ыдыстарда толтыру деңгейін бақылайды және көлемін паспорттық деректер бойынша айқындайды.
12. Мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен мұнайдың балластың массасының айырмасы ретінде айқындайды. Мұнайдың балласт массасы мұнайдағы судың, хлорлы тұздар мен механикалық қоспалардың жалпы массасы ретінде айқындалады. Бұл үшін мұнайдағы судың, хлорлы тұздар мен механикалық қоспалардың массалық үлестері айқындалып, олардың массасы есептеледі.
13. Гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама тәсілті қолданған кезде мұнай бағанының гидростатикалық қысымын өлшейді, резервуардың толтырылған бөлігінің орташа ауданын айқындайды және мұнай массасын ауырлық күш үдеуіне бөлінген осы шама мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептейді.
Босатылған (қабылданған) мұнайдың массасын екі тәсілмен:
1) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тәсілдермен тауарлық операцияның басында және аяғында айқындалған массалардың айырмасы ретінде;
2) ауырлық күш үдеуіне бөлінген, мұнай босатылған резервуар бөлігінің орташа қима ауданына тауарлық операцияның басында және аяғындағы гидростатикалық қысымдардың айырмасы ретінде айқындайды.
14. Мұнай бағанының гидростатикалық қысымын мұнай буларының қысымын ескере отырып, манометрикалық аспаптармен өлшейді.
15. Резервуар бөлігінің орташа қима ауданын айқындау үшін өлшеуіш металл рулеткамен немесе деңгей өлшеуішпен тауарлық операцияның басындағы және аяғындағы мұнай деңгейін өлшейді және резервуардың градуирленген кестесінің деректері бойынша осы деңгейлерге сәйкес келетін орташа қима аудандарын есептеп шығарады.
Сондай-ақ деңгейді өлшеудің орнына мұнайдың тығыздығы өлшенеді және мұнай балласты массасын айқындау үшін мұнайдың көлемі массаны тығыздыққа бөлудің бөліндісі ретінде айқындалады.
16. Мұнайдың брутто массасын өлшеуде жол берілетін салыстырмалы дәлсіздіктер мыналардан аспайды:
±0,40 % – ажыратылған цистерналарды таразыда таразылау арқылы тікелей статикалық өлшеу тәсілі кезінде;
±0,50 % – ажыратылмаған жүріп келе жатқан цистерналарды және олардың құрылымын таразыда таразылау арқылы тікелей статикалық өлшеу тәсілі кезінде;
±0,25 % – тікелей және жанама серпінді өлшеу тәсілдері кезінде;
±0,50 % – 120 т және одан жоғары мұнай массасын жанама статикалық өлшеу тәсілі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу тәсілі кезінде;
±0,65 % – 120 т дейінгі мұнай массасын жанама статикалық өлшеу тәсілі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу тәсілі кезінде.
17. Мұнайдың нетто салмағын өлшеуде жол берілетін салыстырмалы дәлсіздіктер шегі мыналардан аспайды:
±0,50 % – ажыратылған цистерналарды таразыда таразылау арқылы тікелей статикалық өлшеу тәсілі кезінде;
±0,60 % – ажыратылмаған жүріп келе жатқан цистерналарды және олардың құрылымын таразыда таразылау арқылы тікелей статикалық өлшеу тәсілі кезінде;
±0,35 % – тікелей және жанама серпінді өлшеу тәсілдері кезінде;
±0,60 % – 120 т және одан жоғары мұнай массасын жанама статикалық өлшеу тәсілі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу тәсілі кезінде;
±0,75 % – 120 т дейінгі мұнай массасын жанама статикалық өлшеу тәсілі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу тәсілі кезінде.
1- параграф. Арнайы техникалық құралдар
18. Арнайы техникалық құралдар (оның ішінде есептеу техникасы құралдарын) қабылданған өлшеу және таразылау тәсілдеріне қарай мұнай массасын өлшеу жүйесін жобалау сатысында таңдайды, олардың өлшеу нәтижелері бойынша мұнай массасы, оның ішінде осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген тауарлық мұнайдың брутто массасын және осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген тауарлық мұнайдың нетто массасын өлшеу дәлсіздіктерінің нормалары айқындалады.
19. МКӨЖ құрамына кiретiн арнайы техникалық құралдар бойынша үлгiсiн бекiту немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес өлшем құралдарын тексеру туралы қолданыстағы сертификат болуы тиіс.
20. Арнайы техникалық құралдар пайдалануға енгізер алдында, пайдалану кезiнде және жөндеуден кейiн Заңның 19-бабына сәйкес тексеруге жатады.
21. Тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ осындай қызмет түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізеді.
22. Өлшеу құралдарын тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
МКӨЖ құрамына кiретiн өлшеу құралдарының дәлсіздіктері "МКӨЖ. Жалпы талаптар" 2.62-2003 ҚР СТ-ға өлшеулерді орындау тәсілдеріне арналған құжаттарда регламенттеледі.
2- параграф. Мұнай массасын тікелей тәсілдермен өлшеу және таразылау тәртібі
23. Тексеріп бөлу саны кемінде 3000 болатын орташа сыныпты дәлдік статикалық өлшеу үшін тікелей статикалық тәсілмен ыдыстағы және көлік құралдарындағы (темір жол және автомобиль цистерналары) мұнай массасын таразылау арқылы өлшейді.
24. Мұнайдың брутто массасы таразымен өлшеу диапазоны шегінде өлшенеді. Таразыны пайдалану шарттары таразының нақты түріне арналған пайдалану құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
25. Темір жол цистерналарындағы мұнай массасы оларды өлшеу нәтижелері бойынша айқындалған тиелген цистерналардың өлшенген массасы мен бос цистерналардың массасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
26. Жүріп келе жатқан цистерналардағы мұнай массасы таразыны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүру кезінде өлшеуге арналған вагондық таразыда айқындалады.
27. Құбырмен тасымалданатын мұнай массасы тiкелей мұнай құбыры ағынында тікелей серпінді тәсілмен анықталады. Өлшеу нәтижесiне мұнайдың тұтқырлығы мен тығыздығының өзгеруi әсер етпейдi.
28. Ұсынылатын МКӨЖ құрамы және тікелей серпінді тәсілді қолдана отырып дәлсiздiгiнiң жол берiлетiн шектерi осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
29. Масса өлшеуiштердi пайдалану процесінде масса өлшеуiштің осы түріне техникалық сипаттамаға сәйкес масса өлшеуiш нөлiнің ығыстырылуы бақыланады.
30. Масса өлшеуiштердi тексеру мен бақылау пайдалану орнында, сонымен қатар тексеру стендiнде де жүргiзiледi.
3- параграф. Мұнай массасын жанама тәсілдермен өлшеу және таразылау тәртібі
31. Қабылдау-тапсыру операциялары кезінде мұнайдың массасы ШТ мен ТТ-нің көмегімен жанама көлемдік-массалық серпiндi тәсілмен анықталады.
32. Бұл ретте масса көлемнiң тиiстi мәндерiнiң және өлшеу (температура, қысым) шарттарына келтiрiлген тығыздық көлемiнiң немесе бiр қалыпты жағдайға келтiрiлген көлемнiң немесе тығыздықтың көбейтiндiсi ретiнде ақпаратты өңдеу құрылғысымен есептеледi.
Жұмыс iстеп тұрған ТТ ажыратылған және резервтегiсi болмаған кезде, мұнай тығыздығы ареометрмен немесе рұқсат етiлетiн шектi дәлсiздiгi ± 0,5 кг/м3 зертханалық тығыздық өлшеуiшпен айқындалады.
ШТ немесе мұнай есептеуiшiнде мұнай қысымы мен температурасы кезiнде алынған мұнай көлемiн өлшеу нәтижесi қалыпты жағдайға келтiрiледi.
