РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 29.06. 2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 147-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау қорына енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ.Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
___________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 11 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 05 мамырдағы № 166 бұйрығымен бекітілген |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысаны Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: № 1-БЕН нысан.
Кезеңділігі: жылдық.
Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылар.
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне
Тапсыру мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші қаңтарынан кешіктірмей (есепті жыл ішінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, есеп аяқталған және қолданыстағы шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламалары бойынша ұсынылады).
Нысан |
№ п/п | Жер қойнауын пайдаланушының атауы | Келісімшарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы | Есепті шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу кезеңі | Шикі газды өндіру (млн.м3) | ||||
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес газ өндірудің жоспарлы көрсеткіші | Нақты өндіру, соның ішінде: | Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері | ||||||
Шикі газды өнеркәсіптік өндіру | Сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндіру | Ұңғыманы сынау кезінде шикі газ өндіру | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Жалғастыру
Қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға жұмсалған шикі газ көлемі, соның ішінде (млн.м³): | |||||
Тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін | Электр энергиясын өндіру үшін | Қойнауқатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсатын көрсетумен) | Жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін | Газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсетумен) | Өзгелері (жазу) |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Жалғастыру
Шикі газдың технологиялық ысыраптары | Жағылған шикі газ көлемі (млн.м³) | |||||
Жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі, соның ішінде: | ||||||
Шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезінде: | Сынамалап пайдалану кезінде | Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде | ||||
Технологиялық жабдықтарды іске қосу-баптау кезінде | Технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде | Технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде | Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде | |||
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Жалғастыру
Жағылған шикі газ көлемі (млн.м³) | ||||||
Нақты жағылған шикі газ көлемі, соның ішінде: | ||||||
Шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезінде: | Сынамалап пайдалану кезінде | Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде | Басқалары (соның ішінде авариялық) | |||
Технологиялық жабдықтарды іске қосу-баптау кезінде | Технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде | Технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде | Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде | |||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
Жалғастыру
Шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және тағы басқа) | Шикі газды кәдеге жарату объектілерін салу күні | Орындалуы, % | Орындалмау себептері | Ескертпе | |||
Басталуы | Аяқталуы | ||||||
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша | Нақты | Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша | Нақты | ||||
30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 |
Орындаушы ____________________________ Мекен-жайы ____________________
(Т.А.Ә. қолы және телефон) Электрондық мекен-жайы ________
Басшы ____________________________
(Т.А.Ә. қолы және телефон)
Бас бухгалтер __________________________
(Т.А.Ә. қолы және телефон) Мөр орны
Ескертпе: нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшада көрсетілген.
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп" нысаны төменде көрсетілгендей толтырылады:
"№ п/п" деген 1-бағанда үдемелі реттік нөмір көрсетіледі;
"Жер қойнауын пайдаланушының атауы" деген 2-бағанда жер қойнауын пайдаланушының толық атауы көрсетіледі;
"Келісімшарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы" деген 3-бағанда келісімшарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы көрсетіледі;
"Есепті шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу кезеңі" деген 4-бағанда есепті шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу нақты кезеңі көрсетіледі;
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес газ өндірудің жоспарлы көрсеткіші" деген 5-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес газ өндірудің жоспарлы көрсеткіші көрсетіледі;
"Шикі газды өнеркәсіптік өндіру" деген 6-бағанда шикі газды өнеркәсіптік өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндіру" деген 7-бағанда сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Ұңғыманы сынау кезінде шикі газ өндіру" деген 8-бағанда ұңғыманы сынау кезінде шикі газ өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері" деген 9-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері туралы ақпарат көрсетіледі;
"Тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін" деген 10-бағанда тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Электр энергиясын өндіру үшін" деген 11-бағанда электр энергиясын өндіру үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Қойнауқатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсатын көрсетумен)" деген 12-бағанда қойнауқатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсаты көрсетумен) жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін" деген 13-бағанда жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсетумен)" деген 14-бағанда газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсетумен) жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Өзгелері (жазу)" деген 15-бағанда қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға жұмсалған өзге шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Шикі газдың технологиялық ысыраптары" деген 16-бағанда шикі газдың технологиялық ысыраптары көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықтарды іске қосу-баптау кезінде" деген 17-бағанда технологиялық жабдықтарды іске қосу-баптау кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде" деген 18-бағанда технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде" деген 19-бағанда технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде" деген 20-бағанда технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Сынамалап пайдалану кезінде" деген 21-бағанда сынамалап пайдалану кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде" деген 22-бағанда ұңғыманың объектілерін сынау кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықтарды іске қосу-баптау кезінде" деген 23-бағанда технологиялық жабдықтарды іске қосу-баптау кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде" деген 24-бағанда технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде" деген 25-бағанда технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде" деген 26-бағанда технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Сынамалап пайдалану кезінде" деген 27-бағанда сынамалап пайдалану кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде" деген 28-бағанда ұңғыманың объектілерін сынау кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Басқалары (соның ішінде авариялық)" деген 29-бағанда басқа технологиялық процестерге, соның ішінде авариялық нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
"Шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және тағы басқа)" деген 30-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және тағы басқа) көрсетіледі;
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша" деген 31-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша шикі газды кәдеге жарату объектісін салудың басталу күні көрсетіледі;
"Нақты" деген 32-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісін салудың нақты күні көрсетіледі;
"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша" деген 33-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша шикі газды кәдеге жарату объектісін аяқтау күні көрсетіледі;
"Нақты" деген 34-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісін аяқтаудың нақты күні көрсетіледі;
"Орындалуы, %" деген 35-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың нақты орындалуы проценттік мәнде көрсетіледі;
"Орындалмау себептері" деген 36-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың нақты орындалмауы туралы ақпарат көрсетіледі;
"Ескертпе" деген 37-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есепке қосымша ақпарат көрсетіледі.