Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 маусымда № 16985 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 265-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.05.2020 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 21 мамыр

  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
  2018 жылғы 17 мамырдағы
  № 339 бұйрығымен
  бекітілген

Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.05.2020 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 265-бабы 10-тармағына және кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау тәртібін айқындайды.

      2. "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

      Кодекстің 264-бабының 1-тармағына сәйкес кен іздеушілікке арналған лицензия (бұдан әрі – лицензия) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен, жер қойнауын зеттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын аумақтарға беріледі.

      3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы кен іздеушілікке арналған лицензиялар алу немесе кен іздеушілікке арналған лицензияларды қайта ресімдеу үшін, облыстың жергілікті атқарушы органына жүгінеді, кен іздеушілік учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы өтінім жібереді және мынадай құжаттарды қоса ұсынады:

      Көрсетілетін қызметті алушыға лицензиялар алу үшін:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

      2) кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өкілеттігін растайтын құжат;

      4) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;

      5) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;

      6) мыналар қамтылған кен іздеушілік жоспары: 1) кен іздеушілік жөніндегі жұмыс түрлері, әдістері мен тәсілдері, жұмыстардың шамамен алғандағы көлемдері және оларды жүргізу мерзімдері, пайдаланылатын механикаландыру құралдары мен қуаты аз өзге де жабдықтар 2) жер пайдалану объектісі, оның орналақсан жері, жұмыстар ауданының климаттық жағдайлары, инфрақұрылымы туралы жалпы мәліметтер; 3) ауданның геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасы; 4) кен іздеушілік жұмыстарын ашу тәсілдері, технологиясы және ұйымдастырылуы; 5) жұмыстардың жоспарланатын режимі (маусымдық жұмыстар, жұмыс ауысымының түрлері); 6) бағалы металдарды және (немесе) асыл тастарды кен іздеушілік өндірудің тау массасының күтілетін көлемдері; 7) жер қойнауын және қоршаған ортаны кен іздеушілік бойынша жұмыстардың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар; 8) қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша іс-шаралар; 9) кен іздеушілік мақсатында пайдаланылатын су айдындары мен өзендер жағалауларының табиғи рельефі мен түбінің бүлінуін болғызбау бойынша іс-шаралар; 10) кен іздеушілік барысында бүлінген жерді рекультивациялау бойыншаіс-шаралар; 11) жоспарланған кен іздеушілік жұмыстарын негіздейтін графикалық материалдар.

      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалдық куәландырылған болуы тиіс.

      Сондай-ақ өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуытиіс.

      2) Портал:

      1) кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      2) өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өкілеттігін растайтын электрондық құжат;

      3) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын электрондық құжат;

      4) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімнің электрондық көшірмесі;

      5) мыналар қамтылған кен іздеушілік жоспарының электрондық көшірмесі: 1) кен іздеушілік жөніндегі жұмыс түрлері, әдістері мен тәсілдері, жұмыстардың шамамен алғандағы көлемдері және оларды жүргізу мерзімдері, пайдаланылатын механикаландыру құралдары мен қуаты аз өзге де жабдықтар 2) жер пайдалануобъектісі, оның орналақсан жері, жұмыстар ауданының климаттық жағдайлары, инфрақұрылымы туралы жалпы мәліметтер; 3) ауданның геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасы; 4) кен іздеушілік жұмыстарын ашу тәсілдері, технологиясы және ұйымдастырылуы; 5) жұмыстардың жоспарланатын режимі (маусымдық жұмыстар, жұмыс ауысымының түрлері); 6) бағалы металдарды және (немесе) асыл тастарды кен іздеушілік өндірудің тау массасының күтілетін көлемдері; 7) жер қойнауын және қоршаған ортаны кен іздеушілік бойынша жұмыстардың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар; 8) қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша іс-шаралар; 9) кен іздеушілік мақсатында пайдаланылатын су айдындары мен өзендер жағалауларының табиғи рельефі мен түбінің бүлінуін болғызбау бойынша іс-шаралар; 10) кен іздеушілік барысында бүлінген жерді рекультивациялау бойынша іс-шаралар; 11) жоспарланған кен іздеушілік жұмыстарын негіздейтін графикалық материалдар.

