РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 29.06. 2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 147-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау қорына енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ.Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
___________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 11 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 166 бұйрығымен бекітілген |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан*
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo?lang=kk.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-БЕН нысаны.
Кезеңділік: жыл сайынғы.
Есепті кезең: 20___ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылары.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші қаңтарынан кешіктірмей (есепті жыл ішінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, есеп шикі газды қайта өңдеуді дамытудың аяқталған және қолданыстағы бағдарламалары бойынша ұсынылады)
№ р/н | Жер қойнаун пайдаланушының атауы | Келісім шарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы | Шикі газды қайта өңдеуді дамытудың есепті бағдарламасының қолданылу кезеңі | Шикі газды өндіру (миллион метр3 (бұдан әрі – млн. м3) | ||||
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарла масына сәйкес шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткі | Нақты өндіру, соның ішінде: | Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен шикі газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері | ||||||
Шикі газды өнеркәсіптік өндіру | Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндіру | Ұңғы маны сынау кезін де шикі газ өндіру | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кестенің жалғасы
Қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға жұмсалған шикі газ көлемі, соның ішінде (млн.м³): | |||||
Тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін | Электр энергиясын өндіру үшін | Қабатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсатын көрсете отырып) | Жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін | Газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсете отырып) | Өзгелері (жазу) |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Кестенің жалғасы
Шикі газдың технологиялық ысыраптары | Жағылған шикі газ көлемі (млн.м³) | |||||
Жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі, соның ішінде: | ||||||
Шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезінде: | Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде | Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде | ||||
Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде | Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде | Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде | Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде | |||
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Кестенің жалғасы
Жағылған шикі газ көлемі (млн.м³) | ||||||
Нақты жағылған шикі газ көлемі, соның ішінде: | ||||||
Шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезінде: | Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде | Ұңғыма ның объектілерін сынау кезінде | Басқалары (соның ішінде авариялық) | |||
Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде | Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде | Технологиялық жабдықты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде | Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде | |||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
Кестенің жалғасы
Шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және т. б.) | Шикі газды кәдеге жарату объектілерін салу күні | Орында луы, % | Орындал мау себептері | Ескертпе | |||
Басталуы | Аяқталуы | ||||||
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша | Нақты | Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша | Нақты | ||||
30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 |
Орындаушы: _______________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы және телефон) |
Мекенжайы | |
|
Электрондық | |
|
Ескертпе:* - нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп нысанына қосымша |
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме (Индекс: № 1 нысан, кезеңділік: жыл сайынғы)
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп" нысаны былай толтырылады:
"№ р/н" деген 1-бағанда үдемелі реттік нөмір көрсетіледі;
"Жер қойнауын пайдаланушының атауы" деген 2-бағанда жер қойнауын пайдаланушының толық атауы көрсетіледі;
"Келісімшарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы" деген 3-бағанда келісімшарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы көрсетіледі;
"Шикі газды қайта өңдеуді дамытудың есепті бағдарламасының қолданылу кезеңі" деген 4-бағанда есепті шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу нақты кезеңі көрсетіледі;
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткіші" деген 5-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткіші көрсетіледі;
"Шикі газды өнеркәсіптік өндіру" деген 6-бағанда шикі газды өнеркәсіптік өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндіру" деген 7-бағанда кен орынды сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Ұңғыманы сынау кезінде шикі газ өндіру" деген 8-бағанда ұңғыманы сынау кезінде шикі газ өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен шикі газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері" деген 9-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері туралы ақпарат көрсетіледі;
"Тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін" деген 10-бағанда тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Электр энергиясын өндіру үшін" деген 11-бағанда электр энергиясын өндіру үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Қабатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсатын көрсете отырып)" деген 12-бағанда қабатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсаты көрсете отырып) жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін" деген 13-бағанда жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсете отырып)" деген 14-бағанда газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсете отырып) жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Өзгелері (жазу)" деген 15-бағанда қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға жұмсалған өзге шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Шикі газдың технологиялық ысыраптары" деген 16-бағанда шикі газдың технологиялық ысыраптары көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде" деген 17-бағанда технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде" деген 18-бағанда технологиялық жабдықты пайдалану кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде" деген 19-бағанда технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде" деген 20-бағанда технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде" деген 21-бағанда кен орынды сынамалап пайдалану кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде" деген 22-бағанда ұңғыманың объектілерін сынау кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде" деген 23-бағанда технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде" деген 24-бағанда технологиялық жабдықты пайдалану кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде" деген 25-бағанда технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде" деген 26-бағанда технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде" деген 27-бағанда кен орынды сынамалап пайдалану кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде" деген 28-бағанда ұңғыманың объектілерін сынау кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Басқалары (соның ішінде авариялық)" деген 29-бағанда басқа технологиялық процестерге, соның ішінде авариялық нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және т. б.)" деген 30-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және т. б.) көрсетіледі;
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша" деген 31-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша шикі газды кәдеге жарату объектісін салудың басталу күні көрсетіледі;
"Нақты" деген 32-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісін салудың нақты күні көрсетіледі;
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша" деген 33-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша шикі газды кәдеге жарату объектісін аяқтау күні көрсетіледі;
"Нақты" деген 34-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісін аяқтаудың нақты күні көрсетіледі;
"Орындалуы, %" деген 35-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың нақты орындалуы проценттік мәнде көрсетіледі;
"Орындалмау себептері" деген 36-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың нақты орындалмауы туралы ақпарат көрсетіледі;
"Ескертпе" деген 37-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есепке қосымша ақпарат көрсетіледі.