"Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 мамырда № 16917 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттық парақ – ҰБТ-ға немесе КТ-ға қатысуға өтініш беру кезінде ҰБТӨП немесе жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы және ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификатпен бірге, сондай-ақ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш беру кезінде жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы беретін, таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес берілетін парақ. Ақпараттық парақ: мамандықтар тізбесі, ағымдағы жылы бөлінген білім беру гранттарының саны және өткен жылғы білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды.

      2) базалық жоғары оқу орындары – КТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО-лар;

      3) базалық ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы – КТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия;

      4) бейіндік пән – тереңдетіліп немесе жоғары деңгейде оқытылатын оқу пәні, оның мазмұны бейіндік білім беру стандарттарына және бірыңғай бейіндік емтихандардың (немесе жоғары деңгейдегі таңдау бойынша бірыңғай емтихандардың) талаптарына сәйкес келеді;

      5) бейіндік пән – мамандықтар пәні бойынша терең академиялық білімін, практикалық ұғынуын толығырақ бағалауға және тұрақтылығына бағытталған пән;

      6) жалпы бейіндік пән – ұқсас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының базалық пәндері бойынша академиялық білімді бағалауға бағытталған пән;

      7) жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін ҰБТ немесе КТ нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;

      8) жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын ҰБТ-дан немесе КТ-дан кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;

      9) желілік ЖОО-лар – КТ-ға құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар;

      10) желілік ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы – КТ-ға түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия;

      11) КТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін ЖОО-ға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бiр нысаны;

      12) нұсқаларды тарату парағы – кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;

      13) отырғызу парағы – түсушілерді аудиторияда орындар бойынша бөлу парағы;

      14) ҰБТ – жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – ЖОО) түсуге арналған іріктеу емтихандарының бiр нысаны;

      15) ҰБТӨП - ҰБТ өткізу пункті;

      16) шекті балл – Білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе ЖОО-ға ақылы негізде түсуге арналған тестілеудің әр пәні және барлық пәндері бойынша және кейбір мамандықтар мен ЖОО-лар бойынша жеке Үлгілік қағидалармен белгіленген балдардың минималды жиынтығы.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ҰБТ-ға қатысу үшін түсуші ҰБТӨП-ке орталықтандырылған түрде берілетін білім беру ұйымына мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 502 бұйрық) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтініш;

      2) 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      Жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ түсуші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепті ағымдағы жылы бітіргені туралы фотосуреті бар анықтама береді.

      ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты (бұдан әрі – мүгедектікті белгілеу туралы құжат) ұсынған кезде мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

      1) жеке аудиторияның;

      2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтініш бере алады.

      Жалпы орта білім беру ұйымдары ҰБТӨП-ке тіркеледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. КТ-ға қатысу үшін халықаралық алмасу желісі бойынша білім алған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін оқуға түсушінің туу туралы куәлігінің немесе түсушіні асырап алу туралы құжатының көшірмесін және ата-анасының немесе асырап алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда, өтінішті ата-анасы немесе асырап алушысы бере алады. Өтініш орта білім беру ұйымының ағымдағы оқу жылында халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша білім алуға жіберу туралы бұйрықтан көшірме болғанда базалық ЖОО-ларда қабылданады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. КТ-ға қатысу үшін түсушілер желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мыналарды тапсырады:

      1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтініш. Бұл ретте жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері өтініште таңдаған мамандығын көрсетеді;

      2) 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген 086-У нысандағы медициналық анықтама.

      КТ-ға қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған кезде мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

      1) жеке аудиторияның;

      2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтініш бере алады.

      6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама;

      7) жалпы орта (орта жалпы) білім немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері жалпы орта (орта жалпы) білім немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа).";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Базалық және желілік ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының құрамын ЖОО басшысы бекітеді.

      Желілік ЖОО қабылдау комиссиясының функциялары:

      1) түсушілерге таңдаған жоғары білім мамандықтары мәселелері бойынша консультация беру, тестілеу рәсімімен таныстыру;

      2) түсушілердің құжаттарын қабылдауды және тексеруді ұйымдастыру;

      3) тестілеуге кіруге рұқсаттамалар мен белгіленген үлгідегі № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ҰБТ немесе КТ сертификаттарын (бұдан әрі - сертификат) және ақпараттық парақтарды беруді қамтамасыз ету.