      5. Лицензия: жер қойынауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген, лицензияның мерзімі ұзартылған; жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер мен қоса берілген құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі оны келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      7. Өтініштің облыстың жергілікті атқарушы органына түскен күні мен уақыты өтініш беру кезі деп айқындалады және өтініштерді есепке алу журналында (бұдан әрі – журнал) есепке алынады.

      8. Облыстың жергілікті атқарушы органының кеңсесі өтінішті қабылдау кезінде өтінішке бірегей есептік нөмірі, журналда тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) көрсете отырып, тіркейді және береді.

      Келіп түскен өтініш алынған сәтте тіркеледі.

      9. Журнал мыналарды қамтиды:

      1) өтініштің бірегей есептік нөмірін;

      2) өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      3) өтінішті тіркеу күні мен уақытын (сағат, минут).

      10. Берілген өтініш туралы мәліметтер облыстың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орналастыруға жатады және олар мыналарды:

      1) өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      2) өтініш иесі пайдалануына беру үшін сұраған кен іздеушілік учаскесі аумағының координаттарын;

      3) өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтиды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар мен негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартты нысанында жазылған.

      11. Облыстың жергілікті атқарушы органына берілген, сол бір аумақты қамтитын, лицензияларды беруге арналған өтініштер келіп түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.

      12. Облыстың жергілікті атқарушы органы кезекті өтінішті қарауға алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензияны беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана кіріседі.

      Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензияны беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.

      Егер өтініш иесі бас тарту туралы шешімге сотқа шағым жасаса, облыстың жергілікті атқарушы органы кезекті өтінішті қарау туралы мәселені соттың оң шешімі болған жағдайда, күшіне енгеннен кейін шешеді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 727-бабына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде қол қою бонусын төлеуге міндетті.

      Қол қою бонусы құрайды:

      1) берілген аумақтың алаңы 0,3 км2-ге дейін болған кезде – 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

      2) берілген аумақтың алаңы 0,3-тен 0,5 км2-ге дейін болған кезде – 12 (он екі) АЕК;

      3) берілген аумақтың алаңы 0,5-тен 0,7 км2-ге дейін болған кезде – 15(он бес) АЕК.

      Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасын төлемдерде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін, ал сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      16. Жауапты орындаушы өтінімді тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген Кодекске сәйкестігін тексереді және мемлекеттік көрсетілген қызметтің мынадай нәтижесін береді:

      1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кен іздеушілікке арналған лицензияны, қайта ресімделген лицензияны беру;

      2) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздер бойынша уәждемелі бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" жолданады.

      17. Лицензияларды беруден бас тарту Кодекстің 267-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес шығарылады.

      18. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органына қайта өтініш береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызмет рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін кезде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайында, шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары басшыларының атына беріледі.

      21. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы поштамен немесе қолма-қол жазбаша нысанда жұмыс күндері қабылданады.

      22. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылып, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланысу телефоны көрсетіледі.

      23. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      24. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      25. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      26. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Кен іздеушілікке
арналған лицензияларды
беруге өтініштерді
беру және қарау"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық және (немесе) қағаз

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес кен іздеушілікке лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе қағидалардың _ тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 727-бабына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы қол қойылатын бонусты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде төлеуге міндетті
Қол қою бонусы:
1) берілген аумақтың ауданы 0,3 км2 – 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК));
2) берілген аумақтың ауданы 0,3– тен 0,5 км2-12 ( он екі) АЕК-ке дейін;
3) берілген аумақтың ауданы 0,5– тен 0,7 км2-ге дейін болғанда -15 ( он бес) АЕК құрайды
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі –ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін;
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі– сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 17.30-ға дейін
2) портал арқылы жүгінген кезде – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда(көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