Мұнай сапасының параметрлерiн өлшеу блогындағы температура мен қысым кезiнде ағынды ТТ-мен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi мұнай көлемiн өлшеу шарттарына және қалыпты жағдайға ( температура, 200С-қа тең, артық қысым, 0-ге тең) келтiрiледi.
33. Ақпаратты өңдеу құрылғысымен (бұдан әрі – АӨҚ) немесе оператордың автоматтандырылған жұмыс орнында мұнай есебiнiң барлық процестерін басқару жүзеге асырылады.
34. МКӨЖ-ды пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар:
1) МКӨЖ-ды пайдалану процесінде мынадай параметрлер бақылануы тиiс:
өлшеу сызықтары арқылы мұнай шығысы. МКӨЖ конструкциясы массаны өлшеу кезiнде өлшеу сызықтары арқылы жүйенi метрологиялық аттестаттау туралы сертификатта көрсетiлген жұмыс диапазонының 2,5 %-нан аспайтын ауытқумен мұнай шығысын қамтамасыз етеді;
шығу коллекторындағы мұнай қысымы. МКӨЖ шығуындағы мұнай қысымы көлемдiк ШТ-ның кавитациясыз жұмысын қамтамасыз етеді және мынадай формула бойынша белгiленген мәннен кем болмайды:
мұндағы Р – МКӨЖ шығуындағы ең аз артық қысым, МПа;
Рн– қаныққан бу қысымы, МПа;
∆Р – ШТ-дағы немесе техникалық паспортта көрсетiлген масса өлшеуiштегi қысым айырымы, МПа;
Сүзгiлердегi қысым айырымы сүзгiнiң осы түрiнiң паспортында көрсетiлген мәндерден артық болмайды немесе 2∆Рф аспауы тиiс, мұндағы ∆Рф – сүзгiнi тазартқаннан кейiн пайдалану орнында белгiленген ең көп шығыс кезiндегi сүзгiдегi қысым айырымы. Сүзгiлердi тазарту кем дегенде үш айда бiр рет актi ресiмдей отырып жүргiзiледі.
Тұтқырлық бойынша көлемдi ШТ-ның түрлендiру коэффициентiн түзету жөнiндегi құрылғы болмаған кезде, мұнай тұтқырлығы көлемдi ШТ-ны тексеру жүргiзiлген кездегi үлгiнi бекiту немесе ШТ-ның басқа түрлерiн пайдалану жағдайларында метрологиялық аттестаттау үшiн сынақ жүргiзу кезiндегi белгiленген шектерден аспайтын тұтқырлық мәндерiнен айрықшаланбайды;
2) пайдаланудың негiзгi талаптары бұзылған және өлшеу құралдары жұмыс iстемеген кезде мұнайдың есебi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
3) МКӨЖ ҚР "МКӨЖ. Жалпы талаптар" 2.62-2003 СТ-ға сәйкес тексеріледі.
35. ШТ-ны пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар:
1) ШТ-ны пайдалану кезiнде метрологиялық сипаттамаларды тексеру және бақылау жүргiзiледi;
2) жұмыс ШТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылау немесе тексеру уақытында мұнайдың есебiн бақылау өлшеу сызығы бойынша жүргiзуге болады;
3) ШТ-ны тексеру пайдалану орнында өлшеу сызықтары элементтерiмен (егер олар жобада көзделсе, ағыс түзеткiштермен, тiк учаскелермен) жиынтықта МКӨЖ пайдаланылатын шығыстардың жұмыс диапазонында жүргiзiледі;
4) ШТ-ны түрлендiру коэффициентi тексеруден кейiн қажеттік кезінде АӨҚ-ға қолмен де, сонымен бiрге автоматты түрде де енгізіледі.
АӨҚ-қа градуирлiк сипаттаманы iске асыру тәсiлiне байланысты ШТ-ны түрлендiру коэффициентi мынадай түрде ұсынылады:
5) шығыстардың барлық жұмыс диапазонындағы тұрақты мән;
6) шығыстың түрлi кіші диапазондарында түрлендiру коэффициентiнiң мәндерi;
7) шығыстардың жұмыс диапазоны нүктелерiнде түрлендiру коэффициентiнiң мәндерi;
8) тексеруаралық өту интервалында ШТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылау.
ШТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылау шығыстардың жұмыс диапазонындағы жұмыс жағдайларында пайдалану орнында түрлендiру коэффициентiн және ШТ немесе АӨҚ (АӨҚ-тың жадында сақталатын) қайталама аспабында белгiленген мәндердiң түрлендiру коэффициентiнен алынған мәннен ауытқуын анықтаудан тұрады.
ШТ метрологиялық сипаттамаларын бақылау құбыр-поршеньдiк тексеру қондырғысы немесе бақылауаралық интервал арқылы пайдалану орнында бақылау ШТ бойынша жүргiзiледi.
ШТ бақылауаралық интервалын белгiлеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
9) әрбiр жаңадан енгiзiлетiн МКӨЖ үшiн, сондай-ақ ШТ-ны ауыстыру арқылы реконструкциялаудан кейiн ШТ-ның бақылауаралық интервалы айқындалады. Бақылауаралық интервал сонымен бiрге ШТ-ны жөндеуден кейiн де белгiленедi;
10) бақылауаралық интервал ШТ-ны пайдаланудың қарқындылығына байланысты не жұмыс iстеу сағаттарында не КДҚ бойынша түрлендiру коэффициентiн бақылау нәтижелерi бойынша күнтiзбелiк уақытта (күндермен немесе айлармен) белгiленедi;
11) ШТ-ның үздiксiз жұмысы кезiнде 5 күнтiзбелiк күн аралық мерзiммен 30 күнтiзбелiк күн iшiнде түрлендiру коэффициентiнiң мәнiн бақылау жүргiзiледi және бақылауаралық интервал 5 күнтiзбелiк күн болып белгiленедi;
12) бақылауаралық интервал статистикалық деректердiң нәтижелерi бойынша орнатылады;
13) резервте тұрған және ұзақ уақыт бақылаудан өтпеген ШТ-ны бақылау оларды пайдалануға қосу алдында ғана жүргiзiледi;
14) бақылауаралық интервалдың шамасы МКӨЖ формулярына енгiзiледi;
15) бақылауаралық интервалды белгiлеудi өткiзушi және қабылдаушы тараптардың өкiлдерiмен келiсе отырып, МКӨЖ қызмет көрсетудi жүргiзетiн ұйым орындайды.
Ағынды ТТ-ны пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар:
16) ағынды ТТ-ны тексеру тегеурінді металл пикнометрлердiң өлшеу жинағы бойынша немесе эталондық тығыздықты өлшеуiш бойынша жүргiзiледi;
17) ағынды ТТ-ны тексеру зертханада немесе пайдалану орнында жүргiзiледi. Ағынды ТТ-ны тексеру, егер мұнайдың тығыздығы жыл iшiнде 100 кг/м3-ден аспаса, пайдалану орнында жүргiзіледі;
18) ТТ-ны зертханада кезектi тексеруден кейiн оны пайдалану орнына орнатар алдында ауа нүктесi бойынша метрологиялық сипаттаманы бақылау орындалады;
19) бұл үшiн мұнай сапасының параметрлерiн өлшеу блогында немесе басқа бейiмделген үй-жайда ТТ қоректендiрiледi, тығыздықты өлшеу сызығына қосылады және (20+5)oС температура кезiнде шығу дабылын есептеу жүргiзiледi;
20) шығу дабылының тербелiс кезеңi тексеру сертификатында (ауамен тексеру) көрсетiлген тербелiс кезеңiне сай келеді.