      Базалық ЖОО қабылдау комиссиясының функциялары:

      1) желілік ЖОО-ның техникалық хатшылары мен жауапты хатшыларына консультация беруді ұйымдастыру;

      2) тестілеу өткізу үшін аудиториялық қорды қалыптастыру;

      3) тестілеуге техникалық жабдықтардың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      4) сертификаттарды және ақпараттық парақтарды басып шығаруды және желілік ЖОО-ның жауапты хатшыларына беруді ұйымдастыру.";

      10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. КТ күнтізбелік жылғы 14 - 18 шілде аралығында өткізіледі.

      11. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ немесе КТ тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші тұлғалар Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ немесе КТ тапсырады.

      Түсушілер ҰБТ-ны немесе КТ-ны қалауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде тапсырады.

      Бұл ретте ҰБТ-ны немесе КТ-ны ағылшын тілінде тапсыратын түсушілер үшін Қазақстан тарихы бойынша тестілеу қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі. ҰБТ-ны және КТ-ны ағылшын тілінде тапсыратын түсушілер үшін ЖОО-дағы оқыту тілі Қазақстан тарихы бойынша тестілеу тапсыру тіліне сәйкес анықталады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жалпы орта (орта жалпы) білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ және КТ тест тапсырмаларының саны:

      1) Қазақстан тарихы бойынша – 20;

      2) математикалық сауаттылық бойынша – 20;

      3) оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша – 20;

      4) бірінші бейіндік пән бойынша – 30;

      5) екінші бейіндік пән бойынша – 30.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шығармашылық мамандықтарға түсуші тұлғалар ҰБТ-ға немесе КТ-ға қатысу үшін өтінішті ҰБТӨП-те немесе алдағы оқуды жоспарлап отырған желілік ЖОО-да тапсырады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіріп, бірақ рұқсаттамада көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған түсушіге тестілеу тапсыру тіліне сәйкес аудиторияда орын болғанда, ҰБТ өткізу кезеңіндегі келесі күндердің бірінде мынадай дәлелді себептер бойынша қатысуға мүмкіндік беріледі:

      1) № 907 бұйрықпен бекітілген № 035-1/у нысанға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы бар болғанда;

      2) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен айқындалған жақын туыстарының қайтыс болғандығын растайтын құжаттары бар болғанда;

      3) төтенше жағдайларда.

      Бұл ретте түсуші мемлекеттік комиссияға осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген растайтын құжаттармен қоса өтініш береді.

      Тестілеуді тапсыруы ҰБТ өткізудің соңғы күні болып анықталған түсушілерге осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген растайтын құжаттарды ұсынған кезде КТ шеңберінде тестілеуді тапсыру мүмкіндігі беріледі.";

      17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған, нәтижелері жойылған түсушілер және ҰБТ мен КТ-ға қатыспаған адамдар үшін ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін күнтізбелік жылғы 15-19 тамыз аралығында ҰБТ және КТ қайта өткізіледі. Бұл ретте түсушілер күнтізбелік жылғы 25 шілде мен 3 тамыз аралығында желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

      1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтініш;

      2) 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

      5) № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама.

      ҰБТ-ға немесе КТ-ға қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған кезде мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

      1) жеке аудиторияның;

      2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ҰБТ немесе КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтініш бере алады.

      6) орта (жалпы орта) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа).

      18. Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар ЖОО-ның күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады. Бұл адамдар үшін ЖОО-да білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе КТ күнтізбелік жылы 20-24 қаңтар аралығында қайта өткізіледі. Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген тиісті адамдар ҰБТ-ға немесе КТ-ға қатысу үшін күнтізбелік жылғы 10-20 желтоқсан аралығында желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

      1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтініш;

      2) 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.";

      24, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мемлекеттік комиссия төрағалары болып ҰБТ-ны немесе КТ-ны ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарының басшылары (қалалық, аудандық білім бөлімдерінің (басқармаларының) басшылары) тағайындалады.

