РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 109 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6168 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде № 61 (1683) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
2) "Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6169 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде № 61 (1683) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша |
|
Нысан |
Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімі
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.12.2019 № 1375 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тіркеу жазба нөмірі | Бағалаушылар палатасының мүшесі тізілімге енгізілген күні | Бағалаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Телефон | Электрондық мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
"Бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін қолданыста болған лицензия туралы мәліметтер | "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлік | "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру | "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтатыла тұру | ||||
Нөмірі | Берілген күні | Нөмірі | Беріл ген күні | "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігін берген бағалаушылар палатасының атауы | Шешім күні | Шешім күні | Тоқта тыла тұрған кезең |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату | Құқық қорғау және сот органдарынан жасалған кезеңі мен орнына қарамастан, бағалаушының бағалау қызметі туралы заңнаманы бұзуы мәселелері бойынша ақпараттың түсуі туралы мәліметтер | Тәртіптік жазаның қабылданған шаралары туралы мәліметтер | Мүшелікті тоқтату | |||
Тоқтату күні мен уақыты | Құжат нөмірі | Құжаттың күні | Қабылдау күні | Тәртіптік жаза түрі | Тоқтату күні | Тоқтату (себебі) негізі |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына 2-қосымша Нысан |
Сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімі
Жазбаны тіркеу нөмірі | Төрағаны сайлау туралы сарапшылық кеңестің шешімі | Сарапшылық кеңес мүшесін сайлау туралы мәліметтер | Телефон | Электрондық мекенжайы | ||||
Төрағаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Шешу күні | Шешім нөмірі | Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Сайлау күні | Мерзімінің аяқталу күні | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
"Сарапшы" біліктілігін беру | "Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданысын тоқтату | ||
Нөмірі | Берілген күні | "Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлігін берген бағалаушылар палатасының атауы | Тоқтату күні мен уақыты |
10 | 11 | 12 | 13 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына 3-қосымша |
Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және бағалаушылар палатасы мүшелерінің және сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу тәртібін белгілейді.
Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімін жүргізуді бағалаушылар палаталары электрондық нысанда жүзеге асырады және бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында орналастырылады.
Бағалаушылар палатасы мүшелерінің және сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерінде қамтылған бағалаушылар мен сарапшылардың тізімдік құрамы және олар бойынша мәліметтер ашық және жалпыға қол жетімді болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.12.2019 № 1375 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу тәртібі
2. Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін әрбір бағалаушылар палатасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
3. Бағалаушылар палатасының мүшелерi туралы мәлiметтер оларды бағалаушылар палатасының мүшелігіне қабылдаған күннен бастап мынадай құжаттардың негiзiнде тiзiлiмге енгiзiледi:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) "бағалаушы" біліктілік куәлігінің берілуі;
4) экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ қасақана жасаған орташа ауырлықтағы қылмыстары, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы анықтама.
5) бағалаушылар палатасы белгілеген өзге де құжаттар.
4. Тізілімдемелерде көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда бағалаушы он күнтізбелік күн ішінде бұл туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бағалаушылар палатасына хабарлайды.
5. Бағалаушылар палатасы үш жұмыс күн ішінде палатаның интернет-ресурсында жариялай отырып, палата мүшелерінің тізілімінде бағалаушы туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.12.2019 № 1375 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімін жүргізу тәртібі
6. Сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімін осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалаушылардың әрбір палатасы жүргізеді.
Тізілім қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
7. Сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімінде көрсетілген мәліметтерді өзгерткен жағдайда сарапшы он күнтізбелік күн ішінде бұл туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бағалаушылар палатасына сарапшылық кеңеске хабарлайды.
10. "Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, бағалаушылар палатасы куәліктің тоқтатылу күні мен уақытын көрсете отырып, үш жұмыс күнi iшiнде сарапшылық кеңес мүшелерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізіп, оны палатаның интернет-ресурсында жариялайды.