36. Егер тексеру немесе бақылау кезiнде ТТ дәлсiздiгi белгiленген шектерден асатын болса, кейiн тексере отырып градуирлеуге жатады.
Ағынды ТТ-ны градуирлеу пикнометрлердiң өлшеу жинағы бойынша немесе эталондық тығыздықты өлшеуiш бойынша зертханада немесе пайдалану орнында жүргiзiледi.
Ағынды ТТ-ны градуирлеу, егер мұнайдың тығыздығы жыл iшiнде 100 кг/м3-ден аспаса, пайдалану орнында жүргiзіледі.
37. Ағынды ТТ-ны бақылау 10 күнтiзбелiк күнде бiр рет ТТ жұмыс көрсеткiштерiн мұнайдың тығыздығын эталондық тығыздықты өлшеуiшпен тығыздықтың жұмыс мәнi кезiнде жұмыс жағдайларында өлшеу нәтижелерiмен немесе резервтiк ТТ көрсеткiштермен салыстырып қарау тәсілімен жүргiзiледi.
Резервтiк ТТ таза болып қолданылады және одан мұнай салыстырып қарау кезiнде ғана өтеді.
Мынадай шарт орындалады:
мұндағы
– жұмыс ТТ-мен өлшенген, мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3;Ро – эталондық тығыздықты өлшеуiшпен немесе резервтiк ТТ-мен өлшенген, мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3;
∆nn – жұмыс ТТ-ның рұқсат етiлетiн абсолюттiк дәлсiздiгiнiң шегi, кг/м3;
∆0 – эталондық тығыздықты өлшеуiшпен немесе резервтiк ТТ-ның рұқсат етiлетiн абсолюттiк дәлсiздiгiнiң шегi, кг/м3.
Эталондық тығыздықты өлшеуiш болмаған кезде немесе резервтiк ТТ-мен МКӨЖ жарақтандыруға дейiн жұмыс ТТ-ны бақылау талдамалық зертханамен мұнай тығыздығын өлшеу нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
10 күнтiзбелiк күнде кемінде бiр рет ТТ Рnn көрсеткiштерi мұнай тығыздығын тығыздық өлшеуiшпен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшеу нәтижелерiмен салыстырылады және төмендегi формула бойынша ∆pn кг/м3 тығыздықтарының айырмасы есептеледi:
мұндағы pлn– мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогында шарттарға келтiрiлген, Pnn – өлшеу сәтiне iрiктелген сынамада ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3.
Мынадай шарт орындалады:
мұндағы ∆ – ареометрмен немесе тығыздықты өлшеудi орындау тәсілдерін метрологиялық аттестаттау туралы куәлiктен зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшеу тәсілінің дәлсiздiгi, кг/м3.
Тәсіл дәлсiздiгiн бағалауды өткiзгенге дейін былайша ТТ бақылау жүргізіледі:
мына формула бойынша анықтайды:
мұндағы
– нормадан ауытқушылыққа тексерiлген, ТТ тексеруден кейiнгi алғашқы 30 ауысымның айырмасының орташа мәнi, кг/м3. Шұғыл байқалатын өлшеулер табылған жағдайда оларды қосымша өлшемдер нәтижелерiмен алмастырады.Pnni – тексеруден кейiн алғашқы 30 ауысымда і-шi ауысымды жұмыс ТТ өлшенген, мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3;
Pлni – мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогында шарттарға келтiрiлген, өлшеу сәтiне iрiктелген сынамада ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3.
ТТ жұмыс көрсеткiштерi 10 күнтiзбелiк күнде кемiнде бiр рет ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнайдың тығыздығымен салыстырылады және төмендегi формула бойынша кг/м3 тығыздықтарының айырмасы есептеледi:
мұндағы Pлn – мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогында шарттарға келтiрiлген, Pnn өлшеу сәтiне iрiктелген сынамада ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3.
Мынадай шарт орындалады:
мұндағы ∆ар – ареометрдің (± 0,5 кг/м3) немесе зертханалық тығыздық өлшеуiштiң жол берiлетiн дәлсiздiгiнiң шегi, кг/м3, (тексеру туралы куәлiктен алады).
Егер (5) немесе (9) шарттар орындалмаса, ауытқу себептерi анықталады: өлшеулердiң қателерi, бақылау шарттарын сақтамау, ескерiлмеген факторлар.
Қатарынан үш ауысым iшiнде шарттар сақталмаған кезде және метрологиялық бас тарту жағдайында ТТ-ні бөлшектейдi, жуады, мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогына қайта орнатады және осы әдiс бойынша бақылайды. Қосымша екi ауысым iшiнде теріс нәтижелер алынған кезде ТТ кезектен тыс тексеруге жатады.
Қабылдаушы және тапсырушы тараптардың уағдаластықтары бойынша бақылау мерзiмдiлiгiн өзгерту жүргізіледі.
ТТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылауды ұсынудың көрнекiлiгi үшiн және метрологиялық бас тартулардың диагностикасы мүмкiндiгiн iске асыру үшiн жоғарыда көрсетiлген өлшемдердi компьютерге енгiзу және сақтау, график түрiнде монитор экранында индекаторлау ұсынылады.
38. ТТ-ны ағыту кезiнде мұнайдың брутто массасы мұнайдың бiрiктiрiлген сынамасы (тәулiктiк не бір топтағы) зертханалық талдаулар бойынша мұнай тығыздығы ескерiле отырып анықталады. Метрологиялық бас тартудың немесе ТТ-ны ағытудың нақты сәтiн анықтау мүмкiндiгi болмаған жағдайда осы кезең үшiн мұнай тығыздығын арбитраждық сынама бойынша қабылдау қажет.
ТТ-ны ағыту кезiнде және резервтiк ТТ болмаған кезде мұнайдың брутто массасы (Мбр), т, мына формула бойынша есептеледi:
мұндағы V – МКӨЖ арқылы өткен мұнай көлемi, м3;
Pлn – көлемдi өлшеу шарттарына немесе стандарттық шарттарға келтiрiлген, ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3.
Тәсіл дәлсiздiгiн бағалауды өткiзгенге дейiн өлшеудi ареометрмен орындау тәсілдеріне сәйкес мұнайдың жалпы массасы мына формула бойынша анықталады:
мұндағы Pлn – көлемдi өлшеу шарттарына немесе тәсілдің жүйелiк дәлсiздiгiнiң есебiнсiз стандарттық шарттарға келтiрiлген, ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3;
∆M – төмендегi формула бойынша анықталған мұнайдың брутто массасына түзету:
мұндағы Kn – түзетушi көбейткiш.
39. Серпінді өлшеулердің көлемді-массалық жанама тәсілі бойынша мұнайдың тығыздығы мен көлемі өлшенеді және бұл өлшеулердің нәтижелерін қалыпты шарттарға келтіреді немесе мұнай тығыздығын өлшеу нәтижелері оның көлемін өлшеу шарттарына келтіреді.
40. ШТ немесе сұйықты есептеуішпен жүргізілетін мұнай көлемін және ТТ көмегімен айқындалатын оның тығыздығын өлшеу кезінде және кейіннен мұнай тығыздығы мен көлемін өлшеу нәтижелерін шарттарға келтірген кезде мұнайдың массасын
, кг, мына формула бойынша есептейді:мұндағы
– қалыпты шарттарға келтірілген мұнай тығыздығы мен көлемі."Д" – "серпінді" терминіне сәйкес келетін белгі.
41. 15 oС температура кезіндегі жағдайға келтірілген мұнай тығыздығын,
, кг/м3, мына формула бойынша есептейді:мұндағы
-ТТ-дағы мұнай температурасы мен қысымында өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3;-стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, ТТ-дағы мұнай температурасы үшін белгіленген мұнай көлеміне температураның әсерін ескеретін түзету коэффициенті;
– стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, ТТ-дағы мұнай қысымы үшін белгіленген мұнай көлеміне қысымның әсерін ескеретін түзету коэффициенті.