      25. Мемлекеттік комиссияның құрамына әкімдік өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысушы мүшелер санынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және төраға мен білім беру ұйымдарының немесе білім (басқармаларының) бөлімдерінің білікті қызметкерлері қатарынан тағайындалған хатшының қолы қойылған отырыстар хаттамаларымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.

      Мемлекеттік комиссия:

      1) ҰБТӨП-тегі немесе базалық ЖОО-дағы тестілеу өткізуге арналған аудиторлық қорды бекітеді;

      2) құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, тестілеу басталғанға дейін ғимаратты терроризмге қарсы қорғалу мәніне тексеруді, сондай-ақ тестілеу өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      3) тестілеуге кіргізу барысында металліздегіштерді қолдануды және қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады;

      4) тестілеу кезінде ұялы және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын тұншықтыратын құралдардың қолданылуын, сондай-ақ, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) 135-қосымшасына сәйкес электромагниттік өрістің кернеулілігін өлшеу хаттамасын алуды ұйымдастарады;

      5) ҰБТ және КТ өткізу кезінде кезекшілермен және медицина қызметкерімен жұмыстарды ұйымдастырады;

      6) емтихан материалдары салынған қаптарды ашу рәсіміне қатысады;

      7) тестілеуге кіргізу барысында тәркіленген тыйым салынған заттарды сақтауды қамтамасыз етеді;

      8) мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған кезде көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ҰБТ немесе КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшіні және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның берілуін ұйымдастырады;

      9) дұрыс жауаптар кодтарының және ҰБТ мен КТ нәтижелерінің (апелляцияны есепке алмағандағы және алғандағы) жалпы шолу үшін ұсынылуын ұйымдастырады;

      10) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;

      11) сертификаттарды және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес ақпараттық парақтарды беру жұмыстарын ұйымдастырады;

      12) осы Қағидалардың 16-1 тармағында көзделген дәлелді себептер бойынша тестілеуге қатыспаған түсушінің ҰБТ-ға қатысуы туралы шешім қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Жергілікті атқарушы органдар бітірушілерді ҰБТӨП-ке және кері жеткізуді, орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастырады (50 шақырымнан жақын қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу өткізілетін күні таңғы сағат 07.00-ден бастап; ҰБТӨП-тен 50 шақырымнан алыс қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу басталғанға дейін бір күн бұрын тасымалданады).";

      35-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) түсуші жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы "Түсушінің қолы" деген 13-секторға қолын қояды";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Бейіндік пәндерді таңдауды қоса алғанда жауап парағы секторларының дұрыс толтырылуын түсуші өзі қамтамасыз етеді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. 40, 41 және 42-тармақтарда көрсетілген тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. ҰБТ-дағы тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен бағаланады;

      бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (үш дұрыс жауаптан артық емес) тапсырмаларда:

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда тек бір дұрыс жауапты не екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. КТ өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар және ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіріп, бірақ осы Қағидалардың 16-1 тармағында көзделген, дәлелді себептер бойынша ҰБТ-ға қатыса алмаған тұлғалар үшін өткізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 60-1-тармақпен толықтырылсын:

      "60-1. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін кітапшалар осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нұсқаларды тарату парағымен таратылады.";

      61-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) түсуші жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы "Түсушінің қолы" деген 13-секторға қолын қояды.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін жауап парағы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі тәртіппен толтырылады:

      1) 1-секторда Т.А.Ә. (болған жағдайда) жазылады;

      2) 2-секторда жоғарғы торкөздерге көлденеңінен түсушінің рұқсаттамасында көрсетілген түсушінің жеке коды (бұдан әрі – ТЖК) жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады;

      3) 3 және 4-секторларда тестілеу кезінде түсушінің отыратын орнының нөмірі және кітапшасының нұсқасы боялады;

      4) 5-секторда түсуші КТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі жазылады. Лек нөмірі емтихан болатын күн бойынша анықталады;

      5) 6-секторда жалпы бейіндік пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;

      6-сектордағы әр тапсырма берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауды талап етеді. Таңдалған жауап сол пәннің секторында сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді;

      6) 7-секторда бейіндік пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.