лицензия алу үшін:
1. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кен іздеушілікке лицензия беру туралы өтініш;
2. өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса;
3. кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттың көшірмесі;
4.өтініш беруші бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтар тізбесі, сондай-ақ ынта учаскесінде өткізу жоспарланып отырған кен іздеушілік бойынша жұмыстардың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасы бар құжат;
4) жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;
5. жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;
6. кен іздеушілік жоспары.
өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариат куәландырылуға тиіс.
өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс
Порталға жүгінген кезде:
1.осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кен іздеушілікке лицензия беру туралы өтінім;
2.өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса;
3. кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4.өтініш беруші бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушіліктің учаскесінде өткізу жоспарланып отырған кен іздеушілік бойынша жұмыстардың түрлері мен тәсілдерін сипаттауды қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
5. жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімінің электрондық көшірмесі;
6. кен іздеушілік жоспарының электрондық көшірмесі.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариат куәландырылуға тиіс.
Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс.Лицензия: жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген, лицензияның мерзімі ұзартылған; жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1.осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының кен іздеушілікке лицензияны қайта ресімдеуге өтініш;
порталға жүгінген кезде:
1.осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының кен іздеушілікке лицензияны қайта ресімдеуге өтінім.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың көзделген талаптарға сәйкес келмейді;
2) өтініш бергенге дейін 2 (екі) жыл ішінде өтініш берушіден кен іздеушілікке берілген лицензия қайтарып алынды;
3) өтініш берілгенге дейін екі жыл ішінде өтініш иесінің осы Кодекстің 276-бабының 3-тармағымен көзделген негіздер бойынша лицензиясы қайтарылып алынған болса;
4) сұралатын аумақ немесе оның бір бөлігі басқа тұлғаға берілген кен іздеушілікке лицензия бойынша жер қойнауы учаскесіне немесе Кодекстің 264-бабының 2-тармағына сәйкес кен іздеушілікке лицензия беруге тыйым салынған аумаққа жатады;
5) өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде сұралған жер қойнауы учаскесіне (оның бір бөлігіне) қатысты өтініш берушіге бұрын берілген кен іздеушілікке арналған лицензия тоқтатылды;
6) сұралатын кен іздеушілік учаскесінің аумағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 269-бабының талаптарына сәйкес келмейді

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда www.egov.kz портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының анықтама қызметінен 1414 алу мүмкіндігі бар

  "Кен іздеушілікке
арналған лицензияларды
беруге өтініштерді
беру және қарау"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  ________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________________
жеке тұлғалар үшін
өтініш берушінің тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі,
байланыс деректері

Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру туралы өтініш

      20__ жылға "__"_________

      Кен іздеушілікке арналған лицензияны беруді сұраймын

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер


2

Өтініш беруші пайдалануға беруді өтінген кен іздеушілік учаскесін анықтайтын аумаққа бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары және жалпы ауданы көрсетілген масштабта көрсету


      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1)________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________

      3)________________________________________________________________

      4)________________________________________________________________

      (құжаттардың атауы және парақтар саны)

      Мөр орны_____________________________________________

      (болған жағдайда) (Өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы))

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін 20 __ жылғы _________ "__" ____ (қолы)

  "Кен іздеушілікке арналған
лицензияларды беруге
өтініштерді беру және қарау"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Кен іздеушілікке арналған лицензия

      1. 20___жылғы "___" ___________ №______

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі -Кодекс) сәйкес кен іздеушілік жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға құқық береді

      __________________________________________________________________

      2. Лицензия шарты:

      1) лицензияның мерзімі (кен іздеушілікке лицензия мерзімін ұзарту кезінде мерзімді ұзартуды ескере отырып көрсетіледі) ): ______________ оны берген күннен бастап