42. 20 оС температура кезінде қалыпты жағдайға келтірілген мұнай тығыздығы, , кг/м3, мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы
– осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген "мұнайдың көлемдік кеңею коэффициентінің кестесіне х103, С-1", сәйкес қабылданатын, 15оС температура кезінде мұнайдың көлемдік кеңею коэффициенті.43. 15 оС температураға келтірілген мұнай көлемі,
, м3, мына формула бойынша есептеледі:мұндағы
– ШТ-де немесе сұйықтық есептеуіште мұнай температурасы және қысымы кезінде өлшенген мұнай көлемі, м3;– стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, ШТ-дағы немесе сұйықтық есептеуіштегі мұнай температурасы үшін белгіленген мұнай көлеміне температураның әсерін ескеретін түзету коэффициенті;
– стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, ШТ-дағы немесе сұйықтық есептеуіштегі мұнай қысымы үшін белгіленген мұнай көлеміне қысымның әсерін ескеретін түзету коэффициенті.
44. 20 oС температураға келтірілген мұнай көлемі
, м3, мына формула бойынша есептеледі:45. ШТ немесе сұйықтық есептеуіш көмегімен жүргізілген мұнай көлемін және ареометр немесе зертханада біріктірілген сынамада зертханалық тығыздық өлшеуішпен анықталған оның тығыздығын өлшеу және өлшеу нәтижелері мен мұнай тығыздығын кейіннен қалыпты жағдайға келтіру кезіндегі мұнай массасы
, кг, мына формула бойынша есептеледі:мұндағы
– қалыпты жағдайларға келтірілген мұнай көлемі, м3;– қалыпты температураға келтірілген мұнай тығыздығы, кг/м3. , м3, мәні (16) және (17) формулалар бойынша анықталады.
46. 15oС температураға келтірілген мұнай тығыздығы,
, кг/м3, мына формула бойынша есептеледі:мұндағы
– стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес зертханалық жағдайда ареометр көмегімен өлшенген мұнай тығыздығы;– стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, мұнай көлеміне температураның әсерін ескеретін түзету коэффициенті;
20 оС температураға келтірілген мұнай тығыздығы, кг/м3, мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы
– осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген мұнайдың көлемдік кеңею коэффициентінің кестесіне х103, С-1, сәйкес қабылданатын, 15оС температура кезінде мұнайдың көлемдік кеңею коэффициенті.Ареометрмен өлшенген мұнай тығыздығы стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес кестелер бойынша 20оС қалыпты температура кезіндегі тығыздыққа келтіріледі.
47. ШТ немесе сұйықтық есептеуіш көмегімен жүргізілген мұнай көлемін және ағынды ТТ анықталған оның тығыздығын өлшеу және мұнай тығыздығын өлшеу нәтижелерін кейіннен оның көлемін өлшеу жағдайларына келтіру кезіндегі мұнай массасы
, кг, мына формула бойынша есептеледі:мұндағы
– ШТ немесе сұйықтық есептеуіштегі мұнайдың температурасы және қысымы кезінде өлшенген мұнай көлемі, м3;– ТТ мұнай температурасы мен қысымы кезінде өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м-3;
– осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мұнайдың көлемдік кеңею коэффициентінің кестесіне х 103, С-1, сәйкес қабылданатын мұнайдың көлемдік кеңею коэффициенті.
– ТТ мұнай температурасы, оС;
– ШТ немесе сұйықтық есептеуіштегі мұнай температурасы, оС;
Y – осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мұнайдың қысылу коэффициентінің кестесіне х 103, МПа-1, сәйкес қабылданатын мұнайдың қысылу коэффициенті.
– ТТ мұнайдың артық қысымы, МПа;
– ШТ немесе сұйықтық есептеуіштегі мұнайдың артық қысымы, МПа.
48. ШТ немесе сұйықтық есептеуіш көмегімен жүргізілген мұнай көлемін және нормативтік құжаттарға сәйкес біріктірілген сынамада ареометр көмегімен немесе зертханалық тығыздық өлшеуіш көмегімен анықталатын тығыздығын өлшеу және мұнай тығыздығын өлшеу нәтижелерін кейіннен оның көлемін өлшеу жағдайларына келтіру кезіндегі мұнай массасы m4Д, кг, мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы
- температурасы кезінде зертханада өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3;– осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мұнайдың көлемдік кеңею коэффициентінің кестесіне х 103, С-1,сәйкес қабылданатын мұнайдың көлемдік кеңею коэффициенті.
Y – осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мұнайдың қысылу коэффициентінің кестесіне х 103, МПа-1 сәйкес қабылданатын мұнайдың қысылу коэффициенті.
Pv – мұнайдың көлемін өлшеу кезіндегі оның артық қысымы, МПа;
Тығыздық зертханалық тығыздық өлшеуіш көмегімен өлшенген жағдайда ол бірге тең болып қабылданады.
49. (21), (22) формулалар мұнайдың тығыздығы мен көлемін өлшеу кезінде температуралардың айырмасы 15оС-тан артық болмаған кезде қолданылады. Мұнайдың тығыздығы мен көлемін өлшеу кезінде температуралар айырмасы 15оС-тан артық болған кезде есептеулер осы Қағидалардың 56-тармағына сәйкес жүргізіледі.
50. Статикалық өлшеулердің жанама тәсілі бойынша мұнайдың көлемі мен тығыздығы сыйымдылық шамасында немесе толық сыйымдылық шамасында өлшенеді және осы өлшеулердің нәтижелері қалыпты жағдайға келтіріледі немесе мұнай тығыздығын өлшеу нәтижелері оның көлемін өлшеу жағдайларына келтіріледі.
51. Мұнай көлемі сыйымдылық шамасында және толық сыйымдылық шамасында және мұнай тығыздығы ТТ немесе зертханада біріктірілген немесе нүктелік сынама көмегімен өлшенген кезде және мұнай көлемі мен тығыздығын өлшеу нәтижелерін кейіннен қалыпты жағдайға келтіру кезіндегі мұнай массасы
, кг, мына формула бойынша есептеледі:мұндағы
, – температура бойынша қалыпты жағдайға келтірілген мұнайдың тығыздығы мен көлемі."с" – "статикалық" терминіне сәйкес келетін белгісі.
15оС температураға келтірілген мұнай тығыздығы,
, кг/м3, мына формула бойынша есептеледі:мұндағы
- стандарттау бойынша белгісі нормативтік құжаттарға сәйкес зертханада ареометр көмегімен немесе ТТ көмегімен өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3;– стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, мұнайдың зертханадағы немесе ТТ температурасы үшін анықталған мұнай көлеміне температураның әсерін ескеретін түзету коэффициенті.
52. 20оС температураға келтірілген мұнай тығыздығы, кг/м3, мына формула бойынша есептеледі:
53. 15оС температураға келтірілген мұнай көлемі,
м3, мына формула бойынша есептеледі:мұндағы V20 – деңгей көрсеткішіне қатысты мұнай деңгейінің өзгеруін ескере отырып, нормативтік құжаттарға сәйкес 20оС температура кезінде жасалған сыйымдылық шамасының градуирлеу кестесі бойынша анықталған өлшенетін Н деңгейіндегі сыйымдылық шамасындағы мұнай көлемі;
KСТ – мәні болат үшін 12,5•10-6 1/оС және бетон үшін 10•10-6 1/оС тең болып қабылданатын сыйымдылық шамасының қабырға материалының сызықтық кеңеюінің температуралық коэффициенті;
Ks – мұнай деңгейін өлшеу құралы (мысалы, жүгі бар өлшеу рулеткасы, метрошток, қалтқы үлгісіндегі деңгей өлшеуішжәне басқа) материалының сызықтық кеңеюінің температуралық коэффициенті. Оның мәндері мынаған тең болып қабылданады:
тот баспайтын болат үшін – минус 12,5•10-6 1/оС;
алюминий үшін – минус 23•10-6 1/оС.