      1-20 аралығындағы тапсырмалар берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауды талап етеді, жауап сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді;

      21-30 аралығындағы тапсырмалар дөңгелекшелерді толық бояу арқылы бір немесе бірнеше дұрыс жауапты (6-дан артық емес) таңдауды талап етеді; 31-40 аралығындағы жағдаяттық тапсырмалар сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы бір дұрыс жауапты таңдау арқылы белгіленеді;

      7) 8-сектор боялмайды (жауап парағының нөмірі көрсетіледі);

      8) "Назар аударыңыз" бағанына аса көңіл бөлінеді:

      жауап парағы көк немесе қара түсті қаламмен толтырылады;

      жауап парағын былғауға, умаждауға, жыртуға және корректор сұйықтықтарын пайдалануға, жауап парағын тестілеу аяқталғанға дейін аудиториядан шығаруға жол берілмейді;

      9) түсуші жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы "Түсушінің қолы" деген 9-секторға қолын қояды.";

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:

      "62-1. Бейіндік пәндерді таңдауды қоса алғанда жауап парағы секторларының дұрыс толтырылуын түсуші өзі қамтамасыз етеді.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Түсуші кітапшадағы нұсқа нөмірін жауап парағына (4-сектор) көшіріп жазады және кітапшаның мұқабасын толтырады. Нұсқаның төртінші саны түсушілердің (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілерден басқа) кітапша мұқабасындағы матрицаның көмегімен анықталады және оны Министрлік өкілі тестілеу аяқталғанға дейін 20 минут қалғанда хабарлайды.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. КТ-дағы тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес жүргізіледі. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін КТ-дағы тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен бағаланады;

      бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (алты дұрыс жауаптан артық емес) тапсырмаларда:

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      бір дұрыс жауабы бар екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      төрт дұрыс жауабы бар тапсырмаларда төрт дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      төрт дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      төрт дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      төрт дұрыс жауабы бар тапсырмаларда төрт дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      төрт дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      бес дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бес дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      бес дұрыс жауабы бар тапсырмаларда төрт дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      бес дұрыс жауабы бар тапсырмаларда төрт дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      бес дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бес дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      бес дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      алты дұрыс жауабы бар тапсырмаларда алты дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      алты дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бес дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      алты дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бес дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      алты дұрыс жауабы бар тапсырмаларда алты дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      алты дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын, ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның төрағасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамын мемлекеттік комиссия төрағасы бекітеді.";

      90, 91-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша әрбір түсушіге тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде ҰБТӨП немесе базалық ЖОО мемлекеттік комиссиямен бірлесіп беретін сертификат жазылады. Түсушіге сертификатпен бірге таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес ақпараттық парақ беріледі.

      91. Сертификаттағы түсушінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда) толтыру жеке басын куәландыратын құжат бойынша жүргізіледі.";

      осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес Қағидаларға 1-1, 2-1, 6-1-қосымшалармен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес Қағидаларға 3, 6, 7, 8, 12-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.С. Ысмағұлова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________Қ. Қасымов

      2018 жылғы 10 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ______________Е. Біртанов

      2018 жылғы 11 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 196 бұйрығына
1-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
жәнекешенді тестілеуді өткізу
Қағидаларына
1-1-қосымша
Нысан

Кешенді тестілеуге қатысу үшін ӨТІНІШ

Жеке деректер

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
ЖСН / Туған күні:
Азаматтығы:
Ұлты:
Жынысы:
Е-mail:

Білімі туралы мәлімет

Облыс:
Аудан:
Оқу орны:
Оқу орнының атауы:
Бітірген жылы:

Тестілеу туралы ақпарат

Тестілеу тапсыру тілі:
"Қазақстан тарихы" пәнін тапсыру тілі:
Өтініш берушінің таңдаған оқу нысаны:

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледж) білімі бар, жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін қосымша ақпарат

Колледж мамандығы бойынша біліктілігі:
Жоғары білім мамандығы:
Жалпы бейіндік пән:
Бейіндік пән:

      Тіркеуші ЖОО _____________________________________________________________

      (код) (атауы)

      Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

      Өтінішпен таныстым және көрсеткен мәліметтердің дұрыс жазылғанын растаймын.