      2) мындай географиялық координаттары бар________га, жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары ____________________________( географиялық координаталардың нүктелерін көрсету) және осы аумақтың жер бетінің ең төменгі нүктесінен үш метр тереңдікте төменгі шекарамен

      3) жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары:

      _______________________________________________________________

      Жер қойнауы учаскесінің (кен орнының) атауы, орналасқан жері):

      (атауы, облыс, аудан)

      Бағалы металдар мен асыл тастардың атауы: _________;

      20__ жылғы "__"_______ дейін

      Жер қойнауын пайдаланушы қол қою бонусын төлеуге міндетті.

      Жер қойнауы учаскесі аумағының схемалық орналасуы осы лицензияға қоса беріледі .

      1. Жер қойнауын пайдаланушы құқығындағы:

      жүк көтергіштігі он тоннадан аспайтын бір жүк машинасы, бұрғылау жабдығы, сондай-ақ шөміш көлемі жиынтығында текше метрден аспайтын экскаватор және (немесе) бульдозер түріндегі механикаландыру құралдарын пайдалануға;

      кен іздеушілік учаске аумағында жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен үш метрден аспайтын тереңдікте бұрғылау және өзге де жер жұмыстарын жүзеге асыру .

      Жер қойнауын пайдаланушыға шашыранды алтын бойынша кен іздеушілікті жүргізу кезінде күнтізбелік жылда елу килограммнан аспайтын алтын өндіруге жол беріледі .

      5. Жер қойнауын пайдаланушының құқығы жоқ:

      1) кен іздеушілік учаскесінде экскаваторлар мен бульдозерлерді су объектілерінде және су қоры жерлерінде пайдалануға;

      2) Химиялық реагенттер мен жарылғыш заттарды қолдануға;

      3) Күрделі ғимараттарды салу және салу;

      4) кен іздеушілік учаскесінен тыс жерге топырақты және алынған тау массасын шығаруға.

      6. Лицензияны қайтарып алу негіздері:

      1) экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімінің күшіне енуі;

      2) қол қойылатын бонус Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төленбеген жағдайда;

      3) кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай, кен іздеушілік бойынша жұмыстар жүргізу;

      4) кен іздеушілік бойынша жұмыстар жүргізуді, механикаландыру құралдарын пайдалануды шектеу туралы кен іздеушілік лицензия шарттарының бұзылуы,

      химиялық реагенттерді, жарылғыш заттарды пайдалануға тыйым салу,

      күрделі құрылыстар салу,

      топырақты және тау-кен массасын кен іздеушілік учаскеден тыс жерге шығару;

      кен іздеушіліктің жоспарсыз, оның болуы қажет болғанда, кен іздеушілік жұмыстарын жүргізу.

      7. Лицензияны берген мемлекеттік орган

      ___________________________________________

      (лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)

      _____________________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)

      басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы

      Мөр орны (бар болса) (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)

      Берілген орны: ______________________, Қазақстан Республикасы

      ___________________ _ (облыстың әкімшілік орталығы)

  "Кен іздеушілікке арналған
лицензияларды беруге
өтініштерді беру және қарау"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан
  Кен іздеушілікке арналған
лицензия
________________________
________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________
жеке тұлғалар үшін– өтініш
берушінің тегі, аты, әкесінің
аты болған кезде ),
жеке сәйкестендіру нөмірі
нөмірі ( болған кезде),
байланыс деректері;

Кен іздеушілікке арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш

      20__жылға "__"_________

Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1

жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, өтініш берушінің салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы мәліметтер


2

лицензияның нөмірін ( лерін ), лицензияны берген берілген күнін көрсету


3

Қызмет түрінің толық атауын көрсету)


4

лицензияны қайта ресімдеу негіздемесі немесе себептерін көрсету


      Мөр орны ___________________________________________________

      (өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы) (бар болса)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      20 __ жылы __________ "__" ____ (қолы))

Лауазымы


Т.А.Ә