Басқа үлгідегі деңгей өлшеуіштерді пайдаланған кезде қажет болған жағдайда мұнайдың өлшенген деңгейіне температуралық түзетулер енгізіледі, бұл ретте Ks коэффициентінің мәні нөлге тең болып қабылданады;
TCT -сыйымдылық шамасындағы мұнай температурасына тең болып қабылданатын сыйымдылық шамасы қабырғасының температурасы,
оC;– стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, сыйымдылық шамасындағы немесе толық сыйымдылық шамасындағы мұнай температурасы үшін анықталған мұнай көлеміне температураның әсерін ескеретін түзету коэффициенті.
54. 20оC қалыпты температураға келтірілген мұнай көлемі мына формула бойынша есептеледі:
55. Есепке алу операцияларын жүргізген кезде мұнай тығыздығы нормативтік құжаттарға сәйкес 20оС қалыпты температура кезіндегі тығыздыққа келтіріледі.
56. Зертханада өлшенген мұнай тығыздығын сыйымдылық шамасындағы немесе толық сыйымдылық шамасындағы мұнай көлемін өлшеу шарттарына келтірген кезде мұнай массасын , кг, мына формула бойынша есептеуге рұқсат беріледі:
мұндағы
– стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес температурасы кезінде зертханада ареометрмен өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3;– осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мұнайдың көлемдік кеңею коэффициентінің кестесіне х 103, С-1, сәйкес қабылданатын мұнайдың көлемдік кеңею коэффициенті.
57. (28) формула
және TCT температуралар айырмасы 15оС артық болмаған кезде қолданылады.58. Сыйымдылық шамасындағы мұнай бағанының гидростатикалық қысымын өлшеу кезіндегі гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама тәсіл бойынша мұнай массасы
, кг, мына формула бойынша есептеледі:мұндағы Р – мұнай бағанының гидростатикалық қысымы, Па;
Scp – толтырылған сыйымдылық шамасы көлденең қимасының орташа ауданы, м2;
g – ауырлық күш үдеуі, м/с2.
59. Орташа аудан Scp , м2, мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы V20 – сыйымдылық шамасының градуирлеу кестесі бойынша анықталған өлшенетін Н деңгейіндегі сыйымдылық шамасындағы мұнай көлемі, м3;
KCT – мәні 12,5•10-6 1/оС тең болып қабылданатын сыйымдылық шамасы қабырғасының сызықтық кеңеюінің температуралық коэффициенті;
TCT – сыйымдылық шамасындағы мұнай температурасына тең болып қабылданатын сыйымдылық шамасы қабырғасының температурасы, оС.
60. Сыйымдылық шамасына қабылданған немесе одан жіберілген мұнай массасы m0, кг, мына формула бойынша мұнай массалары айырмасының абсолюттік мәні ретінде анықталады:
мұндағы т, m – операцияның басында және соңында тиісінше (12) формула бойынша есептелген мұнай массалары.
61. Тауарлық мұнайдың нетто массасы TH, кг, мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы т – тауарлық мұнайдың брутто массасы, кг;
m – мына формула бойынша есептелетін балласт массасы, кг
мұндағы WM.K. , – тауарлық мұнайдағы судың массалық құрамы, %;
WX.T. – тауарлық мұнайдағы хлорлы тұздардың массалық құрамы, %;
WM.K. – тауарлық мұнайдағы механикалық қоспалардың массалық құрамы, %.
62. Тауарлық мұнайдағы судың массалық құрамы стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес анықталады. Тауарлық мұнайдағы судың массалық құрамын ағынды ылғал өлшеуішпен өлшенеді.
63. Тауарлық мұнайдағы хлорлы тұздардың массалық құрамы стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес анықталады. Тауарлық мұнайдағы хлорлы тұздардың массалық құрамы ағынды тұз өлшеуішпен өлшенеді.
64. Тауарлық мұнайдағы механикалық қоспалардың массалық құрамы нормативтік құжаттарға сәйкес анықталады. Тауарлық мұнайдағы механикалық қоспалардың массалық құрамын ағынды талдағышпен өлшенеді.
65. Осы тәсілмен мұнайдың массасы оның көлемі, тығыздығы және резервуарлардағы температурасы бойынша анықталады. Мұнай көлемі градуирленген кестелердің, деңгейді өлшеу құралдарының көмегімен анықталады.
66. Ұсынылатын МКӨЖ құрамы және көлемдік-массалық статикалық тәсіл кезінде қолданылатын рұқсат етілетін дәлсіздік шектері осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.
67. Мұнай көлемін, тығыздығын және температурасын өлшеу мына тәртіппен жүзеге асырылады.
1) резервуарлардағы сұйықтың жалпы көлемiнiң деңгейiн стационарлық деңгей өлшеуiштермен немесе жүгі бар өлшейтiн рулеткамен қолмен өлшейдi.
Деңгейдi рулеткамен өлшеу мынадай реттiлiкпен жүзеге асырылады.
Базалық биiктiк жүктiң өлшеу рулеткамен жанасу нүктесiнде түбiнен өлшеу қақпағының үстiңгi шетiне дейiнгi немесе өлшеу қақпағының бағыттаушы тәуекел тақтайшасына дейiнгi тiгi бойынша қашықтық ретiнде тексерiледi. Алынған нәтиже резервуарға келтiрiлген базалық биiктiктiң белгiлi (паспорттық) шамасымен салыстырылады. Егер базалық биiктiк (Нб) алынған нәтижеден 0,1 % артық ерекшеленсе, базалық биiктiктiң өзгеру себептерiн анықтау және оны жою қажет.
Базалық биiктiктiң өзгеру себептерiн анықтау және жою үшiн қажеттi кезеңге мұнай деңгейiн өлшеудi резервуардың бос биiктiгi бойынша жүргiзуге рұқсат беріледi.
Жүкпен бiрге рулетканың таспасы лоттың түпке жанасуына немесе тiрек плитасына (болған кезде) дейiн лоттың тiк күйiнен ауытқуына жол бермей, iшкi жабдыққа тиiп кетпей және толқындарсыз мұнайдың үстiңгi бетiнiң қалпын сақтай отырып ақырындап түсiрiледi.
Өлшеу сызығында сулану желiлерiнiң бұрмалануын болдырмау үшiн бiр жаққа ығысусыз, рулетка таспасы дәлме-дәл тiк жоғары көтерiледi.
Рулетка сызығы бойынша өлшеу қақпағында рулетка таспасының суланған бөлiгi пайда болғаннан кейiн бiрден 1 мм-ге дейiн есептеледi.
Қуыстың биiктiгiн өлшеу үшiн мұнай деңгейiнен төмен рулетка жүгiмен түсiрiледi. Бiрiншi есеп (жоғарғы) өлшеу қақпағының тәуекел тақтайшасының деңгейiнде рулетка бойынша алынады. Өлшеудi және қуыс биiктiгiнiң есептерiн жеңiлдету үшiн өлшеудi жүргiзу кезiнде өлшеу қақпағының тәуекел тақтайшасы рулетка шкаласында метрдiң толық мәнiнiң белгiсiн сәйкестендiрудi ұсынады. Сонан соң рулетка бiр жаққа ығыспай дәлме-дәл жоғары көтерiледi және мұнай (төменгi есеп) таспасының (немесе лотының) суланған бөлiгiнiң орнынан есептеп алынады.