      Өтініш беруші______________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 196 бұйрығына
2-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеу
және кешенді тестілеуді
өткізу Қағидаларына
2-1-қосымша
Нысан

Ақпараттық парақ

      Бейіндік пәндер комбинациясы: _________________

      Оқыту тілі: _________________

Мамандық

20__* гранттар саны

20__ жылғы конкурс нәтижесі

Шифр

Атауы

Жалпы конкурсқа гранттар саны*

1 орынға конкурс*

Шекті балл*

1







2







3







4







5







6







      Ескерту: * Жалпы конкурс негізінде күндізгі толық (қысқартылған) оқу түрі бойынша ақпарат

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 196 бұйрығына
3-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеу
және кешенді тестілеуді
өткізу Қағидаларына
6-1-қосымша
Нысан

Нұсқаларды тарату парағы

      Базалық ЖОО ______ _____________________________________________

      (код)                         (атауы)

      Лек____ Аудитория____

      Тестілеу күні______________

      Тапсыру тілі____________

      Мен төменде қол қоюшы, отырғызу парағында көрсетілген менің орнымдағы кітап

      нұсқасы менің кітаптағы нұсқама сәйкес келетінін растаймын.

Нұсқа №

Түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)(қолмен толтырылады)

Түсушінің қолы

Ескерту

1





2










      "Ескерту" бағаны "Қосымша отырғызу", "Келмеді", "Жойылды", "Кіргізілмеді"

      мәндерін қабылдайды

      Министрлік өкілі________________________________ ______________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Аудитория кезекшісі ______________________ ____________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 196 бұйрығына
4-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеу
және кешенді тестілеуді
өткізу Қағидаларына
3-қосымша
Нысан

ҰБТӨП/Базалық ЖОО _____________________________
РҰҚСАТТАМА


Пәндері:
1)
2)
3)
4)
5)
Емтихан күні:
Басталу уақыты:
Лек:
ӨТКІЗУ ОРНЫ:


Ғимарат:
Аудитория:
Мектеп директоры/Желілік ЖОО қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: _______________________________
Қолы Т .А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады

Түсушіге жадынама
Түсушіде өзімен бірге тестілеуге кіру рұқсаттамасы және жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (жеке куәлік немесе паспорт) болуы қажет. Жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ түсуші мектепті ағымдағы жылы бітіргені туралы фотосуреті бар анықтама береді. Құжаттардың біреуі болмаған жағдайда түсуші тестілеуге жіберілмейді.
Түсушіде өзімен бірге қол жүгі, бөгде және тыйым салынған заттар (шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) болса тестілеуге жіберілмейді.
Түсушіге тыйым салынады:
1) аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
2) сөйлесуге, орын ауыстыруға;
3) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, түзету сұйықтығын және мобильдік байланыс құралдарын пайдалануға;
4) емтихан материалдарымен алмасуға;
5) емтихан материалдарын аудиториядан шығаруға;
6) емтихан материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау арқылы бүлдіруге;
7) корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға, бояу қарастырылмаған секторларды (жауап парағының нөмірі) бояуға.
Түсуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда, Министрлік өкілі Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды және тестілеу нәтижелерін жояды.
Мен жадынамамен таныстым және наразылық білдірмеймін.
Рұқсаттамадағы мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Түсушінің қолы _____________________________________


Кесу сызығы

ҰБТӨП/Базалық ЖОО ______________________________
РҰҚСАТТАМА ТҮБІРТЕГІ


Пәндері:
1)
2)
3)
4)
5)
Емтихан күні:
Басталу уақыты:
Лек:
ӨТКІЗУ ОРНЫ:


Ғимарат:
Аудитория:
Мектеп директоры/Желілік ЖОО қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: _________________________________
Қолы Т .А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығыныңwww.​tes​tcen​ter.​kz сайтында жарияланады