Қуыстың биiктiгi рулетка бойынша есептердiң жоғарғы және төменгi айырмасы ретінде табылады.
Резервуардағы мұнайдың деңгейi осы резервуар үшiн базалық биiктiктiң (жоғарғы трафареттiң) паспорттық көлемiнен алынған мәндердi есептеумен анықталады.
Әрбiр резервуардағы сұйықтықтың жалпы мөлшерiнiң деңгейiн өлшеу екi рет жүргiзiледi. Егер өлшеу нәтижесiнiң 1 мм айырмашылығы болса, онда деңгейiн өлшеу нәтижесi олардың орташа мәнiнен алынады. Егер алынған өлшемнiң айырмашылығы 1 мм көп болса, өлшеу тағы екi рет қайталанады және ең жақын үш өлшеудiң орташасы алынады.
Сонан соң осы резервуарға арналған градуирлiк кесте бойынша резервуардағы сұйықтықтың жалпы мөлшерi есептеп шығарылады.
Рулетка таспасын өлшегенге дейiн және өлшегеннен кейiн жұмсақ шүберекпен құрғатып сүрту қажет.
Резервуарлардағы тауарлық судың деңгейiн өлшеу су сезгiш таспалардың немесе пастаның көмегiмен мынадай дәйектiлiкте жүргiзiледi.
Су сезгiш таспаны қарама-қарсы екi жағынан керiп лоттың бетiне жапсырады.
Су сезетiн пастаны қарама-қарсы екi жағынан жолақты лоттың бетiне жұқа қабатпен (0,2÷0,3)мм жағады.
Су сезгiш қабат толығымен ерiсе және су мен мұнай қабаттары арасындағы шек кенет бөлiнген кезде, лоттың рулеткасы су сезгiш пастамен немесе су сезгiш таспамен жапсырылған тауарлы судың деңгейiн анықтау кезiнде резервуарда 2-3 минут iшiнде қозғалмай тұруы қажет;
2) резервуардағы тауарлық судың деңгейiн өлшеу осы тармақтың 1) тармақшасында сипатталған дәйектiлiкпен жүргiзiледi.
Егер лентада немесе пастада ол анық емес, қисық жолмен немесе өлшеудi орындау кезiнде лоттың көлбеу қалпын көрсетiп, әр түрлi биiктiкте екi жағынан берiлсе тауарлық судың деңгейiн өлшеудi қайталау қажет.
Шайылған шек су мен мұнай арасындағы бөлiктiң өткiр шегiнiң болмау салдары болып табылады және су-эмульсиялы қабаттың болуы туралы куәландырады. Мұндай жағдайда эмульсия тұнғаннан және қабаттары бөлiнгеннен кейiн өлшеудi қайталау қажет.
Су сезгіш таспа немесе пастаның көмегiмен тауарлық судың деңгейiн өлшей отырып, резервуарлардың градуирлiк кестесi бойынша тауарлық судың мөлшерiн табады.
Мұнай және тауарлық су деңгейiн өлшеу қажет жағдайда басқа тәсiлмен, мысалы электрондық рулеткалар көмегiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
Мұнайдың нақты мөлшерiн анықтау үшiн резервуардың толу деңгейінiң тиiстi мөлшерiнен тауарлық су мөлшерiн алып тастау керек.
Біржолғы сынаманы алу кезiнде стационарлық сынаманы осы сынаманың температурасын термометрмен өлшеу жолымен мұнайдың орташа температурасын анықтайды.
Сынамадағы мұнайдың температурасы нүктелi сынамаларды алу кезiнде сынама алынғаннан кейiн 1-3 минут iшiнде анықталады, бұл ретте тасымалды сыналатын сынама деңгейiнде 5 минуттан артық ұсталады. Осы термометрдiң техникалық паспортында көрсетiлгендей термометр мұнайдың түбіне түсiрiледi және сынамасынан тұрақты жағдайда баған түрiне келгенге дейін ұсталады.
Мұнайдың орташа температурасы нүктелi сынама температурасы бойынша нүктелiден бiрiккен сынаманы құруға арналған арақатынасты пайдалана отырып есептеледi.
Қажет жағдайда мұнайдың температурасын тығыздықты бiр мезгiлде өлшеумен немесе электрондық рулеткалардың деңгейiн бiр мезгiлде өлшеумен тасымал тығыздық өлшеуiштiң құрамына кiретiн температураның түрлендiргiшiмен өлшеуге рұқсат беріледi.
68. Резервуардағы мұнайдың брутто массасы мына формула бойынша есептеледі:
, 34
мұндағы PH – резервуардағы көлемдi өлшеу температурасы кезiндегi мұнайдың тығыздығы, кг/м3;
VH – осы Қағидалардың 67-тармағының 1) тармақшасына сәйкес резервуардағы сұйықтықтың жалпы деңгейiн және төмендегі формула бойынша есептелген осы Қағидалардың 67-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өлшенген тауарлық су деңгейiн өлшеу нәтижелерiне сәйкес резервуардың градуирлiк кестесi бойынша анықталған мұнайдың көлемi, м3:
' 35
мұндағы Кр – резервуар қабырғасының температурасына байланысты мұнайдың көлемін Vн өзгертуге арналған түзету коэффициенті;
Vж – сұйықтықтың жалпы көлемі, м3;
Vв – судың көлемі, м3.
69. Резервуарды ағызу кезінде тапсырылған мұнай партиясының көлемі резервуардағы бастапқы көлемнің және қалдық көлемнің айырмасы ретінде анықталады.
Егер қалдықтың көлемін өлшеу кезінде резервуардағы температура алғашқы деңгейді өлшеу сәтіндегі мұнай температурасынан ± 2 оС өзгешеленсе, онда тапсырылған мұнай көлемі мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы VH1 - t1 температурасы кезінде өлшенген ағызу басталғанға дейінгі мұнайдың көлемі;
VH2 температурасы кезінде өлшенген қалдық көлемі, м3;
– осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қабылданатын температурасы кезіндегі мұнайдың көлемдік кеңею коэффициенті.
Тапсырылған мұнай легінің массасы (34) формула бойынша есептеледі, мұндағы мұнай тығыздығының мәні t1 температурасы үшін анықталады.
Тиісінше, резервуардағы мұнайды қабылдау кезінде қабылданған мұнайдың көлемі мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы VH2 – t2, м3 температурасы кезінде өлшенген мұнайды айдап шығару немесе тұндыру үдерісі аяқталғаннан кейін резервуардағы мұнайдың көлемі;
– осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қабылданатын температурасы кезіндегі мұнайдың көлемдік кеңею коэффициенті.
Осы жағдайда мұнайдың тығыздығы t1 температурасы кезінде анықталады.
70. Сыйымдылық шамасындағы мұнай бағанының гидростатикалық қысымын өлшеу кезінде гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама тәсіл кезінде мұнай массасы mc2, кг, мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы Р - мұнай бағанының гидростатикалық қысымы, Па;
SCP – толтырылған сыйымдылық шамасының көлденең қимасының орташа ауданы, м2;
g – ауырлық күшінің үдеуі, м/с2.
Орташа аудан SCP , м2, мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы V20 - сыйымдылық шамасының градуирлеу кестесі бойынша анықталған өлшенетін Н деңгейіндегі сыйымдылық шамасындағы мұнай көлемі, м3;
KCT – мәні 12,5 х 10-61/оС тең болып қабылданатын сыйымдылық шамасы қабырғасының сызықтық кеңеюінің температуралық коэффициенті;
TCT – сыйымдылық шамасындағы мұнай температурасына тең болып қабылданатын сыйымдылық шамасы қабырғасының температурасы, оС.