Түсушіге жадынама
Түсушіде өзімен бірге тестілеуге кіру рұқсаттамасы және жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (жеке куәлік немесе паспорт) болуы қажет. Жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ түсуші мектепті ағымдағы жылы бітіргені туралы фотосуреті бар анықтама береді. Құжаттардың біреуі болмаған жағдайда түсуші тестілеуге жіберілмейді.
Түсушіде өзімен бірге қол жүгі, бөгде және тыйым салынған заттар (шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) болса тестілеуге жіберілмейді.
Түсушіге тыйым салынады:
1) аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
2) сөйлесуге, орын ауыстыруға;
3) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, түзету сұйықтығын және мобильдік байланыс құралдарын пайдалануға;
4) емтихан материалдарымен алмасуға;
5) емтихан материалдарын аудиториядан шығаруға;
6) емтихан материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау арқылы бүлдіруге;
7) корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға, бояу қарастырылмаған секторларды (жауап парағының нөмірі) бояуға.
Түсуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда, Министрлік өкілі Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды және тестілеу нәтижелерін жояды.
Мен жадынамамен таныстым және наразылық білдірмеймін.
Рұқсаттамадағы мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Түсушінің қолы _____________________________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 196 бұйрығына
5-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеу
және кешенді тестілеуді
өткізу Қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Емтихан материалдарын ашу туралы акт

      ҰБТӨП/ Базалық ЖОО

      ______________________________________________________________________

      (код) (атауы)

      Лек _________________ Аудитория №______________

      Мерзімі______________ Уақыт ____ Сағат____ минут

      Біз, төменде қол қоюшылар, емтихан материалдары салынған қорапты аштық, емтихан

      материалдарына санау жүргіздік. Санау нәтижесі төмендегі кестенің "Нақты саны" бағанында

      көрсетілді.

      Қолданылмаған артық кітапшалар емтихан процесі кезінде алынады.


Рр/с

Материалдар атауы

Жоспар бойынша
саны

Нақты саны

Таратылды

Қалдығы

Ескерту

11

Жауап парақтары






22

Кітапшалар






33

Жауап парағының көшірмелері






44

Жауап парағы үшін конверт






55

Емтихан материалдарын ашу туралы акт






66

Нұсқаларды тарату парағы ( ТжКБ бітірушілері үшін)






      ___________________ ________________________________________ ___________

      (түсушінің ТЖК) (түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

      ___________________ ________________________________________ ___________

      (түсушінің ТЖК) (түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

      ___________________ ________________________________________ __________

      (түсушінің ТЖК) (түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

      _________________________________________ _________________

      (Кезекшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

      _________________________________________ _________________

      (Кезекшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 196 бұйрығына
6-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеу
және кешенді тестілеуді
өткізу Қағидаларына
7-қосымша
Нысан



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 196 бұйрығына
7-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеу
және кешенді тестілеуді
өткізу Қағидаларына
8-қосымша
Нысан



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 196 бұйрығына
8-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеу
және кешенді тестілеуді
өткізу Қағидаларына
12-қосымша
Нысан

Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу кітапшаларын жою туралы акт

      "_____"__________201__ жыл ___________________________________________

      (ҰБТӨП / базалық ЖООатауы)

      Негіздеме: "____"__________201__ жылғы

      №______________бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеуді өткізу

      ережесінің 52 және 79-тармақтарында

      Комиссия құрамында:

      Төраға (филиал жетекшісі/жауапты хатшы) _____________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      Комиссия мүшелері 1.________________________________________________

      (лауазымы Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      2.________________________________________________

      (лауазымы Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      3._________________________________________________

      (лауазымы Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      4._________________________________________________

      (лауазымы Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу кітапшалары жойылғандығы туралы осы актты құрды:

Лек нөмірі

Тестілеуге жіберілген кітапшалардың нақты саны

Жойылған кітапшалар саны

Кітапшалардың инвентарлық нөмірі

ҰТО-ға әкелінген кітапшалар саны (тестілеу нәтижелері жойылған түсушілердің, және де Республикалық апелляциялық комиссияның шешімімен балл қосылған түсушілердің кітапшалары)

1





2





      Кітапшалардың жойылу жолы:

      __________________________________________________________________________

      (жою тәсілін көрсету-механикалық ұсақтау немесе өртеу) (жойылған орнын

      көрсету)

      Төраға (филиал жетекшісі/жауапты хатшы) ________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)

      Комиссия мүшелері: 1.________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)

      2.________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)

      3.________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)

      4.________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) қолы)