Сыйымдылық шамасына қабылданған немесе одан жіберілген мұнай массасы m0, кг, мұнай массалары айырмасының абсолюттік мәні ретінде мына формула бойынша анықталады:
мұндағы
– тиісінше операцияның басында және соңында (20) формула бойынша есептелген мұнай массасы.мұндағы
, – температура бойынша қалыпты шарттарға келтірілген мұнайдың тығыздығы мен көлемі ("с" белгісі "статикалық" терминіне сәйкес келеді).Гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама тәсіл кезінде мұнай массасын өлшеудің рұқсат етілген салыстырмалы дәлсіздігінің шектері мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы
– гидростатикалық қысымды және мұнай деңгейін өлшеудің салыстырмалы дәлсіздіктері, %;– сыйымдылық шамасының градуирлеу кестесін жасаудың салыстырмалы дәлсіздігі, %.
Есепке алу операцияларын жүргізу кезінде мұнай массасын өлшеудің рұқсат етілген салыстырмалы дәлсіздігінің шектері
%, мына формула бойынша есептеледі:мұндағы
мұндағы
– сыйымдылық шамасын толтырудың өлшенетін деңгейлеріне сәйкес келетін гидростатикалық қысымды өлшеудің салыстырмалы дәлсіздіктері , %.(43) формулаға кіретін шамаларды өлшеудің салыстырмалы дәлсіздіктері мұнай массасын өлшеу қателіктерінің аспаптық және басқа да құрамдас бөлшектерін ескере отырып анықталады.
(43) формула бойынша анықталатын мұнай массасын өлшеудің рұқсат етілген салыстырмалы дәлсіздіктері шектерінің мәндері осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мәндерден аспайды.
4- параграф. Мұнайдың нетто массасын анықтау
71. Есепке алу операциялары кезінде мұнайдың нетто массасы мына формула бойынша анықталады:
мұндағы m – мұнай балласты массасы, т;
– мұнайдағы судың массалық үлесі, %;
– мұнайдағы механикалық қоспалардың массалық үлесі, %
– мына формула бойынша есептелген мұнайдағы хлорлы тұздардың массалық үлесі:
мұндағы фс – мұнайдағы хлорлы тұздардың шоғырлануы, мг/дм3 (г/м3);
P – брутто массасын анықтау температурасы кезіндегі мұнай тығыздығы, кг/м3.
Егер мұнайдағы судың массалық емес көлемдік үлесі анықталатын болса, массалық үлес мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы
– мұнайдағы судың көлемдік үлесі, %;PB – мұнай көлемін анықтау температурасы кезіндегі судың тығыздығы, кг/м3.
5- параграф. Өлшеу нәтижелерін ресімдеу
72. Өлшеу сызығы бойынша көлемдi, МКӨЖ бойынша көлемдi және мұнайдың брутто массасын өлшеу нәтижелерiн, нысаны осы Қағидаларға 5-қосымшада келтiрiлген МКӨЖ өлшеу құралдарының көрсеткiштерiн тiркеу журналына мұнай жеткiзу шарттарында белгiленген уақыт аралығында, сондай-ақ мұнай айдаудың әрбiр тоқтауы және қайта жаңғыруы кезiнде дисплейден немесе электромеханикалық есептеуiштерден оқи отырып, жазылады.
73. Тығыздықты, температураны, судың, хлорлы тұздардың, механикалық қоспалардың құрамын, қаныққан булардың қысымын, сондай-ақ өлшеудің қалыпты жағлайларына келтірілген тығыздықты және тапсырушы мен қабылдаушы тараптар арасындағы шарттық қатынастарда белгiленген мұнай сапасының басқа да көрсеткiштерiн өлшеу нәтижелерi мұнай сапасының паспортына енгiзіледi.
Мұнай сапасын ағындық талдауыштар қолданылған жағдайда нәтижелер тапсырушы және қабылдаушы тараптар белгiлеген деректерді беру аралығымен басып шығаратын құрылғыда шығарылады.
74. Осы Қағидалардың 72, 73-тармақтарында аталған құжаттар электронды жеткізгіштерде де жүргiзiлуi мүмкiн.
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларына 1-қосымша |
Ұсынылатын МКӨЖ құрамы және тікелей серпінді тәсілді қолдана отырып рұқсат етілетін дәлсіздік шектері
Р/с № | МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдары мен жабдықтардың атауы | Дәлсіздіктің рұқсат етілетін шегі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Негізгі өлшеу құралдары және жабдықтар | - | - |
2 | Салмақ өлшеуіш | +0,25 % | - |
3 | Манометр | Дәлдік класы.1.0 | - |
4 | Сүзгі | - | - |
5 | Ысырмалар | - | - |
6 | Сынама алу құрылғысы | - | - |
7 | Автоматты сынама алғыш | - | - |
8 | Сынаманы қолмен алуға арналған сынама алғыш шүмек | - | - |
9 | Сынама алғышты басқару блогы | - | - |
10 | Қосымша өлшеу құралдары және жабдықтар | - | - |
11 | Резервтік салмақ өлшеуіш | + 0,25 % | - |
12 | Бақылау салмақ өлшеуіші | + 0,20 % | Жоба бойынша болған кезде |
13 | Өлшеу сызығындағы қысымды түрлендіргіш | + 0,6 % | - |
14 | Тығыздық өлшеуіш | + 0,3 кг/м3 | - |
15 | Ылғал өлшеуіш | + 0,1 % (абс. бірл.) | Жоба бойынша болған кезде |
16 | Мұнай сапасының параметрлерін өлшеу жиынтығында температураны түрлендіргіш (бұдан әрі – СӨБ) | ± 0,2 оС | - |
17 | СӨБ-дегі қысымды түрлендіруші | + 0,6 % | - |
18 | Ақпаратты өңдеу құрылғысы | + 0,05 % | - |
19 | Қысымды реттеуші | - | - |
20 | Шығысты реттеуші | - | - |
21 | Газдануды бақылау тетігі | - | - |
22 | Бос газды бақылау тетігі | - | Жоба бойынша болған кезде |
23 | Қалдық газ құрамын (ерітілген газды) өлшеуге арналған құрылғы | - | Жоба бойынша болған кезде |
24 | Өлшеу сызықтарындағы температураны түрлендіргіштер | + 0,2 0С | - |
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысаны |
МКӨЖ өлшеу құралдары ауытқаған және тоқтап қалған кезде мұнайды есепке алу
МКӨЖ _ 201_ ж. "__" _______ _____ сағатта жұмысқа қосылды
Тапсырушы тарап кәсіпорынның өкілі
____________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
1. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдары мен жабдықтары ажыратылған немесе тоқтап қалған кезде мұнайды есепке алу тәртібі төмендегі кестеде келтірілген:
Р/с № | Ажыратылу мен тоқтап қалуға ұшыраған өлшеу құралдары мен жабдықтар | Резервтік өлшеу құралдары мен жабдықтары бойынша мұнайды есепке алу | Жекелеген элементтерді бір мезгілде жөндей отырып (алмастырумен) МКӨЖ бойынша мұнайды есепке алу | Мұнайды резервтік схема бойынша есепке алу |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Шығысты түрлендіргіштер | + | + | |
2. | Сүзгілер | + | ||
3. | Ағыс түзеткіштер | + | ||
4. | Ысырмалар (электр жетекті ысырмалар, электр жетекті шарлы крандар) | + | ||
5. | Манометрлер | + | ||
6. | Қысымды реттеуіш | + (талап етілетін қысымды қолдан реттеу мүмкіндігі кезінде) | ||
7. | Шығыс реттеуіш | + | ||
8. | Қысым түрлендіргіштер | + | ||
9. | Температураны түрлендіргіштер | + | ||
10. | Мұнай сапасы параметрлерін өлшеу блогы | |||
11. | Ағындық тығыздық түрлендіргіштер | + | + | |
12. | Ағынды тұтқырлықты түрлендіргіштер | + | + | |
13. | Ағынды ылғал мөлшерін түрлендіргіш | + | ||
14. | Ағынды тұз мөлшерін түрлендіргіш | + | ||
15. | Ағынды күкірт мөлшерін түрлендіргіш | + | ||
16. | Қысымды түрлендіргіш | + | ||
17. | Термометрлер | + | ||
18. | Айналым сорғылары | + | + | |
19. | Автоматты сынама алғыш | + | ||
20. | Шығыстарды өлшеуіш | + | ||
21. | Газдануды бақылау құрылғысы | + | ||
22. | Ақпаратты өңдеу құрылғысы | + резервтік болуы кезінде | + (ШТ қайталама аспаптары немесе электр-механикалық есептеуіштер болған кезде) | + (ШТ резервтік және қайталама аспаптар болмаған кезде) |
23. | Шығысты түрлендіргіштердің қайталама аспаптары | + | ||
24. | Жинақтаушы аспап | + | ||
25. | Шығыс және тұтқырлық бойынша турбиналық түрлендіргішті түрлендіру еселігін түзету жөніндегі құрылғысы | + |
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларына 3-қосымша |
Мұнайдың көлемдік кеңею коэффициенті мәндерінің кестесі х 103, С-1
Тығыздық, кг/м3 | Мұнайдың температурасы, 0С | |||||
0,005-4,99 | 5,00-9,99 | 10,00-14,99 | 15,00-19,99 | 20,00-24,99 | 25,00-29,99 | |
815,00-819,990 | 0,923 | 0,921 | 0,920 | 0,918 | 0,916 | 0,914 |
820,00-824,990 | 0,911 | 0,910 | 0,908 | 0,907 | 0,905 | 0,903 |
825,00-829,990 | 0,900 | 0,899 | 0,897 | 0,896 | 0,894 | 0,892 |
830,00-834,990 | 0,890 | 0,888 | 0,887 | 0,885 | 0,883 | 0,882 |
835,00-839,990 | 0,879 | 0,878 | 0,876 | 0,875 | 0,873 | 0,871 |
кестенің жалғасы
Тығыздық, кг/м3 | Мұнайдың температурасы, 0С | |||||
30,00-34,99 | 35,00-39,99 | 40,00-44,99 | 45,00-49,00 | 50,00-54,99 | 55,00-59,99 | |
815,00-819,990 | 0,912 | 0,910 | 0,908 | 0,906 | 0,904 | 0,902 |
820,00-824,990 | 0,901 | 0,899 | 0,898 | 0,896 | 0,893 | 0,891 |
825,00-829,990 | 0,891 | 0,889 | 0,887 | 0,885 | 0,883 | 0,881 |
830,00-834,990 | 0,880 | 0,878 | 0,876 | 0,874 | 0,873 | 0,871 |
835,00-839,990 | 0,80 | 0,868 | 0,866 | 0,864 | 0,862 | 0,860 |
Мұнайдың қысылу коэффициенті мәндерінің кестесі х 103, МПа-1
Тығыздық, кг/м3 | Мұнайдың температурасы, 0С | |||||
0,005-4,99 | 5,00-9,99 | 10,00-14,99 | 15,00-19,99 | 20,00-24,99 | 25,00-29,99 | |
815,00-819,990 | 0,767 | 0,781 | 0,795 | 0,810 | 0,824 | 0,838 |
820,00-824,990 | 0,754 | 0,768 | 0,782 | 0,796 | 0,810 | 0,824 |
825,00-829,990 | 0,742 | 0,755 | 0,769 | 0,783 | 0,797 | 0,810 |
830,00-834,990 | 0,730 | 0,743 | 0,757 | 0,770 | 0,784 | 0,797 |
835,00-839,990 | 0,718 | 0,732 | 0,745 | 0,758 | 0,771 | 0,784 |
кестенің жалғасы
Тығыздық, кг/м3 | Мұнайдың температурасы, 0С | |||||
30,00-34,99 | 35,00-39,99 | 40,00-44,99 | 45,00-49,00 | 50,00-54,99 | 55,00-59,99 | |
815,00-819,990 | 0,852 | 0,866 | 0,880 | 0,894 | 0,908 | 0,922 |
820,00-824,990 | 0,838 | 0,852 | 0,865 | 0,879 | 0,892 | 0,906 |
825,00-829,990 | 0,824 | 0,837 | 0,851 | 0,864 | 0,877 | 0,890 |
830,00-834,990 | 0,810 | 0,823 | 0,837 | 0,850 | 0,863 | 0,876 |
835,00-839,990 | 0,797 | 0,810 | 0,823 | 0,836 | 0,849 | 0,861 |
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларына 4-қосымша |
Ұсынылатын МКӨЖ құрамы және көлемдік-салмақтық статикалық тәсілді қолданумен рұқсат етілетін дәлсіздік шектері
Р/с № | Көлемдік-салмақтық статикалық тәсіл кезінде қолданылатын өлшеу құралдары мен жабдықтардың атауы | Дәлсіздіктің рұқсат етілетін шегі |
1. | Сыйымдылығы 100 м3-тен 200 м3 дейінгі көлденең цилиндрлік болат резервуарлар | - |
2. | Сұйықтық көлемін өлшеу кезіндегі тік цилиндрлік болат резервуарлар | - |
3. | Темірбетон цилиндрлік резервуарлар | - |
4. | Стационарлық деңгей өлшеуіштер немесе жүгі бар өлшеуіш рулеткалар, ММС фазааралық деңгей өлшеуіш (электронды рулетка) | + 4 мм |
5. | Зертханалық немесе көшпелі тығыздықты өлшеуіш немесе 0,5 кг/м3 шәкілдік бөлу бағасы бар ареометр | + 1 кг/м3 |
6. | Термометрлер немесе температураны түрлендіргіштер | +0,200 С |
7. | Гидростатикалық қысым бергіштері | - |
8. | Сынама алғыштар | - |
9. | Гидрометрлеу жүйелері |
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
МКӨЖ өлшеу құралдары көрсеткіштерін тіркеу журналы
МКӨЖ № ______________________________________________________
_______________________________________________________________
АҚ, ЖШС, АМУ, МГБД және МӨЗ
Кәсіпорын (иесі) ____________
ПТП (қабылдау-тапсыру пункті ) ____________
МКӨЖ өлшеу құралдары көрсеткіштерін тіркеу журналы
Р/с № | Күні | Уақыты, сағ.мин. | Мұнайдың көлемін және брутто массасын өлшеу нәтижелері (АӨҚ немесе ШТ қайталама аспаптарының көрсеткіштері) | ||||
басталуы | аяқталуы | көлемі, м3 | Мұнайдың брутто массасы | ||||
басталуы | соңы | басталуы | соңы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Р/с № | Мұнай мөлшері | Интервал ішіндегі мұнайдың орташа температурасы, 0С | Интервал ішіндегі орташа қысым, МПа | Ескертпе | |||
көлемі, | Салмағы | ШТ | БИК | ШТ | БИК | ||
м3 | жалпы салмағы, т | ||||||
1 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Мұнайдың брутто массасының ауысым үшін жиынтығы (жазу үлгісімен)
_______________________________________________________________
Мұнайдың брутто массасының тәулік үшін жиынтығы (жазу үлгісімен)
_______________________________________________________________
Мұнай өткізетін кәсіпорынның операторы
Ауысымды тапсырдым___________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
Ауысымды қабылдадым __________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
Мұнай қабылдайтын кәсіпорынның операторы
Ауысымды тапсырдым___________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
Ауысымды қабылдадым __________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы